kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жасыл желек жамылған

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жұмыстарыңызға табыс тілеймін! Жемісті болыңыздар

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жасыл желек жамылған»

Тәрбиеші: Рзабекова Назгүл

Тақырыбы: «Жасыл желек жамылған»

Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аяз атаның, Ақшақардың карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым - қатынас ояту.

Жүргізуші: Барлық жандар бір бірлікке қосқан үн,

Бақытты боп бастады жыл дастанын

Қуанышпен келді той деп жаңа жыл,

Құтты болсын жаңа бақыт достарым.

Құрметті балалар, ата-аналар, ұстаздар, қонақтар Жаңа жыл мерекесіне арналған «Жасыл желек жамылған» атты кешімізге қош келдіңіздер!

Жаңа жыл мерекесін ашуды бастауыш оқу ісінің меңгерушісі: Рахов Алданбек ағайға береміз.

Құттықтау сөз ата – аналарға беріледі:_________________________________

Жүргізуші: Балалар, бүгінгі Жаңа жыл мерекесіне кімдерді шақыруға болады?

Балалар: Аяз ата, Ақшақар

Жүргізуші:Аяз ата мен Ақшақардан бұрын орман аңдарын қонаққа шақырайық. Ол үшін бәріміз орманға саяхат жасауымыз керек.

Балалар, қараңдаршы, анау жерде бір әдемі үй тұр екен. Барып көрейікші, қоңырауы да бар екен. (қоңырау соғады). Үйден әндетіп Ақшақар шығады.

Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер орманда қайдан жүрсіңдер?

Жүргізуші: Біз, сені Жаңа жыл мерекесіне шақыра келдік.

Ақшақар: Ой, балалар, рахмет сендерге. Мерекеге қуана-қуана барамын. Жүріңдер, орманнан басқа аңдарды да ертіп алайық.

Жүргізуші: Ал, кеттік,жүріңдер.

Ақшақар: Балалар, міне қоянның үйі. (Балалар үй жанына барып қоңырауын сылдырлатады).

Қоян: Сәлеметсіңдер ме, балалар, сендер орманда не істеп жүрсіңдер?

Жүргізуші: Қоянжан, біз ормандағы достарымызды Жаңа жыл мерекесіне шақыруға келдік. Сенде бізбен бірге жүр.

Қоян: Алақай, алақай, мен аюдың үйін білемін, оны ұйқысынан оятып, бірге ала кетейік. Ол да билеп, көңіл көтерсін.

Жүргізуші: Жүріңдер, аюдың үйіне барайық. (Аюдың үйінің есігін қағады. Ешкім ашпайды). Балалар, аю тәтті ұйқыда екен. Қане, ән салып, ұйқысынан оятып алайық.

Ән: Ертегілер елінде. Орындайтын: Жалғас Айкөркем

Аю: - Мені тәтті ұйқымнан оятқан кім? (көзін уқалап үйінен шығады).Адасып жүрген кімсіңдер?

Балалар: Аю, біз сені Жаңа жыл мерекесіне шақырамыз.

Аю: -Не дейді, Жаңа жылда келіп қалды ма? Сендер болмағанда, Жаңа жылды ұйқымен қарсы алады екенмін ғой. Достар, түлкіні ала кетейік, ол мәз болып қалсын.

Балалар: Түлкі, түлкі қайдасың?

Ақшақар: Түлкі жоқ екен жүріңдер, шырша тойына бара берейік.

Түлкі: Сендер Жаңа жыл мерекесіне мені неге шақырмадыңдар? Мен сендерге ренжідім.

Жүргізуші: Түлкі, ренжіме, біз сені таба алмадық.

Түлкі: Жарайды, онда ренжімеймін. Балалар, шыршаларың қандай сұлу!

Жүргізуші: Шыршамыз әдемі, бірақ шамдары жанбай тұр, енді нестейміз?

Ақшақар: Бәріміз үрлейік, шапалақтайық.

Балалар: Алақай,алақай шыршаның шамы жанды.

Жүргізуші: Балалар, мерекеміз қызықты болу үшін ортамызға кім жетіспейді?

Балалар: Аяз ата, Ақшақар

Жүргізуші: Әрине, олай болса бәріміз бірге шақырқайық.

Аяз ата, Ақшақар,

Келіңіздер ортаға

Біз сіздерді сағындық,

Асыға күттік қаншама.

Жүргізуші: Балалар, Аяз ата мен немересі Ақшақар келе жатқан сияқты. (Сол кезде залға жалмауыз кемпір кіріп келеді.)

Жалмауыз кемпір: Сәлеметсіздер ме, балалар мен қонақтар! Мен Аяз аталарың боламын.

Балалар: Жоқ, жоқ сіз Аяз ата емессіз.

Жүргізуші: Иә, балалар дұрыс айтады, сіз Аяз атаға ұқсамайсыз.

Жалмауыз кемпір: Егер сенбесеңдер сиқырлы сыпырғыммен бәрін жойып жіберемін.

Жүргізуші: Балалар, жалмауыз кемпірдің ашуына тимейік, одан да көңілін көтеруге тырысайық.

Балалар: Иә,иә.

Жүргізуші: Сіз ашуыңызды басыңыз, ренжімеңіз, біздің балалар өнерлі, жаңа жылды көп күтті. Келіңіз, бізбен бірге би билеп, ән айтып, көңіл көтеріңіз.

Жалмауыз кемпір: Жарайды,егер өнерлерің ұнамаса, мерекелеріңнің сәнін кетіремін.

Жүргізуші: Бұрыннан болған екен Аяз ата,

Тосады екен балалар қысқы уақытта

Ақшақарды қасына ертіп алып,

Жер бетін шарлайды екен дамыл таппай.

Бәріміз қосылып бар дауысымызбен Аяз ата мен Ақшақарды ортаға шақырайық.

1.Ән: Шырша жыры. Орындайтындар: Аружан, Рахметолла, Нұрхан, Аружан.

2.«Спорт» биі.Билейтін: Масат Кәусар

Жүргізуші: Кел, балалар, тақпақты

Тықылдатып айтайық

Аяз ата таң қалсын

Сыйлық алып қайтайық

3.Қане, балалар Аяз атаны ортаға алып өзіміздің дайындаған тақпақтарымызды айтайық. Дайындық б,в топтарының балалары.

4.Ән: Аяз ата Орындайтындар: Анель, Ақгүл, Сағынтай, Ерқанат

5.Өзбек биі. Аудандық «Айгөлек» балалар байқауының 3-ші орын иегері Оңберген Айгерім.

6.Жүргізуші: Балалар, жарайсыңдар өнерлі екенсіңдер! Енді мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. Кім жылдам екен?!

1) Қысы жазы өзгермес,

Көрсең де күні – түнімен

Қаншама аяз болса да,

Айрылмайды гүлінен. (Шырша)

2) Сақалы желбіреп,

Жүрегі елжіреп.

Жылда бір келеді,

Көп сыйлық береді. (Аяз ата)

3) Суда батпайды,

Отта жанбайды (Мұз)

Жүргізуші: Балалардың жаттаған,

Тақпақтары жетерлік

Әзірге кезек берейін,

Тыңдап тағы көрейік!

7. Дайындық а,г топтарының балалары.

8.Ән: «Аққу арманы». Орындайтын: Әйіпқызы Гүлмамыр

9.Өзбек биі. Халықаралық балалар мен жасөспірімдер фестиваль конкурсының лауреат атағымен марапатталған Кенжебай Айғанымды шақырамыз.

10.Би: Джентельмены. Билейтін: Дайындық г тобының балалары.

11.Жүргізуші: Балалар, манадан бері би де, ән де, тақпақ та тыңдадық. Енді, ойын ойнауға кезек берейік.

12.Ән: «Аяз ата». Орындайтындар: Дайындық г тобының балалары

13.Жүргізуші: Келіңдер жас ұландар!

Ертегімді тыңдаңдар,

Ертегімде сан қилы

Қызық – қызық сырлар бар

Жаңа жылдың кешінде

Аңдар келіп шешімге

Достаспақшы ниетпен

Жиналыпты келісімге

14.Ертегі: «Пілдің баласы» Дайындық б тобының балалары.

15.Би: «Көбелек». Билейтін: Аружан

16.Жүргізуші: Ал,енді балалар дайындық в тобының балалары дайындаған 17.«Жаңа жыл жыры» атты әнін тыңдайық. Орындайтындар: Алтынай, Айкөркем, Назерке.

-Мен кішкентай әншімін,

Таңғы мөлдір тамшымын

Гүл еріннен жаралған,

Әндерім бар бал шырын! - деп ортаға «Тұлпарым» әнімен Ілиясты шақырамыз.

Ал енді ата – аналармен бір ойын ойнайын.

Ойынның шарты: Сіздер Жаңа жылға арнап тілек айтуларыңыз керек. Мысалы: «Жаңа жыл құтты болсын». Чупа – чупсты аузына салып айтуы шарт.

18.Би: «Ақшақар» Билейтіндер: Дайындықг тобының қыздары.

19.Ән: «Жасыл шырша» Орындайтындар: Рахметолла, Нұрхан, Аружан.

20.Би: «Өзбек» Билейтіндер: Айжұлдыз, Аружан.

Жүргізуші: Балалар, Аяз ата, Ақшақармен қоштасар сәтте келген сияқты. Аяз ата мен Ақшақарды күтіп отырған басқа мектептер мен балалар бар, сондықтан рахметімізді айтып шығарып салайық.

Балалар: Сау болыңыз, Аяз ата! Сау болыңыз, Ақша қар!

Жүргізуші: Қортытынды сөзді мектебіміздің тәрбие ісі меңгерушісі Омаров Бекбол ағайға беріледі.

Жүргізуші: Жаңа жыл елімізге, баршамызға құт, береке алып келсін! Сау болыңыздар!





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Жасыл желек жамылған

Автор: Назгүл Рзабекова Абатқызы

Дата: 17.11.2016

Номер свидетельства: 359973

Похожие файлы

object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(91) "«Жасыл шырша жанында» ерте?гілігі ІІ- с?билер тобы"
    ["seo_title"] => string(49) "zhasylshyrshazhanyndaiertienghilighiiisbiliertoby"
    ["file_id"] => string(6) "330466"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1464266864"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "Ертеңгілік " Кел, Жаңа жыл""
    ["seo_title"] => string(31) "iertien_ghilik_kiel_zhan_a_zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "360980"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1479717059"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "«Қош келдің, Жаңа жыл»!"
    ["seo_title"] => string(28) "k_osh_kieldin_zhan_a_zhyl_19"
    ["file_id"] => string(6) "469365"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1526214591"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "«Қош келдің, Жаңа жыл!»"
    ["seo_title"] => string(28) "k_osh_kieldin_zhan_a_zhyl_11"
    ["file_id"] => string(6) "446046"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1513957703"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) ""Қораз достарын жинайды""
    ["seo_title"] => string(24) "k_oraz_dostaryn_zhinaidy"
    ["file_id"] => string(6) "408317"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1491888587"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства