Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: Ғарыш әлеміне саяхат»
Екінші кіші «Көбелек» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспек
Тәрбиеші: Есмагулова Г.С
Білім беру саласы: «Таным»
Пән: Жаратылыстану
Өтпелі тақырып: Сиқырлы ертегі әлемі. Театр әлемі
Тақырыбы: «Сиқырлы дорба»
Мақсаттары:
- Тәрбиелік: Заттардың құрылымын ажыратуға тәрбиелеу. - Дамытушылық: Сөздік қорын молайту. Сұрақтарға толық жауап беру машықтарын қалыптастыру. - Оқыту: Сипап-сезу арқылы, заттардың қасиетін анықтауға үйрету. Педагогикалық технологиялар: әңгімелесу, сұрақ-жауап, түсіндіру Ресурстармен қамтамасыз ету: аспазшының суреттері, аспаздың ыдыстары Билингвалдық компонент: сиқырлы-волшебный
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
І. Ұйымдастырушылық кезеңі
Тәрбиеші балаларды шаттық шеңбер құруға шақырады.
Армысың, алтын күн,
Армысың, алтын жер
Армысың, көк аспан,
Армысың, жан досым.
Жылуыма жылу қос ,
Міне, менің қолым.
Балалар бүгінгі оқу қызметіміздің тақырбы Сықырлы дорба
ІІ. Негізгі бөлімі
Менің қолымда дорба бар. Оның ішінде хат бар екен. Ашып, оқып көрейік.
Жұмбақтар
-Төрт аяғы болса да,
Етік киіп көрмеген.
Жалқаулығы соншама,
-Аттап шықпас бөлмеден. (үстел)
Мен жайлымын жұмсақпын ,
Мені табу қиын емес
Ұнатады әжелер мен сәбилер
Отыруға ,жатуға. (диван)
Үстел диван нелерге жатады? Олар неден жасалған?
Пластмассадан, шыныдан, ағаштан мақтадан жасалған заттарды айту.
Сергіту сәті:
Ормандағы аюдың,
Құлпынай көп екен.
Теріп-теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
ІІІ. Қорытынды:
Д/о. «Айналадағы заттардың пішіні"
Шарты: Заттардың қандай пішіндерге ұқсайтынын тауып айту.
Екінші кіші «Көбелек» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспек
Тәрбиеші: Есмагулова Г.С
Білім беру саласы: «Таным»
Пән: Жаратылыстану
Өтпелі тақырып: Халық шығармашылығы
Тақырыбы: «Қағаз бен матаның қасиеті»
Мақсаттары:
- Тәрбиелік: Қоршаған ортадағы заттарға және үлкендердің еңбегіне жанашырлық сезіммен қарауға тәрбиелеу.
- Дамытушылық: Сөздік қорын молайту. Сұрақтарға толық жауап беру машықтарын қалыптастыру.
- Оқыту: Мата мен қағаздың қасиетін таныстыру.
Педагогикалық технологиялар: әңгімелесу, сұрақ-жауап, түсіндіру Ресурстармен қамтамасыз ету: қағаз, мата, Билингвалдық компонент: қағаз-бумага, мата-ткань
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
І. Ұйымдастырушылық кезеңі
Тосын сәт. Қонаққа көрші топтан қуыршақ Айгерім келеді. - Сәлеметсіңдер ме, балалар! Әңгімелеу. -Балалар, Айгерім мына қағаз лентаны шашына тағып беруді өтінеді. Мен оған түсіндіргенмін, қағаз лента умаждалады және жыртылады деп, бірақ ол сенбейді. Балалар, Айгерімді сендіруге көмектесіңдер.
ІІ. Негізгі бөлімі
- Қағаз лентаны умаждаймыз, сонан соң жазыңдар. - Қағазға не болды? - Атлас лентаны(матаның бір түрі) умаждаймыз. Енді оны жазып көріңдер. - Ал, еді атлас лентаны жыртыңдар. - Матаға не болды? -Енді қуыршақ Айгерімнің шашына қағаз және мата ленталарын тағып көрейік. -Қай лента қалай байланды?
Сөздік жұмысы: қағаз – жұқа материал, ағаштан жасалады. Ағаштың адамға пайдасы көп. Ағаш ауаны тазартады, жазда күннен қорғайды. Одан әртүрлі заттар жасайды. Мата – мақтадан жасалады. Мақтадан түрлі маталар жасайды. Содан соң матадан киімдер тігеді. Сондықтан ағаштар мен мақтаны бағалау керек
Сергіту сәті. «Ақ қоян» - Мына қағаз лентаны жыртып, содан соң желімдеу керек. - Ал, матаны қиып, содан соң тігеміз.(Балаларға көрсету.) Тіл ұстарту. Қа-қа-қа- қағаз. Ма-ма-ма- мата. Сұрақ-жауап: - Көйлек неден тігілген? - Мына шырша неден жасалған? - Ал, үй ше? Д/о. «Қара да, тап»(Қағазбен және матадан жасалған заттарды тауып, атау.).
ІІІ. Қорытынды:
- Сонымен қағаз лента қандай және мата лента қандай? - Қағазды желімдейміз, ал матаны - Мата умаждаланса, оны Қағаз әртүрлі болады. Қағаз умаждалады, жыртылады. Оны желімдеуге болады. Матада әртүрлі болады. Мата умаждалады, оны үтіктеуге болады. Мата жай жартылмайды, оны қию керек, содан соң ине-жіппен тігуге болады. Қуыршақ Айгерім рақмет айтып, балалардың іс-әрекетіне баға