kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Т?рлет, Наурыз т?ріме! " т?рбие са?аты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: Балалар?а ?лысты? ?лы к?ні туралы ма?л?мат беру;

Балаларды елін, Отанын с?юге, ?лтты? салт-д?ст?рін д?ріптеуге т?рбиелеу;

Имандылы?, инабаттылы?, ізеттілік ?асиеттерін ?алыптастыру.

К?рнекілігі: газеттер, на?ыл с?здер, киіз ?й керегесі, ?лтты? б?йымдар.

Барысы:

1 Кіріспе

Мейрам ?тетін жер салт-д?ст?рге байланысты жабды?талады. Балалар ?лтты? киімдерімен келеді. Киіз ?й керегесін сахна жасалынады. ?ла?атты с?здер:

«Наурыз ??тты болсын!»

«Жыл басы-наурыз!»

«??т береке мейрамы Наурыз жасасын!»

Залда ?сем ?уен ойнап т?рады.

Т?рбиеші: Армысыздар ??рметті ?она?тар, балалар!

Ілесіп Наурызбен к?ктем жетсін,

К??ілін ?лкен-кіші к?кке ?рлетсін.

Е?сесі к?теріліп ер азамат,

Ескі жылмен реніш ?кпе? кетсін-дегендей наурыз жыл басы ??тты болсын!

Жа?а жыл тек ?ана жа?сылы?ын, жа?алы?ын ?келсін! А? мол болсын! Халы? то? болсын, Еліміз тыныш болсын! Баршамыз?а ба? ?онсын!

Шы?ыс музыкасы ойналып т?рады, зал?а Падишах пен Шахрезада кіріп келеді.

Падишах: Наурыз келді г?лім,

Жер к?герді, ел к?герді г?лім.

Шахрезеда: Наурыз келсе ?айтем. Ма?ан ?ызы? емес.

Падишах: Ол Наурыз жыл басы. Б?ріне м?сылман ?ауым Наурыз мерекесін тойлайды.

Шахрезада: Жылда-жылда тойлай береміз бе? Жалы?тырып жіберді.

Шахрезеда: Секіріп ?уанып. Мен ?ыдыр?ым келеді бас?а елді к?ргім келіп т?р.

Падишах:?айда барамыз?

Зал?а екі атпен жаушы шауып кіреді.

  1. –Уа а?айын-туыс?ан,

Наурыз к?н туды шы?ыстан.

Сол той?а келдік ша?ырып,

Ат терлетіп алыстан.

 

 

  1. –Армысыздар халайы?,

Бармысыздар халайы?.

Наурыз тойын б?ріміз,

Биыл бірге ?арсы алайы?.

 

Падишах: Амансы?дарма жігіттер? Мерекеге ша?ыр?андары?а рахмет!

 

Шахрезада: ?аза?стан еліне барамыз.

 

Падишах жарайды барайы?.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Т?рлет, Наурыз т?ріме! " т?рбие са?аты »




















































Төрлет, Наурыз төріме!


Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру;

Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу;

Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.

Көрнекілігі: газеттер, нақыл сөздер, киіз үй керегесі, ұлттық бұйымдар.

Барысы:

1 Кіріспе

Мейрам өтетін жер салт-дәстүрге байланысты жабдықталады. Балалар ұлттық киімдерімен келеді. Киіз үй керегесін сахна жасалынады. Ұлағатты сөздер:

«Наурыз құтты болсын!»

«Жыл басы-наурыз!»

«Құт береке мейрамы Наурыз жасасын!»

Залда әсем әуен ойнап тұрады.

Тәрбиеші: Армысыздар құрметті қонақтар, балалар!

Ілесіп Наурызбен көктем жетсін,

Көңілін үлкен-кіші көкке өрлетсін.

Еңсесі көтеріліп ер азамат,

Ескі жылмен реніш өкпең кетсін-дегендей наурыз жыл басы құтты болсын!

Жаңа жыл тек қана жақсылығын, жаңалығын әкелсін! Ақ мол болсын! Халық тоқ болсын, Еліміз тыныш болсын! Баршамызға бақ қонсын!


Шығыс музыкасы ойналып тұрады, залға Падишах пен Шахрезада кіріп келеді.



Падишах: Наурыз келді гүлім,

Жер көгерді, ел көгерді гүлім.

Шахрезеда: Наурыз келсе қайтем. Маған қызық емес.


Падишах: Ол Наурыз жыл басы. Бәріне мұсылман қауым Наурыз мерекесін тойлайды.


Шахрезада: Жылда-жылда тойлай береміз бе? Жалықтырып жіберді.


Шахрезеда: Секіріп қуанып. Мен қыдырғым келеді басқа елді көргім келіп тұр.

Падишах:Қайда барамыз?


Залға екі атпен жаушы шауып кіреді.


  1. Уа ағайын-туысқан,

Наурыз күн туды шығыстан.

Сол тойға келдік шақырып,

Ат терлетіп алыстан.



  1. Армысыздар халайық,

Бармысыздар халайық.

Наурыз тойын бәріміз,

Биыл бірге қарсы алайық.


Падишах: Амансыңдарма жігіттер? Мерекеге шақырғандарыңа рахмет!


Шахрезада: Қазақстан еліне барамыз.


Падишах жарайды барайық.


Келе жатыр жылымыз,

Мейрамдаймыз мұны біз.

Халқы сүйген мейрамды

Қарсы алайық Наурызды!

(Әжесі мен Наурыз қыз ортаға келеді. Әжесі шашу шашады)

Наурыз қыз:

Наурыз тойы-береке,

Наурыз тойы-жыр аңыз.

Қызып дулы мереке

Қызық думан құрамыз.


1-бала: Қош келіпсің Наурыз!

Арман тойы халықтың.

Қуанышы халықтың,

Құтты болсын қадамың!


2-бала: Би биледік бәріміз!

Егін өңін толқытқан,

Елдің көңілін шалқытқан.

Бас иеміз-Наурыз!


3-бала: Сені тойлап қарсы алып,

Бар әлемге жар салып,

Сәлем бердік, біз сізге!



Падишах: Сенің көніл-күйіңді қалай көтерсем екен?Әлде жігіттер мен қыздарға би билетейін бе?


Шахрезада: Жарайды, би билеп берсін.


Падишах: Енді не істейін жұлдызым, күнім.


Шахрезеда:Жігіттерінің күшін сынап көрейінші (белінен арқан шешіп береді)

Ұлттық ойындар ойналады.


Падишах: Ой, рахмет, көңіліміз көтеріліп қалды ғой.

Мереке наурыз жыл басы,

Наурыз тойы құтты болсын.




























































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы күні: 11.03.15 ж

Білім саласы: Қатынас, Таным, Шығармашылық

Бөлім: Көркем әдебиет, ҚМҰҚ, жапсыру

Тақырыбы: Көңілді көктем

Мақсаты: Балаларға жыл мезгілдерін ажырата білуге ,әр мезгілдің ерекшелігін танып білуге бағыт беру, ойлау қабілеттерін, тіл байлықтарын дамыту, қоршаған ортаны сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Үй жануарлары жайында балалрдың білімдерін кеңейту, оларды күтіп-баптауға адамдарға тигізетін пайдалары жайлы түсінік беру және адамдардың жануарларға қамқорлығын түсіндіру. Балаларға ойыншықтарды сипаттай отырып, қысқа әңгіме құрастыра білуді үйрету. Ол неден жасалғанын және қатты ма, жұмсақ па екенін білу, меңгерту. Пішіндер арқылы құстарға үйшік жасау, дидактикалық ойындар арқылы балалардың есте сақтау қабілетін дамытып, ойлау қабілетін арттыру.

Қажетті құралдар: Суреттер, муляждар, пішіндер, ойыншықтар.

Билингвалдық компонент: жануарлар-животные, құс-птицы, төл-детеныш


Іс-әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеп талаптану

Шаттық шеңбері:

Арайлап таң атсын!

Алтын сәуле таратсын!

Жарқырайды күніміз!

Жайнай түсті даламыз.

Қайырлы күн, балалар!

Қайырлы күн қонақтар!


-Балалар ортаға шығып орындайды.

Ұйымдастырушылық ізденіс

-Балалар бізге бүгін қонақтар келіпті. Конақтар өздерімен бірге тапсырмалар ала келіпті.

-Біз тапсырмаларды орындауымыз керек.

-Орындаймыз ба?

1-тапсырма:

-Бір жылда неше мезгіл бар?

-Атап шығыңдар.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

Көктем мезгілінде далада қандай өзгерістер болады?



Көкткемде неше ай бар?


Көктем келді еліме,

Көктем келді жеріме,

Байлық бақыт тілеймін,

Бүкіл қазақ еліне.

-Тақпақ не жайлы?


-Ал балалар санамақ санауды білеміз бе?

Бір дегенім білім,

Екі дегенім еліме,

Үш дегенім үйшік,

Төрт дегенім төсек.


1.Тапсырма: Тура және кері санау. Көршісін тап.


2.Тапсырма: Жануарлар бар. Қызыл жолаққа қоян, ақ жолаққа жолбарыс және түлкі.

Қайсысы көп? Қайсысы аз? Жануарлардың жанына тиісті сандарды қой.

3 Тапсырма

Саны бойынша заттарды қос.

4 Тапсырма: Пішіндерді атап өту.

-Балалар көктем мезгілінде бізге нелер ұшып келеді?

-Ал ендеше біз құстарға пішіндерден үйшік жасайық.

Балалар , біз қандай пішіндерден ұя жасадық?

Балалар, сендердің жасаған үйшіктеріне құстар ұшыпкеліпті. Надирдің үйшігіне бір қарлығаш ұшып қонды, ал Аминаның үйшігіне үш торғай қоныпты. Сонда балалар, барлығы қанша құс ұшып келді?


  1. Бесбайда бар үш іні,

Естайда бар екі іні,

Алсаң үштен екіні,

Неше екен шешуі?

  1. Қолымда бар қарындаш сары, қызыл, ақ. Қанша болды барлығы?

Сергіту сәті:


-Бір аптада неше күн бар?

-Атап шығыңдар.


5-тапсырма:

-Ал енді, балалар, 5-шы тапсырмамыз жұмбақ екен.

1. Екі айнасы бар.

Екі найзасы бар.

Ол не?

  • Сиыр не жейді?

  • Дұрыс айтасыңдар.

  • Ал сиырдың төлін қалай атаймыз?

  • Дұрыс , сиыр мен бұзау қандай дыбыс шығарады?

  • Ал қалай шақырамыз?


2.Кішкентай ғана бойы бар.

Айналдырып киген тоны бар. Ол не?

  • Қой не жейді?

  • Ал қой қалай дыбыстайды?

  • АЛ қой төлін не дейміз?

  • Оны қалай шақырамыз?

  1. Мінсең желдей шабады,

Бәйгеден орын алады.

Бұл қай жануар?.

-Жылқы не жейді?

-Ал жылқының төлін қалай атаймыз?

-Жылқы мен құлын қандай дыбыс шығарады?

-Жылқыны дауыстап қалай шақырымыз?

  1. Басында екі таяғы бар, төрт аяғы бар. Адам деуге болмайды сақалы тағы бар. Ол не?

Ешкі не жейді?


Д/ о: Үй жануарларын, жабайы жануарларын жеке қой.

-Ал, үй жануарлары мен жабайы аңдардың айырмашылығы неде?

-Жарайсыңдар, балалар.

6-тапсырма: Ойыншықтарды сипаттау.

-Балалар, мынау сиқырлы сандық. Сиқырлы сандықтың ішінде не бар екенін көрейік.

1. Ой, балалар қарандаршы мынау не?

Түсі қандай?

Неден жасалған?

Қатты ма, әлде жұмсақ па?

2. –Ал мынау не?

Қуыршақ қандай киім киіп тұр?

-Қуыршақ неден жасалған?

3.-Ал мынау не?

Түсі қандай?

Неден жасалған?

Қатты ма, жұмсақ па?










-Иә


-4 мезгіл бар

-күз. қыс, көктем, жаз

-көктем

-Қар ери бастайды, күн жылынады, құстар жылы жақтан ұшып келеді, бәйшешектер шығып, шөптер өсе бастайды.

Наурыз,Сәуір,Мамыр.















0,1,2,3,4,5,6,7,8,9,10

10,9,8,7,6,5,4,3,2,1,0













-Құстар


Үйшік жасайды.


-Төрт бұрыш, үшбұрыш, дөңгелек.








-төрт құс ұшып келді.





-бір



-үш қарындаш барлығы.

Қимыл-қозғалыс арқылы жасайды.


-7 күн бар

-Дүйсенбі, Сейсенбі,Сәрсенбі,Бейсенбі, Жұма, сенбі. Жексенбі






-Сиыр

-Шөп,жем жейді.


-Сиырдың төлі: Бұзау



-Мө,мө, мө


-Аухау,аухау




-Қой

-Шөп, жем жейді.

-Мә,мә,мә деп маңырайды


-Қойдың төлі: қозы



-Пұшайт,пұшайт деп шақырамыз.




-Жылқы

-Жем жейді, су ішеді

-Жылқы төлін: құлын деп атаймыз

-Кісінейді

-Қырау, қырау деп шақырамыз





-Ешкі

-Мүйізі бар

-Сақалы бар

-Шөп, жем жейді

-Ешкінің төлі: Лақ

-Шөре,шөре деп шақырамыз


-Жабайы аңдар орманда өмір сүреді, өз жемтіктерін өздері табады. АЛ үй жануарлары қорада бағылады. Адамның көмегін қажет етеді.








-Ол аю


-Түсі ақ

-Матадан

-Ол жұмсақ


-Ол қуыршақ

-Көйлек киіп тұр

-Жұмсақ пласмастан жасалған

-Бұл кубик

-Түсі ақ

-ағаштан жасалған

-қатты


Рефлексивті-коррекциялау


-Сонымен балалар, біз бүгін қандай жұмыс жасадық?

-не туралы әңгімелестік?


Оқу іс-әрекетінде белсенді болған балаларды мадақтап, рахмет айтады.

Сұрақтарға жауап бердік

-Үй жануарлары мен жабайы аңдар туралы.


Балалар қуанады,шаттанады,

мақтанады.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: жыл мезгілдерін ажырата алады, әр мезгілдің ерекшелігн танып біледі , ойлау қабілеттерін,тіл байлықтарын дамытады, құстарға, қоршаған ортаны сүюге, қорғауға көмектеседі.


Игереді:Үй жануарлары жайында балардың білімдерін, оларды күтіп- баптауға

адамдарға тигізетін пайдалары және адамдардың жануарларға қамқорлығын.


Меңгереді:Балалар ойыншықтарды сипаттай отырып, қысқа әңгіме құрастыра білуді, оның неден жасалғанын және қатты ма, жұмсақ па екенін меңгереді, дидактикалық ойындар арқылы есте сақтау қабілетін дасытып, ойлау қабілетін арттыруды.












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
"Т?рлет, Наурыз т?ріме! " т?рбие са?аты

Автор: Нуржакупова Асел Егинбаевна

Дата: 09.09.2015

Номер свидетельства: 229630


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства