Қыс мезгілі түсінік беру,Қыс ерешеліктері жайлы айту
Просмотр содержимого документа
«Білім беру саласы:Таным Пән:Жаратылыстану Тақырыбы: Алақай қыс келді»
Бірінші кіші «Сылдырмақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізген күні:08.12.2018ж
Тәрбиеші: Жумабаева А.Т
Білім беру саласы:Таным
Пән: Жаратылыстану
Тақырыбы: «Алақай қыс келді»
Мақсаттары:
Тәрбиелік : Табиғатты аялауға, әсемдікті сезініп, көре білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық : Қысқы ойындарға қажетті құралдарды атау.
Оқыту: Өзіне тән ерешеліктерін ажырата білуге, өз ойын толық жеткізе білуге үйрету.
Жұмбақ жасыру:
Қыста ғана болады, ұстасаң қолың тоңады. (Қар)
Суға салсаң батпайды,
Отқа салсаң жанбайды. (Мұз)
Айналаны, үйлердің шатырын не басып тұр? Қар басып тұр.
Қар қайдан жауады? Аспаннан жауады.
Қардың түсі қандай? Аппақ мамықтай. Балалар ұлпалары әртүрлі
Сергіту сәті:
Ішік, пима қолғап бар
Арада жоқ тоңғақтар
Баста қолың малақай
Біз тоңбаймыз алақай.
Ойын: Аққала
Мақсаттары: Қыс туралы әңгімелеп беру. Әдемілікке, тазалыққа, шапшандылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Ойынның шарты бойынша қиындыдан жабыстырылған аққаланың жетіспейтін бөлігін тауып жабыстыру. Ал енді сурет салайық.
Сергіту жаттығуы: (Қимылмен көрсету)
Аппақ қалап өңірді, (Алақандарын ашу.)
Қар жауды! Қар жауды! (Қолдарын сермеу.)
Көңілді балалар, (Қолдарын шапалақтау.)
Қызығып секірді, секірді. (Орындарында тұрып секіру.)