kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тазалықты сүйеміз, тіс тазалап жүреміз!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тіс туралы түсінік беру. Балаларға тіс тазалығы, оның қасиеттілігін, пайдасын түсіндіріп айту. Суреттер арқылы әңгімелеу. Балаларды ұқыптылыққа, тазалыққа, жеке басының гигенасын сақтауға тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тазалықты сүйеміз, тіс тазалап жүреміз!»


Білім беру саласы: Әлеуметтік орта, қатынас, денсаулық.

Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру, орыс тілі, дене шынықтыру.

Тақырыбы: «Тазалықты сүйеміз, тіс тазалап жүреміз.

Мақсаты: Тіс туралы түсінік беру. Балаларға тіс тазалығы, оның қасиеттілігін, пайдасын түсіндіріп айту. Суреттер арқылы әңгімелеу. Балаларды ұқыптылыққа, тазалыққа, жеке басының гигенасын сақтауға тәрбиелеу.

Билингвалдық компанент: зубная щетка- тіс щеткасы, зубная паста- тіс пастасы,яблока-алма, зубы-тіс.

Қолданылатын көрнекіліктер: суреттер, тіс пастасы, тіс щеткасы, конфеттің сырты.



Іс – әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс әрекеті

Балалардың іс -әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық

Салеметсіңдер ме балалар. Бүгінгі біздің сабағымыз ерекше сабақ. Бізге бүгін қонаққа ата – аналарымыз келіп отыр. Қане шеңберге тұрып қонақтармен амандасайық.

Жадыраған күндейміз,

Жайнап өскен гүлдейміз.

Жарқырасын даламыз,

Жарқырасын қаламыз.

Сәлеметсіздер ме, жарқын жүзді қонақтар!




Балалар жарты шеңберге тұрып қонақтармен амандасады.

Ұйымдастыру- іздестіру

Есік қағылады.

Балалар есікті біреу қаққан сияқты, кім келгенін қарайық.

(есіктен қоян кіреді)

Сәлеметсіңдер ме балалар, мен сендерге қонаққа келдім.

Сәлеметсің бе қоян сенің қолыңдағы не?

Ой, конфеттің қабығы ғой.

Тісім менің ауырып тұр деп жылайды.

Балалар айтыңдаршы қоянның тісі неге ауырып тұр?

Ия дұрыс айтасыңдар, енді қоянға тісті қалай күту керектігін айтып береміз бе?

Балалар тісіміз сау болу үшін мына ережені есте сақтайық.

  1. Тісті күніне екі рет тазалау.

  2. Тамақтан соң ауызды шаю.

  3. Ыстық тамақтан соң суық су ішпеу.

  4. Қатты заттарды тіспен шақпау.

  5. Тәттіні көп жемеу.

  6. Тіс дәрігеріне жиі коріну.

  7. Әркім өзінің жеке тіс щеткасын пайдалану.

Тісті немен тазалайды?

Күніне неше рет тазалаймыз?

Неше минут тазалаймыз?

Бізге тіс не үшін керек?

Тіс болмаса не болады?

Қоян енді түсіндің бе?

Жоооқ тағы айтып беріңдерші.

Қоян түсінбепті, қане тағы түсіндірейік.

Чистим зубы дважды в сутки

Чисти долго три минутки

Щеткой чистой не лохматой

Пастой вкусной ароматной

Чистим щеткой вверх и вниз

Ну, микробы берегись!

Қоян сенде тіс пастасы барма?

Сенің сумкаңда тіс щеткасы барма көрейік.

Сумкасын төгіп ішін қарап, кір болып қалған тіс щеткасын алып шығып кір щеткамен тіс жууға болмайтынын түсіндіру.

Қоян біздің балалар саған тақпақ айтып береді.

Тазалықты іздесең

Тіс пастадан табасың

Тістеріңді щөткеге

Тазалатып аласың


Щетка, щетка, щеткалар

Неше түрлі щетка бар

Бірі тісті жуады,

Бірі шаңды қуады.

Су өмір жүрегі

Денсаулық тірегі

Шөлдесең, қанасың

Жуынсаң тазасың

Менің қоянға дайындаған сыйлығым бар.

Сергіту сәті

Енді барлығымыз тұрып денемізді шынықтырып сергіп алайық.

Маша бізбен билеген саған ұнады ма?

Тісіміз мықты болу үшін тағы не істеуіміз керек?

Ия пайдалы азық –түліктер жеу керек.

Д.о. «Тістерге көмек»

Балалар таңырқай қарайды.


Қоянмен амандасады.









Қоян көп конфеттер жеген, содан ауырып тұр.



Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдады.









Сұрақтарға толық жауап берді









Барлық бала тақпақты бірге айтты.









Қоянның сумкасын балалар бірге қарады.



қоянға тақпақтарын айтты.













Қоянғаға тіс пастасы мен тіс щеткасын сыйға берді.

Музыка ырғағымен сергіту сәтін орындады.

Балалар ойынды қуана ойнады.

Рефлексивті- түзетушілік

Балалар мен сендерге не дайындадым білесіңдер ме? Пайдалы зат дайындадым, бірақ не екенін айтпаймын.

Мен сендерге жұмбақ жасырамын, жұмбақты шешсеңдер менің сендерге не әкелгенімді білесіңдер.

Әрі қызыл әрі тәтті

Татқан жанды таңырқатты.

(алма)

Алманы жемес бұрын не істеуіміз керек?

Алманың пішіні қандай?

Түсі қандай?

Дәмі ше?

Маша саған ұнады ма?

Енді сен тісің мықты болу үшін не істеу керектігін білесің бе?

Ия, енді мен достарыма барып тісті күнде тазалап жүру керектігін айтамын.

Балалар сендерге рахмет, сау болыңдар.

Сабаққа белсене қатысқан балаларды мадақау.


Балалар сұраққа өз ойларын айтты.





Алма



Қол жуу керек.

Алманы қолдарына алып тәрбиешінің сұрақтарына толық жауап берді.





Балалар қоянмен қоштасты.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек

Тіс күтімін біледі.

Түсінігі бар

Тіс күтімі, тіс күтіміне пайдалы азық түліктер жайлы түсініктері бар

Орындай алады

Дене мүшелерін көрсетіп, атай біледі



















































«№39 Жалпы орта білім беретін мектеп»КММ











«Тазалықты сүйеміз, тіс тазалап жүреміз»

«Балбөбек» шағын тобының ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы.







Топ тәрбиешісі: Исанова Д.З.







Семей

2015-2016




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Тазалықты сүйеміз, тіс тазалап жүреміз!

Автор: Исанова Динара Заманбековна

Дата: 19.11.2019

Номер свидетельства: 527754

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(116) "Урок по казахскому языку во 2 классе по теме "Тазалы?ты са?тайы?!" "
    ["seo_title"] => string(70) "urok-po-kazakhskomu-iazyku-vo-2-klassie-po-tiemie-tazalyk-ty-sak-taiyk"
    ["file_id"] => string(6) "134916"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1416832579"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "Тазалықты сүйеміз, таза болып жүреміз"
    ["seo_title"] => string(40) "tazalyk_ty_suiiemiz_taza_bolyp_zhuriemiz"
    ["file_id"] => string(6) "360402"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1479558208"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "Тазалы?ты с?йемиз "
    ["seo_title"] => string(19) "tazalyk-ty-suiiemiz"
    ["file_id"] => string(6) "246581"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1446401034"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "Ашық сабақ: "Дені саудың - жаны сау""
    ["seo_title"] => string(34) "ashyk_sabak_dieni_saudyn_zhany_sau"
    ["file_id"] => string(6) "438730"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1510644376"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) """Дені сауды? жаны сау" т?рбие са?аты "
    ["seo_title"] => string(38) "dieni-saudyn-zhany-sau-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "184415"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1426052320"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства