Как тратить минимум сил на подготовку и
проведение уроков?
Как быстро и объективно проверять
знания учащихся?
Как сделать изучение нового материала
максимально понятным?
Как избавить себя от подбора заданий и
их проверки после уроков?
Как наладить дисциплину на своих
уроках?
Как получить возможность работать
творчески?
Просмотр содержимого документа
«Даярлық тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі «Қысқы ертегі»»
Даярлық тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің
конспектісі
Өткізу күні: 27.02.2019
Мұғалім: Макаева Ж.А.
Білім беру саласы: Коммуникация. Қазақ тілі
Өтпелі тақырып:
Тақырыбы: «Қысқы ертегі»
Мақсаттары:
Тәрбиелік – табиғатты қорғай білуге, жабайы аңдарға, құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Киімді ұқыпты, таза киюге тәрбиелеу.
Дамытушылық - ойын ойнау арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Сұраққа толық жауап беру арқылы сөздік қорларын дамыту, жұмбақ шешу арқылы логикалық ойлауын дамыту.
Оқыту – «Қыс», «Қысқы киім», «Қыстайтын құстар», «Жабайы аңдар» тақырыптар бойынша сөздік қорларын кеңейту, бекіту; «Мынау не?», «Қандай?» деген сұрақтарға дұрыс жауап беруге үйрету. «Ө», «Ғ», «Қ», дыбыстарының айтылуын үйрету.
Түзетушілік міндеттер: Дұрыс мүсінін қалыптастыру. Жалпы моторигін және қозғалыстар үйлесуін дамыту. Өмірге позитивтік қатынасын дамыту.Педагогикалық технологиялар: ақпараттық - коммуникациялық технологиялар, ойнау, денсаулық сақтау технологиясы, мультисенсорлық жақындық
Көптілділік: Тебеді –катаются, жасаймыз – лепим, жылы киім- теплая одежда, шана, шаңғы тебеміз –катаемся на санках- ski и лыжах - sladge, коньки- skate тебеміз-катаемся на коньках, қыс келді-зима пришла, аққала жасаймыз – лепим снеговик, қар жауады-снег идет
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі
Амандасу:
-Сәлеметсіңдер ме, балалар!
-Қазір қандай жыл мезгілі?
-Қыс айлары?
- Қыс мезгілі біздің есімізде көңілді болып қалу үшін, мен сендерге қыс туралы ертегіні тыңдауды ұсынамын.
2. Негізі бөлімі
1. Презентация: «Қысқы ертегі»
2. Тілдік жаттығу «Ертегі»
Ерте, ерте, ертеде, орманға аппақ қыс түсті. Жапалақтап қар жауды: тық-тық- тық. Тоқылдақ тоқылдатты: тоқ-тоқ-тоқ. Ақырын жел соқты: гү-гү-гү, бір сәтте боран соқты: зұ-зұ-зұ.
Осы боранды желден ормандағы апанда ұйықтап жатқан бір қонжық ояныпты. Қонжық ұйықтай алмай далаға шықты.
3. Балалардың назарын экранға аудару.
Видео: «Қонжық орманда жүгіріп, қарға жатады»
-Балалар, осылай істеуге бола ма?
-Қонжық қыста не істейді?
-Ол қыс туралы ештеңе білмейді екен.
-Осы қонжыққа қыс мезгілі туралы білетіңдеріңді айтып берулеріңді ұсынамын.
4. Презентация: «Қыс». Балаларға сызба арқылы қыс туралы әңгіме айтып беруді ұсыну.
-Қыс келді. Қыс суық. Қыс аппақ. Қыс көңілді. Қыс қызықты. Қыста қар жауады. Қыста су қатады. Қыста жел соғады. Қыста боран болады.
5. Жаңылтпаш:
Қыста құлағым үсіп кетті,
Үсіп, ісіп кетті.
-Дұрыс, балалар, өйткені қыста өте суық болады. Ал қонжық далаға шығып, не істеп жүр екен, қарайық.
6. Видео: «Қонжық тоңады»
-Балалар, қараңдаршы, суық далада жүгіріп қонжық тоңып қалды. Ол қыста қалай киіну керегін білмейді екен.
7. Сурет: «Балалар жылы киінеді»
-Ал біздің балалар далаға шығу үшін не істейді?
Д/о «Айналмақ»». Ойын шарты: балаларға киімді таңдап алып,оны сипаттауды ұсыну. Балалар киімді таңдап алып сипаттайды.
-Мынау пима. Түсі қызыл. Мен пима киемін....
8. Сергіту сәті:
Тоңса біздің басымыз, Бас киім киіп аламыз.
Тоңса біздің қолымыз, Қолғап киіп аламыз.
Сарт-сарт-сарт, Шапалақ соғамыз.
Тоңса біздің аяғымыз, Шалбар киіп аламыз,
Пима киіп аламыз.
Топ-топ-топ, Топылдатып билейміз.
Тоңса біздің денеміз, Тонды киіп аламыз.
Зу-зу-зу, Шаңғымен зулаймыз
-Ертегімізді жалғастырайық.
Балалардың назарын экранға аудару.
9. Видео: «Қонжық суықторғайды көреді, таңғалады»
-Балалар, қонжық қыстайтын құстарды да білмейді екен. Өйткені қонжық қыста......?
-Біз қонжыққа қыстайтын құстар туралы айтып берейік.
-Қыста құстарға өте қиын, сондықтан оларға көп қамқорлық жасау керек.
10. Суреттер: «Қыстайтын құстар»
11. Игровизормен жұмыс:« Жемсауыт»
-Балалар, қараңдар, біздің жемсауытқа қаншама құстар ұшып келді. Енді осы суретке қарап отырып, құстарды санап, құстардың санын бос төр көздерге орналастырыңдар.
-Мынау не?
-Неше торғай?
12. Презентация: «Торғайлар»
13. Тақпақ жаттау
Шыр-шыр деген торғайды,
Қорғамасақ болмайды.
Кіп-кішкене торғайлар
Ағаштарды қорғайды.
14. Презентация: «Аңдар»
-Балалар қонжық қандай аңдарды орманда кездестіре алатынын жұмбақ арқылы тауып көрейік.
-Балалар, қонжықтың ойнағысы келеді. Тағы қыста қалай ойнауға болатынын қонжыққа айтып берейікші. Балаларға тірек сызба арқылы қыс қызықтары туралы айтып беруді ұсыну.
16. Д/о «Жалғастыр»
Балаларға қыс мезгілі туралы мақал-мәтел айтып беруді ұсыну.