Тосын сәт: Есік қағылып Шынашақ балақай жүгіріп кіреді. Шынашақ балақай: - Мен мына сиқырлы сандықшаны тауып алып едім, ішінде балаларға арналған тапсырмалар бар екен. Маған көмектесіңдерші. - Жарайды, бүгінгі оқу қызметінде Шынашаққа көмектесейік. Сандықшаны ашу үшін, мен жұмбақ жасырайын. - Төрт бұрышты, бір ауызды. Ол не? - Мәссаған, сандықшаның аузы ашылды. Сандықшаның ішінде не бар екен? - Мынау қандай пішін? - Дөңгелек неге ұқсайды? - Дөңгелек пішіні домалайды. Оның бұрышы жоқ. - Ал енді мына пішінге қарайық. Оның қабырғалары, бұрыштары бар екен. Домаламайды. Оған бұрыштары кедергі жасап тұр. Бұл пішін – шаршы деп аталады. - Қане, балалар, қайталаймыз. Бұл не? Домалай ма? Дидактикалық ойын:«Ұқсас затты тап» Сергіту сәті: Алма баққа барайық, Алма теріп алайық. Ең үлкенін тәттісін, Анамызға сыйлайық. Балаларды алма баққа алма теруге шақыру. Піскен алмалар жерде төгіліп жатыр. - Алмалардың пішіндері және түрлері қандай? Дидактикалық ойын «Өз үйшігіңді тап» Шарты: Мына үйлердің терезесі қандай пішіннен болса, сендердің алдарыңда да осындай пішіндер бар соны алып өз үйлеріңді табыңдар. - Сенің қолыңдағы пішін қандай? - Пішіндердің түстері қандай? Шынашақ: - Балалар, сендерге рахмет. Мен енді пішіндерді ажырата алатын болдым, сау болыңдар! |