kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тірі және өлі табиғат

Нажмите, чтобы узнать подробности

ҚысбойынажатадыТәттіұйқығабатады. (аю)-Дұрысайтасыңдар, аю. Аюдыңекітүріболады. Ақаю-мұзды, қарлыжердеөмірсүрсе, қоңыраю-ормандаөмірсүреді. Аюдыңтерісі, етібағалы, майыныңемдікқасиетібар. Аюбалжейді, балықаулап, жидектертеріп, құстардыаулапжейді. Аюқысбойыұйқыдажатады.                                                       -Аю қандайжануарғажатады? Олқалайжүреді.                                                                                                          -Жабайы жануарғажатады.Қорбаңдапжүреді.                                                                                                               -Аю қандайертегілердекездеседі?                                                                                                                       -Бауырсақ, үйшік, машаменаю, үшаюертегісінде.                                                          Үнтаспадан «Ертегілер елінде» әніойнайды. Аюдыңдауысыойнайды.                                                                

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тірі және өлі табиғат»

Бірінші кіші «Балдәурен» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Өткізу күні: ж.

Тәрбиеші: Бопылова Н.Ж

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Пән: Көркем әебиет

Өтпелі тақырып: «Тірі және өлі табиғат »

Тақырыбы: «Үш аю»

Мақсаттары:

Тәрбиелік:Кейіпкерлерге бөліп ертенгі деген қызығушылықтарын арттыру.

Дамытыушылық: Ауызша халыө шығармашылығын туындысына деген сүйіспеншілік сезімін дамыту .

Оқыту: Кейіпкерлердін тәртіптеріне қарапайым мініздеме беруге үйрету. Педагогикалық технологиялар: Ойын технологиясы.Сұрақ-жауап әдісі.

Ресурстармен қамтамасыз ету: Үш аю

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Шаттық шеңбері:

Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз. Барлық жанды құрметтеп, Бас иеміз біз. -Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер шешуін табыңдаршы. Жұмбақ жасыру: Қыс бойына жатады Тәтті ұйқыға батады. (аю) -Дұрыс айтасыңдар, аю. Аюдың екі түрі болады. Ақ аю-мұзды, қарлы жерде өмір сүрсе, қоңыр аю-орманда өмір сүреді. Аюдың терісі, еті бағалы, майының емдік қасиеті бар. Аю бал жейді, балық аулап, жидектер теріп, құстарды аулап жейді. Аю қыс бойы ұйқыда жатады. -Аю қандай жануарға жатады? Ол қалай жүреді. -Жабайы жануарға жатады.Қорбаңдап жүреді. -Аю қандай ертегілерде кездеседі? -Бауырсақ, үйшік, маша мен аю, үш аю ертегісінде. Үнтаспадан «Ертегілер елінде» әні ойнайды. Аюдың дауысы ойнайды. Тосын сәт: Қонаққа үш аю келеді, амандасады.

Үш аю: Сендерге өзіміз туралы ертегіні және ойындарымызды ала келдік. Біз ыдыстарымыз бен жиһаздарымызды шатастырып алдық, соны реттеуге көмектесесіңдер ме?

Балалар: Иә, көмектесеміз.

-Біз бүгін «Үш аю» ертегісімен танысамыз.

Ертеде бір кішкентай қыз болыпты. Бірде ол орманға барып, адасып кетеді. Қайтар жолды іздеп жүріп, қалың ағаштар арасында тұрған ескі үйге кезігеді. Есігі ашық тұр. Қыз ішке кіреді. Бөлмеде ешкім көрінбейді.

Бұл үйде үш аю тұратын. Ең үлкені, әкесі-аю, одан кейінгісі, ана –аю және олардың баласы – кішкене қонжық. Үшеуі бұл кезде орман аралап, серуендеп кеткен.

Бөлме ортасында үлкен ағаш үстел мен үш орындық тұр. Үстел үстіне ас құйылған үш ыдыс қойылған. Олардың біріншісі – үлкен табақ, екіншісі – орташа табақ, үшінші – кішкене табақ. Әр ыдыстың қасында қасықтары жатыр. Қыз ең үлкен қасықты алып, үлкен ыдыстағы тағамның дәмін татады. Астың дәмі ұнамайды. Содан кейін орташа қасық пен екіншісін, кішкене қасықпен үшіншісін көреді. Бәрінен де оған кішкене табақтағы ас ұнайды. Қыздың қарны аш еді. Енді ол отырып тамақтану үшін өзіне орындық таңдайды. Ең үлкен орындық әке-аюдікі, одан кішірегі ана-аюдікі, ал үшіншісі – қонжықтікі.

Кішкентай қыз ең үлкен орындыққа шығып, одан құлап түседі. Ортаншысына мініп еді, ыңғайсыз көрінеді. Көңілінен шыққан тек үшінші орындық болады.

Қыз қонжықтың орындығына отырып, кішкене табақтағы тамақты ішіп алады. Қарны тойған ол кішкентай орындықты ары-бері шайқап ойнайды. Ақырында оны сындырып, өзі жерге құлайды.

Қыз орнынан тұрып, келесі бөлмеге кіреді. Бұл жерде үш төсек бар екен. Ең үлкені әкесі-аю, ортаншысы ана –аю, ал үшіншісі – қонжықтікі. Қыз ең үлкен төсекке шығады. Бұл оған тым үлкендік жасайды. Одан түсіп, ортаншысына жатады. Ол биік көрінеді. Ыңғайлы болғаны – үшінші төсек. Қатты шаршаған қыз осы қонжықтың орнына жатып, тәтті ұйқыға батады.

Сергіту сәті:

Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық

Қалтамызға салайық.

Бұл кезде орманды аралап шаршаған әрі қарындары ашқан аюлар үйлеріне оралған еді. Ішке кірген олар алдымен тамақтанбақшы болады. Ең үлкен аю өз табағына қарап, жуан дауысымен:

– Менің ыдысыма тиіскен кім?! – деп ақырады.

Ана–аю да ыдысына қарап:

– Менің табағымды орнынан қозғалтқан кім?! – дейді ашуланып.

Кішкене қонжық жіңішке дауысымен:

– Менің тамағымды мүлдем ішіп қойыпты, – дейді көк табақты қолына алып.

Үлкен аю енді үлкен қасығын ұстап:

– Менің қасығыма тиіскен кім?! – деп ақырады жуан дауысымен.

– Менің қасығымды орнынан қозғалтқан кім? – дейді ана–аю

Қонжық жіңішке дауысымен:

– Ал менің қасығым жоқ, – дейді жан-жағына қарап.

Әке-аю:

– Кім менің орындығымды қозғалтқан?! – дейді зор дауысымен.

Ана –аю болса:

– Ал менің орындығыма отырған кім? – дейді налып.

Оның дауысы үлкен аюға қарағанда жайырақ шығады.

– Менің орындығымды біреу тіпті сындырып тастапты, – дейді қонжық жыламсырап.

Аюлар ішкі бөлмеге кіреді.

– Менің төсегіме жатқан кім?! – дейді әке-аю ақырып.

– Ал менің төсегіме шыққан кім? – дейді ана-аю басын шайқап.

– Ой, менің төсегімде біреу жатыр, – дейді қонжық таң қалып.

Аюлар қонжықтың төсегіне жақындайды. Маужырап ұйықтап жатқан кішкентай қызды көреді де, үшеуі жамырап:

– Қара мұны!

– Ұстаңдар! Ұстаңдар!

– Ұста оны! – деп айғайға басады.

У-шудан оянып кеткен қыз жанында тұрған үш аюды көреді. Қатты қорыққан ол ашық тұрған терезеден жерге секіріп түседі. Алды-артына қарамай қаша жөнеледі. Қызды ұстай алмаған әке-аю, ана-аю мен қонжық үшеуі артта қалады.

-Ертегі сендерге ұнады ма?

Иә, ұнады

Қыздың әрекеті дұрыспа?

-жоқ дұрыс емес.

Балалар бүреудің рұқсатынсыз үйге, заттарға тисуге болама?

Жоқ болмайды.

Бұл әрекет әдептілікке жатпайды

Аналарымыз рұқсатынсыз ондай істерге баруға болмайды.

Ендеше балалар бір ойын ойнап алаайық.

Ойын: «Қай зат қайсысынікі?»

Шарты: Үлкен, орташа, кіші ыдыстар мен жиһаздарды көлеміне сай иесіне табыстау.

Ойын: «Сәйкес көлеңкені тап»

-Сонымен, біз қандай ертегімен таныстық?

-«Үш аю» ертегісімен таныстық.

-Ыдыстардың көлемі қандай болды?

-Үлкен, орташа, кішкентай ыдыстар болды.

-Осымен ашық оқу іс-әрекетіміз аяқталды.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Тірі және өлі табиғат

Автор: Жармагамбетова Сания Токтаровна

Дата: 18.05.2019

Номер свидетельства: 510944

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(179) "Конспект урока 7 класс на тему:"Таби?ат ж?не адам. Физика –таби?ат туралы ?ылым. Физика ж?не техника"."
    ["seo_title"] => string(87) "konspiekturoka7klassnatiemutabigatzhnieadamfizikatabigatturalygylymfizikazhnietiekhnika"
    ["file_id"] => string(6) "304090"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457653239"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(140) "§1,§2,§3. Табиғат және адам. Физика –табиғат туралы ғылым. Физика және техника."
    ["seo_title"] => string(80) "ss1_ss2_ss3_tabig_at_zh_nie_adam_fizika_tabig_at_turaly_g_ylym_fizika_zh_nie_tie"
    ["file_id"] => string(6) "366981"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1481126003"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) "Таби?ат ж?не адам. Физика – таби?ат туралы ?ылым. "
    ["seo_title"] => string(50) "tabig-at-zh-nie-adam-fizika-tabig-at-turaly-g-ylym"
    ["file_id"] => string(6) "164020"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422556962"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(143) "Конспект урока 7 класс на тему:"Таби?ат ж?не адам. Физика – таби?ат туралы ?ылым"."
    ["seo_title"] => string(67) "konspiekturoka7klassnatiemutabigatzhnieadamfizikatabigatturalygylym"
    ["file_id"] => string(6) "304094"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457656303"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(147) "презентация урока физики на тему "Таби?ат ж?не адам. Физика - таби?ат туралы ?ылым" "
    ["seo_title"] => string(88) "priezientatsiia-uroka-fiziki-na-tiemu-tabig-at-zh-nie-adam-fizika-tabig-at-turaly-g-ylym"
    ["file_id"] => string(6) "160703"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1422105592"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства