kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Үйде жалғыз қалғанда"

Нажмите, чтобы узнать подробности

- Таңертең ертесімен анасы дәріханаға кетіп бара жатып, кішкентай қызына: «Сен үйде жалғыз қала тұр, есікті ешкімге ашпа, тентек болма»- деп тапсырады.                                                                                                                          Үйде жалғыз қалған қыз шәй ішкісі келеді. Ол ас бөлмесіне барып, газ плитаға келіп, сіреңкені қолына алып, оны жағуға тырысады.Осы кезде анасының айтқаны қауіпсіздік ережесі есіне түсіде.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Үйде жалғыз қалғанда"»

Сабақ№1.

Тіршілік қауіпсіздік негіздері бойынша конспекті.

Тақырыбы: «Үйде жалғыз қалғанда» Мақсаты:балаларға үйдегі қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіру, қауіпті заттармен, қауіпсіздік жағдайлармен таныстыру және олардан сақтана білуге үйрету. Міндеттері: БМ:үйдегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру. ДМ:үйдегі тұрмыс қажетін өтеу құралдарының қызметін түсіндіру арқылы дүниетанымын және есте сақтау қабілетін арттыру,сақтықпен өмір сүруге машықтандыру.  ТМ:жинақылыққа, тәртіптілікке, достық көмек көрсете білуге, өз басын дұрыс ұстап жүруге тәрбиелеу.  Құрал-жабдықтар:тақырыпқа байланысты суреттер. Сөздік жұмыс:қауіпсіздік.

Ұйымдастыру кезең.

Кіріспе әңгіме
-Балалар, бүгін сендермен үйдегі қауіпсіздік жайлы сөз қозғаймыз. «Қауіпсіздік» дегеніміз балалар, өзіңді қорғау және сақтау дегенді білдіреді. Егер сен үйде жалғыз қалсаң, қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұмытпа!

Мынау – балкон мен терезе. Балконға асылуға, терезеден басыңды сыртқп шығаруға немесе терезе алдына шығып отыруға болмайды.

Су қолмен электр құралдарына, розеткаға, тоқ қосқышқа жанасуға болмайды.

Мынау – үтік. Оның шнурынан тартпа. Тоққа қосылғанда ол өте ыстық болады.

Плитаның үстінде шәйнек, таба, кастрөл тұр. Олар – ыстық. Оларды алу үшін арнаулы қолғап не шүберек керек.

Мынау – дәрі салатын қобдиша. Оған тиіспе және үлкендердің рұқсатынсыз ешбір дәріні ішпе!

Сен үйде жалғыз қалғанда не істейсің?

Тағы қандай қауіпсіздік ережелерін білесің?

-Кәнеки,мына бір көріністі тамашалайық.

Сабақтың негізгі бөлігі: «Мен үйдемін» көрініс - Таңертең ертесімен анасы дәріханаға кетіп бара жатып, кішкентай қызына: «Сен үйде жалғыз қала тұр, есікті ешкімге ашпа, тентек болма»- деп тапсырады. Үйде жалғыз қалған қыз шәй ішкісі келеді. Ол ас бөлмесіне барып, газ плитаға келіп, сіреңкені қолына алып, оны жағуға тырысады.Осы кезде анасының айтқаны қауіпсіздік ережесі есіне түсіде.

-Балалар, бұл қандай ереже деп ойлайсыңдар, анасы не деуі мүмкін?

 -Қолыңа сіріңке алма, өрт шығуы мүмкін! -Газдан абай бол! Ол тез тұтанып, жарылады.

-Кішкентай қыз сіренкені орнына қойып, шәйдің орнына сүт ішеді. -Осы кезде біреу келіп есік қағады, кішкентай қыз есікті ашуға бара жатып,есіне анасының айтқан сөзі түседі.

- Бұл қандай сөз болуы мүмкін?

 -Үйде жалғыз қалғанда есікті ешкімге ашпа!

-Кішкентай қыз анасы келгенде қуантпақ оймен, өзінің көйлегін үтіктемекші болдып, үтікті тоққа қосайын деп жатқанда, тағы да анасының айтқаны есіне түседі.

-Анасы не айтуы мүмкін?

-Үтікке жақындама, киім күйіп, жануы мүмкін. -Өрт шығуы мүмкін.

Анасы үйіне келген кезде қуанышпен қарсы алған кішкентай қыз үйіне бөтен адамның келгенін, бірақ өзінің есік ашпағанын айтады. Анасы оны мақтап, «Жарайсың, қызым»дейді.

Көріністі талдау.

Кәнеки,енді жұмбақтар шешейік:

Тоққа тисе мұрты ұзын, Табанымен жазық. Киімдердің қыртысын, Береді тез жазып. (үтік)

Жүрген жерін жалмайды, Тастан басқа қалмайды. (от)

Қоңырауын ұрады, Дабыл қағып, безектеп. (телефон)

«Қауіпті затты тап» ойыны. 
Шарты: суреттен қауіпті заттарды тауып, қызыл түспен бояу керек және жауабын дәлелдеп түсіндіру керек. 


Сонымен,балалар мына телефон номерлерін есте сақтап алуымыз қажет:

101-өрт сөндіру қызметі

102-полиция қызметі

103- жедел жәрдем

104- газ қызметі

112- құтқару қызметі



Қорытынды

Сонымен,балалар өз қауіпсіздігіміз үшін үйде де қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз керек.Үлкендердің айтқанымыз тыңдауымыз керек!

































Мақсаты:балалардың тоқ көзі туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері: БМ:балаларға тоқ көзін қолданудың қауіпсіздік негіздерімен таныстыру. ДМ:балаларға розеткаларға тиюге болмайтынын түсіндіру. ТМ:ұжыммен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу. Құрал-жабдықтар:тақырыпқа байланысты суреттер. Сөздік жұмыс:электр тоғы.

Ұйымдастыру кезеңі:

Кіріспе әңгіме -Балалар,тоқ көзі бұрын болмаған,адамдар тоқ көзінсіз де өмір сүрген кездері болған.Бұ-рынғы заманда ағаштың басына шүберек орап,үйді сонымен жарық қылған.Кейін келе шүберекке май жағып ораса ұзақ жанатынын байқаған.Одан кейін керосинмен жанатын шамдар пайда болған.Бірақ керосинді шамдар қатты жарық шашқан жоқ және үнемі керо-син алып шамға құйып отыру керек болды.Адамдар көп ойланып,ақыры тоқ көзін ойлап тапты.Енді біздің үйлерімізді,балабақшаларымызды,мектеп,ауруханаларымызды,көшеле-рімізді электр шамдары жарықтандырып тұрады.Электр шамдары өте ыңғайлы және сенімді. -Міне,сендер электр шамдарының қалай пайда болғанын білдіңдер. -Енді тоқ көзінің үйімізге қалай келетінін білгілерің келе ме?Онда жақсылап тыңдаймыз. -Тоқ көзі сымдар арқылы келеді де электр құралдарын жұмыс істетеді. -Мына суретке қараңдаршы.Бұл-гидроэлектостанция.Қатты аққан судың әсерінен генера-торда тоқ көзі пайда болады,ол сым бойымен біздің үйімізге көшелерге келеді. -Ал,тоқ көзі неге ұқсайды? -Электр тоғы өзенге ұқсайды.Өзенде су ағады,ал сым бойымен тоқ жүреді. -Электр тоғы адамдарға жарық беру үшін ғана емес,электр құралдарын пайдалану үшін де керек.

Сонымен бірге электр құралдарын дұрыс пайдалана білмесек олар да қауіпті.Үйдегі үл-кендердің көмегімен ғана ол құралдарды пайдалануымызға болады. Балалар осы сақтық шараларын орындамасақ, тіпті өрт шығу қаупі орын алады. Балаларға бейне - ролик көрсетіледі. Ал енді жұмбақ жасырайын.

Үйде тұр бір жұлдыз,
Ол барда түн – күндіз. (электр лампасы )

Тоққа тисе мұрты ұзын, Табанымен жазық. Киімдердің қыртысын, Береді тез жазып.(Үтік).

Өзі күнде шаң жеген, Шаң жеп әбден дәндеген.(Шаңсорғыш).

Аузы жоқ сөйлейді, Көзі жоқ көрсетеді.(Теледидар).



Енді тақпақтар тыңдасақ. Электрсыз,
Шырағым,
Болмай - ақ қой шүбәлі,
Теледидар,
Үтік те -
Барлығы істен шығады.
Тату өскен баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Нанға кетсе анамыз,
Үйде өзіміз қаламыз.
Дидактикалық ойын: «Қауіпті заттар» Мақсаты:балалардың өмірімізге,денсаулығымызға қауіпті заттар туралы түсініктерін қалыптастыру,бекіту. Ойынның жүрісі:Тәрбиеші балаларға бірнеше суреттердің ішінен қауіпті заттарды табуды ұсынады және оның қандай қауіп әкелетінін сұрайды.

Рефлексия:Балалар тақырыпты толық меңгерді,жұмбақтарды шеше алды,тақпақтарды жаттады,дидактикалық ойынға атсалысты.










Тақырыбы: «Ал біздің үйде газ» Мақсаты:өмір қауіпсіздігі ережелерін сақтауды, қауіпті жағдай туғызуы мүмкін заттар мен құбылыстар туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері: БМ:тұрмыстық заттардың қауіпсіздік ережелермен таныстыру.  ДМ:балаларды қоршаған ортаға деген қызығушылықтарын дамыту. ТМ:өмір қауіпсіздігі ережелерін сақтауға тәрбиелеу; қауіпті жағдайларды ескере отырып, үлкендердің айтқанын тыңдауға баулу.

Құрал-жабдықтар:слайд, суреттер Сөздік жұмыс:тұтанғыш

Ұйымдастыру кезеңі Кіріспе әңгіме Тәрбиеші: Әр адам өз отбасын түрлі қауіптен сақтауға тиіс. Қауіптің түрлері көп. Мысалы: газдан сақтан. Ол тез тұтанғыш, жарылғыш зат. Тіпті түссіз, көзге көрінбейді. Газ өте улы. Сондықтан газдан аулақ бол! Газ плитаға жақын барма! Газ плита жұмыс істеп тұрғанда ас үйде жалғыз болма!

Тілін алып кішінің де кәрінің,
Көңілінен шығып жүрмін бәрінің.
Ата - ананың айтқан сөзін тыңдауды,
Әдептілік белгісі деп таныд
ым.
Міне балалар, ата - аналардың көмегімен ғана газды пайдалануға болады. Слайдтар көрсетіледі. «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл,
Үшеуімен болады бақытты өмір»- демекші сергіту жаттығуларын жасасақ.

Сағаттың тіліндей
Иіліп оңға бір,
Сағаттың тіліндей
Иіліп солға бір,
Сағатқа қарап ап
Жаттығу оңай - ақ.

Ойын: «Қауіпті және қауіпсіз заттар» Шарты:Қауіпті заттарды қауіпсіз заттардан ажыратып қою.

Қорытынды Сонымен,балалар өз қауіпсіздігіміз үшін үйде де қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз керек.Үлкендердің айтқанымыз тыңдауымыз керек!

Тақырыбы:«Балалар есте сақтаңдар,дәрілер-кәмпит емес!» Мақсаты: балаларға дәрілердің қауіпті екендігін және олардың зиянды екенін түсіндіру. Міндеттері: БМ:дәрілік заттардан сақтану жолдары туралы мағлұмат беру. ДМ:сөздік қорларын байыту жаңа сөздермен. ТМ:жанашырлыққа,қамқор болуға тәрбиелеу. Құрал-жабдықтар:тақырыпқа байланысты суреттер. Сөздік жұмыс:дәрі,дәрумен.

Ұйымдастыру кезеңі: Кіріспе әңгіме Балалар мына жұмбақты шешіңдерші: Қашан біз ауырамыз, Сол кезде оны қабылдаймыз.(Дәрілер).

-Адам ауырса дәрігерге барады.Дәрігер ауырған адамды қарап болған оған әр түрлі дәрілер жазып береді.Дәрілер адамға ауруынан тез жазылуға көмектеседі.

Енді таблеткалар жайлы сөз қозғасақ.Таблеткалар әр түрлі пішіндн және әр түрлі түсті боп келеді.Олар бір жағынан қарағанда кәмпиттерге ұқсайды.Мысалға алатын болсақ,әжелерің ауырып қалды дейік,әжелерің дәрігер жазып берген дәрілерді қабылдап жүр дейік.Бір күні ол бір таблетканы еденге түсіріп алды.Сендер сол таблетканы тауып алдыңдар дейік.Сенің іс әрекетің қандай?Еденнен алып әжеңе бересің бе?Ары қарай әжең өзі шешеді.Дұрысы әжең оны қоқыс шелегіңе салады,өйткені ол жерге түсті кір болып қалуы мүмкін.Енді ол дәріден зиян келмесе пайда болмайды. Егерде жерден қандай да бір таблетка тауып алсаңдар оны қандай жағдай болмасын ауызға салуға болмайды.Тіпті ол кішкентай кәмпитке ұқсаса да.Неге ауызға салуға болмайтынын кім түсіндіріп береді?Өйткені,дәрілер улы.Ол үлкен адамға ауруынан сауығуға көмектескенмен,балалар өте улы. Сондықтан естеріңде болсын қандай да бір кәмпитке ұқсайтын таблетка тауып алсаңдар оны ауызға салуға болмайды,үлкендерге беру керек.Үлкендер өдері шешеді оны не істеу керектігін.Дәрумендер мен дәрілер арнаулы қобдишада сақталуы керек балалар қолы жетпейтін жерде.Оны балаларға ешқашан алуға болмайды.Тіпті «аурухана» ойынын ойнасаңдар да қуыршақтарына дәрумендер мен дәрілерді қағаздан қиып немесе ермексаздан жасап ойнауға болады. Сосын дәрумендер бар.Олар да кәмпитке ұқсайды,бірақ олар дәрілер сиқты ащы емес қышқыл-тәтті болып келеді.Бірақ оларды да көп мөлшерде қабылдасақ,зиянды.Дәрігердің жазып беруі бойынша күніне 1-2рет қабылдауымыз керек. Дәрілерді қолыңа алма, оларды абайсызда жұтып қоюың мүмкін!

Сабақтың негізгі бөлігі:

Желілі-рөлді ойын«Қонжықты емдейміз» Қажетті атрибуттар: қонжық, градусник, укол салатын шприц, дәрі. Ойын шарты: Балаларды отырғызып, тәрбиеші қонжықты алдына отырғызып, оның ауырып қалғанын хабарлайды. Қонжықтың қолтығына градусник қойып, денесінің қызуын өлшейді. Суық тиіп қалған екен, денесінің қызуы жоғары екен деп, қонжықты төсекке жатқызады. Емдемесе болмайды деп, тәрбиеші ине салады. Содан соң дәрі беріп, қымтап жатқызады. Қонжық ұйықтасын, біз бөгет жасамайық. Ұйықтап алған соң тәуір бола бастайды. Суық тиіп ауырып қалғанда, сендерге де дәрігер тәте ине салып, дәрі береді ғой, иә. Сендер де қонжық сияқты жылымайсыңдар иә, сонда жылдам тәуір боласыңдар, дейді.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Үйде жалғыз қалғанда"

Автор: Жусамбаева Карлыгаш Муратбековна

Дата: 03.06.2022

Номер свидетельства: 608739

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Тақырыбы: Менің үйде жалғыз қалғанда."
    ["seo_title"] => string(42) "tak_yryby_mienin_uidie_zhalg_yz_k_alg_anda"
    ["file_id"] => string(6) "450892"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1516286175"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) "Презентация "Үйде жалғыз қалғанда""
    ["seo_title"] => string(41) "priezientatsiia_uidie_zhalg_yz_k_alg_anda"
    ["file_id"] => string(6) "435493"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1509375065"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "?йде ?ауіпсіздік са?тау т?ртібі "
    ["seo_title"] => string(34) "uidie-k-auipsizdik-sak-tau-t-rtibi"
    ["file_id"] => string(6) "182140"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425469958"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(102) "1 сынып д?ниетану "Мені? ?йім. ?йдегі ?ауіпсіздікті са?тау" "
    ["seo_title"] => string(62) "1-synyp-duniietanu-mienin-uiim-uidieghi-k-auipsizdikti-sak-tau"
    ["file_id"] => string(6) "193527"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1427646216"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "ата-аналар жиналысы "Бала-бауыр еті?""
    ["seo_title"] => string(32) "ataanalarzhinalysybalabauyrietin"
    ["file_id"] => string(6) "285223"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1454119965"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства