Ересектер тобындағы арналған
«Табиғатпен дос болайық»
Өтпелі тақырып: Көктем жаршысы құстар
Тақырыбы: Жабайы аңдар
Тәрбиешілік: Экологиялық тәрбие беру, ойлау қабілеттерін дамыту, мейірімділікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: : Балаларға жабайы аңдар туралы түсінік беру.
Оқыту: Олардың тіршілік ету ортасы, қоректену ерекшеліктерін үй жануарлармен салыстыра отырып түсіндіру
Просмотр содержимого документа
«"Жабайы аңдар" ұйымдастырылған оқу қызметі»
Ересектер тобындағы арналған
«Табиғатпен дос болайық»
Өтпелі тақырып: Көктем жаршысы құстар
Тақырыбы: Жабайы аңдар
Тәрбиешілік: Экологиялық тәрбие беру, ойлау қабілеттерін дамыту, мейірімділікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: : Балаларға жабайы аңдар туралы түсінік беру.
Оқыту: Олардың тіршілік ету ортасы, қоректену ерекшеліктерін үй жануарлармен салыстыра отырып түсіндіру
Педагогикалық технологиялар: Түсіндіру, сұрақ-жауап,тақпақ
Ресурстармен қамтамасыз ету: Тақырыпқа байланысты көрнекіліктер
Көптілділік:
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Құстардың әні ойнаған кезде тәрбиеші залға балалармен кіреді.Балалар білесіңдер ме?
Бүгін біз қайда саяхат жасағалы отырмыз?
2.Негізгі бөлімі:Балалар білесіңдер ме орманға саяхатқа шыққанда тәртіпті болу керек.
Жұмбақ
Жаңғақ жауған орманда
Күндіз қорек айырып
Жатады кеш болғанда
Өз құйрығын жамылып
Біздің орманда тиіндар тұрады.Сендер білесіңдерме ол қайда тұрады. Қандай ағашқа үйін істейді?Тиіннің өзі қандай?Сипаттайықшы кәне?
Ал енді әрі қарай саяхатымызды жалғастырайық.
Құлағы ұзын,
Аяғы жылдам,
Өзі қорқақ
Түсі сұр
Ол не?
Ал балалар қоян туралы не білеміз?Ал қоян немен қоректенеді?
Сергіту сәті
Секірейік-секірейік,
Ұзын-құлақ қоянша.
Шаршағаңды кетірейік,
Болар сонда тамаша.
Ал енді біз әрі қарай саяхатымызды жалғастырайық.Алда ненің үйін көріп тұрмыз айтыңдаршы?
Өзіне болған қорған-орман
Ішінде бар,бір аң қорбаң-қорбаң
Ол не?.
Енді аюды сипаттайықшы.
Ал аю не жейді?
Ал аю қайда тұрады?Аю үйін қай ағаштың астында тұрғызған?.
Ал енді біз әрі қарай жолымызды жалғастырамыз.
Балалар,қараңдаршы ағаштың астында не жатыр?
Үсті толы ине,
Бірақ,іс тігіп,
Қадамайды түйме.
Балалар ,енді кірпіні сипаттаймыз.
Балалар,кірпі не жейді?
Қорықпа кірпі біз саған тимейміз.Біз кеттік.Қимылды ойын: «Өз үйінді тап!»
3.Қорытынды:
Балалар, бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс әрекеті ұнады ма? Біз сендермен жолда қандай аңдарды көрдік?
Ал,айтыңдаршы орманда тағы қандай аңдар мекен етеді?
Ал орысша оларды қалай атайды?
Балалар кім аңдар туралы тақпақтар біледі?