kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Тақырыбы: "Көктемнің әсем гүлдері"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім беру саласы: Таным. Әлеуметтік орта.

      Бөлімі: Құрастыру, қағаздан бүктеу.

      Тақырыбы: "Көктемнің әсем гүлдері".

      Мақсаты: Заттардың көлеміне, пішініне қарап, салыстыра отырып құрастыра білуді үйрету, қағаздан бүктеп гүл жасай алуды меңгерту.                                                                                                                            

                        Ойын арқылы балалардың құрастыра білу және ойлай білу  қабілеттерін дамыту.

                         Балаларды эстетикалық талғампаздыққа және шапшаңдыққа тәрбиелеу.

     Көрнекіліктер: Орманның, аюдың орманға барар жолының суреті, ғажайып алаңы, әртүрлі гүлдердің суреттері.

     Әдіс-тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап, сергіту сәті, қимылды ойын, ғажайып сәт, ғажайып алаңын ойнату.

      Сөздік жұмыс: Салыстыру, үлкен, кіші, қызғалдақ, сарғалдақ, бәйшешек    т. б.

      Билингвалды сыңары: көктем-весна, қызғалдақ-тюльпан, бәйшешек-подснежник, орман-лес.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Тақырыбы: "Көктемнің әсем гүлдері"»

"Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 44 «Ертарғын» балабақшасы" МКҚК









Ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы

Тақырыбы: "Көктемнің әсем гүлдері"

Ересектер тобы















Бейнелеу өнері пән мұғалімі: Райымова Алтынай Садыққызы







Тараз қаласы.





Білім беру саласы: Таным. Әлеуметтік орта.

Бөлімі: Құрастыру, қағаздан бүктеу.


Тақырыбы: "Көктемнің әсем гүлдері".


Мақсаты: Заттардың көлеміне, пішініне қарап, салыстыра отырып құрастыра білуді үйрету, қағаздан бүктеп гүл жасай алуды меңгерту.

Ойын арқылы балалардың құрастыра білу және ойлай білу қабілеттерін дамыту.

Балаларды эстетикалық талғампаздыққа және шапшаңдыққа тәрбиелеу.


Көрнекіліктер: Орманның, аюдың орманға барар жолының суреті, ғажайып алаңы, әртүрлі гүлдердің суреттері.


Әдіс-тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап, сергіту сәті, қимылды ойын, ғажайып сәт, ғажайып алаңын ойнату.


Сөздік жұмыс: Салыстыру, үлкен, кіші, қызғалдақ, сарғалдақ, бәйшешек т. б.


Билингвалды сыңары: көктем-весна, қызғалдақ-тюльпан, бәйшешек-подснежник, орман-лес.



Іс-әрекет кезеңдері


Педагогтің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті




Мотивациялық- қозғаушылық















Ұйымдастыру- шылық- ізденіс-тік.












































































Сергіту сәті












Балалар саппен көңілденіп педагогпен бірге залға кіреді.

-Балалар, қараңдаршы, бүгін бізге қонақтар келіпті. Қане бәріміз қонақтармен амандасайық.

"Әдептілік белгісі, иіліп сәлем бергені".

Енді бәріміз шеңбер құрып, бір-бірімізге жақсы тілектер тілейік.


Армысың асыл күн!

Армысың асыл жер!

Армысың көк аспан!

Жылуыңды қос маған!

Міне менің қолым.

Педагог: Балалар кім айтады, бір жылда неше мезгіл бар?

-Дұрыс.

Қазір жылдың қай мезгілі?

Көктем мезгілінде табиғаттан қандай өзгерістерді байқадыңдар?



Осы кезде есік қағылып, залға аю кіреді.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Сәлеметсіздер ме, қонақтар!

Мен орманға бара жатып жолдан адасып кеттім. Сендер маған жол көрсетіп, көмектесесіңдер ма?

Мен орманға бәйшешек теруге бармақшы едім.

Педагог:

- Балалар, біз аюға көмектесейік жарай ма?

Тақтадағы суретте орманға және

Балабақшаға баратын жолдың суреті көрсетілген.

- Суретте аю қай жолмен жүрсе орманға адаспай барады? Қараңдаршы, екі жол көрсетілген екен, бірі жуан, екіншісі жіңішке жол.


- Қай жолмен жүрсе орманға барады?

- Дұрыс айтасыңдар. Ал, қай жолмен жүрсе балабақшаға барады?

- Иә, дұрыс айтасыңдар. Балалар , біз орманға барар жолды қызғалдақпен ал, балабақшаға барар жолды сарғалдақпен белгіліеп қояйық. Аю сонда адаспай орманға баратын болады.

Алдарыңда сары және қызыл түсті сарғалдақ пен қызғалдақ гүлдері дайын тұр.

- Балалар, аю енді қай жолмен жүрсе орманға барады?


Аю:

- Рахмет сендерге балалар, - деп қуанып орманға кетіп қалады.

Ол орманға барып, қайтадан ренжіп көңілі түсіп келеді.

- Балалар, мен орманға барсам, ондағы гүлдердің ішінде бәйшешек жоқ екен.

Енді не істесем екен?

Педагог:

- Балалар, аюдың көңілін көтеру үшін біз ормандағы гүлдердің арасына бәйшешекті жасап берейік.

Ол бәйшешекті неден және қалай жасасақ екен ә? Ал, олай болса, бәріміз бәйшешекті қағаздан бүктеу арқылы жасайық.

- Балалар сендер білесіңдер ме, "оригами" дегеніміз не?




- Оны алғаш рет қай елде ойлап тапқан екен ?

Енді осы әдіспен бәйшешек гүлін жасап көрейік.

- бәйшешекті жасау үшін дайын үшбұрышты қағазды аламыз;

- үшбұрыштың ортасынан бүктейміз;

- оны қайта ашып, қолмен жазамыз;

- сосын екі шетіндегі бұрышын ішке қарай бүктейміз;

- дайын қиылған жасыл түсті сабағын бәйшешекке желіммен жапсырамыз;

- дайын болған бәйшешекті ормандағы гүлдердің арасына жапсырамыз.

Сол сәтте аю ұйықтап қалады.

Қимылды ойын : "Аюды ояту" ойынын ойнайды.

Аю оянып, балалармен бірге көңіл көтереді. Ол балалардың жасаған бәйшешектеріне риза болып, оларды мадақтайды.



Аю көңілденіп қолындағы балы бар ыдысты балаларға сыйға береді.

- Бұл ыдыстың ішінде сендерге деген сыйым бар, -деп аю орманға кетіп қалады.

Педагог:

- Ыдысты ашайық десек ашылмайды, қақпағында хат тұр екен. Былай деп жазылған екен:

"- Балалар, сендер гүлдер туралы және олардың түстері туралы сұрақтарға дұрыс жауап берсеңдер , оның қақпағы ашылады."

Олай болса балалар, мына тұрған

"ғажайып алаңы" арқылы біз ойнай отырып, сұрақтарға жауап берейік.

Бір бала ортаға шығып "ғажайып алаңның" тілшігін айналдырады. Ол қандай түсті бөлігіне тоқтайды, сол түстің атын айтады. Сосын сол түстес гүлді тауып айтады. Мысалы:


Ақ түсті - бәйшешек,

Сары түсті - сарғалдақ,

Қызғылт сары түсті - лилия гүлі,

Қызыл түсті - қызғалдақ,

Көк түсті - қоңыраугүл,

Күлгін түсті - наурызгек гүлі,

Қою қызыл түсті - раушан гүлі.

- Балалар, біз түрлі түсті гүлдердің барлығын таптық, олардың түстерін және аттарын да атадық. Осы гүлдер қай мезгілден бастап гүлдей бастайды?

- Гүлдер қандай?

Сұрақтарға жауап берген соң, ыдыстың қақпағы ашылады. Балаларға базарлық таратылады.

Балалар педагогпен бірге залға кіреді.

-Сәлеметсіздер ме?


Балалар бір-бірлерінің қолдарын үстіне қоя тілектер тілейді.










-Төрт мезгіл бар.



-Көктем мезгілі.

-Құстар қайта ұшып келеді, қар еріп, жерге жасыл шөптер өседі, гүлдер гүлдей бастайды. т. б.


- Саламатсыз ба?



- Иә, көмектесеміз.





-Жарайды.

Балалар назарын тақтадағы суретке аударады.




- Жуан жолмен жүрсе орманға барады.

- Жіңішке жолмен жүрсе балабақшаға барады.





Балалар тапырманы орындай бастайды. Гүлдерді өз орындарына жапсырады.

- Қызғалдақ гүлі бар жолмен жүрсе орманға адаспай барады.




- Балалар аюға таңқалып қарап қалады.








-Иә, иә.




- Балалар келіседі.


- Қағаздан бүктеу әдісі арқылы бейнелер жасауды оригами деп атайды.

- Жапония елінде.


Балалар педагогтің түсіндіруімен тапсырманы орындайды.




Жұмыс барысында қиналған балаларға көмек көрсетіледі.Балалар жасаған бәйшешектерін орманға жапсырады.


Балалар қызығушылық- пен ойнайды.










Балалар аюмен қоштасады.









- Жарайды.










Балалар ойынға қатысып, сұрақтарға жауап береді.








- Көктем мезгілінен бастап гүлдейді.

- Әдемі, жұпар иісті, түрлі- түсті.



Балалар қуанады.









Рефлексиялық- түзетушілік

Балалар, біз бүгін нелерді өттік? Тағы не істедік?

Аюға көмектестік , жол көрсеттік,бәйшешек жасадық, ойын ойнадық, гүлдердің түрлерін білдік.





Күтілетін нәтижелер:

Біледі: Балалар көктем мезгілі туралы толығырақ біледі, жуан-жіңішке

өлшемдерін біледі, гүлдердің түрлерін және түстерін ажырата біледі;


Игереді: Бәйшешекті қағаздан бүктеу әдісі арқылы жасай білуді игереді;


Меңгереді: Құрастырудың әдіс-тәсілдерін меңгереді, ойын арқылы сұрақтарға

жауап бере білуді меңгереді.



















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Райымова Алтынай Садыққызы

Дата: 18.10.2016

Номер свидетельства: 350187

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "Г?лдер ?лемі пед.ке?еске."
    ["seo_title"] => string(26) "guldierliemipiedkienieskie"
    ["file_id"] => string(6) "295874"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455885310"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "?аза?станны? жасыл ?лемі"
    ["seo_title"] => string(23) "kazakstannynzhasylliemi"
    ["file_id"] => string(6) "284598"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453999616"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей


Распродажа видеоуроков!
1770 руб.
2530 руб.
2220 руб.
3170 руб.
1880 руб.
2690 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства