Педагогикалық технологиялар: Ойын технологиясы ,денсаулық-сақтау технологиясы.
Ресурстармен қамтамасыз ету: Тақырыпқа байланысты көрнекіліктер.үлгі.бояулар,альбом қағаздары.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Таңғы шеңбер:
Топ, топ басайық,
Жалаудан күн жасайық!
Жаса,жаса, алтын күн!
Жаса,жаса жарқын күн.
Амандасу,жылылықпен сәлемдесу.
2.Негізгі бөлімі:
Балалар жылдың қай мезгілі? Көктем мезгілінде неше ай бар? Көктем мезгілінде қандай ерешеліктерді байқадыңдар? Наурыз айында қандай мерекелер болады?
Балалар бүгін біз сурет сабағында сендермен жұлдызды саламыз.Біз жұлдызды салып үйренеміз. Иә,біз жұлдызды салайық.
Біз жұлдызды салып үйренеміз.Жұлдыз қайда болады?Ол аспанда болады.
Сергіту сәт.
Оң қолымда бес саусақ, Сол қолымда бес саусақ. Оларды атап шақырар, Әрқайсысының аты бар. Бас бармақ, Балаң үйрек, Ортан терек, Шылдыр шүмек, Кішкене бөбек.
Енді сабақты әрі қарай жалғастырамыз.
Ақ парақтарыңызда аспандағы жұлдыздың суретін салып,бейнелейміз.
Балалар сендер сурет салғанда таза,ұқыпты салуларың керек!
3.Қорытынды:
Балалар бүгін біз сабақта не өттік? Жұлдызды аспанның бейнесін салуды үйрендік
Жұлдызды салдық.
Тәрбиеші сұрақ-жауап арқылы білімдерін қорытындылап, балаларды мадақтайды.