kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Үйдегі және балабақшадағы қауіпсіздік

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларға үйдегі және балабақшадағы қауіпсіздік ерекшеліктерін түсіндіру.Үйде, көшеде, балабақшада сақтау керек қауіпсіздік ережелері туралы білімдерін дамыту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Үйдегі және балабақшадағы қауіпсіздік»

Күні: 25.09.2015

Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта.

Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: Үйдегі және балабақшадағы қауіпсіздік

Мақсаты:

  1. Балаларға үйдегі және балабақшадағы қауіпсіздік ерекшеліктерін түсіндіру.

  2. Үйде, көшеде, балабақшада сақтау керек қауіпсіздік ережелері туралы білімдерін дамыту.

  3. Өмір қауіпсіздігі ережелерін сақтауға тәрбиелеу; қауіпті жағдайларды ескере отырып, үлкендердің айтқанын тыңдауға баулу.

Қолданатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: қауіпті жағдайлар туралы суреттер, ойыншық немесе құрал-саймандар (балға, балта, шеге, қайшы).

Сөздік жұмыс: қауіпсіздік.

Билингвальды компонент: қауіпсіздік ережелері-правила безопасности, жүгіруге болмайды-нельзя бегать, сөйлеуге болмайды-нельзя разговаривать.


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық


Педагог балалармен бірге шеңбер құрады.

«Танысайық» ойыны.




Жүргізуші допты бір балаға лақтырып, атын сұрайды.

-мына баланың аты кім?

Балалар хормен атын атайды. Осылай, кезекпен ойын жалғаса береді.

Ұйымдастырушылық- ізденістік

Қонаққа «Сақтаныш» келеді. Қолын таңып алған.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Менің атым-Сақтаныш. Мен балабақшада қатты жүгіріп, қолымды жарақаттап алдым.

-балалар, біз Сақтанышқа қауіпсіздік ережелерін түсіндірейік. Ал, сендер білесіңдер ме, қауіпсіздік деген не?

-иә, балалар, сендер әр уақытта әртүрлі жағдайларға тап болуларың мүмкін. Бүгін біз, егер сондай жағдайларға ұшырасаңдар, одан қалай шығуға болатын жағдайларды қарастырамыз.


Балалар Сақтанышпен амандасып, қолына не болғанын сұрайды.






-қауіпсіздік деген-өзіңді қорғау және сақтау.


Ұйымдастырушылық- ізденістік


-өмірде қандай қауіпті жағдайлар болуы мүмкін.

Демонстрациялық материадармен жұмыс.

Балаларға әртүрлі қауіпті жағдайлар боатын суреттерді көрсетеді.

-мына суреттерден көріп тұрғанда-

Рыңдай, барлық жерде әртүрлі қауіпті жағдайлар болуы мүмкін.

әртүрлі жағдаяттарды шешу.

Билингвальды компонент: қауіпсіздік ережелері-правила безопасности, жүгіруге болмайды-нельзя бегать, сөйлеуге болмайды-нельзя разговаривать.

-көз алдарыңа елестетіңдер, сендер үйде жалғыз отырсыңдар. Танымайтын бір әйел есікті қағып, ашуды өтінді. Сендер не айтасыңдар?

-қайсы жауап дұрыс деп ойлайсыңдар?

-сендер үйде отырғанда, кенет өрт шықты. Сендердің іс-әрекеттерің қандай болады?

Сақтаныш:

-апай, мен айтайыншы?

-Сақтаныш, айта ғой.

-төсектің асытна тығылып қаламын.

-балалар, Сақтаныштың жауабы дұрыс па?

Педагог үстел үстіне құрал-саймандарды: балға, балта, шеге, біз, қайшы, сіріңке қояды.

«Жақсы-жаман» ойыны.




Балалар суреттердегі жағдайларды әңгімелейді.

-үйден өрт шығуы мүмкін.

-қатты жүгірсең, құлайсың.

-сынған әйнекке аяғыңды жаралап аласың.

-жылан шағып алуы мүмкін.

Жағдаятты балалар педагогтің көмегімен сахналайды.

-балалар әртүрлі жауаптар айтуы мүмкін.

-анам үйде жоқ, қазір келеді.

-есікті ашып, әйелді кіргіземін, үндемей отырамын.

Балалар дұрыс жауапты таңдап, оны талқыға салады.

-телефонмен 101 нөміріне хабарласып, үйдің мекенжайын, нөмірін толық хабарлау керек.

-балалар ойыншық телефоннан 101 нөмірін қалай теру керек екенін көрсетеді.

Балалар құрал-саймандардың не үшін, қалай пайдаланатынын түсіндіреді. Олардың пайдалы жағын және қауіпті жағын айтады.

Балға-жақсы, бірақ қолды ұрып алуың мүмкін.

Балта-жақсы, бірақ қолыңды шауып алуың мүмкін.













-бұл заттардан зардап шекпес үшін не істеу керек?

-ал, Сақтаныш, сен қолыңды қалай жараладың?

-не үшін жүгірдің?

-асығу қауіпті. Біз баратын жерімізге жүгірмей, жәй жүрсек те жетеміз.

-Сақтаныш, балабақшада қай уақытта жүгіруге болады?

-балалар, мүмкін сендер білерсіңдер?




-сендер балабақшадағы қауіпсіздік ережелерін білесіңдер. Педагог апайларың күнде қайталайды, әрбір уақытта естеріңе салып отырады. Сол ережелерді Сақтанышқа айтып беріңдер, ол да біліп жүрсін.


Шеге-жақсы, бірақ абай болмасаң, денені жарақаттауы мүмкін.

Қайшы-жақсы, бірақ абай болмасаң, жарақаттанып қалуың мүмкін.

Сіріңке-жақсы, бірақ абай болмасаң, өрт шығуы мүмкін.

Құрал-саймандарды ұқыпты пайдалану керек.


-мен апайды тыңдамай, жүгіремін деп құладым.

-асықтым.



-ойланып қиналады.

Дене шынықтыру сабағында, серуенге шыққанда, ойнағанда жүгіруге болады.


-балалар ережелерді естеріне түсіріп, Сақтанышқа айтып береді.


-қол жуатын жерде ойнап, бір-бірін итеруге болмайды, тайып құлауың мүмкін.

-апайдың рұқсатынсыз жүгіруге болмайды, жарақаттанасың.

-тамақ ішкенде сөйлеуге болмайды, қақалып қалуың мүмкін.

-қол еңбегімен айналысқанда қайшыны ұқыпты пайдалану керек.

-биік орындыққа, шкафқа, терезенің ернеуіне шығуға болмайды.


















Сақтаныш:

-балалар, бұл ережелерді тек балабақшада ғана сақтау керек пе?

Сақтаныш, педагогтің құлағына сыбырлайды.

Педагог:

-балалар, Сақтаныш сендерге өлең оқып бергісі келіп тұр.


Ойна, балам, болмай алаң,

Ештеңеден қауіптенбей.

Бала болғын жалындаған,

Жайнай түссін, бейне гүлдей.

Қауіпсіздік ережесін,

Барлық жерде сақтай білгей.


Сергіту сәтін өткізу.

Сақтаныш балалармен бірге сергіту жаттығуын жасап, балалармен қоштасады.

-есікпен ойнауға болмайды, қолыңды қысып қалуы мүмкін.

-бұл ережелерді үйде де сақтау қажет.




Сақтаныш:

-балалар, сендерге рақмет, мен бұл жерден көп нәрсені үйрендім. Енді апайды, үлкендерді тыңдап, жақсы бала боламын деп уәде беремін. Сау болыңдар!








Рефлексиялық-

түзетушілік



Педагог балалардан «Сақтықта-қорлық жоқ» деген мақалдың мағынасын қалай түсінгендерін сұрайды.

Оқу іс-әрекетін қорытындылап, балаларды мадақтайды.



Балалар педагогтің көмегімен қай жерде болмасын, сақтық керектігін, сонда ешқандай қауіп болмайтындығын айтады.


Күтілетін нәтиже:

Орындайды: қиын жағдайлардан шығудың дұрыс жолдарын іздейді, өзіне-өзі көмек беру дағдысын.
Түсінеді: қоршаған ортаға бейімделу және әрқашан қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін.
Қолданады: тиісті орындарда қауіпсіздік ережелерін.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Үйдегі және балабақшадағы қауіпсіздік

Автор: Қайырбай Амангүл Бекболатқызы

Дата: 12.03.2020

Номер свидетельства: 542506

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(151) "?орша?ан айналамен танысу. Технологиялы? карта:?йдегі ж?не балаба?шада?ы ?ауіпсіздік"
    ["seo_title"] => string(99) "k-orshag-an-ainalamien-tanysu-tiekhnologhiialyk-karta-uidieghi-zh-nie-balabak-shadag-y-k-auipsizdik"
    ["file_id"] => string(6) "297238"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456157051"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "Өмір қауіпсіздігі"
    ["seo_title"] => string(19) "omir_k_auipsizdighi"
    ["file_id"] => string(6) "379180"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1484384493"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(115) "Мектеп жасына дейінгі балаларды?  балаба?ша?а барлы? бейімделуі"
    ["seo_title"] => string(64) "miektiepzhasynadieiinghibalalardynbalabakshagabarlykbieiimdielui"
    ["file_id"] => string(6) "296234"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1455960640"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства