Просмотр содержимого документа
«Темекі мен ішімдіктің зардабы»
Аңдатпа
Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы 5–6 - сыныптар үшін «Қазақ тілі» пәнінен типтік оқу бағдарламасына сай құрастырылған. Әр сыныпқа ғылымдық және тәрбиелік мәні бар мәтіндер енгізіліп отыр. Оқу-әдістемелік құрал (оқыту қазақ тілді) қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдеріне ұсынылып отыр.
Пікір жазғанғандар: А.А.Токкужин Новоселов орта мектебінің жоғары санатты қазақ тілі мен әдедиет пәні мұғалімі Г.Б. Бекиш Аудандық білім бөлімінің әдіскері
Аннотация
Сборник диктантов и изложений для 5 – 6- классов составлено согласно по типовой программе «Қазақ тілі». В сборник внесены тексты с научно- воспитательным значением. Учебно-методическое пособие предназначено для учителей казахского языка и литературы (с казахским языком обучения)
Кіріспе
Ұсынылып отырған әдістемелік – оқыту қазақ тілінде жүргізілетін жалпы білім беретін мектептің 5 – 6-сыныптарына арналған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 393 бұйрығымен өзгерістермен толықтырулар енгізілген) оқу бағдарламасына сәйкес дайындалған оқу құралы. Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдеріне арналған. Бұл 5 – 6-сынып оқушыларына арналған диктанттар мен мазмұндамалар жинағы.
Қазақ тілінен жазба жұмыстарына қойылатын талаптар
Диктант нормасы
Сыныптар
Диктант саны
Сөздер саны
Орфограмма саны
Тыныс белгілері
5
12
90-100
12
2-3
6
12
100-110
16
3-4
Жазба жұмыстарының оқу тоқсандары бойынша бөліну үлгісі
Сыныптар
Жазба жұмысының түрі
І
ІІ
ІІІ
ІV
Барлығы
5
диктант
3
3
3
3
12
6
диктант
3
3
3
3
12
Әрбір тоқсанда алынатын бақылау диктантының саны сол сыныптағы апталық сағат санымен сәйкес келуі керек.
Типтік оқу жоспарына сәйкес оқу жүктемесінің көлемі:
5-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат 6-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат.
«Қазақ тілі» пәніне арналған дәптерлер саны
Пән
Жұмыс дәптері
Жазба жұмыс дәптері
Сөздік дәптер
Барлығы
Қазақ тілі
2
2
1
5
Диктант мәтініне байланысты мұғалімдердің ескеретіндері:
Диктант – оқушылардың орфографиялық және пунктуациялық сауаттылығын тексерудің негізгі формаларының бірі. Білім алушылардың ауызша жауаптары және жазба жұмыстары бойынша бағдарламалық материалдарды қаншалықты деңгейде меңгергендігін ескере отырып, әр сыныпта белгілі бір нақты көлемде қорытынды жазба жұмыстары өткізіледі. Диктант мәтіні үшін әдеби тіл нормаларына сай келетін мәтіндерді пайдалану ұсынылады. Диктант белгілі бір тақырып бойынша оқушылардың дайындығын тексеру мақсатында жүргізілетіндіктен, сол тақырыптың негізгі орфограммалар мен тыныс белгілері енгізіліп, сонымен қатар, бұрынғы алған дағдыларының беріктігін көрсетуі тиіс. Диктанттың мәтінінде: 5-сыныпта – 5 сөзден артық емес, 6-сыныпта – 7 сөзден артық емес өткен сабақтарда меңгерілген орфограммалар ғана енгізілуі қажет. Оқушылар жазылуы қиын сөздермен және олардың емлесімен өткен сабақтарда таныс болуы тиіс. Жылдың, тоқсанның аяғында болатын қорытынды диктанттарды оқушылардың барлық өткен тақырыптар бойынша білімдерін тексеруге арналып құрылатындықтан қосымша тапсырмалар беру немесе бермеуді пән мұғалімі өзі шешеді.
Егер диктанттың мәтінінде дұрыс жазылуы оқушыларға бұрын түсіндірілмеген қиын сөздер кездессе, онда олар тақтаға жазылады. Мұғалім мәтінді әуелі мәнерлеп оқып шығыды, содан кейін жеке сөйлемдерді оқып жаздыра бастайды. Соңғы сөйлем жазылып болған соң, диктант мәтіні толық қайта оқылады. Бұл ретте мәтін баяу оқылыды. Соңында мұғалімнің рұқсаты бойынша оқушылар өз жұмыстарын қосымша тексере алады. Диктант мәтінін таза қағазға көшіруге рұқсат етілмейді.
Диктантты бағалау төмендегі өлшемдерге негізделеді:
«5» деген баға еш қатесі жоқ немесе орфографиялық жеңіл 1 қатеге (1/0) немесе тыныс белгісінен 1 қатесі бар (0/1) диктанттарға қойылады. «4» деген баға емледен 3 қатесі, тыныс белгісінен 3 қатесі бар (3/3), немесе емледен 2, тыныс белгісінен 4 қатесі бар (2/4), немесе емледен 1, тыныс белгісінен 5 қатесі бар (1/5), емледен бір типті (4/0) 4 қатесі бар диктанттарға қойылады. «3»деген баға емледен 6, тыныс белгісінен 5 қатесі бар (6/5), немесе емледен 5, тыныс белгісінен 6 қатесі бар (5/6), немесе емледен 3, тыныс белгісінен 8 қатесі бар (3/8) диктанттарға қойылады. «2» деген баға емледен 9, тыныс белгісінен 5 қатесі бар (9/5) немесе емледен 8, тыныс белгісінен 9 қатесі бар (8/9) диктанттарға қойылады. Ескерту: бағалау кезінде қателердің қайталануы мен біртектілігіне назар аударылады. Егер бір қате бір сөздің құрамында немесе түбірлес сөздердің түбірінде қайталанса, бір қатеге саналады. Бір типті немесе бір текті қателер дегеніміз сол сөздің жазылуының грамматикалық, фонетикалық ерекшелігіне байланысты бір ережеге негізделуі. Алғашқы біртекті үш қате біреуге саналады да, келесі осындай қателер дербес есептеледі.
Диктант мәтінінде 5-тен артық түзету болса, бағасы 1 балға кемітіледі. 3 және одан артық түзетулер кездескен жағдайда үздік баға қойылмайды. Диктантқа баға қоярда түзетілгенімен, ескерілмейтін орфографиялық және пунктуациялық қателер: 1) сөзді тасымалдау; 2) мектеп бағдарламасына енбеген ережелер; 3) әлі меңгерілмеген ережелер; 4) арнайы жұмыс жүргізілмеген қиын сөздер.
Диктантты бағалауда қатенің сипатына мән берілген жөн. Қателердің ішінен жеңіл қателерді яғни сауаттылық үшін аса маңызды емес қателерді айырып алған дұрыс. Қателерді есептеу барысында екі жеңіл қате бір қатеге есептеледі. Жеңіл қатеге жатады: 1) ережеге бағынбайтын сөздер; 2) автор сөзін берудегі тыныс белгілер. Ескерту: диктант мәтінінде барлық цифрлар, оның ішінде мезгіл көрсеткіштері де сөзбен жазылады; Диктантқа бір ғана баға қойылады. Қосымша тапсырмаларды орындағаны үшін бағалағанда төмендегі ұсыныстарды басшылыққа алу ұсынылады: - «5» бағасы – оқушы барлық тапсырмаларды орындағанда; - «4» бағасы – оқушы барлық тапсырмалардың 4/3 бөлігін орындағанда; - «3» бағасы – оқушы барлық тапсырмалардың жартысын орындағанда ; - «2» бағасы – барлық тапсырмалардың жартысын орындамағанда қойылады. Ескерту: қосымша тапсырмаларды орындау барысында жіберілген орфографиялық және пунктуациялық қателер диктантқа баға қою барысында ескеріледі. Оқушылардың жазба жұмыстарын мұқият тексеріп отыру олардың сауаттылығын арттыруға көмектеседі. Қатемен жұмыс жүргізу жазба жұмысынан кейінгі келесі сабақтың 15-20 минутында іске асырылады. Оқу бағдарламасында «Қатемен жұмыс » түріне арнайы сағат бөлінбегендіктен журналға жазылмайды. Дәптердегі барлық жұмыстар ережелерді сақтай отырып жазылуы керек: - ай аты мен күн реті жазбаша жазылады; - күн реті мен жұмыс түрінен соң нүкте қойылмайды. Дәптердің басынан жол тасталмай, барлық жазбалар бір деңгейде жазылады.
Диктанттар
(5-сынып үшін)
Жас балапандарды күту.
Жұмыртқадан шыққаннан кейінгі алғашқы үш күнде балапандарға тары ботқасы, ақ ірімшік беріледі. Жұмыртқаны қатты пісіріп, оған қабығын уатып, қосып берген де жақсы. Үш күннен кейін балапандарға жаңа піскен жұмсақ қызылша сияқты жемістер беріледі. Олармен бірге астықтың жармаланған дәндерін берсе де болады. Балапандарға жем беретін астаушаларға бор, көмір және ұсақ-ұсақ тастар салынып қойылады. Бұлар жас балапандардың сүйегін қатайтуға, жемді бойына сіңіруге көмектеседі. Балапандарға екі айға дейін күніне алты-жеті рет, одан кейін төрт рет жем беріп отыру керек. Жас балапандар ерекше күтімді қажет етеді. Олардың орындары жылы және құрғақ болуы тиіс. (91сөз)
Ақсақ киік
Басқаларынан оқшау қала бастаған жаралы киік оқ тигеніне қарамастан, шоқақтап келеді. Құс сияқты қанаты болмаса да, жерден биік көтеріле алмаса да, жас киік әлі ширақ көрінеді. Бірақ киік пен шапқан аттар арасындағы қашықтық бірте-бірте қысқара түсті. Кедей ауылдың сыртында ойнап жүрген топ бала бұл көрініске таңырқай қалыпты. Киіктер көзден таса болып, қуғыншылар әбден көрінбей кеткенше топ бала аттылар соңында қалған бозғылт шаңның сүреңіне қарады да тұрды. Әсіресе, топ ішіндегі жасы онға жаңа келген қыз бала әлгі көрініске зер сала қарады. Жас болғанымен оның жүрегінде әлде бір аяныштың ізі қалып қойғандай еді. (91сөз) С.Бақбергенов
Асан мен Үсен
Үсен Асанды ертіп, молаға қарай жүрді. Молаға жақындап келгенде, қаңқылдаған қаздың даусы шықты. Үсен жақын жерде көл бар екенін сезді. Өйткені қаз сусыз жерді мекен етпейді. Екеуі қырға шықты. Қырдың төмен жағы көл екен. Көлдің айналасы да, іші де құжынаған мал. Бір топ жылқы көл ішіне түсіп, белінен құраққа кіріп тұр. Сортаңды жағада түйелер жатыр. Бұларды көріп балалар қырдан түсті. Жүгіріп малға келді. Сөйтсе, өз ауылының малдары екен. Малшылар Асан мен Үсенді көрді. Олар да қуанып, біреуі әке-шешелерінен сүйінші сұрауға шауып кетті. Өзгелері балаларды атқа мінгізіп, ауылға алып жүрді. (93сөз) Ы.Алтынсарин
Балалық шақ
Менің туған отбасым – кәдімгі отбасыларының бірі. Әкем кедей шаруадан шыққан. Әкемнің аздаған білімі болатын. Қолы өнерлі еді. Сондықтан ол ағаш ұстасы, шешем сауыншы болды. Тұрмыс жақсарып, жұрт дәулетті тұрды. Біздің үйіміз ауылдың шетінде тұратын. Кішкене бақшамызда алма, шие, алша, қарақат өсетін. Үй сыртындағы алаңда балалар асыр салып ойнайтын. Өзімнің үш жасар кезім әлі есімде. Апам мейрам күні мектепке ала барды. Мен орындыққа шығып тұрып, тақпақ айттым. Оқушылар мені мақтап қол шапалақтады. Содан былай мен мектепке баруды арман еттім. Ағам мен апамдай сабақ оқығым келді. Құрбыларыммен бірге мектептің терезесінен сығалап, шәкірттердің жазу жазғанын қызыға қарап тұратынмын. (Т.Б.) (95 сөз)
Тайга
Тайга – ит мұрны өтпейтін қалың орман. Онда үнемі қар жатады.Тайга біздің елдің шығысы мен терістігінің арасын алып жатыр. Мұзды мұхитынан соққан суық желді осы қалың орман бізге қарай өткізбейді. Тайгада бұғы мен марал және аю мен қасқыр да бар. Ағаш қабығын жеп күнелтетін тайга бөденесі мен бұлдырық, тоқылдақ дейтін құстар өз алдына бір түлектей. Жаз маусымы кезінде бірер ай келіп, сайран салатын аққу, қаз, үйректер де тайганың – қонағы. Тайганың халықтары көбіне бірнеше ит жеккен шанамен жүреді. Өйткені тайганың қары қалың болғандықтан машина барлық жерінде бірдей жүре бермейді.Тайгалықтар үйлерінің қабырғаларын да қалың етіп салады. 95 сөз. («Ғалам ғажаптары»)
Қартқожа
Қартқожа көйлекшең, жалаң бас, көк шөпке бауырын төсеп кітабын оқып жатыр. Оның кітапқа ынталанғандығы сонша, жан-жағына да қарамайды, демін де білдірмей алады. Ол екі атты да ұмытып кетті. Біреу алып кетсе, білер емес. Оқыған сайын ажарланады, көзін қадап, қағазды жеп қоятын тәрізді. Әлден уақытта аяғына жетті. Ол кітапты жаппай, ойланып, басын шайқап, таңдайын қағып біраз жатты. Содан кейін басын көтерді. Қартқожаның есіл-дерті оқуға кетті. Өзіне-өзі «оқимын» деп серт етті. Қалай оқиды? Қайдан оқиды? Қайда барады? Қаражатты қайдан табады? О жағымен ісі болмады, ойына да келмеді, қайтсе де оқымақ болды. (96 сөз) Ж.Аймауытов
Ұсталық кәсіп
Қасым ұста іске жарайды-ау деген мүйіздерді жыл он екі ай бойы жинап жүретін. Оның ішінде киіктің, арқардың, сиырдың, серкенің мүйіздері де болатын. Ол соның бәрін күн тимейтін саялы қалтарысқа жинап қоюшы еді. Көктем шығып, ел жайлауға көшерде Қасым қыстау қасынан ағатын бұлақтың табанындағы қара қорыс, көкала сазды белшесінен қазып, мүйіздерді көміп кететін. Жаз өтіп, ел қыстауға оралғаннан бір, бір жарым айдан кейін Қасым ұста көктемгі көмбенің тоңын ойып, мүйізді үйге алып келеді. Оларды үйге әкелісімен жылы суға салып, саз-топырағын жуып тастайды. Ұста оларды барынша әрлеп, әсемдеп ожау, қамшы сап, құты-сауыт, тарақ, көзілдірік жасап шығаратын. (97 сөз ) А.Сейдімбек
Ғарышкер
Жаны жайсаң жақсы адамдар мен жақын жүргенге не жетсін! Ондайлармен жүздесіп, бірге жүрудің өзі мерейіңді өсіреді, көңіліңді көтереді. Қазақтың тұңғыш ғарышкері Халық қаhарманы Тоқтар Әубәкіровпен бір сәт жүздесе қалса, кім-кімнің де осындай жақсы ойда болары сөзсіз. Өйткені қазақтың атағын төрткүл дүниеге танытқан Тоқтар Оңғарбайұлының өн бойынан батырлықпен бірге кішіпейілділікті, қарапайымдылықты, үлкен адамгершілікті аңғару қиын емес. Ол кісінің балаша аңқылдаған ақ жүрегін айтсаңшы. Иә, қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров туралы баспасөз бетінде аз жазылған жоқ. Аты аңызға айналған оны бесіктегі баладан бастап, еңкейген кәріге дейін жақсы біледі. Тоқаңның депутат, мемлекет қайраткері ретінде істеген игілікті істері жөнінде көп айтуға болады. (99 сөз) М.Қалматаев
Біздің қала
Біз Алматы қаласында тұрамыз. Алматы қаласы – ең әдемі қалалардың бірі. Таудан төмен қарай созылған тіп-тік, әдемі көшелері неше түрлі ағаштармен көмкерілген. Көшелердің екі жағынан сылдыраған мөлдір бұлақтар ағып жатады. Достық атындағы сарай, Спорт сарайы, Оқушылар сарайы және көп қабатты қонақ үйлер өздерінің керемет көркемдігімен көздің жауын алады. Қаланың оңтүстігін басынан өмір бойы қар кетпейтін ақ бас Алатау қоршаған. Тау беттерін қысы-жазы өзгермей, ылғи жап-жасыл болып тұратын шыршалар мен қарағайлар, ақ қайыңдар жапқан. Қалада тарихи орындар, мұражайлар, көрікті жерлер, бақтар өте көп. Қаланың батысы мен шығысынан Үлкен Алматы, Кіші Алматы өзендері ағып жатады. Алматы қаласының табиғаты – сирек кездесетін тамаша табиғат! (100 сөз).
Тіл қисыны
Сөзден әдемілеп әңгіме шығару өнері үй салу өнеріне ұқсас. Үй салуға түрлі зат керек. Ол керек зат топырақ болса, оны біріктіріп илейді, иленген балшықтан кірпіш құяды. Кірпішті қалап, неше түрлі үй қылып шығарады. Неғұрлым жоба жасайтын сәулет өнерпазы қиялға бай болса, соғұрлым салған үй сәулетті болып шығады. Сөзден құрастырылып пікірлі әңгіме шығару үшін жұмсалатын зат – сөздер.Үйдің түрлі болып шығуы балшығынан, кірпішінен, әсіресе, қалауынан болатыны сияқты, әңгіменің түрлі болып шығатыны тілдің дыбысынан, сөзінен, әсіресе, сөздің тізілуінен. Рас, әңгіменің әдемі болып шығуы сөздің тізілуі мен әңгіме айтушының пікірлеуінде. Жазушы қиялға неғұрлым бай, пікірге шебер болса, шығарған сөзде соғұрлым әсерлі, әдемі шықпақ. (100 сөз) А.Байтұрсынов
Күз
Күзге салымғы шуақ күндердің бірі. Танабай аулы Ақмоланың оңтүстік жағындағы Нұра өзенінің бойындағы қыстауында еді. Өзеннің жағалары қалың биік тас, кей жерлерде талмен араласа шыққан қамыс. Араларында, қырат жерлерде биік қараған, тобылғы. Өзенннің екі жағындағы жалпақ шыққан неше түрлі өсімдіктің сары ала алтынданып, әбден піскен кезі. Қарағандардың да жапырақтары сарғайып, бүршіктері қызарып, құндақтары тұқым шашқан.Тікендердің жазғы гүлдерінің орындарына қызыл моншақтай, сабақтаған түймелердей болып, итмұрындар самсаған. Қызыл тобылғылардың жасыл жапырақтары алтындай сарғайып құбылған. Өзеннің және қара сулардың жағаларындағы селдіреген қамыстардың әдемі шашақтары үлбіреп, жел соқса, ақырын ырғала желбіреп, сары үкідей болып сарғайған. Қамыстардың әдемі сыбдырлаған жапырақтары да сары ала болған. (100 сөз). С.Сейфуллин
Жапонияда жаңа жылды қарсы алу дәстүрі
Жапондар жаңа жылды түнде қарсы алмайды. Олардың Жаңа жылы бірінші қаңтар күні, таңмен бірге басталады. Таң алдында жапондар үйлерінен шығып, көтеріліп келе жатқан жаңа жылдың алғашқы күнін қарсы алады. Сауық-сайран содан кейін басталады. Кісіге сыйлық тарту – жапон ұғымында үлкен құрмет. Сондықтан Жаңа жыл күні әдемі кимоно киген әйелдер мен барын үстіне киіп, сәнденіп шыққан еркектер біріне-бірі сыйлық таратады. Жапондар Жаңа жыл дәстүрі бойынша, көшеге қолдарына қарағайдың, тал, қарақаттың бұтақтарымен безендірілген бамбук шыбық ұстап шығады. Жапон халқының ырымы бойынша, қолына бұл күні әлгіндей әшекейлі бамбук ұстап шыққан адамға қарағай жасының ұзақтығы, бамбуктың беріктігі, қарақаттың тез өсасиеттері дариды-мыс. (100 сөз). «Ғалым ғажаптары» кітабынан.
Диктанттар
(6-сынып үшін)
Дастарханға нан қалай келді?
Нан тарихының тамыры сонау ежелгі заманға кетіп жатыр. Ғалымдардың пікіріне қарағанда,ол он бес мың жылдан асса керек.Әйтсе де алғашқы нанның өсімдігі бидай да, сұлы мен арпа да емес, кәдімгі емен екен. Ерте заманда адамдар емен жаңғағынан мол өнім алып, үгіп, онан ұн жасаған. Бұдан бес мың жыл бұрын адамдардың емен жаңғақтарынан ұн жасап, пісірген нанның қалдықтарын Кировоград облысының аумағындағы Триполь елді мекенін қазу жұмыстар жүргізген археологтар тапқан. Дәнді дақылдарды қолдан егуді, оның дәнінен ұн жасауды адамдар бірте-бірте меңгерген. Сұйық ботқа – біздің қазіргі нанымыздың бастапқы түрі болған. Ал Африка мен Азияның бірқатар елдерінде әлі күнге дейін нан орнына осындай быламықтарды қолданады. (102 сөз).
Аңға шыққанда
Алдымызда бір төбе бар еді. Арғы етегі – ағаш. Соның тұсына барғанда, қасқыр көзімнен ғайып болды. Бір кезде аспанда түйіліп айналған бүркітім төмен қарай сорғалай құлады. Қасқырдың аузына түсіп, жазым бола ма деп қорықтым. Атымды тебініп, шаба жөнелдім. Қалың күртіктің ішіне ат бара алмайды. Жалма-жан атты қаңтарып тастадым. Сыртқы күпімді шештім де, жеңіл киіммен күртікті өрлей, ағаштың ішіне жүгірдім. Мөлшерден қаталасқан жоқ екен. Бүркітім шақырған жерге ентігіп жүгіріп бардым. Оның бір аяғы құрықтай қайыңға қадалған да, бір аяғы қасқырдың төбесінде тұр. Қасқыр сіресіп тартып тұр. Аяғын қалай үзіп әкетпегенін білмеймін. Жүгіріп келген қалпыммен қасқырдың тірсегінен алдым да, қындағы пышағымен ішін осып жібердім. (102сөз.) С.Мұқанов
Шәмші Қалдаяқов
Халық ішінде әншілер де, сазгерлер де көп болады. Алайда бір сазгердің әнін бүкіл халық – үлкені де, кішісі де, қарты да, жасы да – сүйіп айтуы сирек құбылыс. Ондай ән шығарған сазгер – ұлы сазгер. Шәмші Қалдаяқов – бүкіл қазақ халқына ән салдырған осындай сазгер болды. Шәмші Оңтүстік Қазақстан облысының Қызылқұм ауданында туған. Ол жас кезінен-ақ тамаша әндер шығара бастайды. Шәмшінің әндері ерекше жұмсақ, жылы сазымен ел назарын бірден аударды. Оның әндері қазақ эстрада музыкасын байытты. Әлемдік музыкада Штраус, Шопеннің вальстері қандай орын алса, Шәмшінің вальс ырғақтары да сондай әсем. Данышпан ғалым-жазушы Мұхтар Әуезов Шәмші саздарын Ақан сері, Біржан салдан кейінгі «үздік құбылыс» деп бағалады. (102 сөз). «Жас Алаш» газетінен
Қазақтың ұлттық тағамдары
Сөк. Қуырған тарыны қазақ сөк деп атайды. Ол үшін тары жел өтіне суырылып, ерекшеленеді, тазаланады. Бірнеше рет таза суға жуылады. Дегдігенше оны аздап кептіреді де, қазанға су құйып, тарыны соған салып, қайнатады. Қазандағы тары қауызы ашыла бастағанда,сүзіп алады. Содан соң таза сумен бірнеше қайтара жуып, дегдуі үшін, жайып қояды. Дегдіген соң, қызған қазанға салып, қуырады. Қуырған кезде бұлғауышпен үздіксіз бұлғап отыру керек. Әйтпесе, тарының астыңғы беті қуырылып, үсті қуырылмай қалады. Ал ала-құла қуырылған тарыны ақтаған кезде, қауызынан ажырату қиын. Әрі мұндай тарының сөгі де ала болады. Сөк көбінесе шай дастарханына қойылады. Сондай-ақ тағы да басқа неше түрлі тағамдар дайындауға болады. (103 сөз). «Қазақ күнтізбесі» 1991
Тоғызқұмалақ
Спорттың түрі көп. Бірі – күшті болуға, екіншісі – жылдамдыққа, үшіншісі табандылыққа баулиды. Ал тағы бір түрі ойлауға үйретеді. Оларға шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ жатады. Тоғызқұмалақ – қазақ халқының ұлттық ойыны. Бұл ойында сүйек тастарды ұяларға тоғыз-тоғыздан түсіп отыру керек. Тоғызқұмалақ –жылдам есептеуді, тез шешім қабылдауды қажет ететін күрделі ойын. Тоғызқұмалақ-та бір ойынды жарты күн немесе бір күн ойнайды. Ұлы ақын Абай тоғызқұмалақ ойынының шебері болған. Абай тоғызқұмалаққа үлкен мән берген. Ол атақты ойыншыларды шақырып, жиырма-отыз күн бойына сайыс өткізіп отырған. Бұл туралы Мұхтар Әуезовтің ‘’Абай жолы’’ кітабында жақсы жазылған. Қазір Қазақстанда тоғызқұмалақ ойынынан халықаралық жарыстар өткізіліп тұрады. Әбілда Ақшораев тоғызқұмалақтан алты рет республика чемпионы болған. (104 сөз). Жас Алаш газетінен
Әке
Әкемнің жүріп өткен өмір жолына зер салсам, өмірдің күнгейінен гөрі көлеңкелі жағы көбірек бұйырыпты. Болашаққа деген бар сенімін серік етіп арманға ұмтылыған бозбала шақтағы жалт еткен аз ғана қуаныштан өзгесінің бәрі көмескі. Бізге, балаларына, деген әкелік мейірімі, сезімі деп білем. Өзі шыға алмаған биіктерге самғайтын, жете алмаған болашағына арманын апарып жалғайтын қанатым деп білетін, біздерді. Өмірде өз еншісіне тиген қандай асу, бел-белестерден де алып шыққан, алға сүйреген үлкен күш, ұлы сезім – әкелік махаббат десем, артық айтқандық емес. Тереңнен толғап айтатын өмір туралы өзекжарды ақылы, алыстан сезімін сағынышқа бөлеп жетіп жататын хаттары, артында қалған өлең-мұрасы әке көкірегінен күмбірлеп төгілген күй сазындай, бізге артып кеткен аманатындай. (106 сөз). Қайрат Раев
Көктем көрінісі
Көктем – табиғаттың той-думаны. Көктемнің беташары – наурыз айы. Наурыз айында бүкіл Шығыс халықтарының мерекесі – Жаңа жыл тойланады. Бұл – күн мен түннің теңелетін, қардың еріп, көктемнің исі шыға бастайтын кез. Ал сәуірде қар кетеді, ағыл-тегіл болып бұлақтар ағады. Жер беті жасыл көрпеге оранып, жауқазын гүлдерден алқа тағынады, теректер бүр жарып, құлпырады. Мамыр айында айнала ақ ұлпа гүлге бөленеді. Тау бөктеріндегі шие, алша, алмұрттың гүлдерінен төңірек ерекше түске боялады. Алманың ақшыл қызғылтым гүлдерінен көзің тұнады. Әсіресе, өрік ағашының жапырағы түгел гүл болып кеткен бе дерсің, қып-қызыл-ау, қып-қызыл! Мамыр айы – табиғаттың, адамзаттың мерекесі. Кең даламыз, туған ауылымыз көктемде қызыл-жасыл түрге бөленеді. Неткен шебер бұл көктем! (106 сөз.) «Жыл он екі ай» кітабынан
Ата көрген оқ жонар
Ата-бабамыз ұлды өздеріндей еңбексүйгіш, малсақ, жауынгер, әнші, күйші, аңшы, құсбегі-бесаспап азамат етіп тәрбиелеуді мақсат еткен. Жігіттің бойына өнер мен еңбекті, ізгі адамгершілік қасиеттерді қатар сіңірген. Ер баланы бес жасынан бастап ат жалын тартып азамат болғанға дейін мал бағу мен аң аулауға, отын шабуға, қора салуға, ағаштан, теріден, темірден түрлі тұрмысқа қажетті бұйымдар жасауға, яғни, қолөнер шеберлігіне баулыған. Әкелері мен аталары ұлдарға мал жаюдан бастап шаруаның алуан тәсілдерін үйретіп баққан. Қонақ күту, үлкенге иіліп сәлем беру, ән айтқызу, домбыра тартып, күй шерткізу, өлең-жыр жаттату, жаңылтпаш, жұмбақ үйрету немесе теңге алу, жамбы ату, аударыспақ, сайыс, көкпар, күрес сияқты ұлт ойындарын үйрету – тәрбиенің басты шарты болып есептелген. (107 сөз).
Теледидар
Теледидар өнерге, мәдениетке, халыққа қызмет етеді. Оның адам үшін пайдасы көп. Үлкенімізге де, кішіміз де теледидар алдында көп уақытымызды өткіземіз. Өкінішке орай, оның зиян жағы да бар. Әсіресе ол адамның денсаулығына үлкен әсер етеді. Ғалымдар теледидар алдында ұзақ отыратын балалардың қанында холестерин көп болатынын анықтаған. Бәрімізге белгілі жағдай – теледидар көздің көруін нашарлатады. Ол адамның психологиясына әсер етеді. Әсіресе балалар мінезі өзгеруде. Олардың ашушаң, ренжігіш болып өсуіне осы көгілдір экран кінәлі. Теледидарға құмар бала, әдетте, кітап оқымайды. Бала теледидар тұтқынына айналады. Ондай балада белсенділік төмен болады. Оны енжарлық, жалқаулық басып тұрады. Алтын уақытты тек теледидар алдында өткізген дұрыс емес. Әрине, теледидардан білім, таным, өнер үшін қажетті бағдарламаларды көруге болады. (108сөз). «Зерде» журналынан
Ғажайып көл
Үнді мұхитының бір аралында ғажайып бір көл бар. Оның сұлулығындай көлді ешкім көрмеген болар. Күндіз айнадай жарқырап тыныш жатады. Ал, қалай кеш батты деңіз, сол-ақ екен, көл үсті отша жанып, өртене бастайды. Кәдімгі бейне бір салют беріп жатқандай. Міне, бұрқ етіп шоқтар ұшты. Олар су үстіне сөнбеген қалпы қайта жауып жатыр. Қайсыбір жерде от сақиналар дөңгелеп, біріне-бірі соғысып атылады. Енді бір жерде шұбалаңдаған арқан тәріздес оттар көрінеді. Кәдімгі айдаһардан бір де кем емес. Егер де осындай тамашаны көріп тұрған сіз ол суға шомылатын болсаңыз, онда өзіңіз де отша жанып, жарқылдап кетер едіңіз. Көлдің бұлай от болып жарқырау себебі оның үстіндегі миллиардтап жыбырлап жүрген бір клеткалы организмдердің әсері екен. (110 сөз). «Ғалам ғажаптары»
Шұғаның аулында
Күн бата ауылдан шықтық. Біздің де жеккеніміз пар ат. Делбені өзім ұстадым. Қатты шыққан қарқынымызбен келіп қалдық. Әбдірахманның екі көзі алдында. Алдымызда жүз метрдей жерде Есімбектің үйі тұр, бірақ Шұға көрінбейді. Енді кішкене жүрсек, өтіп те кетеміз, бірақ өткіміз келмейді. Аттың басын тежей беремін. Бұдан кетсе, Әбдірахман Шұғаны мәңгі көре алмас деген ой елестейді. Бір-бірімізбен сөйлеспей келеміз, сонда да біріміздің ойлағанымызды екіншіміз біліп келеміз. Есімбектің қабаған төбеттері алдымыздан шықты. Есіктің алдында бірталай адам жағалай отыр, бірақ бәрінің көзі бізде. Басында кимешек киген Шұғаның үлкен жеңгесі түйе сауып тұр. Үлкен үй мен отаудың арасында бәйбіше теңселіп жүр. Осы кезде ауылдың сырт жағындағы құдықтан келе жатқан екі әйел көрінді. Біреуі – Шұға . (110 сөз). Б.Майлин
Ана
Ана! Бұл сөз жер бетіндегі әр елде бар. Ол – көркем, сүйкімді де ұлы сөз. Бесікте жатқан бала соны айтып былдырлайды. Оны жасөспірім мен қартайған шал да, қайталап айтады. Байлығы шалқыған үйден де, кедейдің лашығынан да осы сөз құдіретті естіледі. Даңққа бөленген әртіс әр уақытта анасын жадында сақтайды, ақын өлеңдері мен әндерінде жырлайды, суретші оның бейнесін мәңгі қалдырады. Мүсінші оны тастан қашайды. Ана баласын мейлі ол әйгілі немесе елеусіз болсын, мейлі ол білімсіз немесе білімді болсын – бәрібір сүйеді. Ол оны құрсағында өсіреді, оған өмір береді, өз өмірін де соған арнаған. Ол баласымен бірге күледі, сонымен бірге күреске шығады – бәрінде де, барлық істе де ол сонымен бірге. Ана махаббаты қандай ғажап еді! (110 сөз).
Қазақ әдебиетінен жазба жұмыстарына қойылатын талаптар (мазмұндама, шығарма)
Мазмұндама мәтінінің көлемі
Сыныптар
Мәтін көлемі
5
100-150 сөз
6
150-200 сөз
Жазба жұмыстарының оқу тоқсандары бойынша бөліну үлгісі
Сыыптар
Жазба жұмысының түрі
І
ІІ
ІІІ
ІV
Барлығы
5
Мазмұндама
2
2
2
2
8
Сыныптан тыс жұмыс
1
1
1
1
4
Барлығы
3
3
3
3
12
6
Мазмұндама
2
2
-
-
4
Шығарма
-
-
2
2
4
Сыныптан тыс жұмыс
1
1
1
1
4
Барлығы
3
3
3
3
12
Типтік оқу жоспарына сәйкес оқу жүктемесінің көлемі:
5-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат 6-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат.
«Қазақ әдебиеті» пәніне арналған дәптерлер саны
Пән
Жұмыс дәптері
Жазба жұмыс дәптері
Барлығы
Қазақ әдебиеті
1
1
2
Мазмұндама жазуға қойылатын негізгі талаптар:
Мазмұндама – оқушының өз ана тілі мен әдебиетінен алған білімін тексерудің негізгі нысандарының бірі. Мазмұндама арқылы баланың өз ойын жүйелі баяндай білу қабілеті мен тіл байлығы, сауаттылық деңгейі айқын көрінеді. Мазмұндама жаздыру арқылы оқушылардың тілдік материалдарды орынды қолдана білуге, жазбаша сөйлеудің ерекшелігін, мәтіннің синтаксистік құрылысын меңгертуге, ең басты қайта жасау қиялын дамытуға игі ықпал етеді. Осындай білім дағдыларын қалыптастыруда мазмұндаманың мынадай түрлерін жүргізуге болады: -дайын мәтін бойынша мазмұндама; -сурет бойынша мазмұндама; -аяқталмаған мәтін бойынша мазмұндама. Мәтін мазмұнын мазмұндап жазу формалары әртүрлі болады; -мәтін мазмұнын дәлме-дәл жеткізіп жазу; -мәтін мазмұнын өз беттерінше меңгеріп, өз сөздерімен құрастыру; -өз жанынан қосымша оқиға қосу; -мәтін формасын өзгерте мазмұндау, яғни, бірінші жақ, осы шақ формасында немесе керісінше мазмұндау; -қысқарта мазмұндау, яғни, берілген мәтіннен тек түйінді, негізгі мәселелерін ғана мазмұндау, қажетсіз деп табылған детальдарды қысқарту; -кеңейте мазмұндау, яғни, мәтін мазмұнына байланысты дәйексөз және эпиграф келтіре отырып мазмұндау; -берілген мәтін мазмұнына лайықты ой қорытындысын жасау.
Шығарма мен мазмұндаманы бағалау.
Оқушы шығармасын тексеру, бағалау негізінен бес салаға бөлініп қарастырылады: 1) мазмұндылығы мен идеялылығы; 2) ой-пікірдің жүйелілігі; 3) стилі; 4) грамматикалық сауаттылығы; 5) әдеби материалдарды пайдалануы. Бұлардың қай-қайсысы да оқушы білімін бағалауда маңызды. Оқушылардың тақырыпты аша білу және стильге сәйкес тілдік құралдарды пайдалана алу дағдысы; тілдік нормалар мен сауатты жазу ережелерінің сақталуы; ой-пікірдің жүйелілігі, тақырыпты ашуға байланысты сөз қолданысы, бір сөзді бірнеше рет қайталамауы, дәйексөзді ұтымды қолдана білуі; алынған әдеби материалдарының, дәлелдерінің нақтылығы, тақырыпты ашуда тиімді қолдануы бағалауда ескерілу ұсынылады. Шығарма мен мазмұндама екі бағамен бағаланады: Бірінші баға – мазмұны мен тіл шеберлігіне (көркем тілмен жеткізілуі) қойылса, екінші баға – сауаттылығына, яғни, орфографиялық, пунктуациялық және тілдік нормалардың сақталуына қойылады. Баға дәптердің сол жақ шетіне қойылады. Бақылау жұмысының бағасы жазба жұмысы өткізілген күнгі журналдағы бағанға қойылады.
Мазмұндамалар (5-сынып үшін)
Әліппенің атасы
Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылы Торғай облысында қарапайым шаруа отбасында туған. Ахметтің әкесі Байтұрсын ширақ, намысшыл, батыл, сергек адам болған. Оны түрлі себептермен Сібірге жер аударған. Бұл сұмдық оқиғалар кезінде Ахмет он жаста екен. Бұлар баланың сезіміне айрықша әсер етті. Байтұрсынның балалары інісі Ерғазының тәрбиесінде болады. Ахмет Торғайдағы орыс-қазақ училищесінде оқиды. Кейін Орынборда мұғалімдер мектебін бітіреді. Қарқаралы мектептерінде мұғалім болып қызмет атқарады. Ол орыс-қазақ мектептерінде мұғалім болды. Айналаға білім-ғылым таратудың жолдарын қарастырды. Халықтың көркем сөз мұрасын жинады. Халқымыздың тарихында үлкен орны бар қоғам қайраткері, алғашқы әліппені, оқулықтар мен оқу құрадарын жазды. Баспасөзге мақалалар жазып, өлең шығарды, аударма жасады. Жазықсыз жалаға ұшырап, 1938 жылы атылған. (106 сөз). А. Байтұрсынов шығармалары жинағынан
Сыйласа білсең – сыйлы боласың
Адам деген ардақты есімге ілесіп жүретін «адамгершілік» деген сөз бар. Адамның адамгершілігі өзінің жүріс-тұрысынан, үлкенді құрмет тұтып, кішіге көмектесу, басқаның мүддесін өз мүддесіндей көру, қоғам мүддесін өз мүддесінен жоғары ұстау сияқты іс-әрекетінен, мінез-құлқынан көрініп тұрады . Сен біреуге көмектесуден бас тартсаң, саған басқалар да көмектеспеуі мүмкін. Егер сен үкен кісілердің алдында тұрпайы сөйлеп, дөрекі мінез көрсетсең, «көргенсіз екен» дейді, ал жолдастарыңның арасында «мен жақсы оқимын» деп, менменсіп, кеудеңді қағып жүрсең, олар сені жек көріп кетуі мүмкін. Өркөкірек болма, кішіпейіл бол, өзімшіл болма, көпшіл бол. «Жалғыз ағаш орман болмайды, жалғыз жігіт би болмайды» дейді халқымыз. Көпшіліктен аулақтап, өз басынан өзгені қадірлей білмеген адам айналасындағаларға қадірі болмайды. Оқытушыларыңды, замандастарыңды сыйлай біл, сонда сенің өз басың да сыйлы болмақ. Туған ел, өскен жеріңді қадірлей білеуің керек, балам! (126 сөз).
Ақ буралы әулие
Қазығұрт тауының бөктерінде жерленген Ақбура әулие Қожа Ахмет Йасауидың замандасы екен. Оның Ақбура атануының себебі – аруағы қозып, арқасы ұстаған кезде аузынан ақ жалын шашып, бурадай буырқанып, адам баласы естіп-білмеген алапат күшке ие болатын көрінеді. Ондай сәтте жолында кезіккен тосқауылдың бәрін тас-талқан етіп қиратып, бұзып-жарып өте шығу бұйым құрлы болмаса керек. Және өзінің мінезіне сай әрдайым буырқанып жүретін ақ бурасы болыпты. Ел әулиені үнемі сол бураның үстінен көретін болғанықтан «ақ буралы әулие» деп атайды екен. Ақбураның құс секілді ұшатын ерекше қасиеті болыпты. Әулие таң сәріде памдат намазын Қазығұртта оқыса, бесін намазын Түркістанда, намаздыгер, намазшам, құтпанды Меккеде оқып жүре береді екен. Қаншама ықылым заманалар өткенде, әулие мен оның қасиетті бурасы халық санасында бөлінбес бір ұғым боп қалыптасып, бұл жер Ақ буралы әулие аталып кете барыпты. (126 сөз).
Көне Отырар
Көне Отырар – екі мың жыл өмір сүрген, Арыс өзенінің оң жақ жиегіндегі екі жүз гектар территорияда орын алған қала. Көне дәуірлерден бұл жерлерде қаңлы, қоңырат тағы басқа тайпалар тұрған. Көне Отырар арқылы көшпенді қазақтар саудамен шұғылданып, отырықшылықпен танысып, басқа халықтармен қатынаса бастады. Отырар тұрғындары күріш, тары, бидай, мақта, жүзім өсірумен шұғылданды. Қалада жақсы су жүйесі болған. Отырар қаласы тоғысқан сауда жолдарының ортасында тұрған, сондықтан, өзіне басқалардың назары көп түскен. Мықты қорғанысы бар Отырар бір мың екі жүз жиырма тоғызыншы жылы монғол басқыншыларына берілмей, қаланы алты ай қорғаған кезде, қолды басқарған батыр – хан Қайырхан еді. Отырарлықтарды алты айдан кейін басып алған жау қаланы түгел өртеп жіберді. Жауға қарсы тұрған, қаланы басқарған Қайырхан өлім жазасына кесілді. Күйзеліске ұшыраған қала елу жылдан кейін ғана қайта өмірге келді, бірақ, ол талай рет тағдырдың қаталдығына ұшырайды. (131 сөз)
Байлық
Бұрынғы өткен заманда бір дана кісі өлерінің алдында жалғыз қалып бара жатқан баласына: «Шырағым, жер астына көмген көп қазынам бар, соны қазып алсаң, қарның аш болмас, киімсіз болмассың» – депті. Әкесі өлгеннен соң, жетім баласы үйдің айналасындағы жерді ертеңді-кеш еңбек етіп қазады, көп машақаттанады, бірақ әкесі айтқан қазынаны таба алмайды. Басы дал болып, шаршап, шалдығып, ақырында, бір көп жасап, көп көрген данышпан қарияға келеді. Әкесінің үгіт-насихатын, өзінің көп әуре болғанын баяндайды, енді не қылсам екен дейді: - Балам, сен әкеңнің өсиетіне түсінбеген екнсің, оның мәнісі былай: әкең саған мирасқа жер қалдырыпты, сол жерді күшің жеткенше күтіп, егін егіп, күз тұқым шашып, еңбек етсең, уақытында өнімін төкпей-шашпай жиып алсаң, сонда сен байлықтың астында қаласың, аш та, жалаңаш та болмайсың. Байлық жерде, еңбекте, – депті. Сонда бала басын қасып, әкесінің өзіне айтқан өсиетіне енді ғана түсініп, оны орындауға кіріскен екен. (139 сөз). Ы. Алтынсарин
Еңбекпен тапқан тиын
Біреудің ерке ұлы болыпты, өзі жалқау екен. Әкесі оны бағып-қағып, асырапты. Ақыры кәрілік жеңіп, сырқаты күшейген әке әйеліне айтыпты: -Ұлыма ештеңе қалдырмаймын. Ол – жалқау. Барды ұқсату, табыс табу бұның қолынан келмейді. Жаны ашыған анасы ұлына он сомдық алтын береді: «Мынаны еңбегіме алған едім», - деп, әкеңе алтынды сыйлағайсың. Кешке алтынды әкесіне ұсынады. Алтынды шал лаулап жанып жатқан пешке лақтырып жіберіп: -Бұл сенің еңбекпен тапқан ақшаң емес, - депті. Қулықтан ештеңе шықпайтынын білген анасы: -Біз әкеңді алдай алмайтын көрінеміз, балам. Онан да ақшаны жұмыс істеп тап, - деп ақыл айтыпты. Бала үйінен кетіп, апта бойы жұмыс істейді. Тапқан тиынын әкесіне әкеп береді. Қария алтынды тағы да отқа лақтырып жібереді. Бұған ұлы шыдай алмай, жалаңаш қолымен ақшаны суырып алады да: -Әке! Мен бұл тиынды апта бойы шаршап-шалдығып жүріп таптым. Мұныңыз қалай? – деп айқай салыпты. Әкесі тұрып: -Бұл ақшаны өз еңбегіңмен тапқан екенсің, балам. Көзім енді жетті, - депті ұлына. (145 сөз).
Құсбегі
Құсбегі – бүркіт, ителгі, қаршыға, қырғи сияқты жыртқыш құстарды аңға, адал құстарға салу үшін үйрететін бапкер адам. Ол қыран құстарды тор құрып ұстап алады немесе балапан кезінде ұядан алады. Оның аяғына балақбау мен шыжым тағып, көзіне томаға кигізеді. Одан кейін құсты ұшырып, қайыруы жеткен соң, семіртіп түлетеді. Жеңіл ұшып, жеңіл қонатын күйге келтіру үшін оны «ақ жеммен» асырап, бос керілген арқанға қонақтатып ұйқысын алып, қайта арытады. Құсбегілердің аса жоғары бағалайтын құсы – бүркіт. Аққу мен бүркіт қасиетті, киелі құстар болып есептеледі. Бұл екеуі екі жұмыртқадан артық жұмыртқаламайды. Құсбегілер бүркіт балапанын алу үшін неше түрлі қиындықты бастан кешіреді. Олар үшін әсіресе тау бүркіті бағалырақ. Өйткені олар алғыр, өжет, қырағы болады. Қоян, борсық, түлкі, қарсақ сияқты ұсақ аңдарды оңай, тез алады. Ең алғыр, өжет, қырағы тау бүркіттері аталады. Құсбегілердің айтуынша, бүркіт ірі аңдарға түсіп, тоқтауға шамасы келмей бара жатса, бір аяғын аңға, екінші аяғын кез келген затқа не ағашқа қадайды екен. (147сөз).
Әр елдің салты басқа
(Эфиопия ертегісі)
Еуропалық екі оқымысты Эфиопияға арнайы сапармен келеді. Олар Эфиопияны түгел аралап шығады. Тауын, жолын, өзен-көлдерін мұқият картаға түсіріп алады. Император оларды жылы жүзбен қарсы алады. Мол дастарқан жасап, күтеді. Оларға баға жетпес қымбат сыйлықтар береді. Император қызметшілері еуропалықтарды жағалауға дейін аяқтарын жерге тигізбей алып барады. Еуропалықтар кемеге отырар сәтте оларды императордың қызметшілері тоқтатады. Олардан аз аялдап, аяқ киімдерін шешуді сұрайды. Олар қонақтарың аяқ-киімдерін қағып-сілкіп, мұнтаздай етіп тазалап, өздеріне қайтарады. Ғаламда жоқ мұндай тосын дәстүрге қонақтар таңғалады. Туған жер – біздің асылымыз. Туған жер топырағына егін егіп, тіршілік етеміз. Шаршап-шалдықсақ, туған жер төсіне аунап-қунап демаламыз. Эфиопия жері – біздің Анамыз. Сіздерді қонақжай пейілмен қарсы алдық. Қымбат сыйлықтармен шығарып салып тұрмыз. Алайда Эфиопия жері, Эфиопия топырағы –соның бәрінен де жоғары, бәрінен де асыл, біздегі бар байлықтан да қымбат, туған жер топырағына баға жетпейді. Сондықтан туған жер топырағының титімдей қиыршығын да жат жұрттыққа қимаймыз. Бәтеңкелеріңізді қағып-сілкіп жатқанымыз сол... (149 сөз). Қ.Ергөбек
Мазмұндамалар
(6-сынып үшін)
Ғажайып ғимарат
Қожа Ахмет Йасауидің кесенесі – орта ғасырлық сәулет өнерінің озық үлгісі. Кезінде атақты Әмір Темір Қожа Ахметтің ақындық сөзінің күшіне таң қалады. Көшіп-қонып жүрген қазақтар Әмір Темірдің қылышынан қорықпайды, ал ақынның уағыз сөзіне сенеді. Осыны ойлаған Әмір Темір Қожа Ахметтің құрметіне дүние жүзінен ұста, зергер, сәулетші жинайды. Сөйтіп, ақын зиратының басына ғажайып ғимарат орнатуға жарлық береді. Ғимартты тұрғызу үшін мыңдаған адам қатар тұрып, күйген қышты бір-біріне қолдан беріп, алыстан осы әдіспен жеткізген. Құрылыс іргесіне үйір-үйір жылқы айдап, мал тұяғымен қатайтады. Ғимарат отыз бес бөлмеден тұрады. Солардың бірі «қазандық» деп аталған. Осы бөлмеде салмағы екі тонна үлкен қола қазан орнатылған. Қазанды Әбіләзиз деген шебер Қарнақ деген жерде құйған. Оған жеті жылқының еті сыяды. Ернеуінде қазанды құйған ұстаның есімі араб тілінде жазылған. Бұл ғажайып ғимаратты он жыл тұрғызған. Сәулетті шебер ұста Ғұбайдолла Садыр жүргізеді. Ол өз шеберлігіне өзі риза болып, сағананың ең биік басынан жерге түспей қойыпты. Ақырында, сол жерде өлген екен. Өзінің өтініші бойынша, денесін күмбездің қыр арқасына қыш астына қойып, өріп жіберген екен деседі. Бұл ғимараттың салынғанына алты жүз жылдай болды. Оның бір қышы сынбаған, бір шегесі босамаған, сыры кетпеген. Хандар таққа отырған кезде, Қожа Ахмет ақынның басында ант берген. Өлген соң оларды осы жерге жерлеген. Көне Түркістан топырағында сексен бір хан, би, батырдың сүйегі жерленген. (170 сөз). Д. Досжан
Қоштасу
Соңғы рет камераның есігі ашылды. Пішпектен кеше келіп жеткен этап бүгін ертелеп жолға шықпақ.Таңғы салқынмен жүріп, ыстық түскенше жол өндірмек. Пішпектен шыққан аттар ауыстырылды. Арбалардың күпшектері майланды. Айдауылдар жаңарды. Азық-түлік тиелді. Қырғыстаннан келе жатқан каторжниктер отырған арбалар Верный түрмесінің алдына келіп, дайын тұрды. Рысқұлдың аяғын кісендеп, аулаға алып шыққан кезде әлі таң бозала болатын.Түрменің іші құлаққа ұрған танадай, айдаладағы алып моладай тып-тыныш еді. Кенет қаңғұр-құңғыр, шақыр-шұқыр дыбыстар абақтының ішін кернеп ала жөнелді. Рысқұл түкке түсінбей, бұл салдыр-күлдір аяғымдағы кісеннің дыбысы шығар деп келген. Сөйтсе, Александр Бронников жатқан саяси тұтқындар камерасының терезелері екен. Қайдан естігені белгісіз, Бронников Рысқұлдың дәл қазір айдалып бара жатқанын біліп, өз жолдастарымен бірге терезе торларын тоқпақтап тұр екен. Бұл қоштасу белгісі еді. Ғаламат сәтінде соғылған шіркеу қоңырауларындай осынау үн түрме қызметкерлерін үрейлендіріп жіберді. Әкесін каторганың алыс сапарына шығарып салуға ілесе шыққан Тұрар мына қаһарлы үнге құлақ түріп, әкесінен айырылу қайғысын ұмытып кеткендей. Айдауылдар Рұсқылды ауладан шығарып әкеткенше асықты. Кісендеулі аяқтың адымы қысқа. Кісеннің салдыры камера терезелерінің тарсылына қосылып, қоштасу әрі қосылысу гимнін шарықтатып әкеткендей. Мына беймезгіл таңда бүкіл Алматы зіл ұйқыдан оянып, әлдебір таусоғар толқынның, тақтарды сықырлатар соққының алыс сарынын естігендей, елеңдеп қалған сияқты. Бұдан бір жарым жыл бұрын Рысқұл өзі келіп тарсылдатқан қақпа артта қалды. (195 сөз). Ш.Мұртаза
Таза бұлақ
Үш жолаушы бір бұлақтың басында кез болыпты. Бұлақ бір тастақ жерде екен. Суы мұздай салқын, жылтылдап тұрған таза бұлақ екен. Бұлақтың көзіне жақын бір тасты қойып, тасқа: «Ей, жолаушы, болсаң осы бұлақтай бол!», - деп жазыпты. Үш жолаушы бұлақтан шөлдері қанғанша ішеді, тастағы жазуға көздері түседі. Сонда бір жолаушы тұрып былай дейді: -Бұлақ күні-түні тынбай ағып, алыс жерлерге барады. Бара-бара кеңейіп, үлкейеді. Бұған бөтен бұлақтар құйып, үлкен өзен болады. Мұнан мынадай ғибрат алуға болады. Адал қызмет қыл, ешқашан жалқауланып тоқталып қалма. Сөйтсең, ақырында, мұратыңа жетесің дегені деп білем, – деді. Екінші жолаушы: - Жоқ, мен олай ойламаймын, – дейді. - Бұл жазудың мағынасы сіз ойлағаннан гөрі тереңірек соқса керек: бұл бұлақ кім-кімге болса да даяр, ыстықтағанда салқындатып, рақаттандырады. Сусағанның шөлін қандырады. Онысы үшін ешкімнен ақы дәметпейді. Олай болса бұл: «біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды ешкімге міндет етпе» деген ақыл болады. Жолаушының үшіншісі – жас жігіт үндемей тұрды. Жоладастары: «Сен не ойлайсың?» - деп сұрады. Жігіт айтты: - Менің ойыма бөтен бір нәрсе келді. Бұлақ күні-түні тынбай ағып, тазаланып тұрғаны үшін бәрі ынтық. Бұл жазудың мағынасы мынау: көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта. Бұлаққа қарасаң: күн түссе – күннің, шөп түссе – шөптің сәулесін көреміз. Көңілің де сондай сыртқа ашық көрініп тұрсын деген ғой деймін, - депті. (199сөз). Ы.Алтынсарин
Наурыз
Наурыз – парсы сөзі, қазақшасы «Жаңа жыл», «күн» деген ұғымды білдіреді. 22 наурыз – бүкіл Шығыс халықтарының мерекесі. Бұл – күн мен түннің теңелетін, қардың еріп, көктің шыға бастайтын кезі. Наурыз күнін адамдар жаңа жылдың басы – «Ұлыстың ұлы күні» деп атап, зор қуанышпен қарсы алған. Наурыз күні халық таза киініп, бірін-бірі құттықтап, қуаныш дастарқанын барынша мол жаяды. Наурыз – діні мейрам емес, жалпы халықтық мереке. Наурыз – табиғат мейрамы, аса зор салтанат, ұлы жиын. Адамдар бұл күні «бәріміз де табиғат перзентіміз, оны аялайық, бергеніне риза болайық», – дейді. Бұл күні қандай күнә болса да кешірілуге тиіс, жеке адамдар арасындағы бас араздықтар да кешірілуге тиіс. Ерте кезде Орта Азия әкімдері: «Бұл күні Самарқанның көк тасы да жібиді», – деп зынданда жатқан тұтқындардың қол-аяғын босатып, кешірім берген. Бұл күні адамдар бірін-бірі мынадай сөздермен құттықтаған: «Ұлыс құтты болсын!», «Ақ мол болсын!», «Ұлыс береке берсін, бәле-жала жерге енсін!». Сөйтіп, адамдар бір-бірінің қатесін кешіріп, татуласады, оның аяғы ойын-сауық, ән-күйге жалғасады. Наурыз көже – азықтың жеті түрінен жасалады. Қазақстанның әр жерінде көженің құрамына салынатын азық-түлік әр түрлі болғанымен, жетіден аспауы керек. Наурыз көженің құрамына бидай, тары, күріш, ет, тұз, сүт, су қосылу керек. Бұған қыстан шыққан қазы, шұжық, сүр ет сияқты сыйлы, сыбағалы мүшелер де қосылады. (199 сөз). «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» кітабынан
Сурет бойынша мазмұндамалар
2014-2015 оқу жылы
Құрастырған:
Жасқайрат негізгі жалпы білім беретін мектебінің
қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі
Жусупова Нургуль Карибаевна.
Пікір жазған:
ПМБАИ Қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің әдіскері
Жанкаринова Гүлжанар Ақмырзаевна.
Алғы сөз.
Бұл бақылау жұмыстар жинағы жалпы білім беретін оқу орындарының мұғалімдеріне арналған оқу құралы ретінде дайындалды.
Оқытудың жүйесінде білімді бақылаудың негізі- бақылау жұмысы. Оқыту үдерісінде оқушылардың теориялық білім мазмұнын меңгерту және игерген білімді тексеру, қадағалау және бекіту мақсаттары көзделеді. Оқушылардың білімін тексеру мақсаттарында жазбаша бақылау түрі алынады. Ұсынылып отырған бақылау жұмыстар жинағы оқушы біліміне бақылау жүргізуде мұғалімдер пайдаланатын бір құралдың қажеттілігімен құрастырылды. Оқыту үдерісінде тіл білімінің морфология саласы бойынша өткізілетін тараулық бақылауларда осы бақылау жұмыстар жинағымен жұмыс жасауға болады.
Диктант мәтіні оқушының сауаттылығы мен каллиграфиялық сауаттылығын тексерсе, ал грамматикалық тапсырмада оқушы ұсынылған тапсырмаларға талдау жаса деген шартқа талдаудың осы түрін барлық параметр бойынша жасаған дұрыс. Теориялық білімін көрсетуді талап ететін тапсырма орындағанда ережесі, жасалу жолы, қызметі, көрсеткіштері, тіл білімінің қай саласы, онын ішінде қандай жүйеге енетінін нақты мысалдармен көрсете алуы тиіс.
Бақылау жұмыстар жинағы мұғалімдер үшін қажетті құрал бола алады деп ойлаймын.
Тақырыбы:Диктанттар жинағы.
Мақсаты: Бақылау жұмысы «Қазақ тілі» пәніне арналғандықтан ең басты мақсаты – тілдің табиғатын, сөз мәнін анықтай білуге, түсініге бағыттау. Осындай жұмысты алға қоя отырып, оқушының меңгерген білім, білік пен дағдаларын жан – жақты тексеру.
Міндеті:
1. Бақылау жұмысының мәтінін 5 – сыныпқа сай алу.
2. Мәтіннің тәрбиелік мәнін ескеру.
3. Мәтінді сауатты жаза алу.
4. Каллиграфиялық ережеге сай жаза алу.
5. Лексика, фонетика саласында өтілген тақырыптарды меңгергенін
практикада іске асыру.
Сабақтың типі: білімді бекіту.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: диктант жазу, талдау жасау.
Сабақтың формасы: жеке.
Сабақтың өзектілігі:Оқушының өзіндік белсенді әрекеті.
Гипотеза:Менің ойымша, егер де оқушының біліміне бақылау жасамасақ,
Онда оқу материалы қандай дәрежеде меңгерілгеніне есеп бере алмас едік. Сонымен қатар оқытудың тиімділігін анықтауға мүмкіншілік болмас еді.
БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУГЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Қазақ тілінен білім, білік, дағдыларды жүйелі түрде тексеру мектептегі оқу үрдісінің ажырамас бөлігі. Оқытудағы міндеті жағдайға жету деңгейін, білім қабылдаудың негізділігін, берік дағдылардың қалыптасуын анықтайды.
Оқыту үрдісінде мұғалім білімді тексерудің әртүрлі формаларын қолданады: жеке-дара және жаппай сұрау, сыныпта орындалатын және үйде жасалатын ағымдағы жұмыстарды үнемі тексеру. Білім қабылдау мен білік, дағдылардың қалыптасу барысын жатқа жазу, көру диктанты, шығармашылық, түсіндірме диктанттары сияқты жұмыстар анықтап береді. Осы және тексеру жұмыстарының өзге де түрлері мұғалімге бүкіл сыныптың және әр баланың білімін анықтап, білім беруде кеткен олқылықтарды көрсетіп, уақытымен көмек беруге, кемшіліктерді жоюға негіз болды. Жоғарыда аталған білім, білік, дағдыларды тексеруге байланысты жұмыс формалары бақылаушылық емес, білім берушілік сипатқа ие.
Сонымен бірге оқытудың әр кезеңінде, әр тақырып сайын, әр оқу тоқсаны мен әр оқу жылында/ қазақ тілі бағдарламасы әр балада белгілі деңгейдегі білім, білік, дағдыларын анықтайды. Ондай білік дағдының жоқтығы тіл білімін меңгеруге кері әсерін тигізіп отырары анық. Сондықтан әр тоқсандағы әрбір тарауды оқытуда оқушылар біліміне бағдарлама талаптарынан қойылатын талаптарды мұғалім нақты түрде білуі керек. Бұл мұғалімге бүкіл оқыту үрдісін дұрыс қоюға, соның негізінде оқушылардың қазақ тілінен білік, білім, дағдыларының тиянақты болуына әсері мол.
Оқытудағы міндеті нәтижені өлшеу мақсатында ағымдағы және қорытындыдан бақылау жұмыстары алынады.
Ағымды бақылау жұмыстары бағдарламадағы үлкен тараулардан кейін алынады. Орфографиялық заңдылықтар мен теориялық білімді тексеру мақсатында диктант жазғызады. Соның нәтижесінен өтілген тақырып жөнінде оқушылардың білімін анықтап алады.
Қорытынды бақылау жұмыстары одан ары қазақ тілін оқытуға жол ашатын білім, білік, дағдыларды тексеру жолы. Қорытынды бақылау жұмыстарының мақсаты – оқу тоқсаны немесе оқу жылы бойы мектеп бағдарламасы мемлекеттік стандарт талаптарын орындаған, орындамағандығын анықтау. Қорытынды бақылау жұмысын жүргізудегі негізгі ұстаным бағдарлама талаптарына сай көтермеу және төмендетпеу. Қазақ тілінен алынатын қорытынды бақылау жұмыстарына оқулыққа енген, оқулықта бар синтаксистік құрылымдар, құрылысы типті сөйлемдер енеді. Оқулықта кездеспейтін /ережесі өтілмеген/ жағдайлар тақтаға жазылады және түсіндіріледі.
Оқу жылы барысында ағымдағы бақылау жұмыс тараулар соңында немесе белгілі бір тақырыпты өтіп болған соң алынады. Осы ұсынылып отырған бақылау жұмыстары сөз таптарын өткен кезде оқушының білімін тексеру мақсатында өткізіледі. Оқу жылының басында,1,2,3,4оқу тоқсандарының соңында және тақырыптық, жылдық диктанттар алынады.
Оқу жылының басында алынатын бақылау жұмысы жазғы уақытта өткен оқу жылында алған білімдерінің қаншалықты естерінде сақталғандығын анықтап береді. Тоқсан сайын алынатын бақылау жұмысы оқу жылы барысында білім, икем, дағдылардың қалыптасуын анықтауға мүмкіндік береді.
Қорытынды бақылау жұмысы белгіленген уақытта алынады. Алғашқы бақылау жұмысын алуға қолайлы уақыт болып қыркүйек айының алғашқы он күні саналады, тоқсан соңында алынатын қорытынды бақылау жұмысы тоқсан аяқталуына 1 апта бұрын, ақырғы қорытынды бақылау жұмысы мамыр айының ортасында, яғни оқу жылының аяқталуына 2 апта бұрын алынады.
ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН АЛЫНАТЫН БАҚЫЛАУ ЖАЗБА ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Бақылау жұмысы санатын диктант, грамматикалық тапсырмалар, бақылау көшіру, мазмұндама, мәтіндер жатады. Шығарма жұмыстары жұмыстары қорытынды бақылау жұмыстарына жатпайды.
Диктанторфографиялық және пунктуациялық дағдыларды тексеру қызметін атқарады. Ұсынылып отырған диктанттар мәтіні барлық оқушылар орындай алатындай орташа қиындықта берілген. Әрбір мәтін құрамына оқылған орфограммалар жеткілікті мөлшерде енеді. Сол уақытта өтпеген ережеге сай келетін сөздер мәтінге енбеген.
Диктантқабайланысқан мәтін, құрастырылған мәтін, белгілі бір жазушының шығармасы бастауыш сынып оқушыларына ықшамдалып алынады.
Мәтін 5- сынып оқушыларына түсінікті, сөйлемдер құрылысы жағынан жай, айтылу мақсатына байланысты әр алуан, екі-сегіз сөзден тұрады, кейбір жағдайларда өткен тақырыптар бойынша күрделенген түрінде де алынады. Мәтін орфографиясы жуырда ғана өткен және алдыңғы тоқсандарда өткендерді қайталап, тиянақтап отыруды көздейді. әр мәтін соңында сөз саны көрсетілген және ол бағдарлама бекіткен жүктемеге сай келеді.
Диктанттан кейін берілетін тапсырмалар оқылған грамматикалық танымдарды қаншалықты меңгергендігін анықтап береді, сөздер мен сөйлемдерге қарапайым тілдік талдау жасау дағдыларын көрсетеді.
Бақылаужұмыстарында үш- бестапсырма аралығында беріледі. Олардың мазмұны диктант мәтінімен байланысты болады. Тапсырмалар алдында өткен тілдік материалды қамтиды. Бұл фонетика-графикалық талдау, сөз құрамына талдау, орфографиялық, синтаксистік талдаулар. Екі тапсырма сыныптағы барлық оқушыларға ортақ, міндетті. Олар бағдарлама талаптарына сай қазақ тілінен білім мен ел уақыттағы өткен тақырып бойынша меңгерген икем-дағдыларын анықтап береді. Тоқсан соңында, оқу жылының соңында алынатын қорытынды бақылау жұмыстарында үшінші тапсырма болады, оны тек әлді оқушылар орындай алуы мүмкін. Бұл тапсырма күрделірек, сөздің лексикалық мағынасына қатысты. Мысалы: түбірлес сөздерді мысал келтіре отырып түсіндіру, бұл зат неліктен бұлау аталады, мағыналас және қарсы мағынадағы сөздерді табу, осы сөзді басқа мағынада қолдану.
Бақылау көшіру диктант сияқты орфографиялық және пунктуациялық дағдыларды тексереді. Сонымен бірге көшіре білу, орфограммаларды анықтау, сөйлем межесін анықтау, мәтінді бөлікке бөлу, мәтіннен керек бөлікті көшіріп алу. Осы түрдегі жұмыс үшін тыныс белгілері қойылмаған жүйелі, мазмұнды мәтін ұсынылады, сонымен бірге мәтінмен байланысты қосымша бір-екі тапсырмалар болады.
БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ
Бақылау жұмысының әрбір түрінің өзіндік ерекшелігі ерекше жүргізу әдістемесін талап етеді.
Диктант. Жазбаша орындалатын жұмыстың бұл түрінде мұғалім мәтінді оқып тұрады, ал оқушылар бұрын қалыптасқан дағды бойыншща жазады. Мәтінді мұғалім қазақ тілінің дыбысталу талаптарына сай оқиды. әуелі бүкіл мәтінді ақырын, мәнерлеп, дауыстап оқып береді. Оқушылар тыңдап, мазмұнын түсінеді. Одан кейін жеке сөйлемдер оқылады. Сөйлем соңына дейін оқылып болған соң оқушылар жаза бастайды. Сөйлемді толығымен естерінде сақтап үйренсе жақсы болар еді. Қалып қойғандары бар-жоқ екенін сұрай отырып мұғалім мәтінді дауыстап, түсінікті, асықпай, бір қалыпты оқиды. Сол уақытқа дейін өтілмеген тақырыпқа сай келетін сөздер мен формаларды анық, түсінікті, әр әріпті ажырата отырып айтады немесе тақтаға жазып қояды «қиын» әріптің астын сызады.
Оқушылар бүкіл мәтінді жазып болған соң мұғалім толығымен оқып шығады, арасында кідірістер жасап отырып оқушылар дәптерлеріне жазғандарын тексеріп отырады. Жазған диктантты тексеруге 5-8 минут уақыт беріледі /мәтін көлеміне қарай/.
Тапсырмаларды мұғалім тақтаға диктантты бастамас бұрын жазып қояды. Диктант жазылып, тексеріліп болған соң мұғалім тапсырмаларды дауыстап оқиды, ал оқушылар тақтаға қарап танысып отырады. Содан кейін өздігінен жұмыс жасай бастайды: дәл мәтін ішінде немесе жеке жазып алып талдау жасаулары мүмкін.
Көшіріп жазу диктанты көшіруде мұғалім мәтінді алдын ала тақтаға жазып қояды. Бастапқыда оқушылар мәтінді оқиды немесе мұғалім оқып, оқушылар бақылап тыңдап отырады. Одан кейін оқушылар жазылған мәтінді түсініп, ой елегінен өткізеді. әр сөйлем қай жерден басталып, аяқталатындығын табады, «қиын» емлелердің жазылуын анықтап қарап алады. Мұғалім оқушыларға мәтінді көшіргенде жеке сөзден емес, буындап отырып бүкіл сөйлемді оқып алып көшіру керектігін ескертеді. Содан кейін мәтінді тақтадан көшіріп, өздері тексереді. Соңынан қосымша тапсырмалар орындалады.
ЖАЗБА БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН ТЕКСЕРУ
Түгел тапсырмаларды тексеріп болып мұғалім нәтижені талдау схемасына /сызбасына/ енгізеді. Қателердің сандық және сапалық талдауы жалпы сыныптың білімі мен икемінің деңгейін көрсетеді.
Диктантта жіберген мынандай қателерді ескере отырып мұғалім мыналар есте сақтауы керек:
- бір қате ретінде есепке алу керек сөзден жіберген қате бірнеше рет қайталанса, бір қате болып есептеледі;
- бір ережеге байланысты әртүрлі сөздерде жіберген қателердің әрқайсы бір қате болып есептеледі;
- екі ұқсас жіберілген тыныс белгілік қатені;
- тасымал кезінде сөздің бұрынғы жолда қайталанып кездесуі. Сондай-ақ жіберілген мынандай есепке саналады:
- өтілмеген орфограммалар мен тыныс белгілері болса
- сөйлем соңына нүкте қойылмай бірақ келесі сөйлемді бас әріппен бастап жазса.
Қате болып есептеледі:
- сөздерді жащудағы емлелік ережелердің бұзылуы, әріп тастап кету, әріптердің орнын ауыстыру немесе артық әріп жазып қою;
- ешбір ережеге сай келмейтін, бірақ сол сынып бағдарламасына енетін сөздердің жазылуында жіберілген қателер;
- сол уақытта өткен тақырыптарға байланысты тыныс белгілерін қоймау, сөйлем соңына қойылмаған нүкте егер келесі сөйлем бас әріптен басталып тұрса.
Жұмыстарды тексеру мұғалім назарын «жақсы» немесе «өте жақсы» бағалардың санына емес, қатесіз орындалатын жұмыстар санына назар аударуы керек. Жұмыстарында 4 немесе одан да көп қате жіберетін оқушылар ерекше назарда болғандары жөн.Осы мақсатта олардың көпшілігі жіберетін қателер түрін анықтап алған жөн.
ДИКТАНТТЫ БАҒАЛАУ ӨЛШЕМДЕРІ
« 5» деген баға еш қатесі жоқ немесе орфографиялық жеңіл 1 қатеге ( 1/0) немесе тыныс белгісінен жеңіл бір қатесі бар (0/ 1) диктанттарға қойылады.
« 4» деген баға емледен 3, тыныс белгісінен 3 қатесі бар ( 3/3), немесе емледен 2, тыныс белгісінен 4 қатесі бар ( 2/ 4), немесе емледен 1, тыныс белгісінен 5 қатесі бар (1/ 5 ) диктанттарға қойылады.
« 3» деген баға емледен 6, тыныс белгісінен 5 қатесі бар (6/5), немесе емледен 5, тыныс белгісінен 6 қатесі бар (5/6), немесе емледен 3, тыныс белгісінен 8 қатесі бар (3/8) диктанттарға қойылады.
« 2» деген баға емледен 9, тыныс белгісінен 5 қатесі бар (9/5), немесе емледен 8, тыныс белгісінен 9 қатесі бар (8/9) диктанттарға қойылады.
« 1» деген баға қате саны «2» деген баға көрсетілген мөлшерден асып кеткен диктантқа қойылады..
Ескерту:бағалау кезінде қателердің қайталануы мен біртектілігіне назар аударылады. Егер бір қате бір сөздің құрамында немесе түбірлес сөздердің түбірінде қайталанса, бір қатеге саналады. Бір ережеге жататын қателер біртекті болып есептеледі. Алғашқы бір текті үш қате біреуге саналады да, келесі осындай қателер дербес есептеледі.
Диктант мәтінінде 5 –тен артық түзету болса, 1 балға кемітіледі. 3 және одан артық түзетулер кездескен жағдайда үздік баға қойылмайды.
Сонымен бірге тасымалдауда, автор сөзін берудегі тыныс белгілерде жіберілген қателер түзетілгенімен, қатеге саналмайды.
ҚАТЕМЕН ЖҰМЫС
Оқушыларды сауатты жазуға үйрету үшін алдын алу жұмыстары жүргізіледі. Бұл жұмыс кезінде оқушыларға бәрін жайып айтып беру емес, емлелік тақырыптарды жүйелі берілуі: ережелерді оқу, оларды түсініп меңгеру, жазу барысында басшылыққа алу. Жаттығу жұмыстары қатені алдын алуға көмектеседі. Ондай жаттығуларға көру, есту диктанттары, қиын емлелі сөздерді тақтадан көшіру.
Диктантта жіберілетін қате түрлері сан алуан болуы мүмкін: графикалық, емлелік, пунктуациялық.
Графикалыққате: әріп тастап кету, әріптердің орнын ауыстыру, артық әріп жазып қою және әріпті қисық таңбалау.
Орфографиялық қате:сөзді жазуда теріс әріп жазу. Оның негізі мынада: сөздің мәнін түсінбеу, құрамын білмеу, дәл сол жағыдайда тиісті ережені пайдалана алмау, жазылуы ұқсас сөздерді шатастыру, жалпы, жалқы есімдердің жазылуын айыра алмау.
Пунктуациялық қате:үтірді дұрыс қоймау, сызықшаның қойылу ережесін білмеу, сөйлемнің түрін ажырата алмағандықтан нүкте, леп, сұрау белгілерін сөйлем соңында дұрыс қоймау. Шылаулардың емлесін білмегендіктен сөйлем ішінде үтірдің қойылу себебін білмеу.
Бақылау жұмысында жіберген қателермен жұмыс.
Бақылау жұмысында жіберген қателермен жұмыс жасау үшін арнайы 1 сағат бөлінеді. Мұғалім алдын ала дайындалады: көп оқушылар жіберген қателерді теріп алады, соларды бекітіп, түсіндіруге материал дайындайды, жинақтайды. Әуелі бүкіл сынып жіберген қателермен жұмыс жасалады, содан кейін әр оқушы жіберген қателермен жұмыс жасайды. Үнемі қатемен жұмысты бір тәртіппен, үйреншікті жүйемен орындау қажет.
Қате жіберген сөздерді қолданып, дәптерлеріне сөйлем құрап жазады. Қиын емленің астын сызады.
Ауызша жұмыс:Сөйлемді интонациямен оқу, одан кейін дәптерлеріне жазып, тыныс белгісін белгілеу. Сонымен бірге мұғалімнің назары каллиграфиялық қателерде де болуы керек: конфигурацияның бұзылуы, әріп элементтерінің үйлесімі, сызықтардың параллельдігі, әріптердің жазылуындағы биіктігі мен ені, олардың жазу жолында орналасуы. Бұл қателерді жою үшін жеке каллиграфиялық сабақтар жүргізілуі тиіс.
5-11 сынып оқушыларынан бағдарламаға сай талап
етілетін оқу іскерлігі мен дағдыларының жоба
көрсеткіші
І. Диктант нормалары
Сынып
Сөздер саны
Орфограмма саны
Тыныс белгілері
5
90-100 – сөз
12
2-3
6
100-110 – сөз
16
3-4
7
110-120 – сөз
20
4-5
8
120-150 – сөз
24
10
9
150-170 – сөз
24
15
10
170-180 – сөз
26
18
11
190-200 – сөз
26
18
IІ. Бағалау нормалары
Баға
Қате саны
«5»
1\0
0\1
-
«4»
3\3
2\4
1\5
«3»
6\5
5\6
3\8
«2»
9\5
8\9
9\8
Диктант № 1
Пән: Қазақ тілі
Сынып: 5
Тақырыбы: өткенді қайталау.
Бақылау жұмысының мақсаты:
1.Ұсынылғанлингвистикалық нысандарға талдау жасату арқылы меңгерген білім, білік, дағдыларын қолдана алу деңгейін анықтау.
2. Тыңдаған мәтінді орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай сауатты жазу дағдыларын бақылау.
Бақылау диктанты.
Аққу.
Мен шыққан төбе онша биік емес. Мен төменге көз салдым. Осы төбенің етегінен әрмен қарай қалың құрақ өсіпті. Одан әрі етіктің ұлтаны тәріздес шалқар көл жатыр. Әлі күн көзі түсе қоймаған көл беті қарауытып көрінеді. Ортасында бір топ үйрек жүзіп барады. Үп еткен жел жоқ. Көл суы мөлдіреп жатыр.
Бір кезде оң жағымнан әсем әуез естілгендей болды. Шырқау аспанда ән салып келе жатқан екі аққу екен. Қуанғанымнан айқайлай жаздадым. Қос сұлу құс қанаттарының сыбысына қайран қалып тұрмын. Аққуларды бұрын жақын жерден көрген емес едім.
(92 сөз)
Сөздікпен жұмыс:
әсем әуез- ән
шырқау аспанда- биікте
етістіктің ұлтаны тәріздес- етіктің қойынышы
қарауытып- қараңғы батып келе жатқан кез.
Грамматикалық тапсырма.
1. Диктант мәтіннің қай түріне жатады?
2. Сөйлем мүшесіне талдау.
Мен төменге көз салдым.
3. Күн, көл сөздерін септе.
4. Диктанттан тек сан есімдерді теріп жаз.
5. Аққусөзіне дыбыстық талдау жаса.
Диктант № 2
Пән: Қазақ тілі
Сынып: 5
Тақырыбы: Қазақ әліпбиі, дыбыстар, дауысты дыбыс.
Бақылау жұмысының мақсаты:
1. алған білімдерін жинақтау арқылы білімдерін тексеру.
Күй- қазақ халқының тұрмыс харекетімен, күнкөріс кәсібімен, арман- мұңымен, күрес- тартысымен, әдет-ғұрпымен астасып, ғасырлар бойы онымен бірге жасасып келе жатқан өнер. Күйді домбырада ғана тартпаған, қобызда да, сыбызғыда да ойнаған. Күй сюжетті музыка жанрына жатады. Әрбір күй белгілі бір оқиғаға, күрес- тартысқа құрылады. Күй- өміршең жанр. Қарағай қақпақ қос ішекті домбырамен сыр шерту- атадан балаға мирас болған өнер.
(59 сөз) (Ол кім? Бұл не?)
Сөздікпен жұмыс:
мирас- мұра
сыбызғы- ұлттық аспап
Грамматикалық тапсырма.
1. Қазақ әліпбиі туралы не білесің?
2. Дауысты дыбыстардың жасалу жолы.
3. Күй- өміршең жанр. (ашық бір сызықпен, қысаң екі сызықпен сызу)
4.Қобызсөзіне дыбыстық талдау.
5. Қазақтың күй өнері (ой -толғау жазу)
Диктант № 3
Пән: Қазақ тілі
Сынып: 5
Тақырыбы: Буын, тасымал.
Бақылау жұмысының мақсаты:
1. буын, тасымал тақырыбында алған білімдерін тиянақтау, жинақтаутексеру.
3. құстарды сақтауға, оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Жаз.
Жаз думаны басталды. Құс атаулының ұясы түгел сары ауыз балапанға толды. Олар ауыздарын ашып, ұяға тынымсыз жем тасыған енелеріне тентелейді. Ұядан шығып кете алмайды.
Өз балаларын әр құс өз дағдысынша тәрбиелей бастайды. Қатерден жасырынуға, тамақтану әдісіне баулиды. Қаз бен аққудың балапаны суық күз түскенше енелерінен бөлінбейді. Әсіресе аққудың көгілдірі енесінен бір елі қалмай жылы жаққа ұшып кетеді. Ол көктемде қайта оралғанда ғана өз бетімен күн көруге көшеді. Ал қарлығаш балапаны ұшқаннан кейін оған өз жемін қалай табу әдісін төбесінен тастап жіберіп, соны қуып ұстату арқылы үйретеді. Осылайша әр құстың балапан баулудағы әдістері әр түрлі.
(94 сөз) (С.Махмутов)
Сөзікпен жұмыс:
ентелейді-алға қарай ұмтылады
дағдысынша- өз әдетінше
баулудағы- тәрбиедегі
баулиды- үйретеді.
Грамматикалық тапсырма:
1. Буын деген не, оның қандай түрлері бар? Диктанттан мысал келтір.
2. Ұясөзіне дыбыстық талдау жаса.
3. дағдысынша сөзінде неше масымал бар, тасымалдап көрсет.
4. Осылайша әр құстың балапан баулудағы әдістері әр түрлі. (сөйлем мүшесіне талда)
5. Құстар әлемінде (әңгіме жаз).
Диктант № 4
Пән: Қазақ тілі
Сынып: 5
Тақырыбы: Эвфемизм, дисфемизм.
Бақылау жұмысының мақсаты:
1. оқушыларға тұмау, ЖРВИ туралы түсінік беру, оның алдын -алу жолдарын түсіндіру.
Тұмау- бұл тыныс жолдарының жұқпалы вирустық ауруы, ол осы топтың өзге ауруларынан бөлек қаралады.
Тұмау вирусы өте тез тарайды. Тұмау асқынған жағдайда өте қауіпті. Сондықтан да, тұмаумен ауырған кезде балалар, кәрі адамдар, сондай-ақ жүрек және өкпе созылмалы ауруларымен ауыратын науқастардың сақ болғаны жөн.
Тұмау және ТЖВЖ барлық әлемде болу жағдайы мен жиілігі бойынша бірінші орын алады және барлық жұқпалы аурулардың 90% құрайды.
ЖРВИ–дың алдын алу – таза ауада сырғанақтар, шаңғылармен сырғанау, жүзу, бағалы азық, бай дәрумендерді қолдану, денені шынықтыру, сауықтыру жұмыстарымен айналысу, организмнің және иммунитеттің стимуляциясын күшейтуден тұрады. Балалар ұзақ уақыт таза ауада демалып қыдырған жөн, себебі таза ауада тұмау жұқпайды.
Тақырыбы: І тоқсанда өтілген тақырыптарға арналған бақылау.
Бақылау жұмысының мақсаты:
тақырыптарды талдау жасату арқылы меңгерген білім, білік, дағдыларын қолдана алу деңгейін анықтау.
2. тыңдаған мәтінді орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай сауатты жазу дағдыларын бақылау.
3. ұқыптылыққа, көркем, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Тау басы.
Тау басына қар түсіпті. Тау басынан аса алмаған жырым-жырым ақша бұлттың бауырын өрт шалғандай, аспандағы жалынның алауы нарттай қызыл перде боп әр үйдің әйнегінде жүр.
Қарағайлы қолаттың жықпыл-жықпылында қара киімге жапсырған ақ жамаудай іркіліп тұман жатыр. Апта бойы толастамаған нөсер тайганы да есеңсіретіп тастапты; тым бұйығы, самалы таусылып сызы ғана қалғандай, бұрынғысынан да аспандап, керме иық мінез көрсетеді. Көк жүзіне сіңбей, кемер-кемерге іркіліп қалған ақша бұлттардың сүт реңі мұздай суық, шытынаған көк шағыр аспан әлі де ызғарым бар дегендей. Еркімен өріп, өз аяғымен қайтатын мал да бақайының сықырын байқатпай бүрісіп, ауылға ұрланып кіріп жатыр.
(98 сөз) (Қ.Ысқақов «Ақсу-жер жаннаты»)
Сөздікпен жұмыс:
нарттай- қып-қызыл, албыраған
іркіліп-бөгелу
тым бұйығы- өте жуас
Грамматикалық тапсырма:
І деңгей.
Берілген сөздердің антонимін табыңдар.
І нұсқа. ІІ нұсқа.
Алыс- кәрі-
Үлкен- ерте-
Оңай- қас-
Кір- жұқа-
Қараңғы- ащы-
Сөз, оның мағынасы(тура, ауыспалы, көп мағыналы сөздер)
А) Берілген сөздерді жақша ішіндегі сөздермен тіркестір. Қандай мағынада қолданылып тұрғанын ажыратып жаз.
І нұсқа. ІІ нұсқа.
Терең ( өзен, білім, ой), Қара (көйлек, жұмыс, су, өлең, құрт)
қатты (сөз, құрт) жұмсақ (адам, мінез, орындық)
Тура мағыналы сөз
Ауыспалы мағыналы сөз
ІІ деңгей.
Антоним сыңарын жаз.
І нұсқа. ІІ нұсқа.
Шықты- бар-
Ақ- кішкене-
Әдемі- батыл-
Берілген сөздермен 2-3 сөйлем құрастыр.
І нұсқа. ІІ нұсқа.
Бота, бұзау, сүйкімді, қозы. Төлі, қонжық, күшік.
ІІІ деңгей.
«Менің сүйікті үй жануарым» тақырыбында мәтін құрастыр немесе бір төлді сипатта.
Диктант № 6
Пән: Қазақ тілі
Сынып: 5
Тақырыбы: Лексика саласы.
Бақылау жұмысының мақсаты:
сөздердің лексикалық ерекшеліктерін түсініп, мағынасына қарай ажырату, білім- біліктерін тексеру.
шығармашылық қабілеттерін дамыту, ойлау қабілеттерін жетілдіру.
жақсы мен жаманды ажырата білуге, адамдыққа тәрбиелеу.
Шығармашылық диктант.
Асты сызылған сөздерді синонимдермен ауыстыр.
Ұлан бүгін құлан сәріден оянды. мәз болды
Оны атасы бірден ұқты. ерте
Апыл-ғұпыл шайларын ішіп жолға шықты. түсінді
Бұған бүкіл сынып қуанды. тез
Жомарт біразға дейін тіл қатқан жоқ. үндемеді
Ертайдың зәресі ұшты. қорықты
Нұргүлсім бұларды әрең тыйды. тоқтатты
Балалар жиналыс туралы кеңесті. ақылдасты
Мақал- мәтелдердегі айтылмай тұрған сөзді тап, антонимдардің астын сыз.
А) Ашу- ..., ақыл- ....
Ә) Көп сөз- күміс,
... сөз- алтын.
Б) ... азығын ... жина.
В) ... ішкен- жегенін айтады,
... көрген- білгенін айтады.
Берілген тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашып, сөйлем құра.
Сөзге келу, бетінен оты шығу, құлақ асқан жоқ, көңілі ақ, көзді ашып жұмғанша.
Эвфемизм, дисфемизм, табу сөздерді пайдаланып «Үлкеге құрмет» тақырыбында әңгіме құра.
Диктант № 7
Пән: Қазақ тілі
Сынып: 5
Тақырыбы: Жалпылама лексика.
Бақылау жұмысының мақсаты:
1.алған теориялық ұғымдарын тәжірибеде қолдану, тапсырмаларды орындау арқылы оқушы білімін бақылау.
Әйгерімнің кең үйінде Базаралыны үлкен ықыласпен күткен ажар бар. Кілемдер тұтылып, әсем оюлы сырмақтар жазылыпты. Абай айналасындағы жастардың бәрі Базаралының қабағына қарайды. Сағынған достар пейілін танытады. Күндізгі түстік үстінде Базаралы үздік- үздік әңгімелер айтып отырды. Өзі көрген жерлерді, елдерді сөйледі.
Кешкі отырыста Абай мәжілістің бетін өзгертті. Жастарға ән-сауық жөнінен тілек білдірді. Жастар кезегімен өнерлерін көрсетіп, сүйсіндіруде. Базаралыға сезімтал Абай қауымы ем тауып, сынығын сылап тұрғандай.
Аздан соң Әйгерім «Татьяна әнін» айта жөнелді. Үй іші ұйып тыңдады. Базаралы Абайдың бұл айтылған өлеңінің барын да білмеуші еді. Ол шетке кеткен соң туған ән екен.
(93 сөз)(М.Әуезов)
Сөздікпен жұмыс:
Тұтылып- төселіп
Сынығын сылап- көңілін көтеру
Грамматикалық тапсырма:
1.Диктант мәтіні қай салаға байланысты беріліп отыр?
2.Жалпылама лексика ұғымының мағынасын ашыңыз.
3.Әсем сөзінің синонимін жазып, оны тұрақты сөз тіркесімен ауыстырып жаз.
4. «Мен сүйетін өнер» ойыңды білдір.
Диктант № 8
Пән: Қазақ тілі
Сынып: 5
Тақырыбы: Өткенді қайталау.
Бақылау жұмысының мақсаты:
шығармашылық қабілеттерін дамыту, ойлау қабілеттерін жетілдіру.
жазу мәдениетін қалыптастыру, орфографиялық, пунктуациялық ережелерді сақтау
аңшылықтың қыр-сырын білуге тәрбиелеу.
Шығармашылық диктант.
Құсбегілік.
Берілген сөздер мен сөз тіркестірін пайдаланып, мәтін құрастыру.
Аңшылық өнер, таңсәріден, ата-бабамыздан қалған мұра, әскери жаттығу, қыран, көңіл-күй, көңілді кездер, жайма шуақ, қыс мезгілінде, бәріміз.
Диктант № 9
Пән: Қазақ тілі
Сынып: 5
Тақырыбы: Үндестік заңы.
Бақылау жұмысының мақсаты:
1. үндестік заңы тақырыбынан меңгерген білімдерін жинақтау.
Бұлар кеше жайлауға көшіп келген. Қойды тауға қарай үшеулеп айдады. Атасы, өзі және Есен. Туыстарының баласы Есен бір класс жоғары оқиды. Екеуі сырлас. Осы қонысқа жеткенше есеннің аузы бір босамады. Қалың шалғынға малтығып, қой- қозылар жүриецйді. Қоныс қарасы көрінген кезде, атасы алға озған.
Есен атасы кеткен соң, аттан қарғып түсті. Көк шалғынға аунады. Аузы жайлау қызығын суреттеуден тынбады. Арқар, елігін айтты. Осыдан кейін ол көзін күннен қалқалады. Таудың шұбар басына таңырқай карап қалыпты. Айнала долана, шетен, ұшқат, тобылғы. Сонау бір құжыр таста найза бас рауғаш сораяды. Оны көрген Есеннің көзі жайнап сала берді.
(100 сөз) (О.Әділбаев)
Сөздікпен жұмыс:
Шалғын- қалың өскен көгарай, майса
Рауғаш- көбінесе тау күнгейлерінде өсетін көпжылдық қышқыл дәмді өсімдік.
Грамматикалық тапсырма:
1.Соңғы сөйлемді көшіріп жазып, буын түріне ажырат.
2. Үндестік заңы деген не, оның қандай түрлері бар? Диктанттан мысал келтір.
3. Берілген сөздерді орфоэпияға аударып жаз.
орфография орфоэпия
жайлау
тауға қарай
түсті
қой-қозылар
тынбады
4. «Ауылда» тақырыбында өз ауылыңды суреттеп жаз.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Қ.Р. жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары.
2.Қ.Р. жалпы орта білім беру мекемелерінде ғылым негіздерін оқыту ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хат.
Астана
3. Қосымова Г., Дәулетбекова Ж. «Қазақ тілі» 5- сыныпқа арналған оқулық.
Алматы «Атамұра» 2010
4.Ж. Дәулетбекова «Қазақ тілін оқытудың әдіснамасы»