Жеке сабақ. "Аналар мерекесі. М дыбысы"
Просмотр содержимого документа
«Жеке сабақ. "Аналар мерекесі. М дыбысы"»
Бекітемін_____________ Күні_________
Жеке сабақ. Тіл дамыту
Сабақтың тақырыбы: «Анамыздың мерекесі. ˮ̋ М ˮ дыбысы мен әрпі »
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Балалардың мереке туралы түсініктерін кеңейту. Мереке сөзіндегі м дыбысымен таныстыру.
2. Коррекциялығы: Балалардың сөздік қорын дамыту. Саусақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Өз ойларын жеткізе білу.
3. Тәрбиелігі: : Жақындарына қуаныш сезімдерін сыйлауға, анасына деген құрмет пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, көрсету, ойын, сұрақ-жауап.
Көрнекілік: суреттер
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Мынау менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау басым ақылды
Бәрін осы басқарған.
Мынау менің оң қолым,
Мынау менің сол қолым
Барлық істі атқарған
II. Өткен сабақты пысықтау
Тыныс алу арқылы тілді дамыту жаттығуы.
Мақсаты: Бір қалыпты ерікті дем шығаруды қалыптастыру, ерін бұлшықеттерін белсендіру.
Артикуляциялық жаттығу жасау:
1) Серуен
2) Төбешіктен сырғанаймыз
Логомассаж
1) Бет бұлшық еттерін уқалау.
2) саусақ жаттығуларын жасау.
III. Жаңа сабақ:
Балалар кімнің суретін көріп тұрмыз?
Олай болса, «Анамыз қандай?»- деген ойын ойнайық.
Бізге ойын ойнау үшін алдыменен не керек?
Өте жақсы.
Ал енді айтайық анамыз қандай?
Сұлу
Мейірімді
Нәзік,
Анамыз бізге не береді?
Бізге қамқор болады.
«А-на» деп айтып көрейікші.
Қане, енді ақырын бұл сөзді айтып көрейік.
«А-на» тағы да қайталайық.
Ал енді әндетіп айтамыз – «А-на»
Ана! Ана – бұл бізге ең жақын адам
Жыл мезгілінде аналарға арналған қандай мерекелер бар екен.?
Қандай мереке келе жатыр деп ойлайсыңдар?
Әрине, ол аналар мерекесі. 8 наурыз жақындап қалды.
Аналар мерекесі
Мереке сөзіндегі ең бірінші естіліп тұрған қандай дыбыс?
М дыбысының артикуляциялық қалпын айнаға қарап үйрену.
Буынмен жұмыс: Менімен бірге қайтала
Мақсаты: Балалардың ойлауын, көру зейінін, сәйкестеу дағдыларын дамыту.
VI. Бағалау: Сабаққа қатысқан балаларды жеке-жеке мадақтау.
VII. Қорытынды: