kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Үй жануарларын қалай күтіп баптаймыз?

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім беру саласы:Таным

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Жаратылыстану

Тақырыбы:  Үй жануарларын қалай күтіп баптаймыз?

Мақсаты: Үй жануарларының мекен ету ортасы, қоректенуі туралы түсінік беру. Жұмбақ, көрнекіліктер пайдалана отырып, үй жануарларын қорғауға қамқор болуға үйрету. Төлдерінің аттарын атай және ажырата білуге үйрету. Балаларды жанды табиғат бұрышындағы жануарларға күтім жасауға қатыстыру. Қолынан келгенше еңбек ету дағдыларын қалыптастыру.

Үй жануарларына сүйіспеншілікпен тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекті құралдар:тақырыпқа байланысты суреттер,жануарлар макеті

Билингвалдық компонент:: Түйе-верблюд, сиыр-корова, қой-баран.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Үй жануарларын қалай күтіп баптаймыз?»

11 ересек топтың

ұйымдастырылған оқу қызметінің өткізу конспекті


Өтпелі тақырып: «Алғашқы тамшылар»

Тақырыпша: « 8- Наурыз»

Күні: 04.03.2019

Білім беру саласы:Таным

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Жаратылыстану

Тақырыбы: Үй жануарларын қалай күтіп баптаймыз?

Мақсаты: Үй жануарларының мекен ету ортасы, қоректенуі туралы түсінік беру. Жұмбақ, көрнекіліктер пайдалана отырып, үй жануарларын қорғауға қамқор болуға үйрету. Төлдерінің аттарын атай және ажырата білуге үйрету. Балаларды жанды табиғат бұрышындағы жануарларға күтім жасауға қатыстыру. Қолынан келгенше еңбек ету дағдыларын қалыптастыру.

Үй жануарларына сүйіспеншілікпен тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекті құралдар:тақырыпқа байланысты суреттер,жануарлар макеті

Билингвалдық компонент:: Түйе-верблюд, сиыр-корова, қой-баран.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациалық қозғаушылық

-    Балалар, таңертең көзімізді ашып оянғанда терезеге қарасақ, ең алдымен біз нені көреміз?
-    Дұрыс, күнді көреміз.
-    Күн бізге не береді?
-    Олай болса бір-біріміздің қолымыздан ұстап бүгін бізге келген қонақ-апайларымызға жылы лебізімізді білдірейік.
Шаттық шеңбері:

Көңілденіп , күлемін,

Бақытты боп жүремін.

Бәрін біліп алатын

Мен ақылды баламын

-    Күнді
-    Жылу береді, нұр береді.
-    Балалар жылуылық шеңберін жасап, орындарына жайғасады

Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Ал, балалар бүгінгі оқу қызметіміз ерекеше болмақ.

Себебі, мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер қандай тақырыпта әңгімелейтінімізді табатын боласыңдар.
   Жұмбақ жасыру:
1. Өзі ірі жануар,
Үстінде екі тауы бар. Ол не?
2. Басында мүйізі бар,
    Үстінде киізі бар. Ол не?

3. Аласа ғана бойы бар,
  Айналдыра киген тоны бар. Ол не?
Дұрыс таптыңдар.
Балалар, енді осы жануарларды қазақ-орыс тілдерінде қалай аталатынын бірге қайталайық.
Билингвалды компонент: Түйе-верблюд, сиыр-корова, қой-баран.
-Бұл жануарлар орманда өмір сүре ме, әлде үйде ме?
Дұрыс айтасыңдар.
-Балалар, бүгінгі оқу қызметіміз «Үй жануарлары» туралы болмақ.
-Балалар, қараңдаршы үй жануарлары үйде мекен етеді екен.
-Үй жануарларының тұратын жерін не деп атаймыз?
-Үй жануарлары немен қоректенеді екен?
-Дұрыс айтасыңдар.
-Мынау- сиыр, ол бізге не береді?
-Ал, мынау жылқы, халқымыз жылқы малын керемет бағалаған.
-Жылқының бізге қандай пайдасы бар, бізге не береді?
-Мынау- қой, ол бізге не береді?
-Мынау- түйе, оның дене құрылысы ерекше, ол бізге не береді?
-Ал, мынау –ешкі, ол бізге не береді?

-Жарайсыңдар! Үй жауарлары өте пайдалы екен.

Қосымша ақпараттар:

Мысыққа тырнағын тырмалайтын арнайы тақтай дайындап қою керек. Жүндерін күтіп-баптау үшін арнайы  тарақ пайдаланылады.

Тамақ пен су ішетін ыдыс аса шұңғыл болмау қажет.

Ересек мысықты күніне 2–3 рет қоректендіреді.

Ыдыстарын үнемі таза ұстау қажет.

Марғауларды күніне 6 рет қоректендіру керек.

Итке өзінің жүретін орнын белгілеп қою керек. Мысалы: үйшік. Оны таза ұстаукерек. Су ішетін жəне тамақ жейтін ыдыстары болады. Оларды да таза ұстайды. Оның жүнін тарайтын тарағы, қарғыбаужəнетұмсық торы болады.

«Жақсы-жаман» дидактикалық ойыны.

1.Егер мысықты балықпен қоректендірсек?

- бұл жақсы ма əлде жаман ба?

2.Мысыққа дəрумендер береміз. Жақсы ма əлде жаман ба?

3.Итті серуендеуге алып шығамыз. Жақсы ма əлде жаман ба?

4.Итті байлап қойдық. Жақсы ма əлде жаман ба?

5.Мысықпен ол бізді тырналағанша ойнаймыз. Жақсыма əлде жаман ба?

6.Мысықты қорапқа отырғызып, оны желімдеп қоямыз. Жақсы ма əлде жаман ба?

7.Иттің күшіктерін, мысықтың марғауларын олардан тартып алып, серуенге барамыз. Жақсыма əлде жаман ба?

Сергіту сәті

Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп аламыз,
Қалтамызға саламыз.

Ойын. Үй жануарлары мен дала жануарларын ажыратып орналастыру

Тапсырма. Төлдеріп тап

-Қора.
-Жем, шөп жейді.

-сүт, май, қаймақ, айран, ірімшік береді.

-Мінсе-көлік болады,қымыз береді, етін жейміз.
-Етін жейміз, жүнінен киімдер тоқимыз.
-Қымыран ішеміз, жүні өте пайдалы.
-Сүтін ішеміз, етін жейміз.

Тыңдайды, өздері білетін ақпараттарды əңгімелеп айтады.

Балалар өз жауаптарын айтады.

Сергіту сәтін қимылдармен орындайды.

Тақтаның оң жағына үй жануарларын, сол жағына дала жануарларын орналастырады.

Тапсырманы орындайды.

Қорытынды:

Балалар, бүгін біз сендермен қандай тақырыппен таныстық?

Жануарлар нешеге бөлінеді екен?

Үй жануарлары қайда мекендейді?

Оларға қандай күтім жасаймыз?

Сендерге бүгінгі оқу қызметіміз ұнады ма?

Балалар сұрақтарға жауап береді.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Естествознание

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Үй жануарларын қалай күтіп баптаймыз?

Автор: Мукашева Гульнар Кабиденовна

Дата: 11.03.2019

Номер свидетельства: 502545

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(18) "«?атынас» "
    ["seo_title"] => string(8) "k-atynas"
    ["file_id"] => string(6) "122921"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1414354107"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства