Просмотр содержимого документа
«Адам жене қоршаған орта»
Таңдау курсы
« Адам және қоршаған орта»
5 сынып
Түсінік хат
5 сыныпқа арналған таңдаулы курс бағдарламасы, жылына 34 сағат, аптасына 1 сағаттан. Адамның өмірі табиғатпен тығыз байланыста. Қазіргі уақытта эколог ғалымдарды толғандыратын мәселелердің бірі адамзат өмір сүріп отырған «Жер-Ананы» сақтап, қорғау. Осыған байланысты 5 сыныпта алынып отырған «Адам және қоршаған орта» таңдаулы курсы оқушыларды табиғатты қорғауға, аялауға, экология ұғымын терең меңгеруге арналған.Сонымен қатар, болашақта биология саласы бойынша мамандық таңдауға, ұлттық бірыңғай тест тапсыруда, ғылыми жоба сайыстарынан білімді тесеруде, жоғарғы оқу орындарына түсуге дайындық ретінде тереңдетіліп жүргізіледі.
Бағдарламаның мақсаты:
Табиғатты пайдалануда өнегелік және құқықтық принципті сақтау, өзінің тұрғылықты жерінің табиғатын белсенді қорғауға, оқып үйренуге, табиғатты белгілі бір мөлшерде пайдалануды, экологиялық жауапкершіліксіздікті кері әсері туралы идеяларды насихаттауды жаңа көзқарас негізінде қалыптастыру
Бағдарламаның міндеттері:
Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесін теориялық жағынан негіздеу;
Экологиялық тәрбие мен білім беруді жергілікті жердің табиғатын қорғау міндетімен ұштастыру;
Оқушы экологиялық білімін табиғатқа қамқорлық жасауға дағдландыру жолдарын қарастыру;
Нәтижиесі мен қорытындысы:
«Адам және қоршаған орта» курсын оқытуда оқушылардың бойында шығармашылық қабілеттерін дамытады. Соныдықтан оқушылардың жаңалықты өздігінен іздеп ашатындай танымдық, эмоциялық жағдайлар туғызатын оқытудың ғылыми-зерттеу, табиғатты көркем қабылдау сияқты оқу жұмысын ұйымдастырудың дәстүрлі емес түрлеріне ерекше маңыз берілуі қажет. Оқушылардың алған білімдерін іске асырудың негізінде төмендегі талаптар алынады: болжау, анықтау, салыстыру, түсіндіру, қолдау т.б
Оқушы өз бетінше ізденуге дағдылануы қажет;
Жеке тапсырмаларды орындай алуға, топпен жұмыс жүргізуге, түсініп оқуға машықтануы керек;
Теориялық білімін, танымдық, шығармашылық дағдысын қалыптастыру;
Адам, қоғам, табиғат арасындағы гормониялық байланыстарды реттеу;
Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу қабілетін, логикалық ой-өрісін дамыту;
Ағаш отырғызу, қалдық заттардан су жағасын, бақтардың ішін тазарту, топырақ эрозиясын жұмыстармен шұғылдану;
Мазмұны
(34 сағат, аптасына 1 сағат)
І. Адам және қоршаған орта(14 сағат)
Тірі және өлі табиғат. Ауадағы тіршілік.Ауаның негізгі ластағыш көздері. Ауаның ластануының табиғи және жасанды ластану көздері. Адамзат және гидросфера. Дүниежүзілік су қоры. Таза су қорлары. Судың ластану көздері. . Жер қорлары. Топырақтағы тіршілік Адамзат және тіршілік.. Тіршілік ортасының сапасы және оның өзгеруі, өзгеруінің себептері. Қоршаған орта және адам. Адамның шаруашылық әрекетінің қоршаған ортаға әсері.
ІІ. Қоршаған ортаны қорғау (14 сағат)
Антропогендік факторлар. Адамның қоршаған ортаға әсері. Адам, қоғам табиғат жүйесінде. Табиғатты қорғау басты парыз.Табиғат құбылыстары. Табиғатты қорғаудың экологиялық негіздері. Табиғатты тиімді пайдалану және табиғатты қорғаудың негізгі бағыттары. Қызыл кітап және оның ролі. Қазақстанның ерекше қорғалатын аймақтары. Табиғи саябақтар. Табиғат ескерткіштері. Табиғатпен үйлесімді өмір сүру. Қорық ұйымдастыру ісінің болашағы.Қазақстан қорықтары.
ІІІ. Табиғаттың адамға әсері (5 сағат)
Табиғаттың адамға әсері.Қазіргі адам денсаулығы. Қоғамның денсаулық сапасы. Сауықтыру орталықтары. Басты құндылық-денсаулық
VІ. Қорытынды (1сағат)
Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
№
№
Сабақтың тақырыбы
Сағат саны
мерзімі
көрнекілігі
Орынд.
тапсырма
І. Адам және қоршаған орта(14 сағат)
1
1
Тірі және өлі табиғат
1
2
2
Ауадағы тіршілік
1
Сурет
3
3
Ауаның негізгі ластағыш көздері.
1
4
4
Ауаның ластануының табиғи және жасанды ластану көздері
1
Сызба
5
5
Адамзат және гидросфера
1
6
6
Дүниежүзілік су қоры.
1
7
7
Таза су қорлары
1
8
8
Судың ластану көздері
1
Сызба
9
9
Жер қорлары
1
10
10
Топырақтағы тіршілік
1
11
11
Адамзат және тіршілік
1
Кесте
12
12
Тіршілік ортасының сапасы және оның өзгеруі, өзгеруінің себептері
1
13
13
Қоршаған орта және адам
1
14
14
Адамның шаруашылық әрекетінің қоршаған ортаға әсері
1
Сызба
2.Қоршаған ортаны қорғау 14 сағат
15
1
Антропогендік фактор.
1
16
2
Адамның қоршаған ортаға әсері
1
Кесте
17
3
Адам,қоғам табиғат жүйесінде
1
18
4
Табиғатты қоғау басты парыз
1
19
5
Табиғат құбылыстары
1
Сызба
20
6
Табиғатты қорғаудың экологиялық негіздері
1
21
7
Табиғатты тиімді пайдалану және оны қорғаудың негізгі бағыттары
1
Сызба
22
8
Қызыл кітап жіне оның ролі
1
23
9
Қазақстанның ерекше қорғалатын аймақтары
1
24
10
Табиғи саябақтар
1
Кесте
25
11
Табиғат ескерткіштері
1
Сызба
26
12
Табиғатпен үйлесімді өмір сүру
1
27
13
Қорық ұйымдастыру ісінің болашағы
1
28
14
Қазақстан қорықтары
1
Кесте
3.Табиғаттың адамға әсері 5сағат
29
1
Табиғаттың адамға әсері
1
30
2
Қазіргі адам денсаулығы
1
31
3
Қоғамның денсаулық сапасы
1
Сызба
32
4
Сауықтыру орталықтары
1
33
5
Денсаулық-басты құндылық
1
Қорытынды 1 сағат
34
1
Реферат қорғау
1
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Бейсенов Ә., Шілдебаев Ж. Экология. Алматы, «Мектеп», 2005 жыл
Байханов С. «Табиғатым тағдырым». Алматы, «Қайнар», 1991 жыл
Агаджанян Н., Торшин В. Экология человека. Алма-ата, 1994 год
Реймерс Н. Охрана природы и окружающая человека: словрь-справочник. Москва,1994 год
Вернадский В. Биосфера. Москва, 1967 год
Новиков Ю. Экология, окружающая среда человека. Москва,1998 год
Бейсенов Ә., Смақова А. «Экология және табиғатты тиімді пайдалану».