Мотивациялық – қозғаушылық | -Балалар, бізге қонаққа бақшаның қарауылы келді. Оны неге бұлай атайды? -Бақша қарауылы бізді өзі қорып отырған бақшаға шақырады. Балаларды шеңбер бойына тұрғызады. Тәрбиеші көкөністердің муляждарын көрсетіп, олар жайында әңгімелейді. -Мынау – қияр. Қияр – көкөніс. Жарық, ылғалды және жылы жерлерде жақсы өседі. -Мынау – асқабақ. Жарық, ылғалды және жылы жерлерде жақсы өседі. -Мынау – пияз. Пиязды тамаққа қосады. Оның дәмі ащы. Мынау – орамжапырақ. Мынау – қызанақ. Мынау – сәбіз. | -Өйткені бақшаны құстардан қорып тұрады. Музыка әуенімен бақшаның макетіне жақындайды. Балалар көкөністер туралы білетіндерін айтады. -Мынау – қияр. Ол –көкөніс. Бақшада өседі. -Мынау – асқабақ. -Сәбіз,асқабақ. -Пияз. |
Ұйымдастырушылық ізденістік - | 1.Білімді өзектендіру: -Балалар, бақша дегеніміз – осы. Бақша әртүрлі ағаштар мен гүлдер, дәнді дақылдар егілген арнаулы жер, алаң. Бақшада күнделікті пайдаланылатын көкөністер өсіледі. Бұларды бақша дақылдары дейді. Көкөністер – бақшада өсетін дақылдар, өсімдіктер. Оларға қияр, орамжапырақ, сәбіз т.б жатады. -сонымен бақшада не өседі екен? -Бақша қарауылы бізге сыйлыққа бір себет көкөніс алып келіпті. Қандай көкөністер алып келгенін айтайық. 2. Билингвальды компонент: сәбіз – морковь, қияр – огурец, көкөністер – овощи, бақша – огород. 4. Дидактикалық ойын: «Сипап сезу». -Балалар, бақ қарауылы бір қап көкөніс алып келіпті. Оның мынадай шарты бар: сипап сезу арқылы көкөністердің атын табу. 5. Саусақты тренинг: Орамжапырақты қазып аламыз, Сәбізді тазалаймыз. Екеуін бірге тұздап, Ыдыстарға саламыз! 6. Үлестірмелі материалмен жұмыс. Тапсырманы қалай орындау керектігін түсіндіреді. Жеке жұмыс жүргізеді. | Тыңдайды. -Көкөністер. -Орамжапырақ, сәбіз, қияр, асқабақ, қызанақ, пияз. Қайталайды. -Мынау – қияр. Ол ұзын сағақты, түкті (тікенекті) Сергіту сәтін орындайды. Тапсырмаларды орындайды. |