Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Сауат ашу және жазу
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Ұұ дыбысы және әрпі. 36 – бет.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: ұ дыбысы және әрпімен таныстыру. Жеке сөздерді оқуға және тез оқуға дағдыландыру. Ұқыптылыққа, әдемі жазуға дағдыландыру. Жазуға қолдарын жаттықтыру.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.
Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: суреттер, кеспе әріптер, буындар.
Қостілділік компонент: ұя – сковоречник, ұл – мальчик, бұл – это.
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Жылулық шеңбері. Шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. Балаларды түгендеп, назарларын іс - әрекетке аудару.
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Педагог жұмбақ жасырады: Шыр айналып биші қыз,
Билеп-билеп алады.
Өз бұрымын беліне,
Орап түсіп барады. (Ұршық)
Ұршық сөзіне дыбыстық талдау жасау.
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Тіл ұстарту жаттығуы: Ұс-ұс-ұс
Қарлығаш – киелі құс.
2. Дәптермен жұмыс: Ұя, құдық, бұзау сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы ұ дыбысының орнын ажыратқызады.
3. Балалардың өздеріне ұ дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында келетін сөздерге мысал келтірту. Дәптердегі буындарды, сөздерді оқыту.
4. Үлгі бойынша ұ дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады.
5. Торкөздегі ұ дыбысының орнына қарай сөз ойлап табады. Торкөзді санап, суретті қайталап салады.
6. «Сөйлем құра» тапсырмасын орындайды.
7. Суреттерге қарап жыбыстық талдау жаса. Ұлу, ұя, бұғы, ұршық. Тордағы әріптерден сөз құра.
8. Үзік сызықтарды қос. Буындап оқы. Ұ-лу, ұ-я, бұ-лан, сұр. Ұр-шық, құ-лап, құр.
9. Жаңылтпаштар жаттау: Тұз - мұздай,
Мұз - тұздай.
Талап - тұлпар,
Білім - сұңқар.
10. Сергіту сәтін өткізу: «Ұшты-ұшты» ойыны.
Ұшты-ұшты, қарға ұшты.
(Балалар қарға сияқты ұшады).
Ұшты-ұшты, етік ұшты.
(Қолдарын көтеріп ұшпақ болған бала айыбын өтейді).
Жұмбақты шешеді.
Балалар тәрбиешімен бірге жұмыс жасайды.
Дәптердегі сөздерді оқиды.
Рефлексивті-түзетушілік
ІІІ. Оқу іс-әрекетін қорыту. Сұрақ – жауап арқылы өткен дыбысты қорытындылау.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Ұ дыбысымен таныстыру, сөз құрату, буын ішінде бекіту, дыбыстық талдау жасату.
Қандай түсініктерді игерді: балалардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: балаларды Ұ дыбысы бар сөз, сөйлем ойлауға үйрету.