kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Жәндіктер әлемі"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім беру саласы:Әлеумет.

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қоршаған орта

Тақырыбы:Жәндіктер әлемі.

Мақсаты: Құрт-құмырсқа,көбелек жәнеде басқа жәндіктермен таныстырып,мекен ету ортасы туралы мағлұмат беру.Табиғатты аялауға тәрбиелеу.Табиғатты бақылай білуге қабілеттерін дамыту.

Қажетті құрал-жабдықтар,көрнекіліктер:Жәндіктердің суреттері,

Билингвалды компонент: жәндіктер-насекомы,әлем –мир,қоңыз-жук,көбелек-бабочки,құмырсқа –муравей,қанқызы-божье каровка,ара-пчела,шегіртке-кузнечик,шыбын-муха,маса-комар,тарақан-таракан,

  Шаттық шеңбері

Балалар, қазір қай мезгіл? (Көктем мезгілі)
Көктем мезгілінде неше ай бар? (Үш ай бар)
Үш айды атаңыз? (Наурыз, сәуір, мамыр)
Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады? (Күн жылынады, ағаштар бүршік жарады. Құстар жылы жаққа ұшып келеді, жәндіктер жер бетіне шыға бастайды).
1) Жұмбақ жасыру: Балалар мына жұмбақтың жауабын дұрыс тапсаңдар, бүгінгі әңгімеміз не жайлы екенін білесіңдер?
Ызыңдап ән салады
Жұп – жұқа қанаты
Тәттіге тамсанып
Қоқысқа қонады Ол не? Шешуі: Шыбын
Гүлдерге қонады
Шырынын сорады
Түр – түсі сары – ала
Бұл не? Шешуі: Ара
Қылдай белі бүгілген
Өзінен де жүгі үлкен. Ол не? Шешуі: Құмырсқа
- Бұл жұмбақтар не жайлы, оларды бір сөзбен қалай атайды?
- Жәндіктер
- Балалар тағы қандай жәндіктерді білесіңдер?  (Көбелек, ара, инелік, өрмекші, құмырсқа, қоңыз)
Бұл жәндіктердің пайдасы қандай? (Бал алады, зиянды құрттардан тазартады. Көбелек гүлдерді тозаңдандырады, талшығынан жібек мата алынады. Қоңыз өсімдіктердің жапырағын зиянды құрттардан тазартып, емдейді. Құмырсқа еңбекқор, илеуіне қонған құстардың үстіндегі бүргелерін тазартады. Шегіртке зиянды көк шөптерді, егінді жеп құртып отырады. Шегірткелер топталып жүреді. Ара гүлдердің шырынынан бал жинайды. Қоңыздар топырақты қазып шіріген заттарды ыдыратып табиғат тазалығын сақтауға үлес қосады).
Жәндіктер туралы кім тақпақтар біледі?
Балалар - ау, балалар!
Алаңқайға шығайық
Көктем тілін ұғайық
Құрт - құмырсқа, көбелек
Ұшып жүрген бөгелек

Инелік - ау, инелік
Қаша берме именіп
Түспей - ақ қой торыма
Қоншы келіп қолыма
Анықтап бір қарайын
Суретіңді салайын
Жұмбақтар шешу
1. Екі басы жұдырықтай
Ортасы қылдырықтай
/Құмырсқа/
2. Ызыңдап ән салып
Лас жерге қонады
/ Шыбын/

«Не ұшты»дидактикалық ойыны

Көбелек,құмырсқа,қанқызы,ара,инелік,шегіртке,шыбын,маса,тарақан,

Балалар маскаларын киіп сипаттап айтып береді.

1.Көбелек (бабочки )-ұшатын әдемі жәндік.олардың түрлері көп,пайдалысы және зиянкестеріде бар.Көбелектер гүл шырыны мен қоректенеді.Көбелектер күн сәулесі болмаса ұша алмайды.Қоршаған ортаға байланысты көбелектің түстері өзгеріп отырады. Олардың көру қабілеті жақсы жетілген.Көбелектер жұмыртқа салады.Жұмыртқадан құрттар пайда болады,құрттар көбелекке айналып ұшып кетеді.

2.Құмырсқа (муравей)-ұйымдасып тіршілік ететін жәндіктер.Олардың иіс,дәм сезуі өте жақсы жетілген.Денесіне қарағанда миы үлкен жәндік.Құмысқалар егқашан ұйықтамайды.Құмырсқалар жұмыртқалар арқылы көбейеді.Илеуде топтасып жасайды.

Құмырсқаша қыбырлап,еңбек кеткен озады.

3.Қанқызы( божье каровка)-пайдалы жәндік.Олардың түрлері көп.Құрттармен қоректенеді.Жұмыртқа салып көбейеді.Ағаш қуыстарында қыстайды.Ол өзінен күйдіргіш зат бөліп шығарады.Бұл өз жауларынан өзін қорғайды.

4.Ара (пчела)-өте пайдалы жәндік.Аралар топ болып омартада жасайды.Аралар гүлдің тәтті шырыны мен қоректенеді.Аралар өздері дыбыс шығармайды,дыбыс қанатының қағысынан шығады.Аралардың бес көзі болады.Құйырығында үшкір инесі болады,сол арқылы шаққан кезде уын жібереді.Аралардың қолға үйретілген түрлері және жабайы түрлері болады.Аралар өте таза болады,ұрпақтарын қоректендіреді.Ауыздары бал жинауға арналған  үлкен.Жұмыртқа арқылы көбейеді.Омартада қыстайды.

5.Инелік(стрекоза)-жыртқыш жәндік.Шыбын –шіркей,масалармен қоректенеді.Ең тез ұшатын және жоғары көтерілетін жәндік.Инеліктердің төрт қанаты бар. Инеліктер қонғанда қанаттарын жинамайды.Қыста қуыршаққа айналады.Жұмыртқа салу арқылы көбейеді. Гүллердің шырыны мен қоректенеді.

6.Шегіртке(кузнечик )-зиянды жәндіктер.Олардың түрлері көп.Шегірткенің мұрты мен ұзын қанаты болады.Олар көл жағалауында,көк шөпті жерлерде мекендейді.Қоршаған ортаға  байланысты олардың түрлері өзгереді.Шегірткелер аяғымен естиді.Өсімдік жапырақтары мен қоректенеді.Шегірткелер қыстамайды.Жазда қай жерде барсаң да аяқ астынан шыр етіп,атып көтерілген шегірткені көресің.

7.Шыбын (муха)-қосқанатты зиянды жәндік.Ұшқан кезде қанаты арқылы ызыңдаған дыбыс шығады.Жабайы табиғатта және адамдар мекендейтін  аймақтарда мекендейді.Дәмді аяқтары арқылы сезеді.Біздің күнделікті көріп жүрген шыбынның тұмсығы сұйықтық  ішуге бейімделген, қатты заттарды сілекеймен ерітіп жібітіп барып ішеді.Шыбындар лас жерлерге жұмыртқаларын  тастап тез  өніп өседі.Шыбындарға қарсы күрес тазалық.

8.Маса(комар)-қансорғыш,қосқанатты зиянды жәндік.Масалардың ұзын аяқтарымен қатар қан соратын тұмсықтары болады.Тұмсықтарының ішінде ине тәрізді шанышысы болады.Сол арқылы адам мен жануарлардың терілерін тесіп,қанын сорады.Жұмыртқалар арқылы көбейеді.Қыста тіршілік етпейді.

9.Таракан(таракан)-зиянды жәндік.Ол ұзын мұртт,сүйір бас,тік қанатты,денесі ұзынша,қоңыр түсті.Үйлерде,қораларда тіршілік етеді.Тарақандар іннен түнде шығады.Тарақандар өте жемқор, лас нәрселерге құмар.Оның денесінен сасық иісті май тәрізді зат бөлінеді.Олар азық-түлік,қағаз қалдықтарымен қоректенеді. Көбіне ас үйде тіршілік етеді Қатты ыссыны жақсы көреді.Жұмыртқа салу арқылы көбейеді.

10.Дәуіт (богомол)-жыртқыш жәндік.Олардың түрлері көп.Өсімдіктің маусымдық өзгеруіне байланысты оның түсі жасыл,сары,қоңыр болып өзгеріп отырады.Аузы кеміруге ыңғайлы.Дәуіт барлық ұсақ жәндіктермен қоректенеді.Жәндіктер әлеміндегі ең мейірімсіз жыртқыш-дәуіт.Дәуіт кішкене үйшік жасайды жұмыртқаларын соған салады.Оны тастарға,өсімдік бұтақтарына,терезенің жақтауына іліп қояды.Адамдар үйге дәуіт кірсе, құт келеді деп қуанады.

Сергіту сәті.

Гүлден –гүлге қонады

Бүйірі балға толады

Қанаттарын қағады

Іздеп үйін табады

«Жәндіктер қалай дыбыстайды?» дыбыстық жаттығуы.

Жәндіктер дыбысының аудиожазбасын тыңдатады.Бұл дыбыстың қай жәндіктікі екеін табуды ұсынады.Жәндіктердің суреттерінің арасынан сәйкес суретті тауып көрсетеді.

«Жасырынуға көмектес»дидактикалық  ойыны

Үстелдің үстінде  әр түрлі түсті гүлдердің,  көк шөптің суреттері балаларға  қойылады және балалардың қолына жәндіктер таратылады.Түстеріне қарай балалар жәндіктерге жасырынуға  көмектеседі.

 Ой тастау:
- Егер жәндіктер жер бетінен мүлдем жойылып кетсе, не болар еді?
- Жазда қандай жәндіктерді кездестірдіңдер?
- Жазда олар көп бола ма?
- Жәндіктер қайда қыстайды? Кейбіреуі құрт, қуыршаққа айналады, ал үлкендері өледі. Кейбіреуі тасалау жерге тығылып, ұйқыға кетеді.

 Көзге арналған жаттығу: Көбелектің сендермен ойнағысы келеді. Сендер оның қалай ұшатынын байқап, көздеріңмен артынан ілесіп отырыңдар. Көбелек жоғары, төмен, оңға, солға ұшады.
- Көбелек қайда ұшты? Жоғары, төмен, оңға, солға. Балалар көбелек сияқты ұшады, гүлге қонады, шырынын ішеді, ұшып қайтадан орындарына отырады.

Ұ. о. іс – әрекетін қорытындылау: «Қиынды суреттер» ойыны. Араның, көбелектің, құмырсқаның суреттері 2, 3, 4 бөлікке қиылған. Балалар қиындылардан жәндіктердің суретін құрастырады.

Күтілетін нәтиже:
Нені білуі керек: Жәндіктерді қорғауды аялауды білуі керек
Нені игереді: Жәндіктерден достықты, еңбекқорлықты үйренуді меңгерді
Нені біледі: Кез – келген жұмысты достарымен бірлесе істеген оңай екенін білді

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Жәндіктер әлемі"»


Главная \ Итоги \ Конкурс для педагогов дошкольного образования \ «ВОСПИТАНИЕ ДЕТЕЙ – НАШ ОБЩИЙ ДОЛГ»\ ІІІ место – Ургенишбаева Гульшара Уразбаевна, Кызылординская область, Казалинский район, поселок Айтеке би, детский сад №1 «Балапан».

ІІІ место – Ургенишбаева Гульшара Уразбаевкая область, Казалин...

Мектепке  дейінгі  ұйымдарда ақпараттық -коммуникативтік  технологияны  пайдаланудың  тиімді  жолдары

"Адамзат үшін XXI ғасыр жаңа технологиялар ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру-бүгінгі жас ұрпақтың сіздердің еншілеріңіз...Ал жас ұрпақтың тағдыры - ұстаздардың қолында",-деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтып кеткендей қазіргі таңда еліміздің білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты-ой өрісі жаңашыл, шығармашылықпен қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары, жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу. Осыған орай қазіргі балабақшадағы оқу-білім беруге арналған инновациялық қызмет-мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтарының басты факторы болып отыр.

Сол жас ұрпақты қалыптастырып, дамыту үшін ішкі дүниесі мен оның қыр-сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай жасау әрбір педагогтің міндетіне келіп тіреледі. Ол үшін мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың жеке басының қалыптасуына, оның дамып жетілуіне толыққанды өз деңгейін сауаттандыруына мектепке дейінгі мекеме педагогтарының жаңа педагогикалық технологияларды жетік қолдана білуіне байланысты. Осы орайда мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен дамытуды ұйымдастыру бойынша отандық және шетелдік ғалымдардың инновациялық тәжірибелерін пайдалану қажеттілігі факторлары біздің балабақшамызда жаңа стандарт жүйесінде іске асырылуда деп айта аламын.

Балабақшамызда қолданылып жүрген технологияларды атап кетер болсам:

1. ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясы

2. Монтессори технологиясы

3. Зайцев технологиясы

4. Ақпаратты коммуникативті технология

5. В. Васкобович технологиясы

6. Ф.Фребель материалдары

7. Тәй-тәй технологияс

ы

Осы технологияларың ішінде өзімнің жаныма жақын технологиялар: "Тәй-тәй" және "Ақпаратты-коммуникативті технология".

"Тәй-тәй технологиясы. Негізін қалаған: Джордж Сорос.

Бұл технология баланың бірегей мүмкіндіктерін ашып, жанұяның балабақша қызметіне араласуына мүмкіндік береді, мәдени құндылықтарды көрсетуге және дамытуға бағытталады. Топтарда келесі орталықтар орналастырылады: сюжетті-рөлдік, құрылыс, өнер, зерттеу, әдебиет, үстел үсті ойындары, құм мен су, зерттеу. Қазіргі таңда мен осы "Тәй-тәй" технологиясы бойынша жұмыс жасап келемін. Осы технология бойынша "ТРИЗ" технологиясының элементтерін және "Ақпаратты-коммуникативті" технологияны қолдана отырып, ұйымдастырған оқу іс-әрекетімнен тәжірибе ұсынамын.


Технологиялық карта

Тәрбиеші: Ургенишбаева  Г. О

Күні:  07. 04. 2016 ж

Білім беру саласы:  Әлеуметтік орта. Таным. Шығармашылық.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қоршаған орта. Құрастыру. Жапсыру.

Тақырыбы: "Жәндіктер  әлемінде"

Мақсаты: Жәндіктер туралы түсініктерін кеңейту. Жәндіктер әлеміне деген қызығушылығын ояту, табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.

Қажетті құрал –жабдықтар,көрнекіліктер: суреттер, слайд, жәндіктер муляждары , наутбук, картоп, түрлі -түсті қағаздар, желім, қайшы, мақталы таяқша, сулық.

Қолданылған әдіс - тәсіл, технология: "Тәй -тәй технологиясы", "ТРИЗ" технологиясының  элементтері, "АКТ", "Оригами" әдісі.

Билингвальды компонент: инелік-стрекоза, бақа-лягушка, көбелек-бабочка,құмырсқа -муравей, өрмекші-паук, шегіртке-кузнечик, қоңыз -жук, ара -пчела.

Оқу іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеттері

Балалардың іс-әрекеттері

Мотивациялық –қозғаушылық

Шаттық шеңберіҚайырлы таң апайым !Қайырлы  таң  достарым !Шеңберге  тұрайық,Жылулық  сыйлайық.Добрые  утро учитель,Добрые  утро  друзья .Посмотрите друг  на другу,Пожелайте  добра .- Жарайсыңдар, орындарыңа отыра қойыңдар.- Балалар, қазір  жылдың қай мезгілі?- Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады, есімізге түсіріп алайық. Барлығымыз тақтаға назар аударайық.(Көктем өзгерістерін  целофанға жапсырылған суреттер арқылы көрсету)- Балалар, сонымен  қатар көктем  мезгілінде тіршілік атаулысы оянады екен.- Балалар, сендердің ақылды, алғыр екендіктеріңді сынау үшін мен сендерге жұмбақ жасырамын.- Тақтада табиғат аясы бейнеленген. Бірақ  кейбір суреттері жетіспейтін сияқты. Жұмбақты шешу арқылы осы суретті толықтырып қандай сурет шыққанын көрейік,шешімін табайық.Жұмбақтар 1. Ағайынды жұмыскер,Ерінбейді жұмысқа.Үйі толы бір әскер,Аты оның .... 2.Шидеген ұзын сирағы,Тастай керең құлағы.Сөйтіп жүрген көп жерге,Аспалы торлар тұрады.3. Гүл үстінде әдемі,Төрт жапырақ биледі.Жұлып алайын деп едім,Ұстатпай ұшып кетті.4. Сулы жерді мекендеп,Құрылықта да секеңдеп,Шыбын-шіркей аңдиды,Жемге қашан шешем деп.5. Ат басты,Арқар мүйізді.Бөрі кеуделі,Бөкен санды,Қос қанатты,Құмырсқа ізді,Бота тіркесті.6. Қарайын ұшты қарғадай,Бармаған жері қалмады-ай,Жерге түсті ін қазды.Аяғымен тырмалай.7.Тыру-тыру тырналар,Тауға қарай жорғалар.

Шаттық шеңберінде тұрып айтады.        Сұрақтарға  жауап береді.Көктем мезгілінің  өзгерістерін айтады.  Тәрбиешіні тыңдайды.    - ия ,қуанады.        - құмырсқа  - өрмекші   - көбелек    -бақа      - шегіртке    - қоңыз  .- ара

Ұйымдастырушылық-ізденістік

- Балалар, сурет те дайын болды.- Енді осылардың барлығын бір сөзбен не деп айтуға болады ?- Дұрыс, бүгін біз оқу іс-әрекетімізде осы жәндіктер туралы білетін боламыз.Ол үшін  біз бүгін 3 белсенді орталықтармен жұмыс жасайтын  боламыз. Яғни "Өнер", "Әдебиет", "Құрылыс" орталықтары."Әдебиет орталығы"Мақсаты: "АКТ" арқылы   жәндіктердің  түрлері  мен олардың  көбеюі және тіршілігімен таныстыру. Тақпақтар сұрау.Құмырсқа, шегіртке, қоңыз инелік, ара, бақа, көбелек, өрмекші туралы мағлұматтар беру. Жасырынған жәндіктерді табу."Өнер  орталығы"Мақсаты: "Оригами " әдісі арқылы  қоңыз ,қанқызын бүктеу арқылы қиып алып дөңгелекшелермен  жапсырту. Шығармашылыққа деген қызығушылықтарын арттыру. "Құрылыс орталығы "Мақсаты:  күнделікті өзіміз тұтынып жүрген  көкөніс картопқа сымды есу арқылы тесіп кигізіп өрмекші жасауды үйрету.  Ұқыптылыққа тәрбиелеу.Сергіту сәті.Жел соғады, соғады,Құстар  жерге қонады.Көбелектер тығылып,Дір-дір етіп тоңады.Жел кенеттен тынады,Күн де бұлттан шығады.Шегіркелер  секіріп,Араларда ұшады.- Сергіп алсақ сағат тілімен орындарымызды ауыстырамыз.- Барлығына түсінікті болды ма ? Олай болса қай орталыққа баратындарыңды таңдап, бөлінейік. (ұзақтығы 5 мин)Ортаға жинау (сылдырмақ арқылы)- Кім , қандай орталыққа барды?Орталықтарын сағат тілімен ауыстырып тұру.Билингвальды компонент:   инелік -стрекоза, бақа -лягушка, көбелек-бабочка,құмырсқа -муравей, өрмекші -паук, шегіртке -кузнечик, қоңыз -жук, ара -пчела.

- Бір сөзбен жәндіктер дейміз.    Тақпақтар АфрасиабЕрте тұрып құмырсқа,Кірісіп кетті жқмысқаЕңбекқор десен  біз оны,Дұрыс па әлде бұрыс па?Аяна: Ара, ара ,аралар,Гүл қауызын жағалар,Оны баққан ағалар ,Шелек-шелек бал алар.      Балалар қағазды  бүктеу  арқылы қанқызын жапсырады.  Картопқа сымды есу  арқылы тесіп өрмекші  жасайды.     Қимыл -қозғалыс арқылы орындайды.         Әр сылдырмақ соққан  сайын  ортаға  жиналып,   сағат тілімен  орындарын ауыстырып  отырады.Екі тілде қайталайды.

Рефлекция-қорыту

Ойын "Мекенін тап" Мақсаты:жәндіктердің өз мекендерін жаңылмай таба білу.Шарты: үстел үстіндегі  муляж жәндіктерді өз мекеніне  орналастыру.- Балалар бүгінгі оқу  іс әрекетінің  қай сәті ұнады? Кім айтады?- Бүгінгі оқу іс әрекетіне өте жақсы араластыңдар, сол себепті сендерге мен жүрекше таратып  беремін.

Балалар, жәндіктердің мекенін тауып орналастырады, ойынға қызыға ойнайды.Сұрақтарға жауап береді. Сыйлыққа қуанады.

Күтілетін нәтиже:

Нені  біледі: Жәндіктердің түрлерін, пайдасы мен зиянын.

Қандай түсініктерді игерді: жәндіктердің адамға берер пайдасы туралы, жәндіктерге қамқор болуды.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: жәндіктер мекенін табуды, түрлі жарамсыз заттардан, картоптан,  қағаздардан жәндіктер бейнесін жасауды.

Осы оқу іс-әрекетімде соның ішінде "Әдебиет" орталығында пайдаланған "Ақпаратты-коммуникативті технология" яғни "АКТ"-ға толығырақ тоқталып кетсем.


"Жаңа Ақпаратты-коммуникативті технологиялар" ұғымының пайда болуы білім беру саласында компьютердің қолданыла бастауымен тығыз байланысты. Көптеген электронды бағдарламалар жасалынды, жасалып та жатыр. Сондай бағдарламалдың бірі "Аctivstudio". Бұл бағдарламаны "Өрлеу" біліктілікті арттыру институтынын курсынан өтіп, тәжірибе алған болатынмын, соған сүйене отырып қолданып келемін. Бұл бағдарламаның мүмкіндіктері өте көп. Атап айтқанда, презентацияларды құруға, материалдарға арнайы эффектілер қосуға, қосымша ақпараттарды енгізуге және "Флипчарт" жасауға өте қолайлы бағдарлама. Флипчарт дегеніміз не? Қазіргі таңда көптеген интерактивті бағдарламалық бөлімдер, қозғалмалы объектілер құруға мүмкіндік беретін векторлық және графикалық жабдықтар көптеп шығып, қолданыс табуда. Осындай құралдардың бірі, электоронды көрнекілік-"Флипчарт". Материалдарды құруға және көрсетуге болатын жұмыс саласы. Бұл бағдарламамен мектеп ұстаздары, облыс балабақшалары жұмыс жасайды деп ойлаймын, ал ауданымызда бұл "Ақпаратты-технология" яғни "Аctivstudio" бағдарламасын қолданып жүрген балабақша жоқтын қасы деп ойлағандықтан сіздердің назарларыңызға осы бағдарлама арқылы "флипчарт" көмегімен "кітапхана қорынан" алынған суреттер бойынша жасалынған бірнеше жұмыстарымды, жоғарыда атап кеткен оқу іс-әрекетінде пайдаланылған Ақпараттық технологияны ұсынамын.

Осындай технологияны оқу іс-әрекетімде пайдалаудағы мақсатым: Біріншіден, балалардың қызығушылығын арттыру, екіншіден, шығармашылық қабілеттерін арттыру, оқу іс-әрекетке зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта көруге мүмкіндік беру және алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік беру. Осы электронды ойындарды, көрнекілікті пайдалану барысында балаларда қызығушылық, белсенділік, ой жүйріктігін байқадым. Үнемі оқу іс-әрекетте үндемей өз пікірін ортаға сала қоймайтын Алмас есімді бала электронды түрде өткен оқу іс-әрекетімде өз қызығушылығын, белсенділігін таныта білді, ол мен үшін үлкен қуаныш болды. Сондықтан балалар арасында күнделікті оқу іс-әрекетке қарағанда, "Ақпаратты-коммуникативті технологияны" пайдаланып өткізген оқу іс-әрекеті нәтижесі бала білім деңгейін жоғарылатады деп ойлаймын. Бұл флипчарт жасауда кітапхана қорынан алынған суреттер арқылы көптеген тақырыпқа сай электронды көрнекіліктерді тәрбиеші өз шығармашылығына қарай түрлендіріп жасай алады. Қорыта айтқанда, АКТ-келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, әрі іскер талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашуына тигізер пайдасы аса мол технологиялардың бірі деп айта аламын. Сөзімді "Қанша білсең, ізден тағы, тағы да. Білікті адам жетер тілек, бағына" деген ғұлама Жүсіп Баласұғынның сөзімен қорытындылағым келеді.


Күтілетін нәтиже:


1.   Жан-жақты дамыған, белсенді, шығармашыл тұлға қалыптасады.

2.   Ақпаратты меңгерген жеке тұлға қалыптасады.

3. Жаңа заманға қадам басу, жаңа технология әлеміне барар жолдың алғашқы сатыларынан өтеді.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Жәндіктер әлемі"

Автор: Рахова Венера Катарбайкызы.

Дата: 18.04.2017

Номер свидетельства: 410134

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(29) "Жәндіктер әлемі"
    ["seo_title"] => string(19) "zh_ndiktier_liemi_1"
    ["file_id"] => string(6) "410135"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1492537102"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(28) "Ж?ндіктер ?лемі "
    ["seo_title"] => string(17) "zh-ndiktier-liemi"
    ["file_id"] => string(6) "207295"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1430392198"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(29) "Жәндіктер әлемі"
    ["seo_title"] => string(19) "zh_ndiktier_liemi_2"
    ["file_id"] => string(6) "463967"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1522231215"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "Конспект урока " жәндіктер""
    ["seo_title"] => string(27) "konspiekt_uroka_zh_ndiktier"
    ["file_id"] => string(6) "419387"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1496080403"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(29) "Жәндіктер оянды"
    ["seo_title"] => string(18) "zh_ndiktier_oiandy"
    ["file_id"] => string(6) "417598"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1495442663"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства