Білімділік: Оқушылардың физикадан алған білімдерін жинақтау, жүйелеу, қайталау, физикалық білім – біліктерін ортаға салу арқылы, басқа ғылымдармен байланысын ашу арқылы, физиканың тағы бір сыры – ойын түрінде сахнадағы физиканы ашу арқылы физикадан кім жүйрік екенін анықтау;
Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, ойлау, есте сақтау, теория мен практиканы ұштастыра білу қабілеттерін физикалық дүниетанымдарын дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, топтық, жеке, жұптық жұмыстар жасауға, бәсекеге қабілетті, өз ойларын еркін жеткізе алатын, физиканы жетік меңгере алатын жан – жақты құзіретті өскелең ұрпақ тәрбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Физикалық КТК" ойыны»
Тақырыбы: «Физикадан КТК»
Сыныптан тыс шараның мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың физикадан алған білімдерін жинақтау, жүйелеу, қайталау, физикалық білім – біліктерін ортаға салу арқылы, басқа ғылымдармен байланысын ашу арқылы, физиканың тағы бір сыры – ойын түрінде сахнадағы физиканы ашу арқылы физикадан кім жүйрік екенін анықтау;
Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, ойлау, есте сақтау, теория мен практиканы ұштастыра білу қабілеттерін физикалық дүниетанымдарын дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, топтық, жеке, жұптық жұмыстар жасауға, бәсекеге қабілетті, өз ойларын еркін жеткізе алатын, физиканы жетік меңгере алатын жан – жақты құзіретті өскелең ұрпақ тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Слайд, шарлар
Сайыс жоспары:
Командалар сәлемі, ұраны, әні.
Сергіту (командаларға логикалық сұрақтар, ғалымдардың портреттері бойынша сұрақтар және қалжың есептер қойылады)
Айтыс
«5 жаңалық»+(Физикадан 5 жаңалық айта отырып, физиканы жырға қосып аяқтайды 3-4мин)
Физика – әзіл әлемінде (әр топ «әзілің жарасса атаңмен ойна» қағидасымен физикалық заңдылық, термин, формулаларды пайдаланып әзіл өнер көрсетеді 3-4мин)
Қорытындылау, марапаттау
Сайыс барысы:
І жүргізуші: Кеш жарық, құрбыларым
Бәріңнен аманшылық жөн сұрадым
Физика кешінің дәл төріңде
Шабытты айтыскердей сөз құрадым
ІІ жүргізуші: Оу, халайық, алдарыңа кез боп қалдық
Аманшылық сұрасам болмас айып
Құрбым - ау, құтты болсын
Бүгінгі КТК-мыз сәтті болсын.
І жүргізуші: Дүниедегі құбылыстың мәні де,
Табиғаттың, қозғалыстың бәрін де
Мүмкін емес физикасыз түсіну,
Физика – дүниенің кілті бүгінде.
ІІ жүргізуші: Айдан хабар алғызған,
Зәулім үйді салғызған,
Теңіз суын каналмен
Шөл далаға барғызған.
І жүргізуші: Табиғат сырын аштырған,
Токпен қазан астырған,
Миллион гектар астықты
Комбайнмен бастырған.
ІІ жүргізуші: : Шындықты алғаш таратқан.
Жыл – күніңді санатқан,
Тауып ғажап жаналық,
Жоқтан барды жаратқан.
І жүргізуші: Білмегенді білдірген,
Өлшеп киім кигізген,
Барлық істі атқарып,
Пайдасын елге тигізген.
ІІ жүргізуші: : Физика – табиғаттың тілі екен ғой,
Көз тартар сұлулықтың сыры екен ғой,
Аттасаң аяғыңды, алдыңды орап,
Артыңнан қалмайды екен тіріде ол.
І жүргізуші: Сондықтан табиғаттың сыры терең
Деушіге оқып, зерттеп, білем, көрем.
Демесең болсын егер еңбегің еш,
Әуелі физиканы оқы дер ем!
ІІ жүргізуші: : Осылайша физика дараланды
Қадір – қасиет айтылды сараланды
Баршаңызда достар – ау қош келіпсіз
Бірге: Осынау «Физикадан КТК» сайысына.
І жүргізуші: Кешіміздің бағдарламасында
ІІ жүргізуші: : Командалар сәлемі, ұраны, әні.
І жүргізуші: Сергіту сәті (командаларға логикалық сұрақтар, ғалымдардың портреттері бойынша сұрақтар және қалжың есептер қойылады)
ІІ жүргізуші: : Айтыс
І жүргізуші: «5 жаңалық»+(Физикадан 5 жаңалық айта отырып, физиканы жырға қосып аяқтайды 3-4мин)
ІІ жүргізуші: : Физика – әзіл әлемінде (әр топ «әзілің жарасса атаңмен ойна» қағидасымен физикалық заңдылық, термин, формулаларды пайдаланып әзіл өнер көрсетеді 3-4мин)
ІІ жүргізуші: : Құрметті көрермен қауым, алдарыңызға көңілді тапқырлар клубының «Қуат» командасын шақырамыз.
І жүргізуші: Көңілді тапқырлар клубының келесі командасы «Жас физиктер» командасын қарсы алайық.
ІІ жүргізуші: : Көңілді тапқырлар клубының келесі командасы «Алғырлар» командасын қарсы алайық.
І жүргізуші: Армысыздар құрметті төрешілер, Сайысын әрбір топтың көресіздер. Таразының екі басын тең қойып, Сіздер бүгін әділ баға берерсіздер – деп, әділқазы алқаларымен танысайық.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жазира Канатбекқызы
Сапаргалиева Гульмира Советхановна
Оразгуль Габбасовна
Қазылар әр сайыстын бөлімінен кейін баға беріп отырсаңыздар. Ең жоғарғы ұпай 5 балл.
ІІ жүргізуші: : Ғылым сырын ұғына,
Шығып әзіл шыңына.
Қаныңыздар сусындап,
Физиканың сырына.
Соныменен бүгінгі,
Сайысқа қатысушы топтарға,
Биіктерге самға!
Біз айтамыз сіздерге,
Тек қана алға!
рахмет! (оқушылар хормен жауап береді)
І жүргізуші: 1 – кезеңге жол берейік. Таныстыру (әр топ өздерінің топтарын физикамен байланыстырып таныстырады 2-3мин
1-ші топ «Қуат» тобына сөз берейік.
ІІ жүргізуші: : 2-ші топ «Жас физиктер» таныстыруын тамашалайық
І жүргізуші: 3-ші топ «Алғырлар» тобымен танысайық
ІІ жүргізуші: : Үш команданыда ортаға шақырсақ. Қазір әр командаға кезекпен сұрақтар қойылады. Топпен ақылдасып 10 секунд ішінде неше сұраққа жауап бере алады. Әр жұрыс жауап 1 ұпайдан бағаланады.
І жүргізуші: Онда топтарға сәттілік тілейміз.
«Алғырлар» тобының сұрақтары
Қандай жолмен еш уақытта адамдар жүрмейді?
Ең жақын жұлдыз. (Күн)
Дененің жылулық күйін сипаттайтын шама. (температура)
Затты 500-600 есе үлкейтуге көмектесетін құрал (микроскоп)
Көзбен көресің, бірақ қолмен ұстай аламайсың. Ол не? (көлеңке)
Жер қай уақытта тез қозғалады: күндіз бе әлде түнде ме? (Бірдей)
Кім барлық тілде сөйлейді? (Жаңғырық)
Ең алғаш ғарышқа ұшырылған иттің есімі. (Лайка).
Қиярды тұздау қандай құбылысқа негізделген. (Диффузия)
10)Жердің қай жерінде ең ұзақ тәулік? (Барлық жерінде бірдей (24 сағ)
ІІ жүргізуші: : «Жас физиктер» команданың сұрақтары
Таудан түскенде автомобильдің қай дөңгелегі айналмайды? (артық дөңгелегі, запаска)
Екі жұмыртқа біреуі піскен, екіншісі шикі қалай ажыратамыз? (Айналдыру арқылы)
Жылу алу үшін жағатын зат. (отын)
Су астында жүзу құралы (аквалант)
Қаранғы бөлмеде май шам және керосин лампасы тұр. Қайсысын бірінші жағу қажет. (сіріңке)
Теңізде қандай тас жоқ. (құрғақ)
Күрделі түс қандай түс? (ақ)
Линзаның түрлері – (Жинағыш және шашыратқыш)
Ай Жердің көлеңке аймағына енгенде байқалатын құбылыс. (Айдың тұтылуы)
Ең алғаш радионы ойлап тапқан – (Попов)
І жүргізуші: «Қуат» команданың сұрақтары
Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» атанған ғалым. (Әл-Фараби).
Ағылшын ғалымы Иссак Ньютонның бүкіләлемдік тартылыс заңын ашуына не себеп болды? (Алма).
Ақ жарық призмадан өткенде неше түске жіктеледі? (7).
Тастардың «патшасы» қай зат? (Алмаз)
Қандай ыдысқа су құйылмайды? (Су толы ыдысқа)
Тоқ күшінің өлшем бірлігі. (Ампер)
Радионың атасы: (Александр Сергеевич Попов).
Судың қатты күйі. (мұз)
Орнынан қозғалмай не өтіп бара жатыр? (Уақыт)
Елеуішпен су әкелуге бола ма? (Болады. Қар мен мұз күйінде)
Қорытындыны есту үшін сөз кезегі қазылар алқасында
ІІ жүргізуші: : Ақынжанды болмаған
Физикте бола алмас
Жақсы шумақ тумаса
Айтыс мәні бола алмас – дегендей кезекті айтысқа береміз. Қазір 3 командаға ортақ тапсырма беріледі. Сіздер 1 минут ішінде ұйқас құрастырып жауап бересіздер.