Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: денсаулық- сақтау, дамыту-оқыту,жеке тұлғаға бағытталған,ақпараттық коммуникативтік,ойын технологиялар.
Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: қыс мезгілінің суреттері, ноутбук, тұзды қамыр.
Ұйымдастырылған оқу қызыметінің барысы:
1. Ұйымдастырушылық кезеңі:
-Балалар, маған қараңдаршы менің қолымдағы не?Қар.
-Қардың түсі қандай ?Аппақ.
-Қар қатты ма, әлде жұмсақ па?Қар жұмсақ.
-Балалар бүгінгі көңіл – күйлерің осы қардай аппақ болсын.
балалар бір – бірлеріне ақ тілектерін ұлпа қарды беріп тұрып айтады
-Денсаулығымыз мықты болсын
- білімді болайық
- аспанымыз ашық болсын
- барлығымыз тату – тәтті болайық.
Көрдіңдер ме балалар?
-Жылы сөздер айтып едік қолымыздың жылуынан қарда еріп кетті.Енді бізге қонаққа апайлар келіп отыр, барлығымыз амандасайық.
2.Негізгі бөлім:
-Бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінде «О, алақай, қыс келді!» деген тақырыпты өтеміз.
-Балалар жылдың неше мезгілі бар? -жылдың төрт мезгілі бар.
-Жыл мезгілдерін атайық? -қыс, көктем, жаз, күз
-Қазір жылдың қай мезгілі? -қыс мезгілі
- Қыс мезгілінде неше ай бар? -3 айы бар, желтоқсан, қантар, ақпан
Желтоқсанда қандай үлкен және ең сүйікті мереке тойлаймыз? - Жаңа жыл мерекесін тойлаймыз.
-Жаңа жылда бізге кім келді? - Аяз ата келді
- не әкеліп береді? - сыйлық әкелді
- қыста қандай өзгерістер болады, қандай ойындар ойнаймыз? - қар жауып жердің беті ақ болады, шанамен сырғанаймыз,шаңғы тебеміз, аққала жасаймыз.
- балалар қыста біздер қалай киініп жүреміз? - жылы киініп жүреміз
- сырт киімдерді атайық? - малақай,тон, етік, қолғап, шәлі.
Ойын: « Сәйкестендір» - балалар ойын барысында қолғаптың, етіктің түр – түсіне, ондағы өрнектердің орналасуына қарай сыңарын табады.
-балалар қыс мезгілі сендерге ұнай ма? Балалар жауап береді
-қыс туралы қандай тақпақ білеміз? Тақпақты айтады.
Енді мен сендерге жұмбақтар жасырайын. Жұмбақтарды шешеді
1.Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады. (қар)
2. Көсеуді бесеуге тықтым. (қолғап)
3.Шелек қалпақ басында,
Сәбіз екен танауы
Қыста қардан тұрады,
Танып көрші сен оны(аққала)
4.Қысы- жазы бір түсте.(шырша)
(шыршаның түбінде қонжық оянып тұрады)
-Балалар қараңыздар мынау не? -қонжық
Қонжық: мен осы шыршаның астында інімде жатыр едім, сендердің дауыстарыңды естіп, оянып, біраз сендермен бой сергітсем деймін.
-Бәріміз қонжықты ортаға алып сергіту жаттығуын жасайық.
Сергіту сәтті видео бойынша жасайды.
-Балалар , қонжық сендерге рахмет айтып жатыр. «Сәбилер, мен ешқашан аққала, оны қалай мүсіндеу керек көрген жоқ» - деген айтып тұр. Бізді аққала қалай жасау сұрап тұр. Қонжыққа аққала қалай жасау керек көрсетеміз? -Иә, көрсетеміз!
-Аққала неше бөліктен тұрады? -Үш бөліктен тұрады.
-Қандай пішіндерге ұқсайды? -дөнгелек
-Мұрнын, қолын неден жасайды? - Сәбізден, ағаштың бұтақтардан жасайды.
-Өз қолымызбен аққаланы қамырдан жасайық. Балалар қонжыққа отырғызып аққала мүсіндейді.
3. Қорытынды.
Балалар сендер бүгінгі ашық ұйымдастырылған оқу іс - әрекетіне жақсы қатыстыңдар.Сендерге қонжық бой сергіткені, аққала үшін рахметін айтып сыйлық әкеліпті. - балалар мәз болып сыйлықтарын алады.