kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жәндіктер әлемі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім беру саласы:Әлеумет.

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қоршаған орта

Тақырыбы:Жәндіктер әлемі.

Мақсаты: Құрт-құмырсқа,көбелек жәнеде басқа жәндіктермен таныстырып,мекен ету ортасы туралы мағлұмат беру.Табиғатты аялауға тәрбиелеу.Табиғатты бақылай білуге қабілеттерін дамыту.

Қажетті құрал-жабдықтар,көрнекіліктер:Жәндіктердің суреттері,

Билингвалды компонент: жәндіктер-насекомы,әлем –мир,қоңыз-жук,көбелек-бабочки,құмырсқа –муравей,қанқызы-божье каровка,ара-пчела,шегіртке-кузнечик,шыбын-муха,маса-комар,тарақан-таракан,

  Шаттық шеңбері

Балалар, қазір қай мезгіл? (Көктем мезгілі)
Көктем мезгілінде неше ай бар? (Үш ай бар)
Үш айды атаңыз? (Наурыз, сәуір, мамыр)
Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады? (Күн жылынады, ағаштар бүршік жарады. Құстар жылы жаққа ұшып келеді, жәндіктер жер бетіне шыға бастайды).
1) Жұмбақ жасыру: Балалар мына жұмбақтың жауабын дұрыс тапсаңдар, бүгінгі әңгімеміз не жайлы екенін білесіңдер?
Ызыңдап ән салады
Жұп – жұқа қанаты
Тәттіге тамсанып
Қоқысқа қонады Ол не? Шешуі: Шыбын
Гүлдерге қонады
Шырынын сорады
Түр – түсі сары – ала
Бұл не? Шешуі: Ара
Қылдай белі бүгілген
Өзінен де жүгі үлкен. Ол не? Шешуі: Құмырсқа
- Бұл жұмбақтар не жайлы, оларды бір сөзбен қалай атайды?
- Жәндіктер
- Балалар тағы қандай жәндіктерді білесіңдер?  (Көбелек, ара, инелік, өрмекші, құмырсқа, қоңыз)
Бұл жәндіктердің пайдасы қандай? (Бал алады, зиянды құрттардан тазартады. Көбелек гүлдерді тозаңдандырады, талшығынан жібек мата алынады. Қоңыз өсімдіктердің жапырағын зиянды құрттардан тазартып, емдейді. Құмырсқа еңбекқор, илеуіне қонған құстардың үстіндегі бүргелерін тазартады. Шегіртке зиянды көк шөптерді, егінді жеп құртып отырады. Шегірткелер топталып жүреді. Ара гүлдердің шырынынан бал жинайды. Қоңыздар топырақты қазып шіріген заттарды ыдыратып табиғат тазалығын сақтауға үлес қосады).
Жәндіктер туралы кім тақпақтар біледі?
Балалар - ау, балалар!
Алаңқайға шығайық
Көктем тілін ұғайық
Құрт - құмырсқа, көбелек
Ұшып жүрген бөгелек

Инелік - ау, инелік
Қаша берме именіп
Түспей - ақ қой торыма
Қоншы келіп қолыма
Анықтап бір қарайын
Суретіңді салайын
Жұмбақтар шешу
1. Екі басы жұдырықтай
Ортасы қылдырықтай
/Құмырсқа/
2. Ызыңдап ән салып
Лас жерге қонады
/ Шыбын/

«Не ұшты»дидактикалық ойыны

Көбелек,құмырсқа,қанқызы,ара,инелік,шегіртке,шыбын,маса,тарақан,

Балалар маскаларын киіп сипаттап айтып береді.

1.Көбелек (бабочки )-ұшатын әдемі жәндік.олардың түрлері көп,пайдалысы және зиянкестеріде бар.Көбелектер гүл шырыны мен қоректенеді.Көбелектер күн сәулесі болмаса ұша алмайды.Қоршаған ортаға байланысты көбелектің түстері өзгеріп отырады. Олардың көру қабілеті жақсы жетілген.Көбелектер жұмыртқа салады.Жұмыртқадан құрттар пайда болады,құрттар көбелекке айналып ұшып кетеді.

2.Құмырсқа (муравей)-ұйымдасып тіршілік ететін жәндіктер.Олардың иіс,дәм сезуі өте жақсы жетілген.Денесіне қарағанда миы үлкен жәндік.Құмысқалар егқашан ұйықтамайды.Құмырсқалар жұмыртқалар арқылы көбейеді.Илеуде топтасып жасайды.

Құмырсқаша қыбырлап,еңбек кеткен озады.

3.Қанқызы( божье каровка)-пайдалы жәндік.Олардың түрлері көп.Құрттармен қоректенеді.Жұмыртқа салып көбейеді.Ағаш қуыстарында қыстайды.Ол өзінен күйдіргіш зат бөліп шығарады.Бұл өз жауларынан өзін қорғайды.

4.Ара (пчела)-өте пайдалы жәндік.Аралар топ болып омартада жасайды.Аралар гүлдің тәтті шырыны мен қоректенеді.Аралар өздері дыбыс шығармайды,дыбыс қанатының қағысынан шығады.Аралардың бес көзі болады.Құйырығында үшкір инесі болады,сол арқылы шаққан кезде уын жібереді.Аралардың қолға үйретілген түрлері және жабайы түрлері болады.Аралар өте таза болады,ұрпақтарын қоректендіреді.Ауыздары бал жинауға арналған  үлкен.Жұмыртқа арқылы көбейеді.Омартада қыстайды.

5.Инелік(стрекоза)-жыртқыш жәндік.Шыбын –шіркей,масалармен қоректенеді.Ең тез ұшатын және жоғары көтерілетін жәндік.Инеліктердің төрт қанаты бар. Инеліктер қонғанда қанаттарын жинамайды.Қыста қуыршаққа айналады.Жұмыртқа салу арқылы көбейеді. Гүллердің шырыны мен қоректенеді.

6.Шегіртке(кузнечик )-зиянды жәндіктер.Олардың түрлері көп.Шегірткенің мұрты мен ұзын қанаты болады.Олар көл жағалауында,көк шөпті жерлерде мекендейді.Қоршаған ортаға  байланысты олардың түрлері өзгереді.Шегірткелер аяғымен естиді.Өсімдік жапырақтары мен қоректенеді.Шегірткелер қыстамайды.Жазда қай жерде барсаң да аяқ астынан шыр етіп,атып көтерілген шегірткені көресің.

7.Шыбын (муха)-қосқанатты зиянды жәндік.Ұшқан кезде қанаты арқылы ызыңдаған дыбыс шығады.Жабайы табиғатта және адамдар мекендейтін  аймақтарда мекендейді.Дәмді аяқтары арқылы сезеді.Біздің күнделікті көріп жүрген шыбынның тұмсығы сұйықтық  ішуге бейімделген, қатты заттарды сілекеймен ерітіп жібітіп барып ішеді.Шыбындар лас жерлерге жұмыртқаларын  тастап тез  өніп өседі.Шыбындарға қарсы күрес тазалық.

8.Маса(комар)-қансорғыш,қосқанатты зиянды жәндік.Масалардың ұзын аяқтарымен қатар қан соратын тұмсықтары болады.Тұмсықтарының ішінде ине тәрізді шанышысы болады.Сол арқылы адам мен жануарлардың терілерін тесіп,қанын сорады.Жұмыртқалар арқылы көбейеді.Қыста тіршілік етпейді.

9.Таракан(таракан)-зиянды жәндік.Ол ұзын мұртт,сүйір бас,тік қанатты,денесі ұзынша,қоңыр түсті.Үйлерде,қораларда тіршілік етеді.Тарақандар іннен түнде шығады.Тарақандар өте жемқор, лас нәрселерге құмар.Оның денесінен сасық иісті май тәрізді зат бөлінеді.Олар азық-түлік,қағаз қалдықтарымен қоректенеді. Көбіне ас үйде тіршілік етеді Қатты ыссыны жақсы көреді.Жұмыртқа салу арқылы көбейеді.

10.Дәуіт (богомол)-жыртқыш жәндік.Олардың түрлері көп.Өсімдіктің маусымдық өзгеруіне байланысты оның түсі жасыл,сары,қоңыр болып өзгеріп отырады.Аузы кеміруге ыңғайлы.Дәуіт барлық ұсақ жәндіктермен қоректенеді.Жәндіктер әлеміндегі ең мейірімсіз жыртқыш-дәуіт.Дәуіт кішкене үйшік жасайды жұмыртқаларын соған салады.Оны тастарға,өсімдік бұтақтарына,терезенің жақтауына іліп қояды.Адамдар үйге дәуіт кірсе, құт келеді деп қуанады.

Сергіту сәті.

Гүлден –гүлге қонады

Бүйірі балға толады

Қанаттарын қағады

Іздеп үйін табады

«Жәндіктер қалай дыбыстайды?» дыбыстық жаттығуы.

Жәндіктер дыбысының аудиожазбасын тыңдатады.Бұл дыбыстың қай жәндіктікі екеін табуды ұсынады.Жәндіктердің суреттерінің арасынан сәйкес суретті тауып көрсетеді.

«Жасырынуға көмектес»дидактикалық  ойыны

Үстелдің үстінде  әр түрлі түсті гүлдердің,  көк шөптің суреттері балаларға  қойылады және балалардың қолына жәндіктер таратылады.Түстеріне қарай балалар жәндіктерге жасырынуға  көмектеседі.

 Ой тастау:
- Егер жәндіктер жер бетінен мүлдем жойылып кетсе, не болар еді?
- Жазда қандай жәндіктерді кездестірдіңдер?
- Жазда олар көп бола ма?
- Жәндіктер қайда қыстайды? Кейбіреуі құрт, қуыршаққа айналады, ал үлкендері өледі. Кейбіреуі тасалау жерге тығылып, ұйқыға кетеді.

 Көзге арналған жаттығу: Көбелектің сендермен ойнағысы келеді. Сендер оның қалай ұшатынын байқап, көздеріңмен артынан ілесіп отырыңдар. Көбелек жоғары, төмен, оңға, солға ұшады.
- Көбелек қайда ұшты? Жоғары, төмен, оңға, солға. Балалар көбелек сияқты ұшады, гүлге қонады, шырынын ішеді, ұшып қайтадан орындарына отырады.

Ұ. о. іс – әрекетін қорытындылау: «Қиынды суреттер» ойыны. Араның, көбелектің, құмырсқаның суреттері 2, 3, 4 бөлікке қиылған. Балалар қиындылардан жәндіктердің суретін құрастырады.

Күтілетін нәтиже:
Нені білуі керек: Жәндіктерді қорғауды аялауды білуі керек
Нені игереді: Жәндіктерден достықты, еңбекқорлықты үйренуді меңгерді
Нені біледі: Кез – келген жұмысты достарымен бірлесе істеген оңай екенін білді

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жәндіктер әлемі»

Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Жәндіктер әлемі

Автор: Рахова Венера Катарбайкызы.

Дата: 18.04.2017

Номер свидетельства: 410135

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) ""Жәндіктер әлемі""
    ["seo_title"] => string(17) "zh_ndiktier_liemi"
    ["file_id"] => string(6) "410134"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1492536842"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(28) "Ж?ндіктер ?лемі "
    ["seo_title"] => string(17) "zh-ndiktier-liemi"
    ["file_id"] => string(6) "207295"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1430392198"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(29) "Жәндіктер әлемі"
    ["seo_title"] => string(19) "zh_ndiktier_liemi_2"
    ["file_id"] => string(6) "463967"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1522231215"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "Конспект урока " жәндіктер""
    ["seo_title"] => string(27) "konspiekt_uroka_zh_ndiktier"
    ["file_id"] => string(6) "419387"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1496080403"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(29) "Жәндіктер оянды"
    ["seo_title"] => string(18) "zh_ndiktier_oiandy"
    ["file_id"] => string(6) "417598"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1495442663"
  }
}

Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства