2. Ой шақыру: Тәрбиеші балаларға үй жануарлардың суреттерін көрсетеді.
Тәрбиеші: - Балалар, мынау суреттерде
Балалар : - Сиыр, жылқы, қой, ешкі, түйе.
Тәрбиеші:-Дұрыс, бұл үй жануарлары .
3.Негізгі бөлім:
Тәрбиеші: - Балалар , біз үйде ұстайтын жануарларды «үй жануарлары» - деп атаймыз.Оған: сиыр, жылқы,түйе, қой, ешкі жатады.олардың төлдері болады. Сиырдың төлі - бұзау, жылқының төлі- құлын, түйенің төлі- бота, қойдың төлі- қозы, ешкінің төлі-лақ.. Енді ,балалар, жануарлардың дене мүшелерін атап шығайық :құлақ,, бас, аяқ , құйрық ,т.б. Балалар , сендер санау білесіңдер ме ?
Балалар: -Иә. 1,2,3.
Тәрбиеші:- Олай болса ,біз үй жануарлардың дене мүшелерін санап шығайық .Мысалы, жылқыны алайық.. Жылқыда неше бас бар?
Балалар: біреу.
Тәрбиеші: - Неше құлақ бар ?
Балалар: екеу.
Тәрбиеші:- Неше аяқ бар?
Балалар: төртеу.
Тәрбиеші үй жануарлардың суреттерін екі топқа бөледі. 1-ші топта үй жануарлары көп, 2-ші топта аз.
Тәрбиеші: -балалар қай топта үй жануарлары көп, қай топта аз ?
Балалар: 1-ші топта көп, 2-ші топта аз.
Тәрбиеші фишкалар арқылы балалрды орталықтарға бөледі. Бірінші орталық – әдебиет орталығы. Балалар мақал – мәтел жаттайды. Екінші орталық – құрылыс орталығы . Балалар үй жануарларына ашық құрастырады. Үшінші топ - ойын орталығы. Балалар «ненің төлі » атты дидактикалық ойын ойнайды.
Тапсырманы орындап болған соң , тәрбиеші қонырау соғады . Балалар бәрі бірге жиналады , орындаған тапсырмаларын айтып береді .
Тәрбиеші балаларға тапсырма береді . Берілген суреттердегі үй жануарларын екі топқа бөлу .1-ші топқа аз , 2-ші топқа көп етіп бөлу .
Тапсырманы орындап болған соң , сабақты сұрақ-жауап әдісі арқылы қорытындылайды.
-сабақта қандай тақырып өттік?
-не істеп үйрендік?
-қандай үй жануарларын білесіңдер?
Тәрбиеші сабаққа жақсы қатысқан балаларды мақтайды, оларға жұлдызшалар таратады.