Мотивациялық- қозғаушылық | Жылу шеңберіне тұрып бір – біріне, қоршаға ортаға деген жылы лебіздерін білдіреді. Күніміз жарық болсын, Аспанымыз ашық болсын. Деніміз сау болсын, Елімізде тыныштық болсын. | Балалар ортаға шеңбер құрап тұрады. |
Ұйымдастырушы- лық - ізденістік | Балалар, бүгін бізге қонаққа қонжық келіп тұр. Ал қараңдаршы, оның қолында не бар екен? Ал бұл кітаппен қонжық не істемекші? Балалар, қонжық мына кітаптағы«Торғай мен мысық» деген өлеңімен танысқысы келеді екен. Ал сендер, балалар, бұл өлеңімен танысқыларын келеді ме? Біз барлығымыз бірге қонжыққа көмектесейік. Балалар мен сендерге ақын Ертай Ашықбаевтың "Торғай мен мысық" өлеңін оқып беремін . Жем шоқыған торғайға . Көзі бірден түсіп . "Бұл әдемі ас болмай ма ? " -Қадам басты мысық . Бір , екі , үш , Торғай , торғай , ұш! Сұрақ - жауап : Торғай нені шоқыды ? Мысық не істемек болды ? Балалар мынау ненің суреті ? Торғай не істейді ? Құстардың қалай ұшатынын , дыбысын , қимыл –қозғалысын көрсету , және оларға қамқор болу керектігін түсіндіру. Балаларға торғайдың денесі сопақша, дөңгелекке , тұмсығы , қанаттары , құйрығы үшбұрышқа ұқсайтынынайтып түсіндіру Сергіту сәті: Торғай болып ұшайық, Ұшып - ұшып алайық . Бүркіт болып аң аулап , Қыран құс боп самғайық . | Балалар қонжықпен амандасып,қызығушылық-тарын білдіреді.
Иә, танысқымыз келеді. Көмектесейік. Тәрбиешіні мұқият тыңдайды. Жем Торғайды жегісі келеді. Торғай Ұшады. Құстардың қанат жайып ұшуын , жем шоқып жеуін , торғай сияқты секеңдеп жүруін көрсетеді Балалар суретке қарап дене бітімін сипаттап айтады . Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды.Өлең жолдармен сәйкес қимылдар жасайды.
|
Рефлексиялық - түзетушілік | Балаларды мақтап сұрақтар қою арқылы не түсінгендерін біледі. Мысық қандай әрекет жасады ? Торғайлар не істеді ? | Балалар өлең шумақтарын жақсы түсінгенің сұрақтарға жауап қайтарады. Торғайды ұстап алмақ болды. Жем шоқыды . |