kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Открытый урок на тему: «Өндірістің жалпы шығындары туралы түсінік»

Нажмите, чтобы узнать подробности

  1.Білімділік:  Оқушыларға өндірістің жалпы шығындары туралы түсінік, олардың      түрлері,қысқа және ұзақ кезеңдегі өндіріс шығындары: тұрақты,  өзгермелі,  жалпы, орта және шекті шығындар және  өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындардың құрамы туралы  білімді өздігімен игеріп, оның негізіінде шығармашылық арқылы жаңа түсінік пен білім құрастыруды үйрету;

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Открытый урок на тему: «Өндірістің жалпы шығындары туралы түсінік»»


, Маманның шыңдалуы –тәжірибиеде

«Қандай ғылым болсада ,ол адам санасына дербес,

ерекше мәндерді ұғыну арқылы ұялайды».

Әбу-Насыр Әл Фараби










Ашық сабақ жоспары


Тақырыбы: «Өндірістің жалпы шығындары

туралы түсінік»


Пән: «Экономикалық теория негіздері»











Оқытушы: Кукшибаева Махаббат Лияновна







Талдықорған, 2017

«Қаралды»

Экономикалық және құқықтық пәндер «Келісілген» «Бекітемін»

комиссиясының отырысында колледж әдіскері Колледж директорының оқу және

хаттама № Жанысбекова Г.А. ғылыми әдістемелік жұмысы жөніндегі

___ ___________2017ж. ___ ___________2017ж. орынбасары Мукажанов Е.Б.

ЦӘК меңгерушісі ___ ___________2017ж.

Кукшибаева М.Л. __________



Ашық сабақ жоспары

Күні: 07.12.2017ж.

Топ: ИС-611б

Пән: Экономикалық теория негіздері

Тақырыбы: «Өндірістің жалпы шығындары туралы түсінік»

Сабақтың мақсаттары:

1.Білімділік: Оқушыларға өндірістің жалпы шығындары туралы түсінік, олардың түрлері,қысқа және ұзақ кезеңдегі өндіріс шығындары: тұрақты, өзгермелі, жалпы, орта және шекті шығындар және өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындардың құрамы туралы білімді өздігімен игеріп, оның негізіінде шығармашылық арқылы жаңа түсінік пен білім құрастыруды үйрету;

2.Дамытушылық: Оқушыларды терең ойлануға; ақпаратты өздігімен түсініп, оны таразылап, екшеп, оның ішінде керектісін таңдап алуға; ақпаратты жан-жақты талдауға; өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыруға; пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдеуге; басқа да балама пікірлерді ескеруге үйрету. Теориялық білімді практикамен ұштастыру арқылы сабақты қорытындылау;

3.Тәрбиелік: Оқушыларды шешім қабылдауға және қиын мәселелерді шешуге; жауапкершілікке (өз біліміне, өміріне); басқалармен тиімді қарым-қатынас құруға, бірлескен әрекеттер арқылы үйренуге, адалдыққа, ұқыптылыққа пән сүйгіштікке, тазалыққа ,мамандықты сүюге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: Білім,білік пен дағдыны жетілдіру

Сабақтың өту әдісі : Оқытудың интербелсенді әдістемесі,

(түсіндіру,талқылау,талдау,бағалау)

Сабақтың әдістемелік қамсыздандырылуы : Оқулық, дайын бөлшектеп басылған лекция материалдары, конспект,үлестірмелі материалдар, маркер,плакат қағаздар, тірек «Бизнес жоспар»

Пәнаралық байланыс: Экономика негіздері, Бухгалтерлік есеп , Экономика, Қаржы есептемесін талдау, Банк ісі, Бюджет және бюджеттік жүйе, Ұйым экономикасы;

Қолданылған әдебиеттер: Я.Ә.Әубәкіров ,Б.Б.Байжумаев, Ф.Н.Жақыпова «Экономикалық теория» 82-85бет; Р.Қ. Ниязбекова, Б.А.Рахметов, П.Т.Байнеева «Кәсіпорын экономикасы» 531-548 бет;


Ашық сабақтың барысы мен мазмұны

Ұйымдастыру кезеңі: (5 минут)

Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру, кабинет тазалығын қадағалау; Топқа бөлу,сенім және жұмыс атмосферасын қалыптастыру.

І.Өткен тақырыпты қайталау. (15 минут)

Сұрақ-жауап (тақтада тіректе тұрған сұрақтарды таңдау арқылы жауап береді)

Жауап «2;3;4;5; балл түрінде бағаланады)

II. Проблеманы айқындау кезеңі (20 минут)

Студенттерге лекция материалы басылған мәтін түрінде тұтастай емес, бөлшектеліп беріледі. Лекцияда студенттердің бірлескен жұмысы қолданылады,жаңа білім студенттердің ой- толғанысы арқылы құралады.


Жаңа тақырып жоспары:


1.Өндірістік шығындар туралы концепциялар

2.Өндіріс шығындары түсінігі және олардың түрлері.

3. Өнімнің өзіндік құнының мәні және азайту жолдары

-Топтық жұмыс. Шағын топ ішінде студенттер берілген лекция материалдарын оқып,осы тақырыпша бойынша қысқаша өз түсінгенін жазып, топшадағы студенттермен бөлісіп, талқылау ұйымдастырады, өз ойларын толықтырады, оларға өзгерту енгізеді. Топтық талқылау нәтижесінде студенттер бәріне де ортақ, жалпылама бір шешімге тоқталуы керек. Бұл жұмысқа уақыт көбірек беріледі ( шамамен 20 минуттай).

-Жариялау. Кезекпен әрбір топтан бір студент (шешен, спикер) топ тұжырымдарын ауызша жария қылады. Жаңа тақырыптың қысқаша түсінігі тақтаға (плакатқа) жазады. Барлық студенттер лекция дәптерлеріне көшіреді.(15минут)


III. Проблеманы шешу кезеңі.(15 минут)

Сабақтың бұл кезеңінде студент топтары теориялық білімдерін практикамен ұштастырады.

-Топтық жұмыс. Студенттер шағын топ ішінде проблеманы шешу ісімен шұғылданады, яғни өндіріс шығындарын қалыптастырып,өнім өндірумен айналысады. Әр топ шағын кәсіпорын құрып,өндіретін өнімдерінің шығынын есептейді. Бизнес жоспар құрады.(үй тапсырмасы)


ІІІ. Проблеманы шешімін қолдану кезеңі (10минут)


Сабақтың бұл кезінде оқытушы студенттердің өздерінің жаңа біліміне баға беру процесін ұйымдастырып, болашақта(сабақтан кейін, ертеңгі күні) жаңа білімді қалайша өздігімен толтыру және жетілдіру ісіне айналысатындығы туралы ойларымен бөлісуге шақырады.

- Презентация. Кезекпен әрбір топтың атынан бір студент (шешен,спикер) ортаға шығып, берілген уақыт ауқымында плакатта келтірілген өз тұжырымдарын жария қылады, оларды қорғайды, оқытушы мен басқа топтардың сұрақтарына жауап береді. (Не үйрендім? Тағы не білгім келеді? Менің қосарым?)

-Қорытындылау. Оқытушы әр топ келтірілген шешімдердің тиімді жақтарына тоқталып, қысқаша комментарий береді. Өз тарапынан проблема шешудің басқа да жолдарына ұсынады.

- Толықтыру. Студенттер топ ішінде (2-3 минут) өз ұсыныстарын тағы да бір рет сараптап шығарып, жасаған өзгертулерді жайында аудиторияны хабардар етеді.

- Бағалау. Студенттердің жауаптары,жұмысы жария түрінде бағаланады.

- Үй жұмысы. Сабақта меңгерген жаңа білімдерін тереңдету мақсатында үйге студенттерге есептер беріледі.

-Қорыту. Оқытушы сабақта қарастырылып,студенттердің түсінбеген сұрақтарына жауап беріп, өз шешімін тапқан проблемаларға қысқаша тоқталып, бір екі студенттен сабақтың қалайша өткендігі

(«Ұнады- ұнамады, Пайдасы -шамалы» тұрғысында), туралы пікірін сұрайды.



Оқытушы : Кукшибаева Махаббат Лияновна













Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Экономика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Открытый урок на тему: «Өндірістің жалпы шығындары туралы түсінік»

Автор: Кукшибаева Махаббат Лияновна

Дата: 19.02.2018

Номер свидетельства: 458468

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "Открытый урок "Солтүстік Қазақстан""
    ["seo_title"] => string(35) "otkrytyi_urok_soltustik_k_azak_stan"
    ["file_id"] => string(6) "408625"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1491976932"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "открытый урок на тему:  "Ертегілер" елінде "
    ["seo_title"] => string(45) "otkrytyi-urok-na-tiemu-iertieghilier-ielindie"
    ["file_id"] => string(6) "171069"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423638896"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства