Мотиватциялық- қозғаушылық | Сап түзеп тұрғызу, сызықты немесе белгілерді қою арқылы сап тізбекке тұрғызу. Тәрбиешінің артынан зал бойымен бірінің артынан бірі жүру және жүгіру. Текшелерді шеңбер бойынша орналастырып, балаларды шеңбер бойымен жүгірту, жүргізу. Жалпы дамыту жаттығуы үшін үш қатарға тұрғызу. Тәрбиеші әр топқа бастаушы таңдап алып, кезектесіп белгіленген жерге (текше немесе кегли) бастауыштардың бастап баруын, балаларды арттарына тұрғызу. | Сап түзеп тұрғызу, сызықты немесе белгілерді қою арқылы сап тізбекке тұрады. Тәрбиешінің артынан зал бойымен бірінің артынан бірі жүріп және жүгіреді. Текшелерді шеңбер бойынша орналастырып, балаларды шеңбер бойымен жүгіреді, жүреді. |
Іздену - ұйымдастырушы | 1.Жалпы дамыту жаттығулары: 1. Б.қ. аяқ қатар, қол төменде; Қолды жоғары көтеріп, шапалақтап, жанынан қолды төменге түсіру;(5-6 рет). 2. Б.қ. аяқ иық деңгейінде, қол белде. Денемізді оңға бұру, оң қолды жанына созу; Сол қолға қайталау; (әр жаққа 3 реттен). 3. Б.қ. аяқ қатар, қол төменде. Отыру, қолды алға созу, тұру, б.қ. оралу; (5-6 рет). 4. Б.қ. аяқ иық деңгейінде, қол белде. Алға иілу, қолды аяқ ұшына тигізу, тіктелу, б.қ. оралу; (6 рет). 5. Б.қ. аяқ иық деңгейінде, қол белде. Екі аяқпен бір орында секіру, бір орында жүру; 2. Негізгі қимылдар: 1. Екі жіптің арасымен жүру және жүгіру – тепе-теңдікті сақтап екі жіптің арасымен (ені 15 см, ұзындығы 3 м) жүру, жүгіру. Жүргенде қолды белге қойып жүру, жүгіргенде қолды бос тастау. Басты шарт: жіпті баспай жүру және жүгіру; 2. Бір орында тұрып өзін айнала жоғары секіру - өзін-өзі айналып, бір орында тұрып секіру. Оңға және солға кезек айналып секірту. Ойын: «Қарлығаш». Тәрбиеші балалардың арасынан «қарлығашты» және «күзетшіні» таңдайды, қарлығаш шеңбер ортасында отырады, ал күзетші оны басқа ойыншылардың шабуылынан қорғап жүреді. «Күзетші» шабуылдаушылардың біреуін ұстап алуға тырысады. Егер ол ойыншының біреуін ұстап алса, ұсталған бала «күзетші» атанады. Ойын жалғаса береді. | Жалпы дамыту жаттығуларын орындайды. Негізгі қимылдарды орындайды Ойынды ойнайды. |