Мотивациялық- қозғаушылық | Таңғы шеңбер: Күн дидарлы арайлы Нүрын төгіп қарайды Барлық бала шаттанып Қуанышпен тарайды. Балаларды далаға шығарып жылдың қай мезгілі екенің сұраймын. Қыс мезгілін келгенін қайдан білеміз? Ауа райын, ағаштарды бақылаймыз, қыстап қалған құстарды атаймыз. | Балалар тәрбиешімен бірге өлең жолдарын қайталайды. -қыс мезгілі Күн суытып, қар жауады. Адамдар қалың кимдерін киеді. Торғай, сауысқан, қарға. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік | Тақтаға қыстап қалған құстардың суреттерін іліп, аттарын атап, таныстырамыз. Балалар, мынау – сауысқан. -Сауысқанның түсі қандай? -Оның ұшатын қанаты болады. -Жем шұқып жейтін тұмсықтары болады. -Сауысқан қардың үстінде екі аяғымен секектеп жүреді. Мынау қарға. Оның түсі қара. -Оның ұшатын қанаты болады. -Жем шұқып жейтін тұмсықтары болады. -Қарға қардың үстінде екі аяғымен секеңдеп жүреді. Балалар, мынау – торғай. Оның түсі сары. Билингвальдық компонент: Құс – птица, торғай – воробей, сауысқан – сорока, қарға – ворона. Сергіту сәті Қарлығашқа ұқсайық, Қане, қанат жасайық. Қарлығаш боп ұшайық, Ұшып-ұшып қонайық. -Ал қалатын құстарға не істеу керек? -Дұрыс айтасыңдар оларға ұя жасап, жем салу керек. Нанның қиқымдарын салып, қамқорлыққа алу керек. Ойын. «Дұрыс жауабын айт» 1.Қай құс шырылдайды? 2.Қай құс қарқылдайды? 3. Қай құс саңқылдайды? | Балалар құстар жайлы қызыға тындайды. сауысқан Қара торғай Құс – птица, торғай – воробей, сауысқан – сорока, қарға – ворона. Сергіту сәтін орындайды. Балалар қимылмен көрсетеді. -ұя жасап, тамақ беру керек. -торғай -қарға -сауысқан |