Мотивациялық қозғаушылық Рефлексивті түзетушілік Ұйымдастыру Қорытындылау | Жылулық шеңбер Қане-қане тұрайық, Үлкен шеңбер құрайық. -Балалар біз неге ұқсадық. Бір-бірімізбен амандасайық. Амансың ба, Алтын күн?! Амансың ба, Көк аспан?! Амансың ба, Жер ана?! Амансың ба, достарым?! Енді қонақтармен амандасайық. Үлкенге де сіз! Кішіге де сіз! Баршаңызды құрметтеп, Бас иеміз біз! Балалар, осы алған күш-қуатымызбен сабағымызды бастайық. -Қай Республикада тұрамыз? -Бас қаламыз қандай қала? -Елбасымыз кім? -Мынау не? -Мынау не? -Мынау не? Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады. Мақал-мәтел айту. Балалар, біздің бүгінгі сабақ тақырыбымыз «Үлкенге ізет, кішіге құрмет» сабағымызды мақал-мәтелдерден бастаймыз. 1.Әдепті бала-ата-анасын мақтатар, Әдепті бала-ата-анасын қақсатар. 2. Бала тәрбиесі бесіктен. 3. Тәрбие басы-тал бесік. 4. Үлкенді сен сыйласаң, Кіші сені сыйлайды. Ал енді сендер мақал-мәтел білесіңдер ме? Кім айтып береді. - Өте жақсы, әдепті болу. - Әр баланың міндеті. Балалар, күнделікті балабақшаға келгенде апайлармен амандасасыңдар ма? Олай болса, осы сәлемдесуге байланысты кім бізге тақпақ айтып береді екен? -Ал тамақ ішкен кезде әдептілік шараларын сақтаймыз ба? Ол сол дастарқан басындағы туралы кім тақпақ айтып береді. -Ал кім бізге әдептілік туралы тақпақ айтып береді. Біз үлкенге ізет. Кішіге құрмет деген сөздің мағынасын қалай түсінеміз, (балалар жауап береді) соны көрініс арқылы көрсетейік. а) Аялдамадан автобусқа қарт адам мінеді. Қарт: (Баланың қасына келіп балам, аяғыс ауырып тұр орын берші?) Бала: Ата қойыңызшы өзімнің де аяғым ауырады. (келесі орындықта отырған бала естіп қалып: Жоқ, бәрі келіңіз, мында отырыңыз,-деп орын береді. (Ата батасын береді). Балалар, жаңағы әдепсіз баланың қылығы дұрыс па, дұрыс емес пе? Неге? Ол қасындағы бала дұрыс істеді ме? б) Кішіге құрмет деген сөзді түсіну үшін тағы бір көрініс тамашалайық. Кішкентай қыз бала қуыршағымен ойнап отырды, сол кезде әдепсіз бала оның қуыршағын тартып алады. Кішкентай қыз жылайды. Осыны көріп тұрған бала көмекке келіп балаға әдептілік туралы түсіндіреді. Сонымен, балалар үлкеге үнемі ізеттілік, кішіге құрмет көрсетіп жүру Сергіту сәті Орнымыздан тұрайық, Қолымызды созайық. Оңға қарай иіліп, Солға қарай иіліп, Бойымызды жазайық Айналаға қарайық, Отырайық,тұрайық, Тынығып біралған соң Орнымызға отырайық. Ал енді мынау суреттерге көңіл аударайық. Сендер мынау суреттерде не көріп отырсыңдар. Мынау суретке қарап кім тақпақ айтып береді. Балалар, біз бүгін не туралы әңгімелсетік . -Балалар, қорыта айтқанда, біз үнемі әдепті болуымызды қажет, үлкенді сыйлап, кішіге көмектесу керек.Үйде, балабақшада, көшеде қай жерде болмасын, өзіміздің тәрбиелі екендігімізді көрсетейік. Ал енді барлығымыз шеңберге тұрып нақыл сөздермен апайлармен қоштасайық. Кім үлкенді тыңдаса, Кім үлкенді сыйласа, Үлкен болған кезінде, Сыйлы болмақ өзі де. Осымен біздің бүгінгі сабағымыз аяқталады. Сау болыңыздар, балалар! | Балалар шеңберге тұрып Өз көңіл күйлерімен бөліседі. Балалар буклет арқылы күз мезгілінің ерекшеліктерін атап, өз ойларын толық жеткізеді. Балалар жауабы. Мақал-мәтел айтады Тұмар: Жақсы бала жол сілтейді, Жаман бала қол сілтейді. Бекзат: Кішіге ізет, Үлкенге құрмет. Әділет: Үлкеннің алдын кесіп өтпе. Тақпақтар Айғаным Сәлеметсіз бе? Ағай Сәлеметсіз бе? Апай Амансыз ба, атай деп Ұл-қыз сәлем береміз Өнегелі өренбіз. Әлижан: Дастарқанның басында, Әдептен біз озбаймыз. Үлкендердің қасында, Қолды бұрын созбаймыз. Еркебұлан: Алдын үлкен кісінің кесіп өтпей көлденең, Жөніменен кішімен Әдеппенен қол берем. Балалар жауабы Иә Гаухар Автокөлік ыңғайлы автобусқа мінемін. Онда қалай отырып-тұру мәнін білемін, Билет алып, жайғасып, аялдамамды күтемін. Әдептілік әдебін әр кез сақтап жүремін, Егер кірсе, қарт адам, тұрып орын беремін. Ауызша балаларды мақтау |