Мотивациялық- қозғаушылық Тосын сый: | Шаттық шеңбер: Бар әлемге жақсылық жаса, Басқалар қуансын деп жақсылық жаса! Бақыт, шаттық тілеймін, Ертемен барлық балаға. Кірпі кіреді, үстінде алмалар бар. |
Тілек тілейді.
Амандасады |
Ұйымдастырушылық ізденістік. Рефлексиялық-түзетушілік. | Балалармен жыл мезгілі туралы әңгімелесу. Күзде не піседі? Қандай жемістер білесіңдер? Жұмбақ жасыру. Бір мақлұқ бар екен төрт аяқты Тағыпты арқасына мың таяқты Ашуланса,аяқ қолын көрсетпейді,көресің көзің салсаң ғажайыпты. Ғажайып сәті: Кірпі кіреді, үстінде алмалар бар. Балалар,кірпі қайда мекендейді,нені жақсы көреді. Балаларға сұрақ қойып, жауап алу. Кірпіге көмек берейік,алма бағын жасап,сыйлайық. Үлестірмелі материалға назарларын аудару. Жұмыстың орындалу ретін түсіндіру. Алдымен жырту тәсілімен ағаштың дінің жасап, желімдейміз.Азғана жыртып, жапырақтарды жабыстырамыз. Соныңда піскен алмаларды жабыстырамыз. Жапырақтардың түсі қандай? Алмалардың түсі қандай? Сергіту сәті: Жалғыз саусақ тіпті де Ұстай алмас жіпті де. Екі саусақ бірікті, Ине қолға ілікті. Үш саусағым орамды, Жүгіртеді қаламды. Өнерлі екен он саусақ, Қала салсақ,жол салсақ. Балалардың жұмысы. Қос тілділік компоненті: күз-осень, алма-яблоко. Кірпі көмектеріне «рахмет» айтады. балаларды мақтайды. -Балалар біз бүгін не істедік? -Немен жұмыс жасадық? | Балалар тәрбиешіге назар аударады, мұқият тыңдайды. Сұрақтарға жауап береді. -Жыл мезгілі күз, күзде көп жемістер піседі: алма, алмұрт, жүзім, банан. Кірпі шешен Кірпіні көріп, мәз болып қуанады. Алма дөңгелек, түсі қызыл, дәмі тәтті. Кірпіге көмектескілері келеді. Тәрбиешіге мұқият қарайды, тыңдайды. өлең мазмұнына байланысты қимыл-қозғалыстар жасайды. жұмысты ұқыпты жасайды. Балалар сұрақтарға жауап береді. |