- Президенттiң биылғы 2012 жылғы қаңтар айындағы Жолдауында адам капиталының сапалы дамуына мән берiлiп, бiлiм мен денсаулық саласы ерекше атап көрсетiлдi. Елбасының «Жас ұрпақ тағдыры — ұстаздың қолында» деген қанатты сөзi қазiргi ұстаздардың басты кәсiби қағидасы болуы тиiс. Елбасының тыңнан көтерген бұл идеясы жас ұрпақ болашағы үшiн, сонымен қатар, елiмiздiң ұлттық құндылықтары мен дiлiн қалыптастырудағы өте маңызды мәселе деп ойлаймын. Олай болса, оқушыларымыздың бойындағы мүмкіндіктерін кеңірек ашуға жағдай туғызып, ұстаздардың білімін одан әрі жетілдіріп жатқандығы біздің мектептің білім сапасына өзіндік үлесін қосады деп сенемін. Өйткені аталмыш курстың үшінші деңгейінде оқып жатқан мұғалімдер Несмиянова Л.А, Калиева Т.Ю., Гайнутдинова И.М, және екінші деңгейде оқып жатқан Марат Айнагүл өз сабақтарында оқушылармен жаңаша жұмыс жүргізу тәсілдерін жетік меңгеріп, мектебіміздің жаңаша тәсілмен жұмыс жасауына өз үлестерін қосады дегенге толық сенемін.
Мұғалімнің шығармашылығын дамыту және еңбегін ынталандырудың жаңа мүмкіндіктері елде сапалы білімнің негізі болып табылары сөзсіз.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Бақытты балдырғандар, құрметтері меймандар, тілашар сабағы ашық деп жариялаймыз. Тілі шыға бастаған бөбектің, тіл үйренуге құштар балдырғанның тілін одан әрі дамытып, ойы мен қиялын шарықтату үшін халқымыз тілашар дәстүрін қалыптастырып, оны салтқа айналдырған. Тілашар дәстүріне жаңылтпаш айтқызу, санамақ жұмбақ, мақал – мәтел, өлең – жыр, мазақтамалар айтқызу жатады.
- Қане бәріміз орнымыздан тұрып бір – бірімізге күлімсіреп қарайық. - Жақсы балалар отырындар! Бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды өте жақсы көңіл күймен өткізейік.
Бүгін біздің өтетін тақырып тілашар. Тілашар дәстүрі – ана тілін үйретудің негізі. Ананың ақ сүтімен бірге дарыған ана тілін терең білу үлкен бақыт.
Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тілінді құрметте, - деп айтқандай, басқа тілді білу үшін ең әуелі ана тілін жақсы білуіміз керек.
Енді балалардың өнерін тамашалайық
1- оқушы:
Отан – туған еліміз,
Отан туған туған жеріміз.
2 – оқушы:
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
3 – оқушы:
Отан дейміз туған жер, атамекен
Биік тау, орман, тоғай көлімізді.
4 – оқушы:
Отан туған жеріміз
Отан туған еліміз.
Мұғалім: Уа халайық, халайық.
Мұнда назар салайық.
Бүлдіршінің ортада,
Тілашарын алайық.
Қайсы күйші, кім биші,
Талабына қарайық.
Кімдер зерек, кім тақыл,
Таланттарын табайық.
Бүлдіршіндердің әнің қабыл алыңыздар:
Ән. Біз өмірдің гүліміз оқушылар хормен.
Зеңгір көктен
Нұрын төккен,
Ортақ біздің күніміз.
Жайнап өскен,
Жайдары өскен,
Біз – өмірдің гүліміз.
Бал достыққа,
Жолдастыққа,
Шақырады әніміз.
«Сырсандық» ойыны
Мақсаты:Балаларды берілген тапсырманы ойлана отырып шешуде, тапқырлыққа, шапшандыққа баулу. Ойын шартын түсініп, ондағы мақал – мәтел, жұмбақ, жаңылтпашты дұрыс, анық айтуға үйрету.
Көрнекілік: Сандық, түрлі – түсті асықтар, тапсырмалар жазылған
Ойын шарты: Сандық ішіне салынған түрлі – түсті асықтар қызыл, жасыл, сары түске боялған. Әр түске берілетін тапсырмалар әр түрлі. Ол тапсырмалар конвертке салынады.
Жасыл асық алған бала: жұмбақ жасырады, шешкізеді.