Оқыту іс – әрекетінің ұйымдастыру картасы
Топ: 1 сәбилер «Ә»
Күні:
Өтпелі тақырыбы: Ғажайып қыс
Білім саласы: Жаратылыстану
Оқу бөлімі: Таным
Сабақ тақырыбы: «Аққала»
Мақсаты: Қар және су тұратыны жайлы түсінік беру
Міндеттері: 1. Білімділік: Қардың қасиеттері туралы білімдерін нақтылау
2. Дамытушылық: Алақандарын айналдыра қозғалту арқылы шар илей білуді дамыту.
3. Тәрбиелік: Қысқы табиғат әсемдігі арқылы табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: балалар қар кесегімен танысып, оның қасиетін біледі
Игерді: балалар қыс мезгілінің ерекшелігін түсінеді
Меңгерді: аққаланы қардан үш бөлшектен жасауды
Деңгей |
Тәрбиешінің іс - әрекеті |
Балалардың іс - әрекеті |
Есеп |
Ұйымдастыру
|
Шаттық шеңбер
Мақсаты: сабаққа көңілдерін аудару |
Шақырамын сендерді Жолдастарым кел бері Толтырайық шаттыққа Дөңгеленген шеңберді Қимыл – қозғалыспен қайталайды |
|
Негізгі
|
Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Қыста күн қандай болады? Қардың түсі қандай? Қыста қандай киім киеміз? Жарайсыңдар балалар. Иә балалар қазір қыс мезгілі. Күн салқын. Далада қар жауады. Адамдар жылы киінеді. Мен сендерге жұмбақ жасырайын, ал сендер шешіп көріңдер. Жұмбақ жасыру Қыста ғана болады Ұстасаң қолың тоңады (қар) Балалар мына суретте қыс мезгілі бейнеленген. Аппақ қар жапалақтап жауып жатыр екен. Ағаштарды аппақ қар басқан. Бір бала шанамен ойнаса, екінісі қар кесегін жасап қарды лақтырып ойнап жатыр. Ал енді біреу аққала тұрғызып жатыр. Балалар қыс мезгілінде қандай ойындар ойнаймыз? Иә балалар дұрыс айтасыңдар. Міне мынау аққаланың бейнесі. Аққаланы қарды домалата отырып үш шеңберден жасайды. Ол шеңберлер үлкен, орташа және кішкентай бөліктен тұрады. Оның қолы, мұрны, көзі, басында қалпағы болады. Сергіту сәті Қорбаңдаған аюдың Құлпынайы көп екен Қане теріп алайық Қалтамызға салайық. |
Қыс мезгілі Суық болады Ақ Жылы киімдер Шешуін табады. Суреттерді қарайды. Шанамен ойнаймыз, қар лақтырып ойнаймыз, Аққала жасаймыз. Тәрбиешімен бірге қайталайды |
|
Қорытынды | Қар кесегі салқынба? Қардың түсі қандай болады екен? Қардан не жасаймыз? Барлықтарың жақсы жауап бердіңдер, үлкен рахмет! | Салқын Ақ аққала |
|