Тақырыбы: «Жол үстінде домаланған бауырсақ» Мақсаты:Ертегіні тыңдауға қызығушылықтарын арттыру. Сөздік қорын молайту,тілін дамыту. Қажетті құрал: Бауырсақ ертегісінің суреттері,атрибуттар. Әрекет кезеңде Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Как тратить минимум сил на подготовку и
проведение уроков?
Как быстро и объективно проверять
знания учащихся?
Как сделать изучение нового материала
максимально понятным?
Как избавить себя от подбора заданий и
их проверки после уроков?
Как наладить дисциплину на своих
уроках?
Как получить возможность работать
творчески?
Просмотр содержимого документа
«Жол үстінде домаланған бауырсақ»
«Батыржан Кенжетаев атындағы Новонежин орта мектебі »ММ
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы Кіріктірілген оқу іс- әрекеті Білім беру саласы:шығармашылық ,әлеуметтік орта Бөлімі:мүсіндеу,көркем әдебиет. Тақырыбы: «Жол үстінде домаланған бауырсақ»
Екінші кіші топ
Тәрбиеші:Калиев
2017-2018ж
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы Кіріктірілген оқу іс- әрекеті Білім беру саласы:шығармашылық ,әлеуметтік орта Бөлімі:мүсіндеу,көркем әдебиет. Тақырыбы: «жол үстінде домаланған бауырсақ» Мақсаты:Ертегіні тыңдауға қызығушылықтарын арттыру. Сөздік қорын молайту,тілін дамыту. Қажетті құрал: Бауырсақ ертегісінің суреттері,атрибуттар. Әрекет кезеңде Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті. Шаттық шеңберге тұрғызып,төмендегі өлең жолдарын айтып,қимылдар жасайды. Ән саламыз күнде біз, Шаттық толы іргеміз. Біз мәңгілік достармыз, Біз әрқашан біргеміз. Шеңберге тұрып,тақпақты қимылмен айтады. Мотивациялық қозғаушылық -Біз бүгін Көркем әдебиет сабағында ертеден келе жатқан «Бауырсақ»ертегісі.Бұл ертегіні бәрімізде білеміз. Ертегіні есімізге түсірейікші.Ертеде шалмен кемпір болыпты,шалы кемпіріне бауырсақ пісіруін сұрайды.Кемпір бауырсақ пісіріп,суысын деп терезе алдына қояды.Жата-жата жалыққан бауырсақ,терезеден секіріп түсіп домалай жөнеледі.Жолда қоянға,қасқырға,аюға кездеседі,түлкі бауырсақты жеп қояды.Міне балалар,бауырсақ сәтсіздікке ұшырайды. -Түлкі қандай? -Бауырсақты жеп қойғаны аянышты ма? Ал енді бүгін «Бауырсақ»ертегісінің жаңа нұсқасында бауырсақ сәтсіздікке ұшырамайды,керісінше жақсылыққа кенеледі.Олай болса, «Бауырсақ»ертегісінің жаңа нұсқасымен таныс болайық.Балаларымыз рольдерге бөліп ойнап көрейік. «Бауырсақ»ертегісін тамашалаңыздар. Тәрбиеші: -Кемпір мен шал болыпты.Бірде шал жалынып. Шал: -Кемпір-ау,маған бауырсақ пісіріп берсеңші. Кемпір: -Неден пісірейін?Ұн жоқ қой! Шал: Әй,кемпір-ай!Қойманың түбін қырнап көрсең ғой бауырсақтық ұн табылып қалар. Тәрбиеші: Кемпір солай істейді,қойма түбін қырнап-қырнап екі уыс ұн табады да,қаймақ қосып,қамыр илеп,бауырсақты майға пісіріп,терезе алдына суытқалы қояды.Жата-жата жалыққан бауырсақ терезе алдынан домалап түседі де,одан әрі жолмен зырлай жөнеледі.Бауырсақ жолда зымырап бара жатса,қарсы алдынан қоян шыға келеді. Қоян: Бауырсақ!бауырсақ!Мен сені жеп қоямын! Бауырсақ: Жоқ,сен мені жеме саған өлең айтып берем. -Мен бауырсақ,бауырсақ, Атамнан қаштым, Әжемнен қаштым. Ал сенен қашу,қоян, Қиын емес маған. Осылай әндетіп бауырсақ домалай жөнеледі. Бауырсақ жалғыз аяқ жолмен келе жатса,оның алдынан қасқыр шыға келіп Қасқыр: Бауырсақ!бауырсақ!Мен сені жеп қоямын! Бауырсақ: -Сен мені жеме,мен саған өлең айтып беремін. -Мен бауырсақ,бауырсақ Мен атамнан қаштым Әжемнен де қаштым Қасқыр,сенен де құтылам-деп домалай жөнеледі. Бауырсақ орман ішімен домалап келе жатса оған аю қарсы шығады. Аю: Әй,бауырсақ!Мен сені жеп қоямын! Бауырсақ: -Сен мені жеме,мен саған өлең айтып берейін. -Менен бауырсақ,бауырсақ Мен атамнан қаштым, Мен әжемнен қаштым. Қояннан да қаштым, Қасқырдан да қаштым Аю сенен де қашам-деп Тәрбиеші: Осылай бауырсақ әрі қарай домалай жөнеледі. Түлкі: Амансыңба,бауырсақ!Көргендерге ұнайды,жүзің қызыл шырайлы! Тәрбиеші: Бауырсақ мақтағанға мәз болып,өлеңін айта бастайды.Түлкі болса қыбырын білдірмей,жақындай береді. Түлкі: -Оңай құтыла алмайсың,менің тапсырмаларымды орында,жұмбақтарымды шешіп көріңдер,сені жемеймін. Жұмбақтар 1.Қыста ақ, Жазда сұр. Қоян 2.Қорбаң-қорбаң етеді, Орманда ол жүреді. Аю 1 тапсырма -Бауырсақ неден жасалады? -Ұннан жасалатын тағамдар Бауырсақ,нан,торт,печенье Жарайды бауырсақ мен сені жемеймін,сенің достарың көп екен. Сау болыңдар! Сергіту сәті. Мынау-менің жүрегім, Бәрі осыдан басталған. Мынау-басым ақылды, Бәрін осы атқарған. Мынау-менің оң қолым, Мынау-менің сол қолым, Барлық істі атқарған. Балалар ертегіні мұқият тыңдайды. -Айлакер,қу. -Әрине. Рефлексиялық түзетушілік -Жарайсыңдар,балалар. Кәне бүгінгі сабақты қортындылайық. Бауырсақ кандай аңдарға кездеседі? -Түлкі қандай? Балалардың жауабы -Қоян -Қасқыр -Аю
Айлакер,қу.
Күтілетін нәтиже: Біледі: Балалар жағымды,жағымсыз қасиеттерді айыра білді. Түсінеді:Ертегі туралы түсінік беру. Тәрбие.орг сайтынан "Бауырсақ" ертегісі Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес