Мотивациялық-қозғаушылық | Жылулық шеңбері Кіріспе Тәрбиеші жұмбақ жасырады: Өзі бір қу, Жүрген жері айғай-шу. Тақтаға түлкі мен түлкішектер бейнеленген сурет іледі. -Мына суретке қараңдаршы, мұнда не бейнеленген? -Түлкінің баласын қалай атайды? -Түлкішек туралы не айтуға болады, ол қандай? Үлкен бе, әлде кішкентай ма? -Ал түлкі қандай? -Біз түлкі туралы көп ертегі оқығанбыз. Естеріңе түсіріңдерші, қандай ертегілерді білесіңдер? -Өте жақсы. Олай болса мен сендерге бүгін түлкі туралы тағы бір ертегіні оқып беремін. | Жұмбақты шешеді: Түлкі. Түлкі мен оның балалары. Түлкінің баласын түлкішек деп атайды. Түлкішек-кішкентай, әлсіз. Түлкі-үлкен, күшті. «Түлкі мен құмыра», «Арыстан мен түлкі» ертегілерін білеміз. |
Ұйымдастыру кезеңі | Жаңа тақырып Тәрбиеші мәнерлеп «Түлкі мен ешкі» ертегісін оқып береді. Мазмұны бойынша сұрақтар қою: -Бұл ертегіде не туралы айтылған? -Ертегіде түлкі қандай болып көрінеді? -Ал, ешкі қандай? -Құдық қандай екен? Сөздік жұмыс «Апан, құдық» сөздерінің мағынасын түсіндіру. Сергіту сәті Дәптермен жұмыс -Ертегіні тағы да бір рет айтып берейін, сендер дәптердегі суретке қарап отырып тыңдаңдар, сосын өздерің айтып бересіңдер. Ертегі мәтінін екінші рет оқып беру. Қуыршақ театры Қуыршақ театрына арналған ойыншық жануарларды қолдарына кигізіп, рөлдерді бөліп береді. Автордың сөзін тәрбиеші айтып тұрады. Жұмбақтарды шешіп, шешуін дыбыстық талдау бойынша оқы. «Ешкі» сөзіне дыбыстық талдау жасату Бір балаға тақтада, қалған балаларға орындарында отырып алдарындағы қызыл, көк түсті дөңгелектерді пайдаланып «ешкі» сөзіне дыбыстық талдау жасатады. Сөздегі дыбыстардың орнын әр дыбысқа екпін түсіріп айту арқылы анықтатады. Сөзді қатыстырып сөйлем құратады, сөйлемнің сызбасын жасатады. Тақтаға түлкінің жеке суретін іледі. -«Түлкі» сөзін буынға бөл. -Қанша буын бар? Бірінші буынды ата. Екінші буынды ата. -«Түлкі» сөзінде л дыбысы сөздің қай жерінде келіп тұр? «Түлкі» сөзін қатыстырып сөйлем құра. -Сөйлемде неше сөз бар? | Сұрақтарға жауап береді: Түлкі-қу, әдемі, ақылды, епті, жылдам т.б. Ешкі-аңқау, сенгіш, аңғал т.б. Құдық-терең, қараңғы, суық, тар т.б. Ертегіні қайталап тыңдайды. Сөздердің мағынасын түсініп алады. Балалар түлкі мен ешкінің рөлін ойнап, сөздерін дауыс ырғақтарын келтіріп айтады. Дәптердегі тапсырмаларды орындайды. «Ешкі» сөзіне дыбыстық талдау жасап, сөзді қатыстырып сөйлем құрайды, сөйлемнің сызбасын жасайды. Тапсырмаларды орындайды. Түл-кі Түлкі сөзінде 2 буын бар. Түлкі сөзінде «л» дыбысы сөздің ортасында келіп тұр. Түлкі-жабайы аң. |