kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Үй жануарлары сурет бойынша

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сөйлеуді дамыту сурет бойынша үй жануарын суреттеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Үй жануарлары сурет бойынша»

Күні:

Білім беру салас:

Қатынас

Бөлімі:

Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы:

«Үй жануарлары» сурет бойынша әңгімелеу.

Мақсаты:

Ауызша сөйлеу тілін,сөздік қорын дамыту.

Міндеттері:

1. Үй жануарлары туралы білімдерін арттыру.

2. Ойлау қабілеттері мен тілдерін дамыту

3.үй жануарларына қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:

«Үй жануарларының» суреттері»

Әдіс-тәсілі:

Көрсету,түсіндіру.



Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің

Іс-әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

+

-

Мотивациялық қозғаушы

Балалар шаттық шеңбер жасаймыз:

Лақ болып қашамыз,

Аю сияқты қорбандап,

Орнымызды табамыз.

Балалар өлең жолдарын қайталап айтады.



Ұйымдастырылған ізденіс

Сурет бойынша үй жануарларымен таныстыру.

Сиыр қалай дыбыстайды?

Ал мынау ше?

Мысық қалай дыбыстайды?

Қарандаршы қанша жануарлар бізге қонаққа келіпті.Сендер мына жануарлармен кездестіңдер ме?

Кімнің үйінде мынандай жануарлар бар?Осынын бәрі үй жануарлары.

Жарайсындар, балалар.

Сергіту сәті:

1,2,3,4 біз мысықты үйреттік,

Тышқан аулап жүгірмей.

Ән тақпақ үйренгендей.

Балалар суретке назар аударады.

-Му-Му.


-Мияу-мияу.

-Ия.

-Біздің үйде мысық бар.

-Балалар өлеңді қайталап, қимылдар орындайды.


Балалар ойынды дұрыс ойнауға тырысады.



Рефлексивті түзетуші

Балалар бүгін біз қандай үй жануарларымен таныстық?

Дұрыс айтқан балаларды мақтау.

Сиыр,қой, ит,мысық,



Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:

Үй жануарлардың пайдасын білу керек.

Нені игереді:

Үй жануарларын ажырата білуін игереді.

Нені біледі:

Үй жануарлардың қалай дыбысталуын біледі.













Күні

Білім беру салас:

Қатынас

Бөлімі:

Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы:

«Күз сыйы»

Мақсаты:

Балаларға күз мезгілі туралы,ауа райының өзгешеліктер туралы айту.

Міндеттері:

1. Күз мезгілі , туралы білімдерін арттыру.

2.Күзгі ағаштарды бақылау.

3.Күзгі табиғаттың сұлулығы мен әдемілігін көре білуге тәрбиелеу

Көрнекіліктер:

Ағаштар, жапырақтар.

Әдіс-тәсілі:

Көрсету,түсіндіру.



Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің

Іс-әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Балалар шаттық шеңбер жасаймыз:

Жомарт көңіл,жарқын күз,Берекесі халқымның.

Балалар өлең жолдарын қайталап айтады.

Ұйымдастырылған ізденіс

-Балалар, қазір күз мезгілі. Дала суық па? Бүгін біз «күз» деген тақпақпен танысамыз мені жақсылап тындандар.

«Күз»

Ой балалар,балалар

Қонырқай күз болыпты,

Қурап жапырақ солыпты,

Ел егінін орыпты.

Енді менімен бірге қайталандар.

Жарайсындар, балалар.


Сурет бойынша Күз мезгілімен таныстыру.

Балалар серуенге далаға шығады!

Балалар күзгі ағаштар қандай түске боялған?

Жарайсындар: неге сары түске болған деп ойлайсындар?

Тағы қандай жапырақтарды кездестірдіңдер?

Жарайсындар балалар.

Балалар жерге түскен жапырақтарды тергілерін келеме?

Ендеше қазір жапырақтарды терейік.

Жапырақтардың әдемісін терейік?

Жарайма балалар?

Балалар күзгі жапырақтарды теруге кіріседі!

Табиғаттағы еңбек.

Балалар ағаштан түскен жапырақтарды жинап тастайды.Ағаштар бізге рахмет айтсын.

Жарайма балалар.



-Ия суық.

Балалар мұқият тыңдайды.

Балалар қайталайды,жаттауға тырысады.

Балалар өлеңді

қайталап,қимылдар

орындайды.



-Сары түске боялған.



-Себебі қазір күз мезгілі.

-Жасыл сарғылт, алтын түстес,


Ия


Жарайды.







Жарайды.

Рефлексив ті түзетуші

-Сонымен балалар бүгін серуенде нені бақыладық?

Күз мезгілімен.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:

Күз мезгігілінің қызықтары туралы.

Нені игереді:

Күз мезгілін ажырата білуін игереді.

Нені біледі:

Ағаштар қаңдай түске боялғанын.
















































Білім беру салас:

Қатынас

Бөлімі:

Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы:

«Нан қайдан келеді» сурет бойынша әңгіме құрастыру.

Мақсаты:

Балаларға нанның адам еңбегімен келетінің, оған көп күш жұмсалатының түсіндіру.Балаларға нанды қастерлеу керектігін түсіндіре келе.Адамдардын еңбегін құрметеуге тәрбиелеу.

Міндеттері:

1.Ұннан жасалатын тағамдар туралы әңгімелеу.

2.Диқаншы ембегі туралы білімдерін толықтыру.

3.Нанды ардақтауға, үлкендердің еңбегін бағалауға баулау.

Көрнекіліктер:

Наубайшы бас киімі оқтау, алжапқыштар.

Әдіс-тәсілі:

Нанның суреттері.



Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің

Іс-әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Балалар шаттық шеңбер жасаймыз:

Балалар өлең жолдарын қайталап айтады.

Ұйымдастырылған ізденіс

Нан-адал ас.Нанды жерге тастауға,аяқпен басуға болмайды. Оны қадірлеу керек.Өйткені нан дастарқанға келгенше қаншама адам еңбек етеді.

-Нан қандай ас?

-Нанды қалай қастерлейді?

-Бүгінгі әңгіме нанның біздің дастарқанымызға қалай келетіні туралы айту.

-Нанды қазақ халқы өте қастерлеп ардақтаған.Нан туралы шешендік сөздер өте көп. Сендер нанға қатысты қандай тыйым сөздер білесіңдер?

Әңгіме оқу. «Нанды қадірлейік».

Кейбір балалар нанды тойғанша жеп,қалғанын лақтырып тастайды.

Бұл дұрыс емес.

Нан еңбекпен табылады.Диқандар көктемде жерге тұқым себеді. Одан егін шығады, оны жаз бойы күтіп-баптайды. Күзде астықты конбайнмен орып алады.Бидайдан ұн дайындайды. Ұннан неше түрлі нан пісіреді. Мұның бәрі- адам еңбегі. Сондықтан да оны қадірлеуіміз керек.

-Бидай неден өсіп шығады?

-Күзде дайын болған өнімді қалай атайды?


-Егін өсірушілердің мамандықтарын атаңдар.


-Суретте нелер бейнеленген?

-Бұларды бір сөзбен қалай атайды?

-Дәнді дақылдардың ішінде қайсы түрінен бидай тартылып, нан пісіріледі?

-Сендердің аналарың үйлерінде ұннан тағы не пісіреді?

Тәрбиеші балалардың назарын келесі суреткеаударады.

Суретте элеватор бейнеленген.


-Элеватор деген не?

-Элеваторды басқаша қалай атауға болады?



-Нан пісірушілерді қалай атайды?

Сергіту сәті:

Нан қиқымын шашпаңдар!

Жерде жатса баспаңдар!

Теріп алып қастерлеп!

Торғайларға тастандар!

Балалар мұқият тыңдай



-Адал ас.

-Нанды баспайды, жерге тастамайды, қолды жумай ұстамайды.


-Нанды бір қолмен үзбе.

-Нан қиқымын басуға болмайды.

Балалар әңгімені тыңдап,талдайды.





Бидай тұқымнан өсіп шығады.


Астық.

-Тракторшы, диқан,диірменші,комбайншы. Балалар суреттерді атайды.

-Арпа, жүгері,күріш,бидай,қара бидай, тары, сұлы.

-Дәнді дақылдар.

-Бидай, қарабидай.


Балалар аналары пісіретін нан түрін атайды.

Балалар суреттегі элеватордағы ұн тарту процесін тәрбиешінің көмегімен атайды.

-Ұн тартатын орын.

Диірмен.


-Наубайшы.


Өлеңнің мазмұнына сай қимылдар келтіреді.

Рефлексив ті түзетуші

Балалар бүгін біз сендермен не туралы айттық?

Дұрыс айтасындар.

Нан туралы.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:

Нанның қалай дастарқанға келуің.

Нені игереді:

Үлкендердің еңбегін кұрметтеуді.

Нені біледі:

Нанды қастерлеуді.





























Күні

Білім беру салас:

Қатынас

Бөлімі:

Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы:

«Топ бөлмесі»

Мақсаты:

Балаларды бақша өмірімен, топ бөлмесімен таныстыру,ондағы жиһаз атауларын атауға,олардың қызметін айтып беруге үйрету.

Міндеттері:

1. Топ бөлмесі, туралы білімдерін арттыру.

2.Топтағы жиһаздарды ұқыпты ұстауға тәрбиеле

Көрнекіліктер:

Д/о «Нені қайда қоямыз»

Әдіс-тәсілі:

Әңгімелесу, топқа саяхат.



Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің

Іс-әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

-Сәлеметсіздер ме! Қайырлы таң!

Сәлеметсізбе.

Ұйымдастырылған ізденіс

-Балалар, сендер бүгін таңертен тұрып қайда келдіңдер?

-Сендерге балабақша ұнай ма?

Балабақша өмірімен таныстырады.

Тәрбиеші өзін таныстырады.

-Балалар, мынау біздің тобымыздың бөлмесі. Бөлмеміз жарық,әрі кең. Топта сендерге арналған көп ойыншықтар бар.

-Мынау не?

-Оған не саламыз?

-Қандай ойыншық көріп тұрсындар?

-Мынау не?(Керует-жататын төсек).

-Онда не істейміз?(Ұйықтаймыз).





-Мынау не?(Қолжуғыш.Қолымызды жуамыз).



«Нені қайда қоямыз?»Д/о Заттарды аиай отырып,оларды жерге қоятынын айту.





Сергіту сәті:

Кәне қанат жасайық,

Қарлығаш боп ұшайық.

Ұшып, ұшып алайық,

Орнымызға қонайық.

(Б.Серікбаев).

-Балабақшаға.

-Ұнайды.


Тәрбиешіні тыңдайды.




-Шкаф.

-Кимімізді, баскиімді саламыз.

Ойыншық шкафы.

-Ойыншықтарды.

-Аю,қоян,піл,машинаны көріп тұрмыз.





-Қолжуғыш.Онда біз беті-қолымызды жуамыз.


Заттарды атап,олар қайда тұратынын айту.(Мысалы,сырт киім және аяқкиім заттарын киім ілетін шкафтарға жинайды). Топ ішінде серуен жасайды.

Бөлмеден бөлмеге жүрнді, әр бөлме заттарын атайды,сұрақтарға жауап береді.

Рефлексив ті түзетуші

Суретті көрсете отырып,сұрақ арқылы оқу іс әрекетті қортыншдылайды.

Қимылын келтіріп жаттығуды орындайды.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:

Киімдерін киім ілетін шкафқа жинау.

Нені игереді:

Заттарды ұқыпты күтіп ұстауға тәрбиелеу.

Нені біледі:

Сұрақ –жауап арқылы сөйлемді дамыту.

















Күні

Білім беру салас:

Қатынас

Бөлімі:

Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы:

«Мен және менің отбасым»

Мақсаты:

Отбасы мүшелері туралы түсініктерін кеңейту, отбасы тақырыбына сурет бойынша әңгіме құрастыруға, отбасы мүшелерін ажырата білуге,сыйлауға тәрбиелеу.

Міндеттері:

1.Отбасы туралы әңгімелеу.

2.Балаларды үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуды тәрбиелеу.

3.Сөздік қорларын дамыту.

Көрнекіліктер:

Отбасы мүшелерінің суреттері.

Әдіс-тәсілі:

Әңгімелеу, түсіндіру,көрсету, сұрақ-жауап.



Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің

Іс-әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

-Сәлеметсіздер ме! Қайырлы таң!

Сәлемдеседі.

Сұрақтарға жауап береді.

Ұйымдастырылған ізденіс

-Балалар, біз бүгін сендермен тату-тәтті отбасы туралы әңгімелесеміз.

-Суретте не бейнеленген?






-Балалар, сендердің отбасыларында кімдер бар?

(жеке-жеке балалардын отбасы мүшелерін сұрау).

-Кім атасы,апасы туралы тақпақ айтып береді?(Аталарының әжелерінің атын атау, тақпақ айту).

-Сендердің ағаларың немесе апайларың бар ма?

-Саған кім қамқорлық жасайды?

-сендерді балабақшаға кім алып келіп, кім алып қайтады?


Сергіту сәті:

Бас бармағым-әкем,

Балан үйрек-апам,

Ортан терек-ағам,

Шылдыр шүмек-мен,

Кішкене бөбек-сен.



Балалардан отбасы мүшелері туралы сұрау.


-Мына суретте үлкен отбасын көріп тұрмыз. Отбасында атасы, әжесі, әкесі,анасы,әпкесі, інісі, бар екен. Олар дастарқан басында шай ішіп отыр.

Әпкесі дастарқанға жеміс- жидек әкеліп, әкесіне ұсынып тұр.Балалардың жауаптары тыңдалады.Балалар аталарын, әжелерін атайды. Олар туралы жақсы сөздер айтады.






Сәйкес қимыл жасайды.

Рефлексив ті түзетуші

-Балалар, кім отбасы мүшелерін айтады?

-Аналарыңа қандай көмек көрсетесіңдер?

Сұрақ-жауап арқылы оқу іс-әрекетерін қорытындылау.


Балалардың жауабы.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:

Отбасы туралы әңгіме құрастыруға.

Нені игереді:

Отбасы мүшелерін атауды.

Нені біледі:

Отбасын сыйлауды.


































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Үй жануарлары сурет бойынша

Автор: Нурахметова Нуршат Канатовна

Дата: 11.03.2017

Номер свидетельства: 399322

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "Жануарлар дүниесінің әртүрлілігі"
    ["seo_title"] => string(34) "zhanuarlar_duniiesinin_rturlilighi"
    ["file_id"] => string(6) "412183"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1493365509"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) ""Үй жануарлары /сурет арқылы""
    ["seo_title"] => string(27) "ui_zhanuarlary_suret_arkyly"
    ["file_id"] => string(6) "541682"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1583141902"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "үй жануарлары мен жабайы жануарлар"
    ["seo_title"] => string(38) "ui_zhanuarlary_mien_zhabaiy_zhanuarlar"
    ["file_id"] => string(6) "371664"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1482223994"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "үй құстары мен үй жануарлары"
    ["seo_title"] => string(32) "ui_k_u_stary_mien_ui_zhanuarlary"
    ["file_id"] => string(6) "371668"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1482224365"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "Жыл басына таласқан жануарлар (ертегі)"
    ["seo_title"] => string(38) "zhyl_basyna_talaskan_zhanuarlar_ertegi"
    ["file_id"] => string(6) "495820"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1547725468"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства