Мектепалды даярлық тобының ұйымдасқан оқу қызметінің технологиялық картасы.
Білім бері саласы: «Қатынас»
Бөлімі: «Тіл дамыту».
Тақырыбы: Көңілді қыс.
Мақсаты: -қыс мезгілі туралы әңгіме құрастыруға үйрету; - балалардың тілдерін дамытып, ой-өрісін кеңейту, сөздік қорын байытумен бірге есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру, грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге, әңгімелеп айтуға, берілген сұраққа нақты жауап беруге дағдыландыру.
Қолданатын технология түрі: Ойын.
Іс-әрекет кезеңі
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Достық шеңбер:
Жұмбақтар жақсы көресіңдерме?
Суда мұз бар,
Жерде қар бар,
Боран борап соғады.
Бөбектерім, айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады? (қыста)
-Біздің топта балалар Тату тәтті ойнайды. Дос болады әрқашан Тек жақсылық ойлайды. Тақпақты жатқа айтады, қимылдарын көрсете. Жұмбақтың жауабын табады –қыс.
Ұйымдастыру
шылық ізденіс
Бүгін біз сендермен қыс мезгілі туралы әңгіме құрастырып үйренеміз.
Қыс мезгілі несімен қызықты?
Адамдар қалай киінеді? Қыс айларын атап беріндерші?
Тілдік жаттығулар:
Ар – ар – ар – аппақ қар
Ұз – ұз – ұз – қатты мұз
На – на – на – сырғанайды шана
Ғы – ғы – ғы – қысқы шанғы
Ки – ки – ки – тебеміз коньки
Ла – ла – ла – жасадық аққала
Ыс-ыс-ыс-қандай суық қыс. Тілдік ойын: Қыс не істеді? Қыс қандай? Қар қандай? Қыста не болады: Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрамыз.
Қар жауады оң жақтан,
Қар жауады сол жақтан
Қар лақтырып ойнасаң
Су болады қолғаптар.
Қыс туралы әңгімені дұрыс,ретімен айтуға үйренеміз.
Әңгімеге ат қояды.
Суретке қарап ретімен көрсетіп айтады.
Жаңылтпаш жаттау:
Қар аппақ, дала аппақ, бәрі аппақ.
-қыс мезгілі.
Қыс айлары:желтоқсан, қаңтар, ақпан. -қар жауады,шанамен сырғанаймыз, аққала жасаймыз.
Тілдік жаттығуларды қайталайды. Ойынды қызығушылықпен ойнайды.
Қыс келді, түсті, болды; Қыс суық, аязды, қарлы,
Қар ақ, аппақ, суық, жұмсақ, қатты, үлпілдек, кір қар,
Қыста қар, мұз, боран, тұман. аяз, аққала болады.
Қимыл-қозғалыстар орындайды.
Әр топтағы балалар мұқият тыңдап,суреттегі белгілер бойынша әңгімені реттімен айтуға тырысады.
-қысқа байланысты суреттерді табады, тақтаға іледі.
Әңгімені суретке қарамай айтып береді.
Рефлекстік
түзету
Бүгін сабақта не істедік? әңгіме құрастыру кімге қиын болды? Кім тез,еш қандай қиындықсыз айтып бере алды?
-қыс мезгілі туралы әңгіме құрастырып айттық. Өз ойларын айтады.
Күтілетін нәтиже:
Білу:қыс мезгілінің өзгерістерін. Болу: қыста болатын өзгерістерді елестету, Қолдану: Қыс туралы әңгіме құрастыру, жаңылтпаш жатқа айту, тілдік ойын, тілдік жаттығулар.