Ұйымдастыру-нәтиже бөлімі | Өзіммен өзім -Балалар ыңғайланып отырып, үнтаспадан табиғаттың дыбыстарын тыңдайды және көз алдыларына елестетеді. -Енді,туған жерімізге қандай жақсылық жасай алатынымызды ойлап, көз алдымызға елестетіп көрейік. Ал енді көзімізді ашып,өз ойларымызбен бөлісейік. -Туған жер дегенді қалай түсінесіңдер? -Балалар енді біз «Туған жер туы» туралы саханалық көріністі тамашалайық. -Әжесі мен Асылзат туған жерге сүйіспеншіліктерін қалай білдірді? -Өздерің туған жерге деген сүйіспеншіліктеріңді қалай білдірер едіңдер? -Әрбір адам үшін туған ел, туған жер барлық уақытта да қымбат.Өйткені туған өлке саған алтын бесік атамекен болып саналады.Туған елді әңгіме еткенде оған деген сүйіспеншіліктен жүрегіміз лүпілдейді.Туған елдің құдіреттілігі соншалықты, жаныңды баурап алады. -Дұрыс айтасыңдар, балалар туған жерді ауылды,қаланы көркейтуіміз,оған қамқорлық жасауға өз үлесімізді қосуымыз туған жерге сүйіспеншілікті білдіреді. Дәйексөз «Туған жер –алтын бесік» Әркімге өзінің туып-өскен жері,оның сылдырап аққан суы,биік таулары,қош иісті гүлдері де ыстық.Сондықтан әркім өзінің туған жеріне деген махабатын,Отанына сүйіспеншілігін, мақтанышын түрлі жолдармен білдіреді.Ақын –жазушыларымыз туған жердің сұлу табиғатын жырласа, суретшілеріміз суретін салады. -Балалар сендер өз туған жерлеріңе деген сүйіспеншіліктеріңді қандай ғажайып сөздермен білдіресіңдер? - Әркім өзінің туған жеріне деген махабатын,Отанына сүйіспеншілігін, мақтанышын түрлі жолдармен білдіреді. Ал балалар сендер өз туған жерге деген сүйіпеншіліктеріңді қалай білдіресіңдер! «Мақалды аяқта» -Жарайсыңдар балалар! Бүгін сабақтан қандай әсер алдыңдар? Не жайлы білдіңдер? -Балалар ,туған жер бұл біздің туып өскен жеріміз.Біз бүгін Туған жер туралы білдік.Отанды,туған жерді қадірлеу керектігін түсіндік. Жүректен жүрекке -Балалар мен өз отаныма туған жеріме деген сүйіспеншілігімді былай білдіремін. | -Туған өлкеміздің табиғаты қандай тамаша!Айналамыз жап-жасыл,сан алуан тамаша гүлдер хош иісін аңқытып,биік, биік ағаштар мейірімді анадай көлеңкесін тосып тұр.Туған жердің әрбір шөбі, әр гүлі, әр ағашы, салқын самалы,қасиетті топырағы көзіңе оттай ыстық.Оның қызыл-жасыл көбелегі,құстардың құйқылжыта салған үні,жан-жануардың дыбысы құлағыңа жағымды естіледі.Туған жердің таза ауасымен дем алып,көңілдерің көтеріліп, жандарың жайланып қалды. Балалар алған әсерлерін, ойлаған ойларын ортаға салады. Нұрасыл: Мен бұл сұрақты былай түсінемін.Туған жердің табиғаты әр адамға ерекше әсер етеді.Адам өзінің туған жерін алыс сапарға шыққанда қатты сағынады,оны ешнәрсеге айырбастамайды. Адамның өніп-өскен, білім алып,өмір сүретін мекенін «туған жер немесе туған өлке» деп атайды. Анель: Меніңше туған жердің табиғаты керемет.«Ел іші алтын бесік»деп халық тегін айтпаған.Әрбір адам туғаннан-ақ ел бесігінде тербеледі. Адам болып қалыптасады, суығына төзеді, жақсылығын бірге бөліседі. Ақерке: Менің білгенім Туған жер- әрбір адамның жарық дүниеге шыр етіп келген киелі мекені,ең алғаш жұтқан ауасы,табанының бастапқы ізі түскен жері,аялап өсірген алтын бесігі. Темірлан: Менің ойымша әркімнің өз туған жерінің кең даласы, оның құмы, өзені, тау-тасы, орман, яғнибір сөзбен айтқанда кіндік қаны тамған жерлері өздеріне қымбат. Жалғас: Менің ойымша туған жерім өте көркем. -Туған ел,туған жер деген сөздер жүрекке жылы әсер етеді.Туған елін,өскен жерін сүю – әрбір ұрпақтың парызы. Елнұр: Ал мен анамның туған жеріне барғанда таза ауасымен дем алдым, сылдырап аққан бұлақтың дауысы құстардың сайраған үні, жан-жануарлардың дауысы құлағыма жағымды естілді. Мен өзімнің туған жерімді өте жақсы көремін. Әркімге туған жері қымбат. Дария: Менің туған жерімдегі халық жаңаша өмір сүреді. Оларда тұрмыстық техниканың түр-түрі бар. Жаңа заман ауылы –еліміздің мақтанышы, байлығы,көркі.Ауыл – халқымыздың алтын діңгегі. Адинура: Ал мен былай айтар едім.Біздің ақын –жазушыларымыз туған ауыл туралы мақтаныш сезіммен көптеген өлең-жырлар жазып,мадақтаған. Тәрбиеші: Мысалы:Өтебай Тұрманжанов атамыз былай деп жырлаған екен. Балауса: Көгінде күн нұрын төккен, Жерінде гүл жұпар сепкен. Неткен сұлу,неткен көркем! Осы менің туған өлкем! Алтын дәнді даласы бар, Ақ күмістей қаласы бар. Неткен сұлу,неткен көркем! Осы менің туған өлкем! Рамина: Түлігі өскен алуан-алуан, Төс, алқабы малға толған. Неткен сұлу, неткен көркем» Осы менің туған өлкем! Асыл: Ер еңбегі шалқып тасқан, Ел еркіндеп бақыт тапқан. Неткен сұлу,неткен көркем! Осы менің туған өлкем! Адина Д Неткен сұлу туған өлкем, Жаралғансың нұрдан өлкем. Даңқың биік асқақтасын, Тағайық гүл жырдан өлкем! Саханалап көрсетеді. Нұрасыл: Біз ауылда тұрамыз.Атам,әжем,мамам, папам,кішкентай інім – Ербол және мен – Асылзат – бәріміз бір отбасынанбыз. Наурыз айының соңында ауылға көп тал көшеттері әкелінді. Ауыл адамдары жиналып сенбілік жасады. Сол күні атам,мамам,папам, Ербол ертелетіп қалаға қыдырып кетті,үйде әжем екеуіміз ғана қалдық. Әжем ұлкен орамалмен белін буынып алып,қолына күрек ұстап,аулаға шықты. Балалар: «Әже,әкеліңіз сіз үшін талды өзіміз –ақ отырғызамыз ғой». Дария: «Қарақтарым,туған жерге туың тік» деген және тағы «Еңбек түбі-береке, көптің түбі -мереке» деген де бар.Мерекеден немерем екеуіміз қалай қалыс қалмақпыз. Нұрасыл: Әжем көшетке арналған шұңқырды тереңірек қазды. Дария: «Таяз қазып, талымыз желге ұшып кетіп масқара болармыз». Нұрасыл:Әжем қазған шұңқыр тіпті өзгелердікінен тереңірек көрінді маған. Жан-жаққа тамыры жайылған жіңішке тал көшетін шұңқырға түсіріп: Дария: -Асылзат,ұста,түзу ұста. Нұрасыл:Мен талды титтей де қисатпай ұстауға тырысып –ақ тұрмын.Сөйтіп,біздің де көшетіміз егілді. Балалар өз ойларын айтады. Туған жердің суретін салады. -Туған жерімді аялаймын. -Туған жерімді сүйемін. -Туған жерге қамқормын. -Мен отанымды сүйемін. -Мен Қазақстанның ұланымын. -Мен туған елімді сүйемін. -Мен тәуелсіз елімді жақсы көремін. Сабина: Атқұлақты ат қылып, Асыр салған осы жер. Ақ батпаққа аунасып, Жарыс салған осы жер. Айналайын,туған жер, Кіндік қанын жуған жер. Аяжан: Аспанымдай мөлдірмін, Жайлауымдай жазықпын. Өзенімдей өршілмін, Гүлдерімдей нәзікпін. Қуат алған өзінен, Қуат алған өзінен, Бақытты етіп өсірген, Отанымның гүлімін. Нұрсая: Туған жер-алтын бесігім, Тербеттің мені төсіңде. Жүреді сенің есімің Мәңгі бақи есімде. Диана: Төскейден жел еседі, Төбемнен бұлт көшеді. Туған жерім мен үшін, Көк майсасын төседі. Санжар: Ұлтарақтай болса да, Ата қоныс жер қымбат. Ат төбеліндей болса да, Туып өскен ел қымбат. Фатима: Жұп-жұмсақ жұпар желі бар, Мөп-мөлдір айдын көлі бар. Нөсерлеп құяр селі бар, Бәйшешек толы белі бар, Еңбекті сүйген ері бар, Осындай менің жерім бар! Адина Ш: Ақ жаңбырға шомылып, Туған жердің алабы, Қызғалдаққа көміліп, Көздің жауын алады. Дильназ: Қазақстан,туған жерім –киелім, Қастерлеймін,басымды мен иемін. Табиғаттың–таптырмас жан байлығым, Бәрін-бәрін аялаймын,сүйемін. 1.Адинура: Аққу айдынын аңсайды, Елнұр: Адам туған жерін аңсайды. 2.Аяжан: Бөтен жердің гүлінен, Диана: Туған жердің тікені артық. 3.Асыл: Сағынған ер елін аңсайды, Рамина: Сарала қаз көлін аңсайды. 4.Адина Ш: Туған жердің жері де көрікті, Ақерке: Елі де сүйікті. 5.Адина Ш: Туған жердей жер болмас, Аяжан: Туған елдей ел болмас. Жауаптары тыңдалады. 1.-Туған жерім Қазақстанды мақтан етемін. 2.-Мен туған жерімді қорғаймын. 3.-Мен туған жерімді мақтан етемін. 4.-Менің туған жерім ғажайып. 5.-Еліміз бейбітшілікте болсын! 6.-Еліміздің тыныштықта өмір сүруін қалаймын. 7.-Отанымды сүйемін,қорғап жүремін. |