«Құтты болсын, Жаңа жыл!»
Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аязатаның, Ақшақардың, Түлкінің карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым - қатынас ояту, бірлескен ойындар ойнату.
Қатысушылар: Жүргізуші, Аязата, Ақшақар, Клоун,Түлкі, Лунтик,Құрт,Тауық,Паравоз,Мыстан,Үйшік,Аю, балалар, ата - аналар.
Музыка ойнап тұрады.
Жүргізуші: (жүргізушінің дауысы тыс жерден шығады) Тезірек, тездетіп мында жиналыңдар. Басталады Жаңа жылдық карнавал, маска да бар, би де бар, асығындар, шырша жанында қонақтарды қарсы алыңдар. Аязата шақырғанның бірі дағы қалмайды. Басталады, басталады, жаңажылдық карнавал! Ортаға «Аққу» тобының бүлдіршіндерін қарсы алайық! (қол шапалақтау, балалар бір - бірден кіреді)
Жүргізуші: Армысыздар, аяулы ұстаздар, ата - аналар! Сәлеметсіздер ме, балалар. Сендер бүгін, сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіндер. Мына жерде орман аңдары, сүйікті ертегілеріміздің кейіпкерлері де жетіпті. Ал, бүгін балалар, қандай мереке?
Балалар: Жаңа жыл!
Жүргізуші: Жаңа жылдық ертеңгілігімізді ашудағы құттықтау сөзін балабақша меңгерушісі Анар Макетайқызына беріледі.
Жүргізуші: Балалар бүгін біз Жаңа жылды қарсы алуға жиналдық.
Жүргізуші: Балалар, ортамыздағы әсем не?
Балалар: Шырша!
Жүргізуші: Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп!
Ал, енді шыршамызға арналған әнімізді айтайық:
1. Ән: «Сәнденген шыршамыз» (Шыршаны айналып айту)
Жүргізуші: Ал, кім бізге шыршаға арналған тақпақтарын айтып береді екен?
Айсұлу:
Жасыл шырша орманнан,
Бізге арнайы келіпті.
Ойыншығын балалар,
Шыршаға әсем іліпті.
Ақниет:
Әсем шырша сәнденген,
Өз аңдарын күтеді.
Жаңа жылмен бірге біз,
Орманға кеп жетеді.
Абылай:
Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.
Гаухар:
Аяз Ата ойды қырды
Аралап жүр түгел шолып.
Қарсы алғалы жаңа жылды,
Ол да көптің бірі болып.
Қайда қызық болса думан,
Аяз Ата сонда болды.
Күндіз үйде ойнап бізбен,
Балалармен бірге болды.
Бақдаулет:
Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле, төрле жаңа жыл
Бізге құтты жол болсын
Жүргізуші: Жарайсындар, қандай жақсы тақпақтар! (шыршаның жанына жақындап келіп) бәрекелді, қараңдар балалар, шыршаның астыңда бірдеңе тұр! Сыйлықтар! Сыйлық алу қандай тамаша, келіңдер, балалар, сыйлықты ашып көрейік. (көңілді муз. Ойнайды, қорапты ашады, оның ішінен Клоун атып шығады.)
Клоун. Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл менмің. Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды! Ол жерде тар, әрі қап - қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша екен! Мен де сендермен жаңа жалды қарсы алайыншы, сендермен бірге қызықты ойынды ойнайыншы!
2.Ойын: «Қар атысу»
Жүргізуші:Онда балалар біз (Клоун)Сайқымазақпен бірге би билеп берейік:
3.Би: «Қыста бар, қыста жоқ?»
Жүргізуші:Рахмет саған Клоун.
Жүргізуші: Балалар, бізде шыршамыз бар, әдемі киінген балаларымыз бар, ата - аналарымыз, көрермендеріміз де бар екен, енді, біздің жаңа жылдық мерекемізге кім жетпейді?
Балалар: Аязата, Ақшақар.
Жүргізуші: Кәне, онда Аязатаны шақырайық. Бар дауыспен айқайлайық.
Балалар: Аязата, Аязата (деп 2 рет айтқанда, есік ашылады да,Түлкі кіріп келеді.)
Түлкі: Ойбай түрлерін қара! Неге тамақтарынды жыртып жатырсыңдар?!
Жүргізуші: Ал, сен неге амандаспайсын? Әдепті адам алдымен амандасып алады дегенді білмейсің бе?
Түлкі: Білсем бұйырмасын!
Жүргізуші: Мұны тіпті мына бүлдіршіндеріміз біледі. Ал, саған тіпті ұят. Саған ешкім үйреткен жоқ па?
Түлкі: Жоқ.
Жүргізуші: Сен өзі қайдан шықтың? Біз Аязатаны шақырып едік қой?!
Түлкі: Ал, мені мерекеге неге шақырмайсындар? Аязата сендерге бәрібір келмейді, өйткені мен ормандағы жол көрсететін белгіні алып тастадым, енді ол жол таба алмайды ха - ха - ха (деп секіреді)
Жүргізуші: Неге олай еттің? Аязата, Ақшақарсыз қандай жаңа жыл келмек?
Түлкі: Ә, бәлем, солай ма екен!
4.(осы кезде боранның гуілдеген дыбысы естіледі. Түлкі тоңа бастайды да, біреулердің киімдерінің астына кіріп, ата - аналарға тығылып, соңында шыршаның астына тығыла бастайды )
Жүргізуші:Біздің қу түлкіміз қашып кетті.
Жүргізуші:Балалар кәне, онда Аязатаны шақырайық. Бар дауыспен айқайлайық.
Балалар:Аяз ата, Ақшақар
5. Лунтик пен Құрт кіреді: «Сәлеметсіндерме балалар,бүгінгі жаңа жылдық кештеріңізді көңілді етуге келдік,бізбен бірге би-билеп, өлең айтуға дайынсындарма?
Балалар:Ия дайынбыз
6.Би :Буги – буги
Лунтик: Ал енді балалар сау болындар, біздің тағы да баратын жеріміз бар, сендермен өте көңілді болды.
Құрт: Әрдайым осындай көңіл күйде жүріңдер, сау болыңдар.
Жүргізуші:Сау болыңыздар.
7. Ән:Саламат ба, Аяз ата
Алыстан Аязатаның дауысы естіледі.
Жүргізуші: Аязата, Ақшақар келе жатыр ғой деймін, шақырайық, қол соғайық, болған қиындықтарды ұмытайық!
Балалар: Аязата, Ақшақар!
Аязата: Сәлематсыңдар ма, балалар!
Күнтізбеде қалыпты жалғыз ғана бір парақ,
Дайындалдым жыл бойы,
Жолға шығар келді уақ!
Шақырымды жүздеген
Басып өту мен үшін
Жаңа жылдың түнінде
Жасыл шырша түбінде.
Кездессем деп сендермен,
Тартасам екен сыйлықтар,
Одан асқан не сый бар.
Қуаныш сыйлау балаға
Одан зор бақыт бола ма!
Сендерді көргеніме сондай бақыттымын!
Балалар, мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Кәне, сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық!
Қуант бізді, таңырқат шамдарыңды жарқырат! (3 рет айту керек)
Балалар: Қуант бізді, таңырқат шамдарыңды жарқырат.(қолдарын шапалақтатады) Шырша жарқырайды.
Аязата: Балалар, менің қарша қызым қайда жұр екен, кім тауып береді екен маған?
Қ.Іңкәр:
Мұздан моншақ тағынып,
Күміс қырау жамылып.
Ортада тұр Ақшақар,
Көптен күтіп сағынып.
Естай:
Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқар тау, қарлы шың.
Ы.Іңкәр:
Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем бepді жұртына.
Рүстем:
Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той-маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.
Жанель:
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
С.Нурали
Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жаңа-жыл
Ата-әже, ата-әже
Құтты болсын жаңа жыл
Жүргізуші: Бәрекелді, бәрекелді балалар біздің ақшақарымыз келгенше тақпақтарымызды айтайық кідірместен.
Жүргізуші: Аязата, мен де, жұмбақтап жіберсем қайтеді?
Ертегідей орманнан
Көктей өтіп келеді.
Сұңқар бойлы бір сұлу
Табындаршы, аты кім?
Балалар: Ақшақар! (музыкамен Ақшақар кіреді)
Ақшақар: Сәлеметсыңдар ма, балалар! Орманды көктей өтіп жеттім - ау сендерге. Қандай әдемі, неткен сұлу шырша! Мен білемін бір ойын:
Үйретейін сендерге
Мен бастайын, ал, сендер аяқтаңдар ойынды. Хормен жауап айтыңдар! Қарға мүлгіп дала тұр, келе жатыр.
Балалар: Жаңа жыл!
Ақшақар: Қызыл мұрын, ақ мұртты білсең атын тез ата, келеді бізге..
Балалар: Аязата!
Ақшақар: Шырша бүгін кәделі! Сендер әрі.
Балалар: Әдемі!
Ақшақар: Көңілсіз бір бала жоқ, ойын – күлкі таралсын.
Құтты болсын.
Балалар: Жаңа жыл! (3 рет)
Жаңа жыл келеді.
Жаңа жыл: Кім десендер, мен жаңа жылмын, Тауықпын. Мен әкелген жаңа жыл сендерге үлкен табыс, денсаулық ала келдім.
Жүргізуші: Бәрекелді, ал, енді балалар Жаңа жылға тақпақтарын айтып берсін.
Тұрсынбек:
Бізді байтақ далада,
Асқар тауда қалада.
Биыл ғажап іс болды,
Таң ғажайып қыс болды.
Айару:
Жылдың әнін бастайын,
Аяз- Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.
Муханова Айзада:
Бақша іші мереке,
Ойын күлкі асқақ ән.
Жақсы әпкелер жаңа кеп,
Мерекені бастаған.
М.Бексұлтан
Жаңа жылды қарсы алдың,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге де.
Ерсұлтан:
Жүзімізге күлкі ойнап
Қанаттанды жанымыз
Жаңа жылды біз ойлап
Шаттанамыз бәріміз.
Жүргізушісі:Біздің балалардың биін тамашалаңыздар:
8. Би:Паравоз
Жүргізуші:Жарайсындар балалар, билерінді керемет орындадыңдар?
Жүргізуші:Енді кезекті ата – аналарға берейік:
9.Ойын: «Шыршаны сәндейміз» (Ата-анамен бала)
10.Би: Қыздар,Ұлдар
Жүргізуші: Ал ,енді біздің балалардың тақпақтарын тыңдаңыздар:
Жанасыл:
Қалып едік сағынып,
Kүтіп алдъқ жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп
Ансар:
Аяз –ата ақ сақалды,
Ақ таяқты паң ата,
Асып өтіп асқар тауды
Жеттің бізге таң ата
Жасұлан:
Жапалақтап ақша қар
Жауды күнде қайталап
Қырға шықты балалар
Шаңғыларын арқалап.
Айсұлу:
Қайда қызық думан болса,
Аяз ата сонда болды.
Балалармен бірге ойнап
Балалармен бірге қонды.
Нұралы:
Аяз келді қаһарлы
Айналаны қар жапты
Ақ тон киіп орман тұр
Дәл атамдай салмақты.
Елдана:
Тамаша.тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
Жүргізуші:Жарайсыңдар балалар тақпақтарын керемет екен?
11. Мыстан кіреді
12. Үйшікті шақырады. ( билейді)
13.Мен мыстан
14.Сиқырлайды (аю ұйықтап) (аю әні)
15.Ән:Аю,аю тұршы (Аю кіреді де, жерге жатып ұйықтап қалады)
Жүргізуші: Жарайсындар балалар,әндер жақсы екен:
16.Би: 4 қадам алға .
Айдынқызы Айзере:
Жаңа жыл, жаңа жыл.
Жаңа жылда-жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Жадырап бар бала жүр.
Асқарқызы Айзада:
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған,
Miнe, сұлу шыршамыз.
Көптен күтіт, сағынған,
Кел, балалар, келіндер,
Тамашаны көріңдер.
Ардаққызы Айзере:
Жаңа жыл Жаңа жыл
Жаңа жылға жаңа жыр
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр
Мейрамбек:
Жаңа жылым мол болсын
Баскан қадам он болсын
Төрле Төрле Жаңа жыл
Бізге Құтты жыл болсын
С.Айзере:
Аяз ата келіп тұр,
Бизге сәлем беріп тұр.
Сақалының ұзыны-ай
Кесіп алсам шіркін-ай!
Айсана:
Жасыл желен жамылған,
Асыл моншақ тағылған.
Міне сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған.
Е.Бексұлтан:
Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жаңа-жыл
Ата-әже, әке - шеше
Құтты болсын Жаңа жыл
Жүргізуші: Кәне, балалар, бәріміз «Құтты болсын, Жаңа жыл!» әнін жақсылап айтып жіберейік, Аязатамызбен Ақшақарымызбен, Жаңа жыл бар, Клоун, Мыстан кемпір,Аю,Қоян,Лунтик,Құрт,Үйшік, Тауық бәріміз!
Ән: «Құтты болсын, Жаңа жыл!»
Аязата мен Ақшақар сыйлықтар таратады.
Жүргізуші: Осымен біздің «Қош келдің, Жаңа жыл»ертеңгіліміз аяқталды, Жаңа жылда, балалар, тек қуаныш көріңдер.Ауырмаңдар ешқашан, мықты болу өзіңнен.Сау болыңыздар!