Как тратить минимум сил на подготовку и
проведение уроков?
Как быстро и объективно проверять
знания учащихся?
Как сделать изучение нового материала
максимально понятным?
Как избавить себя от подбора заданий и
их проверки после уроков?
Как наладить дисциплину на своих
уроках?
Как получить возможность работать
творчески?
Просмотр содержимого документа
«"Таным" Шырша Құрастыру»
Екінші кіші «Көбелек» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Білім беру саласы: «Таным»
Пән: Құрастыру
Өтпелі тақырып: Біздің айналамыздағы өсімдіктер
Тақырыбы: Шырша
Мақсаттары:
Тәрбиелік: Ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: ойлау, есте сақтау, ұсақ қол моторикасын дамыту.
Оқыту: балаларды құрылыс материалдарымен жұмыс жасауды үйрету олардың түсін, көлемін, пішінін ажыра алуға дағдыландыру, тәрбиешінің ұсынған шарты бойынша құрылыс материалдарын кеңістікте дұрыс орналыстыра отырып шыршаны құрастыра білуге үйрету.
Педагогикалық технологиялар: әңгімелесу
Ресурстармен қамтамасыз ету: шыршаның суреттері, шырша, шыршаойыншықтары.
Билингвалдық компонент: жасыл шырша- зеленная ëлка, жаңа жыл – новый год
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
І. Ұйымдастырушылық кезеңі: Балаларды шеңберге тұрғызып, шаттық шеңберін айту.
«Шаттық шеңбер»
Қол аласып қәне біз
Достасайық бәріміз
Айтарым бар сендерге,
Тік тұрындар шеңберге
Қандай жақсы бір тұру
Достарыммен бір жүру
Сюрприздік сәт: топқа мұңайып қоян кіреді. Балалар жаңа жыл мерекесі келіп қалды мен болсам шыршаны құрастыра алмай отырмын маған көмектесші дейді. Балалар келеседі.
ІІ. Негізгі бөлімі: Суретпен жұмыс, шырша ағашымен таныстыру. Шырша ағашы қысы-жазы мәңгі жасыл болып тұрады. Шыршаны жаңа жыл мерекесінде құрып, ойыншықтармен безендіреміз. Шырша әдемі ағаш. Ал, енді біз шырамызды құрастырайық. Ол үшін алдымыздағы 3 жасыл қағаздан алдымен ұшбұрыштар жасап алайық, сосын бір біріне кигізіп шырша жасаймыз. Тәрбиеші көрсетеді.
Сергіту сәті:
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды,
Ойлы-қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып жүгірді.
Балалардың жұмысы тәрбиеші балаларға көмектесіп, басшылық жасайды.