kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Табиғат" сабақ жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

поурочные планы для дошкольников. Ознакомление детей с природой. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Табиғат" сабақ жоспары»

Қоршаған ортамен таныстыру

Ересек топ

Тақырып: «Табиғат»

Мақсаты: Балалардың табиғат жайындағы білімдерін бекіту. Табиғатта болатын құбылыстарды танып сезіне білуге тәрбиелеу, тілдерін дамыту. Табиғатты қорғап, аялай білуге тәрбиелеу.

Барысы:

- Балалар қараңдаршы бізге көптеген қонақтар келген екен. Ең алдымен қонақтармен амандасып алайық.

- Саламатсыздар ма?

- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

- Күз мезгілінде неше ай бар?

- Аптаның қай күні?

- Бүгін нешесі?

- Балалар, біз осы өмір сүретін әлемде адамдар қайда тіршілік етеді?
- Барлық адамдар жер бетінде тіршілік етеді

- Адам тіршілігіне не ортақ деп ойлайсыңдар?

- Жер, күн, су, ауа, ай, жұлдыздар, ай.

- Олай болса, Аспан атамен, Жер анамен, шұғылалы Алтын Күнмен амандасып алайық. Шаттық шеңберге тұрайық.

Армысыз, қайырлы күн!

Армысыз қайырымды аспан ата!

Армысыз мейірімді жер ана!

Армысыз шұғылалы Алтын күн!

Қуанайық шаттанайық бәріміз,

Күліп шықты күн бүгін.

Бәріміз күндей жарқырайық.

Бәріміз тату болайық.

Бәріміз дос болайық!

- Балалар бүгін біз «Ғажайып орманға» сапар шегеміз. Ол арал ертегідей ғажайып орман деп аталады. Оны барып көргілерің келе ме?

- Онда жолға шығуға дайынбыз.

- Балалар осы біз немен демаламыз?

- Ауамен демаламыз.

- Балалар біз осы нені басып жүреміз?

- Біз жерді басып жүреміз.

- Ал су не үшін керек?

- Адамға сусыз өмір жоқ, гүлге де, егіске де, ағашқа да су керек, бәрі сумен.
- Дұрыс айтасыңдар балалар! Біз суды ішеміз, ауамен демаламыз,. Осылардың барлығы бізді қоршаған орта. Яғни, бір сөзбен қалай атаймыз?
- «Табиғат» деп атаймыз.

- Балалар, кім мына суурет бойынша әңгіме құрап береді?

- Ендеше балалар, бізде кім табиғат туралы тақпақ біледі?
Жомарт мынау табиғат,

Өзгергендей бізге арнап.

Қып - қызыл болып жалындап,

Қырда өседі қызғалдақ.


Табиғатты сүйеміз,

Қамқоршы болып жүреміз.

Күтіп баптап гүлдерді,

Көмекшілік етеміз.


Жаңбыр жауды себелеп,

Жасырынды көбелек.

Аспан кетті күркіреп,

Бұл не деген керемет.

- Балалар, табиғатқа қамқорлық кере пе?

- Табиғатқа барлық заттарға қамқорлық жасау керек, ластамау керек, таза болу керек.

- Дұрыс айтасыңдар, балалар!

- Балалар, суретте не бейнеленген?

- Енді су туралы не айтасыңдар? Балалар бізге орман патшасы келіп қалыпты. Қане тыңдайық орман патшасын.
- Мен осы теңіздің орман патшасы боламын. Бәрін ұмытатын, маужырап ұйықтайтын орманға кірдіңдер. Ұйықтаңдар саяхатшылар. Сендерді ұйықтатқан себебім: мыстан кемпір қызыма тапсырма беріпті. Ол көп ойланды. Бірақ тапсырманы орындай алмады. Бұл тапсырманы қарғадан беріп жіберіпті. Мен енді қызымды босатып алуым керек. Мыстан кемпір қызымды байлап тастаған. Жібермейді. Тапсырманы орындаған соң жіберемін дейді. Сендер бұл тапсырманы орындауға көмектесесіңдер ме? 
- Ия, көмектесеміз!

- Мынау мыстан кемпірдің тапсырмалары:

1 - ші тапсырма:

Жер, су, ауа туралы тыйым сөздер мен мақал - мәтелдер айта белісз бе?
- Балалар қане кім мақал - мәтел біледі, айта қойыңдаршы.

Көп тілесе алар,

Күн бұлттанса жауар.


Көпке топырақ шашпа.

Сумен ойнама батарсың,

Отпен ойнама жанарсың.

Көп толқыса ер құлайды,

Көл толқыса жар құлайды.

- Балалар ал енді кім тыйым сөздер біледі, айта қойыңдаршы.

Ағынды суға кір жума.

Жас шыбықты сындырма.

Бұлақ көрсең көзің аш.

Суға түкірме, суды босқа төкпе.

- Міне, орман патшасына да көмектестік.

- Қараңдаршы біз нағыз ертегідегі ғажайып орманға жеттік. Құстардың сайраған дауыстары естіледі, қандай тамаша жер!

- Балалар енді біз табиғат туралы жаттаған жұмбақтарымызды келген қонақтарға жасырайықшы.

Аспаннан жүзі жарық етті,

Ақ найза жерге жарық етті. (Найзағай)


Түнде күлімдейді, суда дірілдейді. (Ай)


Қанаты жоқ ұшпайды, аяғы жоқ қашпайды. (Жел)


Алдымда әртүрінен жібек жіптің,

Аспанға әшекейден кесте тіктім. (Кемпірқосақ)


Аспанға ұшар біз болып,

Жерге қайтар су болып (Бұлт)


Бір түкті кілем, бір түксіз кілем (Жер, Аспан)

- Балалар, мыстан кемпір мына суреттегі жануарларды аттарын атап, қанша жануарлар мен құстарды тапқанымызды сұрайды. Әйтпесе бізді алға қарай жібермейді екен.

- Дұрыс балалар, енді мыстан апамен бір сергіту сәтін орындап, кішкене билеп, секіріп алайық. (сергіті сәті)

- Ендеше жарайсыңдар, балалар! Бүгін біз мыстан кемпірдің тапсырмасын орындадық ия, сондықтан мыстан кемпір тапсырманы орындағанымыз үшін бізге дәрумені өте көп құрманы беріп жіберіпті. Бұл жемісте дәрумендер өте көп екен. Сондықтан біз осы құрманы күнбе-күн жеуіміз керек екен балалар. Мыстан кемпірге не деу керек балалар?

- Рахмет!

- Жарайсыңдар, балалар! Ендеше бүгінгі «Ғажайып орманға» жасаған саяхатымыз аяқталды. Сау болыңдар! Қонақтармен қоштасайық балалар.

- Сау болыңыздар!

- Балалар сендерге бүгінгі саяхатымыз ұнады ма?

- Біз қайда бардық балалар, кімге көмектестік? айта қойыңдаршы?
- Жарайсыңдар балалар! Осымен бүгінгі біздің қоршаған орта және экология сабағынан дайындаған ұйымдастырылған оқу іс - әрекетіміз аяқталды.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Табиғат" сабақ жоспары

Автор: Сыйырбаева Зейнегул Ахметбаевна

Дата: 05.12.2016

Номер свидетельства: 366136

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "Қазақстанның табиғат зоналары"
    ["seo_title"] => string(34) "k_azak_stannyn_tabig_at_zonalary_2"
    ["file_id"] => string(6) "463678"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1522104638"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) "Саба? жоспары:Таби?ат-тіршілік к?зі"
    ["seo_title"] => string(38) "sabak-zhospary-tabig-at-tirshilik-kozi"
    ["file_id"] => string(6) "300456"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456736635"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "Саба? жоспары Д?ние тану"
    ["seo_title"] => string(23) "sabakzhosparyduniietanu"
    ["file_id"] => string(6) "277451"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1452914030"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(72) "1-бөлім. Жанды табиғат Мәтін. 15-18 жаттығу"
    ["seo_title"] => string(43) "1_bolim_zhandy_tabigat_m_tin_15_18_zhattygu"
    ["file_id"] => string(6) "505862"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1554283027"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "Сабақ жоспары "Қазақстанның табиғаты""
    ["seo_title"] => string(39) "sabak_zhospary_k_azak_stannyn_tabig_aty"
    ["file_id"] => string(6) "445301"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1513695821"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства