kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ұұ дыбысы мен әрпі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ұұ дыбысы мен әрпін балаларға тереңінен түсіндіру

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ұұ дыбысы мен әрпі»

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы,
Қандыағаш қалалық №2 орта мектебі
мектепалды даярлық Б тобының тәрбиешісі
Утегенова Майра Тұрлықовна


Сабақтың тақырыбы:Ұұ дыбысы мен әрпі.


Сауат ашу сабағы!

Білім беру саласы:Қатынас.

Сабақтың тақырыбы:Ұұ дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты:Ұұ дыбысы және әрпімен танысу.Ұұ дыбысы кездесетін сөз,сөйлем ойлатып,оларға дыбыстың талдау жасатуға үйрету.Ұұ дыбысы бар сөздерді оқыту,буынға бөлгізу,осы әріп арқылы сөздер құрастыра отырып,ұқыптылыққа,әдемі жазуға дағдыландыру.Логикалық ойлауын,сөздік қорларын дамыту.

Әдіс тәсілі:Сұрақ-жауап,түсіндіру,ойындар,көрнекі құралдар,интерактивті тақта,бинематериалдар,суреттер,үлестірмелі қағаздар.

Ұйымдастыру кезеңі:

Арайлап атқан таңға сәлем!

Жылуын шашқан күнге сәлем!

Жайнап өскен бізге сәлем!

Білім беріп тәрбиелеген

Апайларым сіздерге сәлем!

Мұғалім:Жарайсындар балалар,өткен сабақта біздер қандай дыбыспен әріппен таныстық?

Оқушы:Жж-дыбысы мен әрпі.

Мұғалім:Жж-дыбысы қандай дыбыс?

Оқушы:Дауыссыз дыбыс.

Мұғалім:Дауыссыз дыбысты қандай түсті текшемен белгілейміз?

Оқушы:Көк түсті текшемен.

Мұғалім:Қане барлығымыз текшелерімізді көтеріңдерші.

Оқушы:Орындарында отырып көк текшені көтереді.

Мұғалім:Өте жақсы тақтадағы сөздерді оқйық.

Оқушы:Жас-тық,жақ-сы,Жа-рас,жа-лау,жа-пы-рақ,Жас-мин,Жа-ды-ра,Жұ-ба-ныш. (хормен оқыту)

Мұғалім:Жарайсыңдар дыбыстар неше топқа бөлінеді?

Оқушы:2 топқа бөлінеді.

Мұғалім:Қандай-қандай болып бөлінеді?

Оқушы:Дауысты және дауыссыз болып екіге бөлінеді.

Мұғалім:Дыбыс дегеніміз не?Әріп дегеніміз не?

Оқушы:Дыбысты естейміз айтамыз.Әріпті көреміз,жазамыз.,оқимыз.

Мұғалім:Дауысты дыбыстар қалай айтылады?

Оқушы:Созылып еркін,әндетіп айтылады.

Мұғалім:Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?

Оқушы:Кедергіге ұшырап,созылмай тез айтылады.

Мұғалім:Дауысты дыбысты қандай түсті текшемен белгілейміз?

Оқушы:Қызыл түсті текшемен.

Мұғалім:Дауыссыз дыбысты қандай түсті текшемен белгілейміз?

Оқушы:Көк түсті текшемен.

Мұғалім:Жарайсыңдар балалар орындарыңнан тұрып сергіту сәтін жасайық.

Жел соқты гу-гу

Жаңбыр жауды тырс-тырс

Жаңбыр басылды.

Күн ашылды.

Жел улейді у-у.

Құлын келіп билейді зу-зу.

Қатты-қатты жел соқты гу-гу.

Жапырақтар қол соқты ду-ду.

Мұғалім:Жарайсыңдар балалар орындарыңа отыра қойыңдар.Балалар бүгін біз сауат ашудан жаңа сабақ өтеміз.Ал сабақты бастамас бұрын,мен сендерге жұмбақ қоямын.Сендер шешуін табыңдар?

1.Құс сияқты,құс емес.

Самғап ұшқан биікке.

Қанаты бар қақпайды

Жүрсе де сондай биікте.

Ұшақ

Талдың басында

Жемі бар қасында

Там тұр саялы

Достарға аялы

Ұя

Мұғалім:Дұрыс айтасыңдар,осы ұшақ,ұя сөздерінде сөздің басында қандай дыбыс естіп тұрсыңдар?

Оқушы: «Ұұ»-дыбысын.

Мұғалім:Дұрыс-ақ олай болса бүгінгі танысатын жаңа дыбысымыз,жаңа әрпіміз Ұұ деп аталады.Енді дыбыстың айтылуына қарайық.

Ұұ-қалай айтылып тұр?

Оқушы:Кедергіге ұшырамай созылып,еркін әндетіп айтылып тұр.

Мұғалім:Өте жақсы Ұұ-дыбысын қандай дыбысқа жатқызамыз?

Оқушы:Дауысты дыбысқа.

Мұғалім Дауысты дыбысты қандай түсті текшемен белгілейміз?

Оқушы:Қызыл текшемен.

Мұғалім:Ұұ-дыбысы балалар сөздің басында ортасында келеді,сөздің соңында келмейді.

Мысалы:Ұшақ деген сөзде сөздің басында,құлын дегенде сөздің ортасында келеді.

Қазір біз «Сөз ойла,тез ойла»ойнын ойнаймыз.Ұұ-дыбысынан келетін сөздер ойлап табыңдар.Кане,кім дайын?

Оқушы:Ұ-шақ,ұ-я,ұ-лан,ұ-лар,ұн,ұ-сақ,ұр-шық,ұлу,ұш-қыш,ұ-ран,ұт-қыр,ұл,ұл-та-рақ. (текшелеп көрсетейік)

Мұғалім:Жарайсыңдар өте жақсы балалар орнымыздан тұрып сергіту сәтін жасайық.

Интерактивті тақтадан «Көңілді күн»атты жаттығуды музыкамен жасаймыз.Кане бәріміз бірге жасайық.

Әріп таңбасын салу (тақтаға,ауаға жазу)

Мұғалім:Қазір Ұұ-дыбысын ауаға жазамыз.Ұұ-дыбысы таяқша арқылы жазылады.

Әуелі \ бірінші таяқшасын саламыз.

/екінші таяқшасын саламыз.

Ұұ белін сызамыз.

Мен тақтаға жазамын.Сендер дәптерге жазасыңдар.Дәптермен жұмыс.Мұқият әдемілеп жазамыз.Жақсы енді тақтадағы суретке қарайық.

-мынау ненің суреті?

Оқушы:Ұршықтың.

Мұғалім:Ұршықтың не екенін білесіңдер ме?

Ұршықты көргендерің барма?

-Ертеде апа,әжелеріміз бізге шұлық,қолғап,бас киімдерді жүннен иіріп,сол жіптен тоқып беретін.Ал жүнді иіретін құрал «Ұршық» деп аталады.Осы ұршық сөзіне дыбыстық талдау жасайық.

Ұр-шық барлығы 5 дыбыс.

Оқушы: 5 дыбыс.

Мұғалім:Нешеуі дауысты,нешеуі дауыссыз дыбыс?

Оқушы:2 дауысты,3 дауыссыз дыбыс.

Мұғалім:Дұрыс,қазір Ұшты-ұшты ойынын ойнаймыз.

Ұшты-ұшты ойынын ұйымдастыру.

Ұшты-ұшты қарға ұшты.

Ұшты-ұшты балға ұшты.

Ұшты-ұшты көкек ұшты.

Ұшты-ұшты өтек ұшты.

Ұшты-ұшты тырна ұшты.

Ұшты-ұшты тырма ұшты.

Ұшты-ұшты жапалақ ұшты.

Ұшты-ұшты шапалақ ұшты.

Ұшты-ұшты сұңқар ұшты.

Ұшты-ұшты тұлпар ұшты.

Ұшты-ұшты үйрек ұшты.

Ұшты-ұшты бүйрек ұшты.

Мұғалім:Жарайсыңдар Ұұ-дыбысынан келетін сөздерді буынға бөлеміз.

Ұш-қыш деген сөзді буынға бөлейікші.Ұш-қыш .

Мұғалім:Неше буын?

Оқушы: 2 буын.

Мұғалім:Неге 2 буын?

Оқушы:Себебі ол сөзде 2 дауысты дыбыс бар.

Мұғалім:Жарайсыңдар,қазір мен сендерге үлестірмелі қағаз таратамын.

Қағазда Н...Р,Қ...Р,С...Р әріптер берілген.Осы әріптердің ортасына бүгінгі өтіп жатқан жаңа әріпті қойасаңдар сөздер шығады.Қойдықпа бәріміз?Енді қандай сөздер шықты оқимыз.

Оқушы:НҰР,ҚҰР,СҰР.

Мұғалім:Өте тамаша,бүгінгі өтіп жатқан жаңа Ұұ-дыбысымызға байланысты тақпақ оқимын сендер соны естеріңе сақтап айтасыңдар.



Ұзын-ұзын,ұзақ жолда,

Ұшақ ұшып барады.

Ұзақ жолдан ұшақ келіп,

Ұшақ жерге қонады. (3 рет қайталап айтқызу)

Мұғалім:Өте жақсы жарайсыңдар.Балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

Оқушы:Иә.

Мұғалім:Қандай дыбыс пен әріппен таныстық?

Оқушы: Ұұ-дыбысы мен әрпі.

Мұғалім:Бүгінгі сабақтан не үйрендіңдер?

Ұұ-дыбысынан келетін сөздерді,таппақ жаттап айтады.Ұұ-дыбысы туралы білдік.

Мұғалім:Бүгін барлығың сабаққа өте жақсы қатыстыңдар,барлығыңды бағалаймын.



Ұшқыш болып самғайық.

Шеңбер құрып тұрайық.

Көріскенше күн жақсы.

Сау саламат болайық.



Деп бүгінгі ашық сабағымызды жабық деп жариялаймын.Келгендеріңізге көп-көп рахмет.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Ұұ дыбысы мен әрпі

Автор: Утегенова Майра Тұрлықовна

Дата: 20.09.2017

Номер свидетельства: 428945

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Саба? жоспары: ? дыбысы мен ?рпі"
    ["seo_title"] => string(32) "sabak-zhospary-g-dybysy-mien-rpi"
    ["file_id"] => string(6) "271995"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1451883898"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Саба? жоспары: ? дыбысы мен ?рпі"
    ["seo_title"] => string(34) "sabak-zhospary-g-dybysy-mien-rpi-1"
    ["file_id"] => string(6) "271996"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1451883906"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "О о дыбысы мен әрпі"
    ["seo_title"] => string(19) "o_o_dybysy_mien_rpi"
    ["file_id"] => string(6) "390809"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1486889542"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "?? дыбысы мен ?рпі."
    ["seo_title"] => string(15) "oodybysymienrpi"
    ["file_id"] => string(6) "260776"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1449001364"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) ""?? дыбысы мен ?рпі""
    ["seo_title"] => string(18) "uu-dybysy-mien-rpi"
    ["file_id"] => string(6) "307134"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458275934"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства