Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, қадірлі көрермендер!
Баршаңыз да «Қызықты физика» атты ойын-сауық кешіне қош келдіңіздер!
Бұл ойынға әрбір топтан бір-бір командадан қатынасып отыр. Ендеше,ортаға ойыншыларымызды шақырамыз: «Күш» командасы, «Қуат» командасы, «Үдеу» командасы. Ойыншыларымызға қол соғып, қошамет көрсетіп қояйық.
Ал,қазір ойын шартымен таныстырып өтейік. Жалпы ойынымыз 6 турдан турады.
Сәлемдесу рәсімі.
Жорға.
Тапқыр болсаң-тауып көр.
Бәйге.
Кім жылдам.
Жұмбақтар әлемінде.
Армысыздар,қымбатты төрешілер,
Сайысын әрбір топтың көрерсіздер.
Таразының екі басын тең қойып,
Сіздерде әділ баға берерсіздер-
дей келіп сайыскерлердің білімі мен өнеріне баға беретін әділ қазылар алқасымен танысып өтейік:
Мұнда әрбір команда өздерін таныстырып, әділ қазыларға, көрермендергежәне қарсыластарына сәлем береді. Ал енді сөз кезегін ойыншыларымызғаберейік.
Міне, біз ойыншыларымызбен таныстық.Осы сәлемдесу рәсімінің бағасынберіңіздер. Ең жоғарғы ұпай - 5.
Ендігісөзкезегінәділқазыларалқасынаберейік.
2-тур. «Жорға»
Әр командаға сұрақтар оқылады,әрбір дұрыс жауап үшін бір ұпайдан
беріледі.Сонымен команда капитандары шығып сұрақтарды таңдап алсын.
1 – сұрақтар тобы
Энергияның дененің көбірек қозған бөлігінен азырақ қозған бөлігіне қарай таралуы. – Жылу өткізгіштік
Заттың сұйық күйден қатты күйге ауысуы – Қатаю, кристалдану.
Тұтас алғанда бүкіл атом заряды-Бейтарап
Тізбектегі ток күшін өлшейтін құрал-Амперметер
Ток тудыратын электр өрісін сипаттайтын шама.-Кернеу.
Қуат бірлігі-Ватт (Вт)
Бойымен жарық таралатын сызық-Сәуле
Сандық мәнімен, бағытымен сипатталатын физикалық шамаларды басқаша қандай шамалар деп атайды?-Векторлық
Материяның ажырамас қасиеті?-Қозғалыс
ХБЖ жылдамдық бірлігі-(м/с)
2 – сұрақтар тобы
Жұмыс істемей – ақ дененің ішкі энергиясының өзгеру процесі – Жылу берілу
Заттың қатты күйден сұйық күйге ауысуы – Балқу
Дененің электрленгенің анықтауға арналған прибор – Электроскоп
Атомдағы теріс зарядталған бөлшек – Электрон
Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы – Электр тогы
Кернеу бірлігі – Вольт (В)
Тоқ күші кернеуге тура кедергіге тура пропорционал.Бұл кімнің заңы ?- Ом заңы
Қарастырылып отырғын жағдайда өлшемі мен пішінің ескермеуге болатын дене ?- Материалық нүкте
Векторлардың проекциялары қандай шамалар болады ?-Скаляр
Жылдамдық қандай прибормен өлшенеді ?-Спидометр
3- сұрақтар тобы
Жылу берілу кезінде дененің алған немесе жоғалтқан энергиясы – Жылу мөлшері
Сұйықтың бетінде болатын булану құбылысы – Кебу
Электр зарядының бірлігі – Кулон (Кл)
Ядродағы бейтарап бөлшек – Нейтрон
Кернеуді өлшейтін прибор – Вольтметр
Тоғы бар өткізгіштен бөлініп шығатын жылудың мөлшері тоқ күшінің квадраты, өткізгіштің кедергісі және уақыттың көбейтіндісіне тең – Джоуль-Ленц заңы
Ішінде темір өзегі бар катушка – Электромагнит
Қозғалыс траекториясының бойымен дененің жүріп өткен арақашықтығын не дейді ? – Жол
ХБЖ уақыттың бірлігі – (с)
Қозғалыстың шапшаңдығын және бағытың сипаттайтың физикалық векторлық шама – Жылдамдық
3-тур«Тапқыр болсаң-тауып көр!»
Әр командаға ребус пен сөзжұмбақ беріледі.Оны да капитандары шығып алады. Шешімдері қазылар алқасына береді.
4тур«Бәйге»
Әр команда берілген қағазға белгілі бір уақыт ішінде білетін барлық физикалық шамаларын жазады. Жауаптары қазылар алқасына беріледі,әрбір физикалық шама үшін бір ұпайдан беріледі.
5-тур«Кім жылдам?»
Конверттегі берілген сөздердерден әр команда жарыса физикалық мағынасы бар мақал құрастырады.
1-мақал.
Жел соқпаса шөптің басы қимылдамайды.
2-мақал.
Аузы күйген үрлеп ішеді.
3-мақал.
Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады.
Ендігі сөз кезегін әділ қазылар алқасына берейік,олар соңғы үш турдың бағасын айтады.
6-тур«Жұмбақтар әлемінде»
Барлық командаға бірдей жұмбақтар оқылады, әр команда жарыса жауап береді.Бір жұмбаққа бір ұпайдан беріледі.
1-жұмбақ.
Жердің жүзін шарлайсың,
Онсыз еш жерге бармайсың.
Көлікпен де, жаяу да,
Саралайсың, таңдайсың. (Жол)
2- жұмбақ.
Көп болса, асықпайсың,
Мезеттен қашықтайсың.
Асықсаң аз болады,
Табасың мұны қайсың? (Уақыт)
3- жұмбақ.
Қозғалыста сипаттар шапшаңдықты,
Тағы да бір белгісіз шама шықты.
Ол болмаса денелер қозғалмайды,
Шешеді бұл жұмбақты қандай мықты? (Жылдамдық)
4- жұмбақ.
Жылдамдықты өзгертеді,
Қозғалысты тездетеді.
Қарсы шықса қозғалысқа,
Тоқтарына көз жетеді. (Үдеу)
5- жұмбақ.
Қозғалысқа келтіріп,
Жылдамдығын береді.
Өлшемдерін қарасаң,
Ньютонға ол келеді. (Күш)
6- жұмбақ.
Бірдей көлемдегі масса кейде көп,
Аз болса да кейде дөп.
Делінеді бұл шама,
Аталуын тапшы тек. (Тығыздық)
Ендігі сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.
Сонымен бүгінгі сайыс кешіміз аяқталды. Келесі кездескенше сау болыңыздар!