Ұйымдастырушылық-ізденістік | - Балалар, өткен тақырыпта сендер қай дыбыспен таныстыңдар? - «С» әрпі неге ұқсайды? - Естеріңе түсіріңдерші «с» дыбысынан басталатын сөздерді. - Иә, дұрыс айтасыңдар, бұл сөздердің бәрі қай дыбыстан басталады екен? - «С» дыбысы қандай дыбыс? Тақтаға әріптер ілнеді сол әріптің арасынан «С» дыбысының тауып алғызу. - Енді, балалар, осы «с» дыбысын өткен дыбыстарға қосып оқиық. Са, сана, сара, маса, сат, тас, ас т.б. - Балалар, сөздерге дыбыстық талдау кезінде дыбыстардың несін ажыратамыз? - Балалар, мына тақтаға суреттерге қараңдар, ненің суретін көріп отырсыңдар? - Осы сөздерді буынға бөліңдерші, неше буыннан жасалады екен? - Бір буында неше дауысты дыбыс болады? Дидактикалық ойын: «Дәл тауып айт» Қыздар құлағына тағады — Сырға. Қыздар қолына тағады — Сақина. Уақытты көрсетеді — Сағат. Сиырдан не алынады — Сүт. Сызуға арналған құрал — Сызғыш. Мектепте не оқимыз — Сабақ. Кітаптарды қайда саламыз — Сөмке. Кірді немен жуамыз – Сабын Балалар шайнайды – Сағыз -Балалар осы сөздердің барлығы қандай әріптен басталып тұр? -Дұрыс айтасыңдар, С с. Олай болса біз бүгін С с дыбысы мен әрпін қайталадық. Сергіту жаттығуы: Домала доп домал Балшықа тек жолама Жеп көресін оныңды Бүлдіресін қолыңды Секіріп өт ойлардан Секіріп өт жолданда Қуса күшік жетпесін Машина басып кетпесін. Тіл ұстарту. Са-са-са – Ызыңдайды маса Ағаш болар таса. Дидактикалық ойын: «Ойлан, тап!». Ойын шарты: педагог жұмбақ жасырады, балалар жауабын тауып, соған сөйлем құрайды. Мысалы: Бақшада жер қазып, Жиып алды жез қазық. Сізде бар, Бізде жоқ. Сенде бар, Менде жоқ. Түсі суық ызғарлы Аузында айыр тісі бар -Дұрыс балалар, жылан қандай дыбыс шығарады? С с Саусақ жаттығуы: Сорпаға тұз себемін, Дәмін оның көремін. Тұз аз болса тағы да, Азырақ тағы себемін. Дәптермен жұмыс: Дәптердегі №22 тапсырма орындалады. Жеке жұмыс жүргізеді. | - «С» дыбысымен таныстық. - Айға, ораққа ұқсайды. - Сағат, сабын, сағыз, сырға, сауысқан, сыбызғы. - «С» дыбысынан басталады. - Дауыссыз дыбыс. Балалар тауып көрсетеді. Балалар сөздерді хормен оқиды. - Дауысты, дауыссыз дыбыс екенін ажыратамыз. - Сағат, тас, тұз, сауысқан, сырғаның суреттерін көріп отырмыз. - Са-ғат, са-уыс-қан – екі, үш буыннан жасалады екен. - Бір дауысты дыбыстан болады. - Сырға. - Сақина - Сүт. - Сызғыш. -сабақ -сөмке -сабын -сағыз С әріпінен Жауабы: сәбіз. Сәбізде дәрумен көп, бойды өсіреді. (С) (жылан -С-С-С-С Саусақтарымен жасайды. Тапсырманы орындайды. |