Қолданылатын көрнекіліктер мен қажетті құрал-жабдықтар: 2- жіп, доп, гимнастикалық орындық.
Билингвалдық компонет:
Іс-әрекет кезеңдері
Ұйымдастырыушылық –ізденістік
Шеңбер бойы бірінің артынан бірі жүру ; баяу жүру, теріс қарап алға қарай жүруді алмастыра, педагогтің тапсырмасын орындай жүру. Екі шеңбер құру; бір орында тұрып жан-жаққа секіре бұрылу. Бір – біріне қақтығыспай, бірінің артынан бірі, жұптасып, «жыланша» ирелеңдеп жүгіру. Жеңіл жүгіру, жұптасып айналу. Аяқты тарсылдатып жүру.
Балалардың іс- әрекеті
Балалардың сапқа тұруларын әр түрлі жүріспен жүрулерін екі
қатарға тұруын қадағалау. Берілген тапсырмаларды қайталап жасау.
Педагогтың іс-әрекеті
Өрілген жіппен орындалатын жалпы дамыту
жатығулары.
1. «Өрілген жіпті арқаға сал!». Б.қ,: аяқ сәл алшақ, өрілген жіпті ұстап, қолды төмен түсіріп тұру. 1- өрілген жіпті соза жоғары көтеру, оған қарау. 2- қоды түзу ұстап, арқа жаққа түсіру. 3- жоғары созу. 4- б.қ. келу.
2. «Гамак». Б.қ.: аяқ алшақ, өрілген жіптің екі шетінен алып, төмен ұстау. 1-7- аяқты бүкпей алға еңкейіп, өрілген жіпті бүгулі қолмен алға, артқа гамак тәрізді тербеу. 8-б.қ. келу.
3. «Аяқты артқа соз!». Б.қ.: н.т., өрілген жіпті ұстап, қолды төмен түсіріп тұру. 1- өрілген жіпті соза жоғары көтеру, бір мезгілде оң аяқты артқа созып, аяқтың ұшын еденге тигізіп, демді ішке тарту. 2-б.қ. -дем шығару. 3-4 – осы қимылды сол аяқпен орындау.
4. «Тізеңе қой». Б.қ.: н.т. өрілген жіпті бүгілу тізеге қою, алақанды жоғары қаратып, қолды артқа тығу, бір аяқта тұрып дауыстап, 10-ға дейін санау. 4-б.қ. Келесі аяқпен орындау.
5. «Секіру». Б.қ.: аяқ сәл алшақ, қол белде, өрілген жіп еденде созылып жатады. Өрілген жіп үстімен алға, артқа секіру және бір орында жүру.
Баяу жүру және тыныс алу жаттығуымен аяқтау.
Балалардың іс- әрекеті
Еркін тыныс алу.
Қолды жоғары көтеріп, демді ішке тарту, қолды босаңсытып, алға қарай еңкейіп, дем шығару.
Балалардың дамыту жаттығуларын бір қалыпты, бір мезгілде жасауларын қадағалау. Және тыныс алу жаттығуларын дұрыс жасауларын қадағалау.
Түсінбей қалған баламен жұмыс жүргізу.
Қорытынды: Бүгінгі оқу іс-әрекетінде не істеді?
Сұрақ-жауап арқылы ұйымдастырылған оқу іс- әрекетін бекіту, оқу іс-әрекетіне қатысқан балаларды мақтау-мадақтау. Қойылған сұрақтарға толық жауап бере отырып, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін қорытындылайды.