kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Төрлет, Наурыз төріме!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ілесіп Наурызбен көктем жетсін,
Көңілін үлкен-кіші көкке өрлетсін.
Еңсесі көтеріліп ер азамат,

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Төрлет, Наурыз төріме!»

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы ҚМКК №1 «Аққайың» бөбекжайының

Тәрбиешісі Кудабаева Гульнур Арыстанбековна

Тақырыбы: Төрлет, Наурыз төріме!
Мақсаты: Балалардың Наурыз туралы түсініктерін арттыру, ой өрісін, тілін дамыту. Халқымыздың салтын, әдет-ғұрпын өнегелі, өнерлі азамат болып бірлікке, достыққа тәрбиелеу. Қазақтың ұлттық киімдерін киген бүлдіршіндер «Көңіл ашар» күйінің сүйемелдеуімен, мерекелік бағдарлама өтетін жерге орындарына келіп тұрады.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар!
Ілесіп Наурызбен көктем жетсін,
Көңілін үлкен-кіші көкке өрлетсін.
Еңсесі көтеріліп ер азамат,
Ескі жылмен реніш өкпең кетсін- дегендей наурыз жыл басы құтты болсын!
Жаңа жыл тек қана жақсылығын, жаңалығын әкелсін! Ақ мол болсын! Халық тоқ болсын, Еліміз тыныш болсын! Баршамызға бақ қонсын!
Шығыс музыкасы ойналып тұрады, залға Падишах пен Шахрезада кіріп келеді.
Падишах: Наурыз келді гүлім,
Жер көгереді, ел көгереді гүлім.
Шахрезада: Наурыз келсе қайтем. Маған қызық емес.
Падишах: Ол Наурыз жыл басы. Бәріне мұсылман қауым Найрыз мерекесін тойлайды.
Шахрезада: Жылда- жылда тойлай береміз бе? Жалықтырып жіберді.
Падишах: Сені қалай көңілдендіремін екен? Әлде қыздарға би билетейін бе?
Шахрезада: Басын шайқайды.
Падишах: Жігіттерге ән айтқызайын ба?
Шахрезада: Басын шайқайды.
Падишах: Енді не істейін жұлдызым, күнім.
Шахрезада: Секіріп қуанып. Мен қыдырғым келеді басқа елді көргім келіп тұр.
Падишах: Қайда барамыз?
Залға екі атпен жаушы шауып кіреді.
1-Уа ағайын-туысқан,
Наурыз күн туды шығыстан.
Сол тойға келдік шақырып,
Ат терлетіп алыстан.
2- Армысыздар халайық,
Бармысыздар халайық.
Наурыз тойын бәріміз,
Биыл бірге қарсы алайық.
Падишах: Амансыңдарма жігіттер? Мерекеге шақырғандарыңа рахмет! 
Шахрезада: Қазақстан еліне барамыз.
Падишах: Жарайды барайық. Қазақ елі бізге туысқан, біз сияқты мұсылман халық. Өте қонақжай халық деп естідім. (Музыкамен жүріп шаңырақтың ішіне кіріп отырады).
Жүргізуші: Қашанда құт береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу салты елімнің,
Уа, халайық теріп ал шашуымды.
Қабыл қылсын халқымның ақ тілеуін. (Шашу шашылады)
Падишах: Мереке наурыз жыл басы,
Наурыз тойы құтты болсын.
Дендерің сау, мықты болсын!
Аман есен болайық.
Шахрезада: Жаңа жыл құтты болсын!
Ән: «Наурыз айы!
Шахрезада: Қандай көңілді мереке! Келгеніміз қандай жақсы болды.
Музыкамен залға алдар көсе келеді.
Алдар көсе: Армысыздар балалар, армысыздар халайық! Мен Алдар көсемін, Мерекелерің құтты болсын!
Падишах: Ассалаумағалейкум, Алдар көсе!
Алдар көсе: Уағалейкумассалам! Біздің елге қонаққа келіп қалыпсыздар. Қонақтардың келгенін естіп қазақ елі туралы әңгімелеп берейін деп келдім.
Шахрезада: Алдар көсе аға наурыз-наурыз дейді, ол қандай мереке?
Алдар көсе: 22 Наурыз күні күн мен түн теңеледі, табиғаттың бәрі жаңа өмірге келеді, жер көгереді, ағаштар бүршік жарады. Сондықтан наурызды жаңа жыл деп атайды. Шығыс халықтарының жаңа жылы наурыз болып саналады. Наурыз күні біз ұлттық ойындар ойнаймыз, ән айтамыз, би билейміз.
Ал, қонақтар, балалар мен қазір ортаға «Теңге алу» ойынын ойнауға жігіттерді шақырамыз.
Жүргізуші: Бұл ойында тәсіл көп,
Кім мол алса теңгені,
Сол жігіттің жеңгені,
«Теңге алу» қазақтың ұлттық ойыны.
Балалардың наурыз мерекесіне арнаған тақпақтарын қабыл алыңыздар.
1.Құрт-бауырсақ шашылсын,
Наурыз тойы ашылсын.
Бір-бірімен мынау жұрт,
Өнерлерін асырсын.
2.Армысыздар халайық!
Әр кез аман болайық,
Наурыз тойын қуанып,
Жылда қарсы алайық.
3.Арпа, бидай бастаған,
Жеті дәмнен аспаған.
Наурыз көже ежелден,
Бұл тойдағы бас тағам.
4.Күттіріп келген жыл басы,
Бізбен бірге ойнашы.
Дастарханыма көп көп,
Береке ырыс сыйлашы.
Ойын: «Қыз қуу»
Халқымыздың кез келген тойы айтыссыз өтпеген. Айтыс арқылы ақындар сөздің дәмдісін, әннің саз-дысын жеткізе білген. Олай болса ортаға айтыскер ақындарды шақырамыз.
1 бала- Туған елім армысың, 2 бала- Сәлем бердім халқыма,
Амандығы елімнің, Мына отырған жалпыға,
Баланың бұл алғысы. Бүлдіршіндер біз келдік,
Қанат қағып талпына.
3 бала- Туған жерім тым ыстық, 4 бала- Бала-бақшам менің,
Тасып жатқан ырыс-құт, Сені мақтан етемін,
Елімізде болса екен, Үйге барсам кешкісін,
Бақыт, шаттық тыныштық. Сағынып сені кетемін.
Музыкамен залға «Наурыз аруы» кіріп келеді.
Ақтарған кең даламның алтын кенін,
Мереке басы болсын берекенің,
Ардақты наурыз тойы салтың елім!
Падишах: Амансың ба қарындасым, қазақ елі әсем әнге, асыл сөзге, әдемі қыздарға бай екен?
Наурыз аруы: Біздің елге келіп қалыпсыздар қазақ әнін, қазақ халқының ойындарын, биін алғаш рет тамашалаңыздар.
Ал енді «Наурыз» атты қазақтың ұлттық киім үлгілерінің жиынтығының көрсетілімі. Қыздар-ер балалар сән үлгісін көрсетеді.
Алдар көсе: Қазақ салты бойынша алыстан келген қонаққа біз шапан кигіземіз. Падишахтың иығына шапан жабады.
Наурыз аруы: Ал қыздарға үнемі тақия кигіземіз. Шахрезадаға үкілі тақия табыс етеді.
Падишах: Рахмет. Биылғы Наурыз айы мәңгі есте қалатын болды.
Шахрезада: Бәріміз тату- тәтті өір сүрейік, бізге қонаққа келіңіздер.
Ән: «Дастархан»
Енді біздің наурыз көжемізден ауыз тиіңіздер. Дастарханға шақырамыз сіздерді.
Падишах: Біздің қызымыз екеуміздің сыйымызды қабыл алыңыздар.
Сандықты ашып сыйлықтарын көрсетеді. «Қара жорға» әнімен бәрі би билейді.
Жүргізуші: Наурызым құт әкелсін елімізге,
Береке әкелсін жерімізге.
Жаңа жыл елімізді жарылқасын.
Қиналып еш отбасы тарықпасын,
Наурызымыз құтты болсын.
Келесі наурызға дейін баршамыз аман-сау болайық.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Төрлет, Наурыз төріме!

Автор: Кудабаева Гульнур Арыстанбековна

Дата: 08.02.2018

Номер свидетельства: 455776

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "Хош келдің, төрлет, Наурызым!"
    ["seo_title"] => string(28) "khosh_keldin_torlet_nauryzym"
    ["file_id"] => string(6) "551789"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1590682141"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "Наурыз – жыл басы!"
    ["seo_title"] => string(18) "nauryz_zhyl_basy_1"
    ["file_id"] => string(6) "394232"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1487668847"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) ""Т?рлет, Наурыз т?ріме! " т?рбие са?аты "
    ["seo_title"] => string(38) "torliet-nauryz-torimie-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "229630"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1441815011"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "«Т?рлет, Наурыз т?ріме!» "
    ["seo_title"] => string(22) "torliet-nauryz-torimie"
    ["file_id"] => string(6) "221950"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1435686953"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(98) "Та?ырыбы: «Н?рын шаш?ан жыл басы - Наурыз келді, ала?ай!»"
    ["seo_title"] => string(58) "tak-yryby-nu-ryn-shashk-an-zhyl-basy-nauryz-kieldi-alak-ai"
    ["file_id"] => string(6) "313085"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459432364"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства