Как тратить минимум сил на подготовку и
проведение уроков?
Как быстро и объективно проверять
знания учащихся?
Как сделать изучение нового материала
максимально понятным?
Как избавить себя от подбора заданий и
их проверки после уроков?
Как наладить дисциплину на своих
уроках?
Как получить возможность работать
творчески?
Просмотр содержимого документа
«"Тәтті алмалар"»
Казимова Дина
Шұбаршы орта мектебі шағын
орталық тәрбиешісі
Тақырыбы: «Тәтті алмалар»
Білім беру дағдысы: «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Сурет салу»
Мақсаты: Триз технологиясында, боялған тұзды пайдалана білуге үйрету.
Білімділігі: Көктем мезгілінің ерекшелігіне тән белгілерді ажырата білуге үйрету.
Дамытушылығы: Балалардың бойындағы шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі: Жас ұрпақты табиғатты сүюге, эстетикалық сезімге тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілі: Түсіндіру, көрсету, сұрақ – жауап, қорытындылау.
Керек – құралдар: Үлестірмелі материалдар, боялған тұз, сулы майлық, тақырыпқа сай слайд.
Өту барысы:
Шаттық шеңбері:
Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз.
Топқа келген қонақтарға,
«Сәлеметсіз бе» - деп
Амандасып аламыз.
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілі неще айдан тұрады?
- Қане, айлар аттарын атап жіберейік.
- Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады. Атайықшы.
Ғажайып сәт.
Есік қағылып, хат пен алма толы себет келеді.
- Балалар, Бағбан атай көкөністер мен жемістер туралы мәліметі бар видео хат жіберіпті. Кәне көрейікші.
Балалар экранға назар аударады.
- Балалар, сіздерге Бағбан атайдың видео хаты ұнады ма?
- Балалар, біздер көкөністер мен жемістердің түсін, пішінің анықтадық. Бағбан атайда біздің оқу – қызметімізге үлкен көмегін тигізді. Олай, болса балалар біздер бүгінгі сурет оқу – қызметінде алманың суретін боялған тұзбен салып көрсетейік.
Тәрбиеші жұмыстың жасалу технологиясын көрсетіп, түсіндіреді.
Балалар жұмыс жасауға қызыға кіріседі.
- Жарайсыңдар, балалар бәрімізде тәтті, піскен алмалар жасадық. Енді шаршағанымызды басып, бойымызды бір сергітіп алайық.