Сабақтың тақырыбы: «Мемлекеттік бюджет, оның құрылымы»
Сабақ өтетін орын: №216 аудитория
Білімі: Мемлекеттік бюджет ұғымы және оның мәні мен қажеттігі, оның құрылымы туралы білім беру;
Біліктілігі: Мемлекеттік бюджет анықтамасын, олардың қажеттіліктерін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеттің құрылуын және құрылымын білу керек.
Сабақтың мақсаты:
Оқытушылық: Мемлекеттік бюджет ұғымы және оның мәні мен қажеттігі, оның құрылымы жайлы ақпарат беру;
Тәрбиелік: Болашақ қаржыгер ретінде білімді етіп және іскерлік қатынастарға дайындау. Өздігінен жұмыс істеуге баулу;
Дамытушылық: Экономикалық білімін, ізденушілік қабілетін, ой қабілетін, болашақ маман ретінде адамдармен қарым – қатынасын дамыту.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: Ойын элементтерін қолдану арқылы интерактивті сабақ.
Пәнаралық байланыс: «Ақша, несие және қаржы»
Сабақтың жабдықталуы:
Көрнекілік құралдар: тақырыпқа сай слайдтар, ребустар, ойында қолданылатын материалдар
Просмотр содержимого документа
««Мемлекеттік бюджет, оның құрылымы»»
Сабақ жоспары № 13
Пән: Экономика негіздері
Күні: 14.11.18.
Топ: Қаржы-21
Сабақтың тақырыбы: «Мемлекеттік бюджет, оның құрылымы»
Сабақ өтетін орын: №216 аудитория
Білімі: Мемлекеттік бюджет ұғымы және оның мәні мен қажеттігі, оның құрылымы туралы білім беру;
Біліктілігі: Мемлекеттік бюджет анықтамасын, олардың қажеттіліктерін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеттің құрылуын және құрылымын білу керек.
Сабақтың мақсаты:
Оқытушылық: Мемлекеттік бюджет ұғымы және оның мәні мен қажеттігі, оның құрылымы жайлы ақпарат беру;
Тәрбиелік: Болашақ қаржыгер ретінде білімді етіп және іскерлік қатынастарға дайындау. Өздігінен жұмыс істеуге баулу;
Дамытушылық: Экономикалық білімін, ізденушілік қабілетін, ой қабілетін, болашақ маман ретінде адамдармен қарым – қатынасын дамыту.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: Ойын элементтерін қолдану арқылы интерактивті сабақ.
Пәнаралық байланыс: «Ақша, несие және қаржы»
Сабақтың жабдықталуы:
Көрнекілік құралдар: тақырыпқа сай слайдтар, ребустар, ойында қолданылатын материалдар
Мейірбеков А.К., Әлімбеков Қ.Э. «Кәсіпорын экономикасы», Алматы, 2003
Сабақ мазмұны
1.Ұйымдастыру кезеңі: (3 мин)
- Аудиторияның тазалығын тексеру
- Білім алушылардың сабаққа дайындығын бақылау
- Білім алушыларды түгендеу
- Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау.
2. Үй тапсырмасын сұрау: (17 мин)
* Топты екіге бөліп, таныстыру:
1-топ «Мамандар»
2-топ «Қаржыгерлер»
* Үй жұмысын деңгейлік тапсырма арқылы сұрау:
«3» - Маркетинг дегеніміз не?
«3» - Экономика ұғымы
«3» - Инфляция ұғымы
«3» - Ақша дегеніміз не?
«4» - Инфляция түрлері
«4» - Қаржының функциялары
«4» - Ақша фукциялары
«4» - Экономикалық теория әдістері
«5» - Қазақстандағы инфляция
«5» - Қазақстандағы маркетингтік қызметтің дамуы
«5» - Қазақстандағы сауда қатынастарының дамуы
«5» - Қазақстанның экономикасының дамуы
3. Жаңа тақырып өту: (30 мин)
«Мемлекеттік бюджет, оның құрылымы»
«Мемлекеттік бюджет» ұғымы, Бюджет жүйесі түсінігі;
Қазақстан Республикасының бюджет құрылымы.
Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығында жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларда бөліп көрсетуге болады. Мәселен, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілерімен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы «мемлекеттік бюджет» ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды. Демек, мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоңғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық қатынастарды білдіреді.
Қаржы қатынастарының белгілі бір жинытығы ретіндегі мемлекеттік бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер тән: бюджет қатынастарының бөлгіштік сипаты бар, әрқашан ақша нысанында жүзеге асырылады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен қосарлана жүреді. Сонымен бірге, бюджет қатынастарына белгілі бір өзіндік ерекшелік тән, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің шеңберінен шықпайды.
Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты материалдық-заттай түрінде болады: бюджет қатынастары мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорында – бюджеттік қорында затталынады. Мұның нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық (бөлгіштік) процестер мемлекеттің жұмылдыратын және пайдаланатын ақшаның ағынында өзінің көрінісін табады.
Мемлекеттік бюджеттің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны тек экономикалық категория және мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры ретінде ғана емес, сонымен бірге негізгі қаржы жоспары, әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеу механизмінің жиынтық ұғымы ретінде қарауға болады. Ол нақты кезеңге, әдетте, бір жылға жасалынады, бюджеттің кірістерін, шығындарын, орталықтандырылған қаржы ресурстарының шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды. Бюджетті негізгі қаржы жоспары деп мойындау оның ұлттық табысты қайта бөлудегі маңызды орнын, қаржы жоспарларының жүйесіндегі басымдық жағдайын, сондай-ақ қоғамдық ұдайы өндірістегі айрықша рөлін айқындайды. Негізгі қаржы жоспары мемлекеттің қаржылық қызметінің жемісі болып табылады. Елдің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері республика Парламентінің жыл сайын қабылдайтын Республикалық бюджет туралы заңына сәйкес сөзсіз орындауғы жатады.
Нарықтық механизмге көшу жағдайында мемелекеттік бюджеттің қаражаттары ең алдымен экономиканың құрылымын қайта құруды, кешенді мақсатты бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға, ғылыми-техникалық әлуетті арттыруға, әлеуметтік дамуды тездетуге және халықтын табысы аз жіктерін (зейнеткерлерді, мүгедектерді, аз қамтылған отбастарын) қолдау, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет мекемелерін әлеуметтік қорғауға бағытталуы тиіс.
Шығындар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен инвестицияларды реттеудің және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды құралы болып табылады.
Қаржылық жоспарлау процесінде бюджет ұлттық шаруашылықтың салаларына және өндірістік емес сфераның мекемелеріне айтарлықтай ықпал етеді. Мемлекеттің ақша қорын жасау және пайдаланудың негізгі қаржы жоспары бола отырып, бюджет барлық шаруашылық жүргізуші субъектілермен және ұжымдармен етене байланысқан.
Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық қатынастарға және құқықтық нормалараға негізделген түрлері деңгейлер бюджеттерінің, сонымен бірге бюджет процесі мен қатынастарының жиынтығын бідіреді. Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзнің құрылымы, бюджеттердің жекелеген түрлерінің саны жағынан түрліше болып келеді, өйткені олардың аумақтық құрылысы мен аумақтық бөлінісіне байланысты болады.
Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлеекттік құрылымының анықтаалады.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет құрылымының унитарлық типімен анықталады, өйткені Қазақстан - федералдық емес, басқарудың Президенттік нысаны және сайланатын Парламенті бар унитарлық мемлекет.
Қазақстан Республикасында жиынтығында мемлекеттік бюджеттік құрайтын бекітілетін, атқарылатын және дербес болып табылатын мынадай бюджеттер жұмыс істейді:
республикалық бюджет;
облыстық бюджет, республикаылқ маңызы бар қаланың, астананың бюджеті;
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті.
Қазақстанда төтенше немесе соғыс жағдайында төтенше мемлекеттік бюджеттің әзірленуі, бекітілуі және атқарылуы мүмкін.
Бюджет кодексіне сәйкес, мемлекеттік бюджет – араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін, талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің басты бөлігі республикалық бюджетте шоғырланған.
Республикалық бюджет - бұл салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік органдардың оларға ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамысз етуге және мемлекетті саясаттың жалпыреспубликғалық бағыттарын жүзеге асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Жергілікті бюджет - облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті аудандардың бюджеті.
Бюджет кодексімен айқындалғын салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және облыстық деңгейдегі жергілікті мемлекеттік органдардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, оларға ведостволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларны қаржымен қамтамасыз етуге жіне тиісті әкімшілік-аумақты бірлікте мемлекеттік саясаты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры облыс бюджетіреспубликалық маңызы бар қала, астана бюджеті болып табылады.
Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен, жергілікті бюджеттер мәслихаттардың шешімдерімен бекітіледі.
Видео- ролик көрсету.
Ой сергіту сәті
Экономикалық сөздерді табу.
4. Жаңа тақырыпты бекіту: (20 мин)
Жаңа тақырып бойынша «Интеллект» ойыны
1-Бюджет дегеніміз не?;
2- Бюджет жүйесі дегеніміз не?;
3- Бюджет жылы дегеніміз қай кезең?;
4- Бюджетке кірістердің басым бөлігі қайдан түседі?;
5- Бюджет щығындары дегеніміз не?;
6- Бюджет неше жылға бекітіледі?;
7- Бюджетті кім бекітеді?;
8- Республикалық бюджет;
9- Жергілікті бюджет;
10- Бюджет үш тілде;
Ребустар шешу;
Командалардың бір –біріне сұрақ қоюы;
5. Білім алушылардың білімін бағалау: (4 мин)
- Сабаққа қатысқан білім алушылардың біліміне пікір білдіре отырып баға қою.
6. Үйге тапсырма беру: (2 мин)
- Қазақстанның бюджет жүйесін жүргізілуін талдап келу;
- «Мемлекеттік бюджет, оның құрылымы» тақырыбын толықтырып тірек конспектісін жазып келу.