Сабақтың мақсаты: Балаларға қағаздан жалауша жасау туралы мәлімет беру. Жалауша жасаудың қарапайым әдісін үйрету. Балалардың шыдамдылығын, ұқыптылығын, жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру шеберлігін қалыптастыру және қауіпсіздік ережелерін сақтауға, құралдармен жұмыс жасауға икемділігін дамыту. Еңбекті өз бетінше жасауға шығармашылық бағытқа тәрбиелеу Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ жауап, ізденіс, практикалық әрекет, сын тұрғысынан ойлау Сабақтың көрнекілігі: слайдтаржалауша түрлері, қауіпсіздік ережесі, суреттер, сызбалар. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі:
Психологиялық дайындық Гүл өсірсең терлеп, Мұның аты еңбек. Кесте тіксең зерлеп, Мұның аты еңбек. Қиындықтың бәрін, Еңбек қана жеңбек. - Бүгінгі сабағымызда қандай қажетті құрал - жабдықтарды пайдаланамыз? (слайд көрсету) Олай болса, осы құрал - жабдықтарды пайдалану үшін, өткен тақырыптар бойынша еске түсіреміз. Қайталау - білім анасы ( Тәрбиеші қорапшаны алып ішінен хат алып шығады. Ол хатты бізге біздің басқа топтағы достарымыз жіберіпті. Олар сендерден жалауша құрастырып беруді сұрайды. Олар кішкентай болғасын өздері құрастыра алмапты, біз оларға көмектесеміз бе,балалар?
Балалар қызығушылықпен хатты тыңдайды. Көмектескілері келетіндерін айтады.. Өз көмектерін ұсынады.
Тәрбиеші балаларға үлгі бойынша жалаушаны қалай істеу керек екенін көрсетеді.
Түрлі-түсті қағазды әкелу, қағазды тең бүктеу, көзбен өлшеу. Балалармен жалауша жайында әңгіме жүргізу.
Оның қандай бөліктерден тұратының түсіндіру.
Тәрбиешінің үлгісі бойынша жалауша жасайды.
Практикалық әрекет Сергіту сәті (музыка сүйемелдеуімен) Бала - бала балақан. Қане қайсы жалаушаң, Жалаушаны қолға алып. Би билейік айналып.
Жарайсыңдар балалар біз енді өз қолымызбен жасаған жалаушаны пошташыдан беріп жіберейік. Тәрбиеші балалардың жасаған жасауларын мадақтайды.Балалардың өз қолдарымен жасаған жақсы деген жұмыстарды көріп,бағалайды. Балалар өздерінің жасаған жалаушаларын көріп риза болады.
Оны пошташының қорабына салады.
Сабақты бекіту Тәрбиеші: бүгінгі сабақта қағаздан қандай бұйым жасадық? Балалар: жалауша жасадық. - Балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? - Қандай көңіл - күйде болдыңдар? - Балалар өте жақсы еңбектендіңдер! Көрме ұйымдастыру (оқушылардың жұмысы бағаланады) - Сабақ аяқталды, сау болыңдар балалар!