Мотивациялық қозғаушылық | Балалар, «амандасу-адамгершіліктің,әдептіліктің баспалдағы» сондықтан да,алдымен келген қонақтармен амандасып алайық. Шаттық шеңбері: Армысыз,шұғылалы алтын күн! Армысыздар қонақтар! Армысыздар апайлар! Сәлем сәлем достар! Балалар бүгінгі ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы «Қыс қызығы» |
-Балалар шеңберге тұрып жылы лебіздерін білдіреді.
|
Ұйымдастырушылық-ізденістік | Балалар мен сендерге осы қыс туралы жұмбақ жасырғым келіп тұр мұқият тыңдап отырыңдар. Аяз қысып,өрнек сызып, Терезеңді торлайды. Қарға омбығып,бет домбығып, Сырғанап жастар ойнайды. Бөбектерім айтыңдаршы , Бұл қай мезгіл деп ойлайсың? Балалар қане айтыңдаршы қазір жылдың қай мезгілі? -Қыс мезгілінде неше ай бар? -Қыста ауа райы қандай болады? -Қыста не жауады? -Қардың түсі қандай? -Қыста қандай ойын ойнаймыз? Балалар мен сендерге қыс мезгілінің ерекшелігін түсіндіре кетейін Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз.Әр маусымның өзіне тән қызығы болады.Соның ішінде қыс мезгілі де өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен,қаhарлы мінезімен,сықырлаған аязымен ерекше. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын,ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды. Балалар қыс туралы кім тақпақ айтып береді.
Сергіту сәті: Боран соқты оң жақтан, Боран соқты сол жақтан. Қар лақтырып ойнасақ, Су өтеді қолғаптан. Балалар орнына отырып тақтадағы суретке назар аударады. -Суретте Сәбит Айгүлді шанамен сырғанатып жүр .Айгүл көңілдіме? -Не үшін көңілді? Ал мына суретте Арман мен Асхат не істеп жатыр? -Аққала қандай? -Иә балалар қысқы серуенді өте көңілді өткізіп жатыр. Балалар сіздер ойын ойнағыларын келе ме? Ойын:шарты шеңбер құрып тұрады,допты бір-біріне лақтырып бере отырып,қыс мезгілінің ерекшеліктерін айтады. | Балалар тыңдап отырады.
-Қыс мезгілі -3ай бар Желтоқсан,қаңтар,ақпан -Суық,салқын,аяз,боран болады -Қар жауады -Ақ -Шана тебеміз,қар лақтырып ойнаймыз. Балалар тыңдап отырады Тамирлан Ауыл сырты биік жар Бізді күтіп тұр қарап Төбесіне шығып ап Жөнелеміз сырғанап Т.Кәусар Қыс дегенің аймақ па Қатып қалған қаймақпа Құлдыраймыз шанамен Қыр басынан сай жаққа Қимыл келтіріп жаттығуды орындайды.
-Көңілді -Оны ағасы шанамен сүйреп жүр -Аққала жасап жатыр -Аққала үлкен,домалақ аппақ Ия Ойын ойнап,сұрақтарға жауап береді. |