kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ұлттық ойындар"

Нажмите, чтобы узнать подробности

тәрбиешілерге көмекші құрал, оқу қызметі барысында пайдалануға, сабақ жоспарын жазуда үлгіге сүйене отырып жазуға пайдалы

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ұлттық ойындар"»

«Ұлттық ойындар» Тақырыбы: Ұлттық ойындар

Іс-шара мақсаты: Халықтық педагогикалық элементтерді пайдалану, балаларды ұлттық ойын түрлерімен таныстыру. Ойынға қызығушылықтарын арттыру. Шапшаңдыққа, тапқырлыққа, сөздік қорын молайтуға, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу. Жыл мезгілдеріне байланысты білімдерін анықтау және әрі қарай дамыту. Тақпақ түрінде берілген табиғат құбылыстарын салыстыра білуге үйрету, есту, ойлау қабілетін дамыту.

Әдіс-тәсілдері: Ұлттық ойындар, этно-педагогика элементтері.

Көрнекіліктер: Доға, құрсаулар, асық, орамал, қоржын.

Барысы: Балалар залға әуен ырғағымен кіреді.

Тәрбиеші: Балалар, бізге бүгін қонақтар келіпті. Қане, қонақтармен амандасайық.

Балалар: Сәлеметсіңдер ме?

Тәрбиеші: Балалар, мен сендерге бүгінгі күндерің нұрлы болсын, көңіл-күйлерің жақсы болсын, іс шараларын жақсы өтсін деп тілеймін!

Балалар: Армысың қасиетті аспан – ата,

Армысың мейірімді жер – ана.

Армысың шұғылалы күн шуағы,

Армысың балабақша, достарым.

Тәрбиеші: Енді балалар біздің қонақтарымыз көңілді отырсын деп жылы лебіздерімізді білдірейікші.

Балалар: Алақандарын ашып, ауыз тұсына апарып жай ғана үрлейді.

Осы кезде есік қағылып кішкентай Аружан келеді.

Тәрбиеші: Ой, балалар қараңдаршы, бізге кішкентай бүлдіршін Аружан қонаққа келіпті. Сендердің жаттығуларың мен ойындарыңды көріп үйренемін дейді. Қолында қоржыны бар екен. - Қане, Аружан, ішінде не бар екен, көрсетші бізге?

Аружан: - Асық, орамал, көзді таңатын орамал бар.

Тәрбиеші: Енді осы заттарды біз сабақта қалай пайдалатынымызды көрсетейік. Аружан үйреніп алсын. Ал ендеше жаттығуымызды бастайық.

Балалар: Шынықтырып денені,

Тісін жуып, тазалап.

Бақшасына келеді,

Міне үлкен азамат.

Орамалы қалтада,

Үсті-басы таза ма?

Отыр алғы партада,

Міне үлкен азамат.

Тәрбиеші: Енді шеңбер жасап жүреміз.

  1. Қолды белімізге қойып, кеудені тік ұстап аяқтың ұшымен жүреміз.

  2. Қолымызды желкемізге қойып, кеудені тік ұстап өкшемен жүреміз.

  3. Қолды жанымызға қойып тез-тез жүреміз.

  4. Қолды жоғары көтеріп “ап” деп демді ішке тартып, “уф” деп шығарамыз. Қолымызды түсіреміз.

Тәрбиеші: Енді орамалды пайдаланып, біз күнделікті апа-аталарымыздың жасап жүрген жаттығуларын да жасап көрейік.

  1. Қолымызды алға созып, тізені тіке ұстап орамалды жоғары-төмен түсіреміз.

  2. Орамалды жерге жайып, тізерлеп отырамыз. Басымызды “бір” дегенде орамалға тигізіп, “екі” дегенде көтереміз.

  3. Ұл балалар қолдарын құлақ түбіне, қыз балалар қолдарын кеудесіне қойып оңға және солға басымызды бұрамыз.

  4. Енді балалар “бес саусақ” санамақ айтамыз.

Балалар: Оң қолымда “бес” саусақ,

Сол қолымда “бес” саусақ,

Бәрін қосса “он” саусақ.

Тәрбиеші: Ой, жарайсыңдар, балалар. Енді бәріміз отырамыз. Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Көктем.

Тәрбиеші: Көктемнен кейін қай мезгіл болады?

Балалар: Жаз

Тәрбиеші: Жазда біз не істейміз?

Балалар: Ауылға барамыз, суға түсеміз, орман, тоғайларды көреміз.

Тәрбиеші: Олай болса, балалар, ауылға барғанда, бақтарды аралағанда төмен өскен ағаштар болады. Олардан қалай өту керек?

Балалар: Еңкейіп, басыңды бұғып өту керек.

Тәрбиеші: Ал шалшық су кездескенде ше?

Балалар: Секіріп өту керек.

Тәрбиеші: Ондай кедергілерден біз өтуге дайынбыз ба, көрейікші?

Балалар екі қатарға тұрғызылып қойылған доға мен құрсаулардан секіріп өтулері керек.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар. Сендер жақсы секіреді екенсіңдер. Мен сендерге “Соқыр теке” ойынын үйретемін.

Ойынның шарты түсіндіріледі.

  1. Қаламақ айтылады.

  2. Ортаға бір бала шығып тұрып, көзін байлап тақпақ айтқан баланы даусынан танып ажырату керек.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар. Сендер бәрің тапқыш екенсіңдер, тақпақты да көп біледі екенсіңдер, ойынымызды сәл тоқтата тұрып Аружанның кететін уақыты болып қалыпты. Аружанға кетер алдында бір жұмбақ жасырайық.

Балалар: Тікірейіп құлағы,

Менен бұрын тұрады,

Бойын жазып, керіліп,

Беті-қолын жуады

(мысық)

Тәрбиеші: Енді Аружанмен қоштасып, іс шарамызды жалғастырайық.

Тәрбиеші: Сау бол, Аружан!

Тәрбиеші: Балалар, сендер бәрің тапқыш екенсіңдер. Қазір бәріміз көзімізді жұмамыз, алақандарымызды ашып отырамыз. Осы алақанымызға жаңбыр тамшысы тамғанын санап көрейік. Жарайсыңдар, балалар. Мынау не?

Балалар: Асық.

Тәрбиеші: Түстері қандай?

Балалар: Қызыл, жасыл, сары, көк…

Тәрбиеші: Осы асықтармен “қан талапай” ойынын ойнаймыз. Ал балалармен, қонақтармен қоштасайық.

Балалар: Сау болыңыздар.

Балалар залдан музыка әуенімен шығып кетеді.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Ұлттық ойындар"

Автор: Абдрахманова Айгерім Қанатқызы

Дата: 14.11.2019

Номер свидетельства: 526961

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "?аза? ?лтты? ойындары "
    ["seo_title"] => string(23) "k-azak-u-lttyk-oiyndary"
    ["file_id"] => string(6) "180188"
    ["category_seo"] => string(12) "russkiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1425137521"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "Сценарий. ?лтты? ойындар "
    ["seo_title"] => string(26) "stsienarii-u-lttyk-oiyndar"
    ["file_id"] => string(6) "234093"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1443348790"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(96) "Баяндама "?лтты? ойындар ар?ылы дене т?рбиесіне баулу""
    ["seo_title"] => string(59) "baiandama-u-lttyk-oiyndar-ark-yly-dienie-t-rbiiesinie-baulu"
    ["file_id"] => string(6) "286449"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1454340586"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "Ұлы дала елінің ұлттық ойындары"
    ["seo_title"] => string(31) "uly_dala_elinin_ulttyk_oiyndary"
    ["file_id"] => string(6) "514127"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1560113790"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "Саба? жоспары: ?аза?сты? ?лтты? ойындары"
    ["seo_title"] => string(43) "sabak-zhospary-k-azak-styn-u-lttyk-oiyndary"
    ["file_id"] => string(6) "286469"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454342517"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства